Шексіздік 🌀


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Канал авторы @dinarabolat
Еркін ойлар аралы

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Экошопта не экологичный сатушы отырғаны қызық екен.


Астанамның бүгінгі сыйы💕






Человек, который может гулять один под дождём,- это тот, кто знает вкус жизни.
Человек, который может отдать зонтик тому, кто идет один под дождем, - это тот, кто знает смысл жизни.
Дождь - это то, что делает мир прекрасным.
Зонтик - это то, что делает человека прекрасным.
Когда один человек для другого человека становится зонтиком, то один становится долгожданным дождем для иссохшего сердца другого.
Хорошее отношение к жизни📖
Пак Джи Хен


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Ұйқыдан ояна сала әдеттегідей сторилер көріп кеттім. Бәрінде бәрі әдемі. Алайда мен сол жердегі көп кейіпкердің жеке проблемаларын, басты мұңын білемін. Соған қарамастан өзін алдарқатып өмір сүретін орта, адамын, сүйікті іс сияқты дүниелер тапқан. Әлде олар ешнәрсеге қарамастан бақытты болуды үйренген. Әлде бір сырын білетін біздер, тіпті кейде өзі оның тұтас өмірін құрайтын түрлі қуаныштарын құнсыздандырып әлекпіз.


Я всегда буду помнить те моменты, когда хотелось остановить время. Тому, кто любит жизнь, никогда не хватит слов, чтоб её описать.

Красота дня, очарование ночи. Головокружение от чувственных наслаждений. Скрипки нежности, азарт работы, здоровье.

Немыслимое счастье проснуться утром, имея впереди целый день, огромный день, полный радостей и забот.

И можно упиваться им, пока сон не скуёт тебя неподвижностью до следующего утра...

Никогда я не найду слов, чтобы отблагодарить небеса, или Бога, или мою маму за то, что я явилась в этот мир, где всё для меня.

Франсуаса Саган.

Бұл бізге бұйырған уақыт.
Бұл әлем біз үшін.
“Өмірге шексіз ғашық”💜




Қытайға кәдімгі саяхат жасап, Сингапурде Тэминнің өзін көріп, Тайландта досыммен әдемі күндерді өткізіп, келесі сапарға дейін Астанамның ең әдемі қысқы айларын өткізуге келе жатқан жайым бар. Мың шүкір!


Бангкоктегі демалысымыз ұнады. Асықпадық, бассейн жанында да жатпадық. Өзімізді еркелетіп, дәмді тағам жеп, сапалы соджу ішіп, тай массажына барып, ішіміздегі жасөспірімдердің қалауын орындап шоппинг жасап, көңіл көтерумен болдық. Жетпей қалатындай аз емес. Ығырыңды шығаратындай көп емес. Жағдайымыз осындай күндерге жете берсін деп, мотивация алып келдік👌🏻


Пико екеуміздің Бангкокте түскен рилсімізге “достық емес басқа нәрсеге ұқсайды” деген пікірлер де жазылды. Мұндай пікірлерге етім үйренген. Шындыққа жанаспаған соң ақталып, түсіндіргім де келмейді. Шындығы сол біз достасқан 10 жылдың ішінде Перизат бірнеше адамға ғашық болды. Оның бірі кітабындағы Мәди. Пико ғашық болса, біреуді ұнатса баспен кетеді. Жүректі тыңдайды. Досы менен де алыстайды. Ренжімеймін. Мен тек ешкім оның аңғалдығын пайдаланбаса екен деп, әрқайсысына күмәнмен қарап, жанынан бақылап жүремін. Ал өз басым осы он жылдың ішінде ешкімге ғашық бола алмадым. Адаммен қатынастан эйфория сезінбедім. Жақсы емес. Ғұмырым тек өмірге шексіз ғашық болумен өтпесе екен деген тілегім бар.


Сингапур күнделігінен.

Қымбат қала- мемлекеттің тұрғыны болып та кедей өмір сүруге болатынын көрдім.

Метрода кетіп бара жатып, еөзім жара-жара, қотыр-қотыр аяқтарға түсті. Басымды көтерсем бір ата қолдарын тырнап тұр екен. Кедей емес, бомж емес тері ауруы. Ыстық елде қышынудың қандай болатынын елестетудің өзі ауыр. Дертін сәл де болса жеңілдету үшін климаты жағымды елге көшуге жағдай жетпей ме? Түсінігі жетпей ме? Әлде батылдығы жетпеді ме? Мен де дәл сол адамның орнында болуым мүмкін еді ғой. Ұрпағы үшін сауап жинаған қай атама, қай әжеме алғыс айтуым керек деп ойланып қалдым.

Сингапурге алғаш келген 2018 жылы қымбатшылық жанымызға батқаны соншалық отбасымызбен үнемдеп жүріп ақша жұмсадық. Қазір материалдық жағдай тәуір. Өзіме таңғы асқа 13 мың төлей аламын. Бірақ отбасыңмен келсең төрт адамға американ таңғы асы мен кофеге 52 мың төлеу unreal.

Әуежайға жеткізер таксиге тапсырыс берсем таңғы 5-те кәрі ата келіп тұр. Қолдары дірілдеп чемоданымды багажға салды. Мына кісі мені хайвеймен, қараңғыда қалай жеткізеді деп уайымдадым. Мен уайымдаған сайын ол жүйтки жөнелді. Адам қартайса да өмір бойы қалыптасқан білік, дағды өзімен қалады екен.


Түсініп, сеніп, ішімде алғысым тұрса да бәрін саналауға уақыт керек🙏🏻


Video is unavailable for watching
Show in Telegram




Өмірде көрген мүлдем басқа. Тэминім өмірде өте әдемі, дауысы вокалы өте таза, дене бітімімен мықты жұмыс істеген екен. Жүзі өте жылы. Өткен жылы Stray kids концертінде оған дейін ұнатпаған Чанбинім жаңалық болған. Бүкіл топтың ішіндегі ең харизматик өзі боп шықты. Концерттен кейін ерекше сыйластық пайда болды оған. Ал Тэминіме сыйластығым, оны ұнатқан өзіме сыйластығым көп еселене түсті.


Концертке алған билетім келгенде VIP болса да фото, видеоға түсіруге болмайды деп тұрды. Орын жақын жерден болған соң түсіруге болмайтын шығар деп ойладым. Жарайды, жеке концертін көрсем болды деп барға қанағат дегем. Алла бәрін мен ойлағаннан әдемі етті. Үшінші K-pop концертім. Саяхат секілді миллиондар жұмсауға тұрарлық құштарлығыма айналып бара жатыр. Әдемі тәуелділік❤️‍🔥




Осы кісі менің мамам болғанда күшті тандем болар едік. Қаны жапон, рухы дзен, логикасы темір, көңілі жас, дүниетанымы шексіздік. Фанатизмсіз үлкен респект.

20 last posts shown.