«Даму Оптима» бағдарламасы кепілзаты жеткіліксіз кәсіпкерлерге «Даму» Қорының кепілдігін пайдалана отырып, банктен несие алуға мүмкіндік береді.
Бұл бағдарлама аясындағы кепілдік – ауыл шаруашылығы, тау-кен өндірісі және өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда, көлік және қоймаға салу, конақжай және тамақтандыру қызметтері, ақпарат және байланыс, жылжымайтын мүлік операциялары, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, әкімші және көмекші қызметтерін көрсету, білім беру, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет, өнер, ойын-сауық және демалыс, басқа қызметтер (салалық шектеулер бар) сияқты бизнес салаларында несие алуға мүмкіндік береді.
Бағдарлама шарттары бойынша ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер 30 млн теңгеге дейін, бизнесі бұрыннан бар кәсіпкерлер 500 млн теңгеге несие ала алады. Ісін жаңа бастағандар үшін несие сомасының 85%-ына дейін, бизнесі бұрыннан барлар үшін несие сомасының 50%-ына дейін кепілдік беріледі.
Қазір бұл бағдарлама аясында Қазақстанның барлық өңірлеріндегі екінші деңгейлі барлық банктер жұмыс істейді. Бағдарлама туралы толық ақпарат Қордың damu.kz сайтында бар.
Анықтама үшін байланыс орталығы: 1408