Ekijuzdi


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Books


Өзіңді тану үшін де кітап оқы
Өзгені тану үшін де кітап оқы

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Books
Statistics
Posts filter


Бақыт деген — өзгелердің шынайы қуанышын көру. Біреудің кішкентай баласына дүкендегі сатушының шарды тегін бере салғанын көріп, балақайдың бақытты күлкісін есту. Көшедегі мысықты көріп, оған ет сатып алып берген жанашыр жанның ісіне куә болу. Пойыздан жаңа түскен баласы мен анасын шынайы құшақтасып қарсы алған сәтті, себепсіз сыйланған гүлге жас қыздың қуанышпен жымиғанын көргенде, жүрегіңе еріксіз жылулық ұялайды. Міне, осындай сәттерде адам өз бақытының да бір бөлігі басқалардың бақытында екенін түсінеді.




Паоло Коэльоның философияға толы "Алхимигі". Әр адам оқуға тиіс керемет кітап!




Джек Лондон
Мартин Иден

Роман
"Мартин Иден" - көрнекті америкалық жазушы Джек Лондонның арман мен жетістік туралы романы. Келбетінде автордың өзін оңай тануға болатын қарапайым теңізші әдебиет әлеміне ұзақ та қиындыққа толы сапар шегеді. Тағдырдың жазуымен өзі бұрындары араласқан адамдардан тым ерекше зайырлы қоғам ортасына түскен Мартин Иден онда оянған шығармашылық қабілеті мен жас Руфи Морздың таңғажайып келбетінен екі есе бақытты және таң... Енді оның алдында екі мақсат бар: жазушы атағы мен сүйіктісіменен бірге болу. Бірақ армандар зұлым: олардың қашан орындаларын және көптен күткен қуаныш әкеліп әкелмесін ешқашан білмейсің...




🌸Адамның жүрегіндегі Аллаһқа деген махаббаты, көкірегіндегі барша жаратылысқа деген мейірімділігі мен жанашырлығы қаншалық терең болса, иманы да соншалық кемел. Ол қаншалық таяз болса, иманы да сондай жұтаң.
Аллаһты сүю үшін Оны жақсы танымақ керек. Ойдағы түрлі шүбә, күдіктен арылмақ ләзім. Аллаһтың құдірет қаламынан шыққан "Ғалам" атты кітапты оқу арқылы Ұлы Жаратушының шеберлігі мен шексіздігін, құдіреті мен құзіретін, теңдессіз өнері мен өлшеусіз білім иесі екенін мойындау қажет.
Адам баласы өзін жоқтан жаратып, айналасындағы барша жаратылысты қызметші етіп берген Ұлы Аллаһтың пендесіне деген махаббатын сезінуге тиіс. Сонда "Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй Ол Аллаһты жаннан тәтті" деген байламға келеді. Ерікті түрде құлшыққа жүгіреді.


Сіз оқыған ең күшті әңгіме немесе повесть👇




Бұл кітапта танымал вайнер, жас журналист Жансерік Қадырбаев өз өмірінің әр кезеңіндегі басынан өткен оқиғалары мен достарының өміріндегі қызықты сәттерден ой түйіп, өзі үшін түртіп жүрген жазбаларын көпшілік қауымның назарына ұсынады.

Кітапта жинақталған ой-пікірлер, автордың болып жатқан дүниелерге көзқарасы оқырманның жеке өміріне, тұлға ретінде қалыптасуына пайдалы болады деген үміттеміз.




Айналайындарым менің...

Өмірден көргені мен түйгені көп мейірбан ана Ділдə Матайқызының «Айналайындарым менің» кітабы жас ұрпақтың тəрбиесіне арналған. Автор өзінің өмірбаяндық деректерін ұлттық салт—санамызбен, дəстүрімізбен, əдет—ғұрпымызбен байланыстыра отырып кейінг




Кітапта ерлі-зайыптылар қарым-қатынасына байланысты ислам дерекөздерімен қатар отбасылық кеңесші мамандар тәжірибесі қамтылған. 30-ға жуық отбасылық мәселелер мен шешімдері жинақталған.


Жүрек тыныштығы кітабы салынбайды, автордың рұқсаты жоқ екеен, біреудің ақысына кіру дұрыс емес!

Басқа рұқсаты бар кітаптар салынады!


Егер сізде бір кітаптың ішіне кіруге яғни оқиғаларын өз көзімен көруге немесе кейіпкерлердің бірі болуға мүмкіндік болса қай кітапқа тап болғыңыз келер еді?





9.7k 1 336 1 40



Дамушыларға арналған топ 3кітап👇

20 last posts shown.