Posts filter


Менің айтар ақылым мынау ғана: ѳзің біл, ѳзің ойлан, ѳзің есепте. Қыздың ѳзіне лайық ѳмірлік жар тандауы ауыл боп ақылдасып, базардан ат сатып алу емес.

Ә. Нұршайықов


— Ѳмірде мінсіз кісі болмайды, - деп бастады апам сѳзін. - Қызға жігіт жүз процент жақсы боп ешқашан да кездеспейді. Жігітті жүз процент жақсы ететін жақсы жар, жақсы әйел ғана.

Ә. Нұршайықов


жүрегіндегі шексіз махаббатқа байланысты-ау деп ойлаймын. Меніңше, әйел махаббаты - ең күшті махаббат. Еркектер әлімен күшті болса, әйелдер махаббатымен мықты. Әйел махаббаты - әлемнің тұтқасы. Мен осылай деп түсінемін. Әйел махаб‐ батының күші Жердің тарту күшінен кем емес-ау деп ойлаймын.

Ә. Нұршайықов


Дариға-ай, дүниенің тұтқасы қолымда болса, бар жақсылықты осы қызға жасап, бар бақытты осының басына үйіп қояр едім мен.

Ә. Нұршайықов


Махаббатта бір-ақ формула бар, ол – тұрақтылық

Әзілхан Нұршайықов "Махаббат, қызық мол жылдар"


Сен менің кітабымсың,
Көңілге сәулесін түсірген.
Қызғанып өзгеден өзіңді,
Мен сені оқимын ішімнен.
(Ішімнен оқысам, жақсырақ түсінемін)

Жәнібек Салқынбек


- Бұл өмірдегі ең маңызды тіл не?

- Ана тілі?

- Жоқ, көңіл тілі

#tunqiyqtynyshtyqqyzy


Барша нәзік жандыларды мерекемен құттықтаймын🌷


Мен сені көкте күннен қызғанамын.
Сезіле ме жүректің мұздағаны?!
Мына опасыз дүниеде күнәсі жоқ
Тәңірдің сүйіктісі біз ғанамыз.

Мен сені сүюден жалықпаймын.
Қанатсыз ақ қасында қалықтаймын.
Сен қасымда болғанда жұмақтаймын.
Сен болмасаң аяулым тамұқтаймын.

Мен сені сағынудан азап шегем.
Азап шегем...Бұл азап ғажап неге?!
Кеудемдегі жалынмен салыстырсаң
Аяз болып көрінер тозақ деген.






Қызық-ау өзі, жек көру мен ынтығудың арасы бір-ақ адым.

Д. Исабеков “Қарғын”




Білесің бе, жақсы адамдардың басым көпшілігі тіршілікте бақытты бола бермейді. Бір ғажабы - олар мұны бақытсыздық деп ешқашан есептемейді. Өйткені олар өзіне тиісті бақыттың басқаларға үлескенін біледі және мынау маған тиесілі еді деп айтпайды. Жақсы адам болудың қиындығы да сонда.
 
Дулат Исабеков
«Қарғын»






Адам деген қызық жаратылған нәрсе-ау! Туады, өседі, өледі. Осы үш ұғымның арасында күйгелек ғұмыр кешеді. Бір нәрсеге ұмпаласың, талпынасың, өзіңнің шамаң жетпейтінін білген соң тағдырдан тілейсің, күтесің. Жоқ. Сол - жоқ, қанша күтсең сонша күт, онымен тағдырдың да, адамның да шаруасы болмайды. Содан соң көнесің, көндігесің, үйренесің, мойынсұнасың. Жылдар өтіп жатады, демек, сенің өмірің өшіп жатады. Қартаясың. Сонымен, біттің...

Дулат Исабеков




💔


Бұл каналды ашқандағы басты мақсатым - өз ойларыммен бөлісу болатын. Уақыт өте “Менің ойларым кімге қызық?” деген қағида қалыптасты. Кейін бағытымды өзгерттім: кітаптар, дәйек сөздер, музыка. Енді бастапқы мақсатыма қайта оралу идеясы келді. Өзімнің ішкі сезімдеріммен де бөліскім келеді✨

20 last posts shown.