Dala Finance


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Economics


🏭 Нефтегаз, ГМК, химия, автопром
💻 IT, финансы, финтех
Қазақша жаңалықтар мен сараптамалар
@dalareklanabot

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Economics
Statistics
Posts filter


❗️Қаңтар айының қорытындысы: Банк секторында активтер қысқарып, депозиттер де азайған

2025 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша банк секторының активтері, сондай-ақ кредиттер мен депозиттер қоржындарының саны күрт қысқарды. Несие динамикасы да теріс мәнге ие, сарапшылардың пікірінше, бұл корпоративтік несиелеу көлемінің төмендеуіне байланысты, ал бөлшек сауда секторының өсімі 2024 жылға қарағанда төмен қарқында дамыған. Бұл туралы Halyk Finance-тің банк секторына жасаған шолуында айтылады, деп хабарлайды Dalafinance.

Банк секторы активтерінің төмендеуі. 2025 жылғы қаңтарда коммерциялық банктердің активтері 1,5%-ға, яғни 60 610 млрд теңгеге дейін азайды, ал желтоқсанда, керісінше 4% өсім болған. Сонымен қатар активтер құрамында банктердің бағалы қағаздар портфелінің 3,4%-ға, яғни 12 061 млрд теңгеге дейін және өтімді активтер 3,3%-ға, демек 21 636 млрд теңгеге дейін қысқарды. Бұл ретте банк секторының барлық активтерінің құрылымындағы өтімді активтердің де үлесі азайып, 35,7% -ды (желтоқсанда - 36,3%) құрады.

Несиелік портфельдердің қысқаруы. 2025 жылғы қаңтарда банктер берген кредиттердің жиынтық портфелі 0,7%-ға, яғни (желтоқсанда +2,5% болған) 35 699 млрд теңгеге дейін қысқарды. Кредиттер портфелінің аруына заңды тұлғаларға берілетін кредиттер көлемінің 2,5% (желтоқсанда+3,6% болған) төмендеуіне байланысты болды, ал жеке тұлғаларға берілген кредит көлемі 0,6%-ға (желтоқсанда +1,7% болған) шамалы өсті. Шетел валютасында берілген несие көлемінің едәуір төмендеуі байқалды — 4,1% (желтоқсанда: +2,6%) төмендеді, ал ұлттық валютадағы кредиттер 0,3%-ға ((желтоқсанда: +2,5%) төмендеді.

Жұмыс істемейтін несиелердің үлесі өсті. Жұмыс істемейтін несиелердің үлесі (npl90+) қаңтарда 3,2%-ға дейін (желтоқсанда - 3,1%), өтем мерзімі 30 күннен аса кешіктірілген несиелердің үлесі де 4,2% - ға дейін өсті (желтоқсанда - 3,9%). Мерзімі 30 күннен аса кешіктірілген кредиттер портфелі 5,8%-ға, яғни 1 488 млрд теңге дейін, ал NPL90+ портфелі 4,4%-ға, яғни 1 143 млрд теңгеге дейін өсті.
Банктердің бірінші эшелонындағы жұмыс істемейтін кредиттердің жоғары үлесі Еуразиялық банкке (7,2%), Jusan Bank (6,7%), Bereke Bank (6,5%), Kaspi Bank (4,9%) және ForteBank-ке (3,2%) тиесілі. Аталған бес банктің жұмыс істемейтін кредиттерінің жиынтық сомасы сектордың барлық жұмыс істемейтін кредиттерінің 56,9%-ын немесе 650,5 млрд теңгені (желтоқсанда 57,1%) құрады. Бұл ретте екінші эшелонда өтеу мерзімі 90 күннен аса кешіктірілген кредиттердің жоғары үлесі ВТБ Банкі (11,6%), Нұрбанк (8,3%), Home Credit Bank (6,3%) және Заман-Банк (4,4%) тарапынан байқалады. Номиналды мәнде бұл банктердің NPL90+ көлемі сектордың барлық жұмыс істемейтін кредиттерінің 7,0% немесе 80,4 млрд теңгені (желтоқсанда 7,3%) құрады.

Депозиттік портфельдер санының азаюы. Қаңтар айында банктердің депозиттерінің жалпы портфелі 2,1% -ға (желтоқсанда: +6,8%) , яғни 40 403 млрд теңгеге дейін төмендеді. Мұндай төмендеу корпоративтік секторда 2,3% - 18 259 млрд теңгеге дейін (желтоқсанда: +8,3%) және бөлшек сегментте 2,0% (желтоқсанда: +6,1%) - 22 144 млрд теңгеге дейін қысқарды.

Банк секторы табысының өсімі

2025 жылғы қаңтарда Қазақстан Фридом Банкінен басқа барлық дерлік коммерциялық банктер 229 млрд теңге деңгейінде қалыптасқан табысты тіркеді, бұл - желтоқсан айындағы көрсеткіштен 4,6%-ға артық көлем. Банк секторының қаңтар айындағы таза пайыздық кірісі 338 млрд теңгені (жылына +27,1%), ал таза комиссиялық кірісі — 53 млрд теңгені (жылына: -5,3%) құрады. Есептілік кезеңде резервтерді (провизияларды) қалпына келтіруден түскен кірістер жылына 17,7%-ға өсіп, 130 млрд теңгені қамтыды.

Банктердің меншікті капиталының ұлғаюы. 2025 жылғы қаңтарда банктердің жиынтық капиталы 2%-ға ұлғайып, 9 069 млрд теңгені құрады. Бірінші эшелондағы банктер арасында ForteBank пен Қазақстан Фридом Банкінен басқасында капитал өсімі байқалды: 0,4%-дан 4,5%-ға дейін, ал өсім көлемі 1 трлн 7 млрд-тан 75 млрд аралығын қамтиды. Екінші эшелонға жататын барлық банктерде капитал өсімі байқалды.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


⚡️ҚР Ұлттық банктің 11 наурызға бекіткен шетел валюталары бойынша ресми бағамы: 1 АҚШ доллары – 494,84 теңге, евро – 537,4 теңге, рубль – 5,58 теңге деңгейінде бекітілді, деп хабарлайды dalafinance.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа бағамы төмендегідей:

Астана

1 АҚШ доллары: сату – 489 теңге, сатып алу – 495 теңге.
1 евро: сату – 527 теңге, сатып алу – 535 теңге.
1 рубль: сату – 5,5 теңге, сатып алу - 5,6 теңге.

Алматы

1 АҚШ доллары: сату - 489,5 теңге, сатып алу – 492,5 теңге.
1 евро: сату – 530,5 теңге, сатып алу – 536,5 теңге.
1 рубль: сату – 5,43 теңге, сатып алу - 5,57 теңге.

Шымкент

1 АҚШ доллары: сату – 488 теңге, сатып алу – 492 теңге.
1 евро: сату – 530 теңге, сатып алу – 535 теңге.
1 рубль: сату – 5,5 теңге, сатып алу - 5,55 теңге.

(ақпарат Астана уақыты бойынша сағат 11-00-де kurs.kz сайтынан алынды әрі бұл арада баға валюта сатушы тараптың негізінде көрсетілген)

Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside


❗️Ұлттық Банкке қарыз банктердің топ-менеджерлеріне дивиденттер мен бонустар төлеуге тыйым салынды

Мемлекетке, Ұлттық банкке қарыз банктердің басқарма мүшелеріне және сондай банктермен байланысты тараптарға дивидендтер мен бонустар төлеуге тыйым салынды, сондай-ақ мұндай банктерге әкімшілік шығыстарын арттыруға да шектеу қойылды.

"Соңғы инстанциядағы займ (соңғы сатыдағы қарыздар – Ұлттық Банктен алынған қарыз ақшалар) ақшаларын пайдалануды шектеудің орнына басшы қызметкерлерге дивидендтер мен бонустар төлеуге, сондай-ақ банкпен байланысты тараптарға қарыздар мен төлемдер беруге және әкімшілік шығыстарды ұлғайтуға тыйым салынды", делінген ҚНРДА-ның "Банк секторының 2025 жылға арналған қадағалау саясатының негізгі басымдықтары" атты құжатында.


Ондағы ақпаратқа сәйкес, банктер жұмысындағы ақаулар кезінде төлемге қабілетті банктердің орнықтылығы мен өтімділігін қамтамасыз етуде соңғы сатыдағы қарыздарды беру тетігін жақсарту үшін агенттік пен Ұлттық Банк бірлесе қаулы қабылдады.

Сондай-ақ, нарықта жоқ активтердің сапасын бағалау үшін тұрақты AQR нәтижелерін пайдалану тәсілі енгізіледі, қамтамасыз ету ретінде қабылданатын активтердің тізбесі кеңейтіледі, банктер ұсыну үшін құжаттар тізбесі едәуір қысқартылады, құжаттарды өткізу процесі, атап айтқанда электрондық түрде ұсыну мүмкіндігі жеңілдетіледі.

Бүгінгі таңда отандық бес банктің балансында 1,5 трлн теңгеге жуық мемлекеттің көмек ақшасы жатыр, бірақ олар оны қайтаруға еш асықпайды. Бұл турасында толыққанды мәліметті мына арадан оқи аласыздар.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


❗️Ұлттық Банк Ұлттық қордың 1 млрд долларын АҚШ-тың мемлекеттік бағалы қағаздарына "салмақ"

Қазақстан Ұлттық қордың 1 млрд долларына АҚШ-тың инфляциядан қорғалған мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алмақ ниетте. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова Bloomberg агенттігіне берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды Dalafinance.

Ұлттық Банк төрағасының орынбасары АҚШ президенті Дональд Трамптың саясаты инфляцияны үдетіп, әлемдік орталық банктердің негізгі мөлшерлемелерді төмендету үрдісін бәсеңдетуі мүмкін деп санайды.

"Салық жеңілдіктері, сауда соғысы, протекционизм, экономикалық ынталандыру – мұның бәрі инфляцияға ықпал ететін факторлар",- деді Молдабекова басылымға берген сұқбатында.


Сондықтан Ұлттық Банк АҚШ-тың тұтынушылық бағалар индексіне байланған әрі пайыздық кіріс әкелетін TIPS (Қазынашылық инфляциядан қорғалған бағалы қағаздар) облигацияларына шамамен 1 млрд доллар инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл инвестициялар алдағы екі-үш айдың ішінде жүзеге асырылатын болады және дамыған елдердің тәуелсіз заем портфелінің 10%-на дейін жетеді.

Активтері 59 млрд долларды құрайтын сатып алынған TIPS (Treasury Inflation-Protected Securities) Қазақстанның Ұлттық қорының балансына алынады, оның 54 млрд доллары жоғары кіріс алып отыру үшін жинақ портфеліне инвестицияланады.

TIPS-тен бөлек, жоғары инфляция жағдайында жақсы кіріс бере алатын басқа да активтер бар, мәселен жылжымайтын мүлік және инфрақұрылым дегендей. Молдабекованың айтуынша, Ұлттық Банктің баламалы инвестицияларға жауапты бөлімшесі жылжымайтын мүлік қорларына инвестиция салып үлгерген және инфрақұрылымдық қорларға инвестиция жасау мүмкіндігін де қарастырып жатыр.

Bloomberg Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатын инвестициялау стратегиясын біртіндеп өзгертіп жатқанын жазады.

2023 жылы реттеуші орган дамушы нарықтардың АҚШ долларындағы корпоративтік облигацияларына инвестицияларды ұлғайтты, сондай-ақ алғаш рет дамыған елдердің BB+ және BB рейтингтерге ие жоғары кірісті корпоративтік облигацияларын сатып алды. 2024 жылы реттеуші орган қор портфеліндегі акциялардың үлесін 36%-дан 30%-ға дейін төмендетуді жоспарлаған.

"Қор нарығының қызып кету қаупі бар", деген Молдабекова, әсіресе пайыздық мөлшерлемелердің баяу төмендеуі жағдайында акциялардың қымбат бола түскенін баса айтады.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


⚡️Елімізде ипотекалық заемдар бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі көлемі төмендетілмек

Еліміздегі ипотекалық тұрғын үй зайымдары бойынша жылдық жоғарғы тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) 20%-ға дейін төмендетуді ұсынған ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық Банк бірлескен қаулысының жобасы жарияланды.

Құжатта бұл шара ипотекалық тұрғын үй займдарының қолжетімділігін арттыру үшін қолға алынып отырғаны нақтыланады.

Агенттік пен Ұлттық банктің қолданыстағы ережелеріне сәйкес, ипотека бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесінің ең жоғары мөлшерлемесі қазір 25%-ды құрайды.

"Ең жоғары жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі былай белгіленсін: екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін банк несиесі бойынша кепілзат қойылмаған банк қарызының жылдық сыйақы мөлшерлемесі - 46%; кепілзат қойылған банк несиесі - 35%; ипотекалық тұрғын үй заемы - 20%; микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар беретін шағын несие - 46%", делінген қоғамдық талқылауға ұсынылған қаулы жобасында.


Қолданыстағы ережелерге сәйкес, көрсетілген несиелер бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі тиісінше жылына 46%, 35%, 20% және 46%ды құрайды.

"Осылайша, мөлшерлеменің төмендеуі нарықтық шарттармен берілген ипотекалық несиелерге ғана әсер етеді, өйткені Отбасы банктің ипотекалық несиелері мемлекеттік қолдаудың арқасында нарықтық мөлшерлемелерден де айтарлықтай төмен", деп нақтыланады құжатта.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


💵 Бір айдан кейін 1 АҚШ доллары 510 теңге, ал бір жылдан кейін 534 теңге болады - болжам

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының 2025 жылғы наурыздағы кейбір индикаторларға қатысты қаржы нарығының кәсіби қатысушыларынан алған кезекті сауалнамасының нәтижелері жарияланды. Сарапшылар теңге бағамының тұрақтылығына қатысты оң пікір білдіріп, керісінше мұнай мен базалық мөлшерлемеге қатысты жағдай қиын екенін топшылайды, деп хабарлайды Dalafinance.

Бұл сауалнама қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының, банк, сақтандыру, брокерлік ұйымдар өкілдерінің, талдау және қазынашылық бөлімшелерінің қызметкерлерінің пікірін қамтитынын баса айта кетелік.

🛢Brent маркалы мұнайдың бір баррелі - 68,5 (бұрынғы болжам - 69,3);
💰Ұлттық валютаға шаққанда 1 АҚШ доллары бір айдан кейін - 510,2 теңге (бұрынғы болжам - 513,9 тг), бір жылдан кейін 534,2 теңге (бұрынғы болжам - 551,2 теңге);
📈инфляция 2025 жылдың қорытындысы бойынша 10,3% (10,6%);
ЖІӨ өсімі 4,3% (4,1%)деңгейінде;
⚖️ бір жылдан кейінгі базалық мөлшерлеме - 14,75% (алдындағы болжам - 14,5%).

Сауалнамаға қатысқан қаржы нарығының сарапшыларының көпшілігі (69%) 7 наурызда Ұлттық Банк отырысында базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі (15,25%) сол күйінде қалдырылады деп болжайды. Қалған респонденттер (31%) оны өседі деп санайды.

"Мұндай болжамдар көбінесе тұрғын үй коммунальды қызметтері мен жанар-жағармайға қатысты реформалар, бюджет шығыстарының көптігі, жалақының ұлғаюы, жоғары инфляциялық күтулердің сақталуы аясында ақпан айында еліміздегі баға өсімінің қарқын алуымен (бір айда 1,5% және жылына 9,4%) байланысты туындауда. Сарапшылар инфляцияны бір жылдан кейін 10,3%-ға дейін үдейді деп бажайлайды, бұл монетарлық реттеушінің болжамынан едәуір жоғары көрсеткіш (2025 жылы 6,5–8,5% және 2026 жылы 5,5–7,5%). Сонымен қатар, ҚР Ұлттық Банк наурыз айындағы отырысында базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдауда шешуші рөл атқара алатын жаңартылған экономикалық болжамдарды да жариялайды", делінген сауалнама қорытындысында.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


❗️Ертең, 7 наурызда Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайды

Қазіргі базалық мөлшерлеме көлемі - 15,25%.

Қаржылық топ пен талдау орталықтары бұл реттегі өз болжамдарымен бөлісіп үлгерді. Олардың пікірі төмендегідей:

▪️"Финам" қаржылық тобы Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға (+50 б.п.) дейін көтереді деп санайды.
▪️ Freedom Finance Global да осындай пікірде: 15,75%-ға (+50 б.п.).
▪️BCC Invest – 15,75% -16,25% (+50-100 б.п.)
▪️Halyk Finance – 15,50% -15,75% (+25-50 б.п)
▪️ҚҚҚ: сауалнамаға қатысушылардың 31%-ы жоғарылайды;
▪️ҚҚҚ: 69%-ы қазіргі деңгей сақталады деп дауыс берген.

Ақпан айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция 8,9% - дан 9,4% - ға дейін күрт артты.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


⚡️ҚР Ұлттық банктің 6 наурызға бекіткен шетел валюталары бойынша ресми бағамы: 1 АҚШ доллары – 496,71 теңге, евро – 531,33 теңге, рубль – 5,55 теңге деңгейінде бекітілді, деп хабарлайды dalafinance.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа бағамы төмендегідей:

Астана

1 АҚШ доллары: сату – 494 теңге, сатып алу – 500 теңге.
1 евро: сату – 527 теңге, сатып алу – 534 теңге.
1 рубль: сату – 5,38 теңге, сатып алу - 5,53 теңге.

Алматы

1 АҚШ доллары: сату - 495,9 теңге, сатып алу – 498,9 теңге.
1 евро: сату – 528,5 теңге, сатып алу – 534,5 теңге.
1 рубль: сату – 5,45 теңге, сатып алу - 5,59 теңге.

Шымкент

1 АҚШ доллары: сату – 495 теңге, сатып алу – 498 теңге.
1 евро: сату – 528 теңге, сатып алу – 537 теңге.
1 рубль: сату – 5,45 теңге, сатып алу - 5,55 теңге.

(ақпарат Астана уақыты бойынша сағат 11-00-де kurs.kz сайтынан алынды әрі бұл арада баға валюта сатушы тараптың негізінде көрсетілген)

Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside


🤜 Fly Arystan жасырын ақы қосу арқылы билет құнын заңсыз өсірген - БҚДА

Монополияға қарсы орган "Fly Arystan" әуе тасымалдаушысы тарапынан үстем жағдайды теріс пайдалану белгілерін анықтады. Талдау барысында авиабилеттердің құны брондаудың әртүрлі кезеңдерінде автоматты түрде қосылатын жасырын қосымша ақылар есебінен өскені анықталды.

"Авиатасымалдаушы әуе билеттерін сату кезінде транзакция үшін комиссия алу арқылы әуе билетінің құнын арттырған. Бұл "drip pricing" деп аталады, демек, "тамшылап баға өсірген". Негізінен еуропалық заңнамада бұған мүлдем тыйым салынған. Осы фактілерді біз анықтап, авиатасымалдаушыға қатысты монополияға қарсы заңнаманы бұзуды тоқтату туралы хабарлама жолдадық. Ол кейіннен орындалды", - деді Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров БҚДА алқа отырысында.


Қазіргі уақытта агенттік ішкі авиатасымалдар нарығына қатысты монополияға қарсы талдау жүргізіп жатқаны да нақтыланады.

Бұған дейін баланы әуежайда жалғыз қалдырып кеткен Air Astana әуе компаниясы өтемақы төлегенін жазғанбыз. Сондай-ақ 2024 жылы күзде жолаушылар құқығын бұзған Fly Arystan әуе компаниясына 3,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынғаны белгілі.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


⚡️Ұлттық Банктің ағымдағы базалық мөлшерлеме көлемін өзгертпегені жөн - Halyk Finance

7 наурызда Ұлттық Банк қазіргі уақытта 15,25% деңгейді қамтитын базалық мөлшерлемеге қатысты шешім қабылдайды. Ақпан айында инфляцияның күрт үдеу ықтималдығын ескере отырып, монетарлық реттеуші орган ставканы 25-50 б.п-ға көтереді деген болжам бар. Дегенмен, Halyk Finance талдау орталығы базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейін сақтау орынды болады деп санайды.

Halyk Finance талдау орталығының сарапшысы Санжар Қалдаров қазіргі экономикадағы сұраныстың баяулауы, негізгі капиталдағы инвестициялардың әлсіз өсімі және өсімге кедергі келтіруші нақты қауіп-қатер көрініс тауып отырғанда базалық мөлшерлемені көтеру орынсыз болатынын бажайлайды.

Айта кетсек, 2025 жылдың ақпанында инфляция шалт үдеп, қаңтар айымен салыстырғанда жылына 8,9%-дан 9,4%-ға өсті. Ақпан айының қорытындысы бойынша инфляция жылдық мәнде жоғары қалыптасты.

"Бұрын да айтқанымыздай, біздің ойымызша, инфляцияның бұлайша өсуінің екі негізгі себебі бар. Біріншісі - теңге бағамының әлсіреуінен кейінгі қордаланған әсер және оның импорттық инфляция арнасы арқылы тарауы. 2024 жылы желтоқсанда 1 АҚШ долларының құны 519,65 теңге болса, ал 2025 жылы қаңтарда USD/KZT бағамының орташа мәні 524,64 теңгені құрады. Валюталық ауытқулар мен олардың бағаға әсері арасындағы уақыт арақашықтығын ескере отырып, ақпан айында теңгенің әлсіреуінің инфляцияға әсері айқын болды. Екіншісі - жыл басында ТКШ-ның жекелеген реттелетін қызметтеріне (электр, сумен жабдықтау және т.б.) тарифтердің жоспарлы өсімі. Бұл дәстүрлі түрде бір реттік инфляциялық қысым сипатына ие және биылғы жылы одан әрі көтерілмеуі де ықтимал. Сонымен қатар, маусымдық факторлар инфляцияның жеделдеуіне де әсер еткен болуы мүмкін", - дейді ол.


Инфляциялық күтулер бойынша ақпан айындағы көрсеткіштер әлі жарияланған жоқ, бірақ нақты инфляцияның өсімін ескере отырып осы кезеңдегі деректер кейбірі көңіл-күйдің нашарлауы тұрғысында сипатталатынын аңғаруға болады.

"Ақпан айында инфляцияның күрт өсуін ескере отырып, алдағы Ұлттық Банктің Ақша-несие саясаты комитетінің отырысында базалық мөлшерлеме деңгейі 25-50 б.п-ға көтеруі мүмкін. Өз кезегімзде ішкі сұраныс қарқынының төмендеуі жағдайында ақша-кредит саясатын қосымша қатаңдатудың қажеттілігі жоқ деп есептейміз. Біздің бағалауымыз бойынша, жыл соңындағы инфляция 9% деңгейінде қалыптасады, осы сценарий бойынша және экономиканы дамытудың қолда бар параметрлеріне сай жыл соңына дейін ставканы 15,25% деңгейінде сақтау неғұрлым теңгерімді шешім болар еді", - дейді сарапшы.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


⚡️ҚР Ұлттық банктің 5 наурызға бекіткен шетел валюталары бойынша ресми бағамы: 1 АҚШ доллары – 499,74 теңге, евро – 525,23 теңге, рубль – 5,6 теңге деңгейінде бекітілді, деп хабарлайды dalafinance.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа бағамы төмендегідей:

Астана

1 АҚШ доллары: сату – 497 теңге, сатып алу – 503 теңге.
1 евро: сату – 526 теңге, сатып алу – 533 теңге.
1 рубль: сату – 5,47 теңге, сатып алу - 5,62 теңге.

Алматы

1 АҚШ доллары: сату - 497,5 теңге, сатып алу – 500,1 теңге.
1 евро: сату – 521,5 теңге, сатып алу – 527 теңге.
1 рубль: сату – 5,43 теңге, сатып алу - 5,57 теңге.

Шымкент

1 АҚШ доллары: сату – 496,5 теңге, сатып алу – 500 теңге.
1 евро: сату – 525 теңге, сатып алу – 530 теңге.
1 рубль: сату – 5,5 теңге, сатып алу - 5,6 теңге.

(ақпарат Астана уақыты бойынша сағат 11-00-де kurs.kz сайтынан алынды әрі бұл арада баға валюта сатушы тараптың негізінде көрсетілген)

Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside


❗️2025 жылдың аяғында елімізде инфляция 10%-ды құрайды деп күтіледі - ҰЭМ

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда инфляция көрсеткіші 10% шамасында болады деп күтіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді.

"Жалпы, инфляцияға шынымен де орын бар. Дегенмен, инфляция тренді теріс мәнге ие екенін баса атап өткім келеді. Егер біз өткен жылды алып қарастырсақ, онда инфляция 8,6%, ал оның алдында шамамен 10% деңгейінде қалыптасты. Ал оларға дейін 20% деңгейі деген де болған", - деді ол.


Жалпы инфляция жаһандық сипатқа ие. Көбінесе онда монетарлық құбылыс басым.

"Оған Қазақстанда соңғы үш жылда жылына 30% деңгейінде қалыптасқан халықты несиелендіру көлемінің қарқыны айтарлықтай дәрежеде әсер етіп отыр. Яғни, халықты несиелендіру номиналды ЖІӨ-ге қарағанда жоғары қарқынмен өсуде. Бұл қосымша сұранысты тудырады. Инфляцияға қарсы шараларды Ұлттық банктің де, Үкіметтің де қызметі қамтиды. Шаралар кешені 100-ден астам іс-шараларды қамтиды. Міне, осы кешенді шараларды сәтті жүзеге асыру инфляцияның төмендеуіне әкеліп отыр. Иә, жыл қорытындысы бойынша, біз инфляция шамамен 10%-ды құрайды деп топшылаймыз", - дейді Арман Қасенов.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


❗️ОПЕК+ елдері 1 сәуірден бастап мұнай өндірісін біртіндеп ұлғайта бастайтын болды

ОПЕК + елдері әлемдік шикізат нарығындағы жағдайды онлайн-форматта талқылады. Келіссөздер қорытындысы бойынша олар 1 сәуірден бастап мұнай өндірісін біртіндеп ұлғайта бастайтындарын растады. Олар бұл мәселені өткен жылдың желтоқсанында өзара келіскен, деп хабарлайды Dalafinance.

Тәулігіне игерілетін орташа көлем 2,2 млн баррельді құрайды.

"Тиісінше, өндіріс көлемін біртіндеп өсіру шарасы нарық жағдайына байланысты тоқтатылуы немесе жойылуы мүмкін. Мұндай икемділік топ үшін мұнай нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", делінген баспасөз хабарламасында.


Сондай-ақ, ОПЕК+ мүшелері 2024 жылдың қаңтарынан бастап артық өндірілген мұнай өнімдерінің кез келген көлемін өтеуге келісті. Бұл міндеттемені 2026 жылдың маусымына дейін толықтай атқару қажет.

Бұған дейін кейбір салалық БАҚ өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, ОПЕК+ сәуір айына жоспарланған мұнай өндірісі бойынша шешімді тағы кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазған болатын.

Сонымен қатар ОПЕК 2025 жылдың сәуірінен 2026 жылдың қыркүйегіне дейін өндірісті ерікті түрде қысқартушы сегіз елдің мұнай өндіріс көлемін сипаттайтын кестені ұсынды.

▪️Ресей үшін 2025 жылдың сәуірінен бастап тәулігіне 9,004 миллион баррель өндіру жоспарланған, ал бұл көлем 2026 жылдың қыркүйегіне дейін біртіндеп 9,449 миллион баррельге дейін өседі.
▪️Сауд Арабиясының өндірісі 2026 жылы тәулігіне 9,034 миллион баррельден 9,978 миллионға дейін өседі.
▪️БАӘ бір жыл ішінде өндірісін 2,938 миллионнан 3,375 миллионға дейін,
▪️Ирак 4,012 миллионнан 4,22 миллионға дейін,
▪️Кувейт 2,421 миллионнан 2,548 миллионға дейін,
▪️Қазақстан 1,473 миллионнан 1,55 миллионға дейін,
▪️Алжир 911 мыңнан 959 мыңға дейін,
▪️Оман 761 мыңнан 801 мың баррельге дейін ұлғайтпақ.

ОПЕК + келісімі шеңберінде өз қатысушылары үшін мұнай өндіру бойынша квоталар белгілейді. Өткен жылы квотаға қатыспаған Иран, Венесуэла және Ливияны есептемегенде, өндірістің жалпы шекті деңгейі тәулігіне шамамен 39,425 миллион баррельді құрады.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


💵 БЖЗҚ үшін валюта салып алу үрдісі наурызда теңге бағамын әлсіретуі мүмкін - Halyk Finance

Сарапшылар осыған дейін нығайып келген ұлттық валюта бағамы наурыз айында әлсірейді деп болжайды. Әрі бұған Ұлттық Банктің күні кеше жариялаған шешімі ықпал етуі мүмкін екенін айтады. Атап айтқанда, орталық банк алдында тыйып қойған БЖЗҚ үшін доллар сатып алу үрдісін қайта жаңғыртпақ. Мұндайда Halyk Finance Талдау орталығының болжамынша, осы айда 1 АҚШ долларының құны 505-515 теңге болуы ықтимал, деп хабарлайды Dalafinance.

Halyk Finance Ұлттық Банк наурыз айында республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін Ұлттық қордан 700 млн-нан 800 млн долларға дейін сатуды жоспарлап отырғанын айта келе, бұдан бөлек шағылыстыру практикасы да жалғасатынын, бұл ретте наурыз айында шамамен 250 млрд теңге сомаға валюта сату жоспарланып отырғанын нақтылайды. Сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімнің 50% -ын міндетті сату туралы норма қолданыла береді. Ақпан айында бұл операциялардың көлемі шамамен 274 миллион долларды құрады.

Сонымен бірге Ұлттық банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесін ұстап тұру үшін валюта сатып алу тәжірибесін қайта бастау ниетін жариялады. Бұл ретте Ұлттық Банк теңге бағамының нығаюына, сондай-ақ зейнетақы жарналарының түсуіне байланысты БЖЗҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы валюталық үлесі 40%-дан төмен деңгейге дейін төмендегенін жеткізді.

"Осыған байланысты Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліне АҚШ долларын сатып алуды қайта бастайды. Наурызда сатып алуға қатысты жоспарлы көлем 250 млн АҚШ долларынан аспайды. Валютаны сатып алу нарықтық конъюнктураға байланысты жүзеге асырылады", - деді реттеуші орган.


Halyk Finance Талдау орталығы Ұлттық Банктің осы мәлімдемелері аясында наурыз айында теңгеге шаққанда америкалық валютаның бағамы қалай өзгеруі мүмкін екенін болжады.

"Наурызда мұндай сатып алулардың көлемі 250 млн доллар деңгейінде жоспарлануда. Нәтижесінде, Ұлттық Банктің валютаны нарықтағы таза сатуы ақпандағы 1,1 млрд доллармен салыстырғанда шамамен 1 млрд долларды құрайды. Осыны ескере отырып, наурыз айында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы аздап көтерілуі мүмкін және бір АҚШ доллары үшін 505-515 теңге аралығында болады деп болжаймыз", - дейді Halyk Finance Талдау орталығының сарапшысы Мәдина Қабжалалова.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


⚡️Ұлттық Банк БЖЗҚ үшін доллар сатып алу үрдісін қайта жалғастыратындарын мәлімдеді

ҚР Ұлттық банк 2025 жылы 3 наурызда валюта нарығына қатысты ақпарат жариялады. Оған сәйкес, ақпан айының қорытындысы бойынша ұлттық валютаға шаққанда 1 АҚШ доллары 499,09 теңгеге, яғни 3,7%-ға нығайды.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 227 млн АҚШ долларынан 237 млн АҚШ долларына дейін ұлғайғаны, сауда-саттықтың жалпы көлемі 4,7 млрд АҚШ долларды құрағаны да нақтыланады.


Ұлттық Банк ақпанда валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

"Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде валюталық түсімнің бір бөлігін міндетті сату жөнінде норма енгізілетінін ескере келе, Ұлттық Банк осы ақпаратты жариялауды қайта қолға алады. Осы норма аясында өткен айдың қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімді сату көлемі шамамен 274 млн АҚШ долларына пара-пар болды", делінген Ұлттық Банктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Өткен жылы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің валюталық үлесі кезең-кезеңімен 40%-ға дейін жеткізілді. БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігін шетелдік нарықтарға инвестициялау арқылы әртараптандыру және арттыру мақсатында Ұлттық Банк валюталық үлесті шамамен 40% деңгейінде қолдауды жоспарлап отыр.

Теңге бағамының нығаюына, сондай-ақ зейнетақы жарналарының түсуіне байланысты БЖЗҚ зейнетақы активтерінің ағымдағы валюталық үлесі 40%-дан төмен деңгейге дейін төмендеді.

"Осыған байланысты Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерінің портфеліне АҚШ долларын сатып алуды қайта бастайды. Наурызда сатып алуға қатысты жоспарлы көлем 250 млн АҚШ долларынан аспайды. Валютаны сатып алу нарықтық конъюнктураға байланысты жүзеге асырылады", - дейді Ұлттық Банктің баспасөз қызметі.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


⚡️KASE бағалы қағаздарды юаньмен саудалауға рұқсат берді

Енді Қазақстан қор биржасына (KASE) юаньмен саудаланатын қаржы құралдарын орналастыруға болады.

"2025 жылдың 3 наурызынан бастап KASE-де есеп айырысулармен қытай юанімен (CNY) мамандандырылған сауда-саттық әдісімен бағалы қағаздарды орналастыруды, бағалы қағаздарға жазылуды және жария ұсынуды өткізу қолжетімді болады" делінген Қазақстан қор биржасының хабарламасында.


Мұндай шешім бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға инвесторларды тарту үшін қосымша мүмкіндік беру мақсатында қабылданып отыр.

Сондай-ақ биржада AED/KZT және CNY/RUB валюталар жұбының саудасы түрінде екі құрал пайда болуы мүмкін. Бұл мәселе мамандармен әлі әзірленіп, талқылану барысында.

Еске сала кетсек, 2014 жылы 25 қыркүйекте KASE-де CNY/KZT валюталар жұбымен жасалған сауда-саттық жүргізілді. Бұл Ұлттық Банк пен Қытай Халық банкі арасында жүргізілген бірнеше келіссөздерден кейін мүмкін болды.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


❗️Елімізде ақпан айында инфляция тағы үдеп, жылдық мәні 9,4%-ды құрады

Қазақстанда инфляция 2025 жылғы ақпанға үдеп, бір жылда 9,4%, бір айда 1,5% болды. Ал қаңтар айында жылдық көрсеткіш 8,9%, бір айдағысы 1,1%-ды қамтыған. Осы жағынан алғанда, ақпан айы бағалар өсіміне сай келіп отыр.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға ақылы қызметтерге бір жылда 14,1% (2025 жылғы қаңтарда – 13,8%), азық-түлік емес тауарларға – 8,7% (2025 жылғы қаңтарда – 8,4%), азық-түлік тауарларға 6,5% өсті (2025 жылғы қаңтарда – 5,8%).


Өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда тарифтер:
▪️суық суға – 70,7% (!),
▪️электр энергиясына – 21%,
▪️орталықтан жылытуға – 18,2%,
▪️су бұруға – 17,3%,
▪️ыстық суға – 14,5%,
▪️тарату желілері бойынша тасымалданатын газға – 13,2%,
▪️қоқыс шығаруға 11,1% өсті.

Жолаушылар темір жол көлігімен жол жүру – 20%, жолаушылар әуе көлігімен – 12,5%, қалалық автобуспен 10,5% қымбаттады. Тұрғын үйді жалға алу төлемі 16,5% өсті.

Азық-түлік себеті:
Картоп – 62,1%, пияз – 27,3%, қырыққабат – 20,2%, минералды және ауыз су – 17%, кондитерлік өнімдер – 14,2%, алкогольді ішімдіктер және темекі өнімдері – 13%, салқындатылған сусындара – 12,6%, қайта өңделген және консервіленген балық – 12,5%, сары май – 12,2%, жеміс және көкөніс шырындары 10,6% өсті.

Баға мына өнімдерге қатысты төмендеді:
✔️қарақұмық жармасы – 20,4%,
✔️сәбіз – 6,6%,
✔️күріш – 5,7%,
✔️жұмыртқа - 5,3%.

Өңірлер бөлінісінде 2025 жылғы ақпанда инфляция орташа республикалық деңгейден асатын сегіз өңірде қалыптасты, олардың ішінен ең жоғарысы Астана қаласында (12,7%), Ақмола (10,7%), Батыс Қазақстан (10,5%) облыстарында тіркелді.

Бір айда ақылы қызметтер бағасының деңгейі – 2,1%, азық-түлік тауарлар – 1,5%, азық-түлік емес тауарлар 1% өсті.


Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


⚡️ҚР Ұлттық банктің 3 наурызға бекіткен шетел валюталары бойынша ресми бағамы: 1 АҚШ доллары – 499,22 теңге, евро – 519,14 теңге, рубль – 5,64 теңге деңгейінде бекітілді, деп хабарлайды dalafinance.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа бағамы төмендегідей:

Астана

1 АҚШ доллары: сату – 497 теңге, сатып алу – 503 теңге.
1 евро: сату – 517 теңге, сатып алу – 525 теңге.
1 рубль: сату – 5,42 теңге, сатып алу - 5,63 теңге.

Алматы

1 АҚШ доллары: сату - 499,3 теңге, сатып алу – 502,3 теңге.
1 евро: сату – 520,5 теңге, сатып алу – 524,5 теңге.
1 рубль: сату – 5,51 теңге, сатып алу - 5,65 теңге.

Шымкент

1 АҚШ доллары: сату – 498 теңге, сатып алу – 501 теңге.
1 евро: сату – 520 теңге, сатып алу – 525 теңге.
1 рубль: сату – 5,55 теңге, сатып алу - 5,65 теңге.

(ақпарат Астана уақыты бойынша сағат 11-00-де kurs.kz сайтынан алынды әрі бұл арада баға валюта сатушы тараптың негізінде көрсетілген)

Экономика, өндіріс 👉@dalafinance
Саясат, инсайдтар 👉 @dalainside


🤜Бюджет ақшасын ұрлау: Астанада Сот сараптамалары орталығының директоры қамауға алынды

Қаржы монитринг агенттігінің (ҚМА) Астана қаласы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мен мердігер ұйым басшысына қатысты 2 млрд теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді.

"2023–2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында сот-сараптама органдарын материалдық-техникалық жабдықтау мақсатында республикалық бюджеттен 10,3 млрд теңге бөлінді. Алайда, 2023–2024 жылдары Сот сараптамалары орталығының лауазымды тұлғалары мүдделі топпен алдын-ала келісіп, бюджет өтінімін қалыптастыру кезінде жалған коммерциялық ұсыныстар ұсыну арқылы жабдықтың құнын үш есе арттырған", делінген агенттік хабарламасында.


Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланбай тұрып, техникалық сипаттамаларда тек өздері танитын компаниялар ғана ұсына алатын жабдықтар көрсетілгені де нақтыланады.

"Мүлікті тәркілеу мақсатында жалпы құны 148 млн теңгеден асатын Алматы қаласындағы 2 жер телімі, Астана қаласындағы пәтер және BMW Х6 мен RAV 4 автокөліктеріне тыйым салынды. Сонымен қатар, банк есепшоттарындағы 1,6 миллиард теңге, 367 мың АҚШ доллары және 366 мың еуро сомасындағы компанияның ақша қаражаты бұғатталды", - дейді агенттіктегілер.


Құқықтық сараптама орталығының директоры, мемлекеттік сатып алу департаментінің басшысы және ЖШС басшысы ұсталып, сот оларды 2 айға қамауда ұстау жөнінде шешім қабылдады.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance


❗️Қаржы министрлігі жаңа құзіретке ие болды

ҚР Қаржы министрлігіне тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілері жасаған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау құзыреті берілді. Жоғары аудиторлық палатаның ұсынымы бойынша заңнамаға түзетулер енгізілді.

"2025 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 722-бабының бірінші бөлігіне түзетулер енгізілді. Нәтижесінде Қаржы министрлігі квазимемлекеттік компаниялардың сатып алуларындағы бұзушылықтарға жедел ден қойып, өз тергеулерінің қорытындысы бойынша жауапқа тартуға мүмкіндік алды", делінген Жоғары аудиторлық палатаның хабарламасында.


Сатып алу қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік тәуекелін түсіну квазимемлекеттік сектор субъектілерін нормаларды мұқият сақтауға ынталандырып, жалпы сатып алу тәртібін арттырады. Бұл ретте анықталған бұзушылықтарды талдау Қаржы министрлігіне жүйелі проблемаларды анықтауға және сатып алу процестерін одан әрі жетілдіру үшін нормативтік-құқықтық базаға өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 1 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңес барысында барлық мемлекеттік сатып алу жүйесін және квазимемлекеттік сектордағы сатып алуды қайта қарау туралы тапсырма берген болатын.

Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇

https://t.me/dalafinance

20 last posts shown.