FC KAYSAR


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Sport


"ҚАЙСАР" ФК ресми телеграм аккаунты
Официальный телеграм аккаунт ФК "КАЙСАР"

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Sport
Statistics
Posts filter


📌 “Қайсар” өрендері “Дарын” кубогын сәтті бастады

Астана қаласында футбол орталықтары мен академиялары арасында жалауы желбіреген “Дарын” кубогын “Қайсар U16” сәтті бастады.

Олар жарыстың алғашқы күнінде алматылық “Алаш РКС” командасымен күш сынасып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Қызылордалық аяқдопшылар сапынан Ибраев Фараби, Сайлау Сырым,Азаматұлы Шадияр, Біртай Ерсұлтан, Бижігітұлы Саламат гол соқты.

Әбілдаев шәкірттері ертең кеншілердің “Шахтер” командасымен күш сынасады.


“Қайсар” оқу-жаттығу жиынын қорытындылады

Қызылордалық “Қайсар” Түркиядағы жаттығу жиынын қорытындылады. 7 қаңтарда басталған жиын 42 күнде тәмамдалды. Жаңа маусымға дайындық барысында 10 жолдастық кездесу өткізіп, алаңда түрлі бағытта тәжірибе жинақтады. Бас бапкердің нұсқауымен 3 мезгіл жаттығу жұмыстары жүргізілді.

Команда 22 ақпанда Қызылордада жиналып, маусым алдында соңғы дайындықтарын пысықтауға кіріседі.


🇰🇿 Қайсар 🆚 Согдиана 🇺🇿 тікелей көрсетілім

https://qfootball.kz/channels/broadcast_22


Негізгі құрам ⚔️

“Қайсардың” өзбекстандық “Согдианаға” қарсы шығатын бастапқы құрамы.


📌 Ресми: “Қайсар” жаңа шабуылшымен толықты

“Қайсардың” Түркиядағы оқу-жаттығу жиынында қаралымда болған Нұрдәулет Ағзамбаевпен келісім шарт жасалды.

Нұрдәулет алматылық “Қайраттың” түлегі, клубтық мансабында “Қайрат Жастар”, “Арыс”, Түркістан”, “Жас Қыран”, “Хан Тәңірі” командаларында доп тепкен.

Біздің командаға қош келдің!


“Қайсар” Түркиядағы соңғы кездесуін “Согдианаға” қарсы өткізеді ⚔️

🇰🇿 Қайсар 🆚 Согдиана 🇺🇿
🗓️ 17.02.2025
⏰ 13:00


“Насаф” басым болды

Екінші жолдастық кездесуді Өзбекстан чғмпионатының жеңімпазы “Насафпен” өткізіп, соңғы минуттарда жеңіліске ұшырадық.

“Қайсар” сапынан Айбол Әбікен мен Думан Нәрзілдаев гол соқты.


🇰🇿 Қайсар 🆚 Насаф 🇺🇿 матчының тікелей көрсетілімі

https://qfootball.kz/channels/broadcast_11


Негізгі құрам ⚔️

“Насафқа” қарсы шығатын “Қайсардың” бастапқы құрамы.


📌 Бір гол басымдығы немістерге жеңіс сыйлады

Қасқырлар бүгінгі күннің алғашқы жолдастық кездесуін немістің “Меппен” командасына қарсы өткізіп, 2:1 есебімен қарсыласқа жол берді.

“Қайсар” сапынан Марлен Айманов гол соқты.

Енді Кумыков шәкірттері 19:00 де Өзбекстан чемпионатының жеңімпазы “Насафпен” шеберлік байқасады.


Қайсар 🆚 Меппен кездесуінің тікелей көрсетілімі

https://qfootball.kz/channels/broadcast_11


Негізгі құрам ⚔️

“Қайсардың” германиялық “Меппенге” қарсы шығатын бастапқы құрамы.


Бүгін бізде 2 жолдастық кездесу ⚔️

▪️Қасқырлар алдымен немістің “Меппен” командасымен жолығады.

🇰🇿 Қайсар 🆚 Меппен 🇩🇪
⏰ 13:00

▪️ Кешке екінші жолдастық кездесуін Өзбекстан чемпионатының су жаңа чемпионы “Насафпен” күш сынасады.

🇰🇿 Қайсар 🆚 Насаф 🇺🇿
⏰ 19:00

📺 Екі кездесуді де Qsport арнасына тікелей көре аласыздар


📌 Ерсұлтан “Қайсардың” намысын қорғайды

25 жастағы футболшы Ерсұлтан Төреқұл екінші маусым қатарынан Қасқырлардың намысын қорғайды.

Ерсұлтан өткен жылы алаңда ширақ қимылдап, “Қайсардың” жеңістеріне өз үлесін қосты.

Жаңа маусымда сәттілік тілейміз!


📌 Ойын тағдырын жалғыз гол шешті


Негізгі құрам ⚔️

Қырғызстандық “Мурас Юнайтедке” қарсы шығатын “Қайсардың” бастапқы құрамы.


Бүгінгі қарсыласымыз “Мурас Юнайтед” ⚔️

🇰🇿 Қайсар 🆚 Мурас Юнайтед 🇰🇬
🗓️ 12.01.2025
⏰ 18:30
🏟️ Титаник


Нұрымжанмен келісімге келдік ✍️

Жергілікті қақпашымыз Нұрымжан Салайдинмен келім шарт мерзімі ұзартылды. Нұрымжан оқу-жаттығу жиыны барысында 5 кездесуге қатысып, керемет сейвтермен көзге түсті.

Қарсылас команданың шабуылына тойтарыс беретін қақпашымызға жаңа маусымда сәттілік тілейміз!


Абылайханмен келісім шарт ұзартылды ✍️

Командамыздың түлегі Абылайхан Төлегеновпен келісім шарт ұзартылды. Абылайхан оқу-жаттығу жиыны барысында өз позициясында сауатты ойнап, жолдастық кездесуде 2 гол соқты.

Жаңа маусымда Абылайханға сәттілік тілейміз!


Біздің Айбар құраманың жаттығу жиынында 🔥

Шабуылшымыз Айбар Жақсылықов Түркияда ел құрамасының жаттығу жиынында дайындық үстінде.

Айта кетейік, Ұлттық құрама жиын барысында 2 жолдастық кездесу өткізуді жоспарлауда. Айбар мен Қазақстан құрамасына сәттілік тілейміз!

20 last posts shown.