Forward from: BAITEREK.GOV.KZ
🤝Жандос Шайхы «Даму» қорымен бизнесті қолдаудың жаңа тәсілдерін талқылады
💬13 желтоқсанда Алматы қаласында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Шайхы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының ұжымымен жиналыс өткізді.
📌Жиналыс барысында кәсіпкерлерді қолдау механизмдерін жетілдіру, соның ішінде мемлекеттік қаржыға айтарлықтай тәуелділікті азайтатын нарықтық құралдарға көшу мәселелері қаралды. Жандос Шайхы кепілдік қоры тұжырымдамасының өзектілігіне тоқталып, былай деді:
✍️Сонымен қатар, жиналыста «Даму» қорының ағымдағы қызметі де талқыланды. Қор Басқарма Төрағасының орынбасары Ербол Ескаков соңғы аудиттердің нәтижелерін таныстырып, елеулі заңбұзушылықтар анықталмағанын және ескертулердің уақтылы жойылатынын атап өтті.
☑️Тәуекел-менеджмент департаментінің директоры – Басқарушы директор Алмас Құдайберген мүдделі тараптармен бірлесіп әзірленген кепілдік қорының жаңартылған тұжырымдамасын ұсынды.
📌Жиналыс қорытындысы бойынша қатысушылар кәсіпкерлікті қолдау тиімділігін арттыруға бағытталған нақты қадамдарды айқындады.
@funddamu

«Ұсынылған механизм бюджет қаражатын тиімді пайдалануға ғана емес, бизнесті қолдаудың нарықтық құралдарын нығайтуға мүмкіндік береді. Біздің міндетіміз– мемлекеттік шығындарды барынша азайтып, әлеуметтік-экономикалық тиімділікті сақтап қалу».