ХАДИСТЕР ЖИНАҒЫ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Forward from: SERIK JUMASH
3 минут уақытыңызды бөліп тыңдай салсаңыз❗❗❗


Forward from: SERIK JUMASH
Ассалаумағалайкум!
Құрметті жамағат! Нұр Мүбәрак университетінде оқитын бір қарындасымызға оқу ақысын төлеуге 300 мың теңге қаражат жетпей тұр екен.

Каспи нөмір 87471529782
Жанат Д.

Әзірге 134 418 тг ғана жиналды.


♦️4️⃣4️⃣9️⃣-ХАДИС:

Умму Сәләма (р.а.): «Расулаллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Аллаһтың қандай да бір құлының басына қайғы келгенде: «Расында, бәріміз Аллаһқа тәнбіз және соңында Аллаһқа қайтамыз. Уа, Аллаһ Тағалам! Мына қайғымда маған сауаптан жазып, мен үшін артын қайырлы қылғайсың», – деп дұға етсе, Аллаһ Тағала сол қайғысы үшін (145) оған сауап жазып, міндетті түрде артын қайырлы қылады», – деп айтқанын естіген едім. Күйеуім Әбу Сәләма (р.а.) қайтыс болғанда, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұйырғандай дұға қылдым. Соңында Аллаһ Тағала Әбу Сәләмадан да қайырлы болған Аллаһ елшісін (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған өмірлік жар қылды», – деген.

(Муслим, жәнәйз 4).

❗(145) Яғни, тағдырына налымай сабырлылық танытқаны үшін

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


Forward from: غريب 🤍
📌 40 хадистен аударма дәрістер.

Атақты ғалым Имам ан Науауидың 40 хадис кітабы бойынша аударма дәрістерді ұсынамыз.

Дәріс кімдерге арналған :

🔹Исламдағы ең маңызды әрі танымал 40 хадисті оқып , түсінгісі келетіндерге.

🔹Пайғамбарымыздың хадистеріне қызығушылығы бар жандарға.

🔹Арабша кітаптарды әдемі аударып үйренгісі келетіндерге.

Дәріс видео форматта 🎥

Кері байланыс бар ✅

Айына небәрі 1000 тг. Дәріс ұзақтығы шамамен 3 ай.

Қатысам деушілерге WhatsApp : +7 776 715 79 77
Telegram : @ushkyn_00


♦️4️⃣4️⃣8️⃣-ХАДИС:

Умму Сәләма (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жолдасым Әбу Сәләманың мәйітіне жақындап, ашық қалған көздерін өз қолымен жапты да: «Жан тәннен шыққанда мәйіттің жанары шығып бара жатқан жанға қарап қалады», – деп айтты. Сол кезде марқұмның жақындарының кейбіреуі егіліп жылай бастады. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Өздерің үшін тек қана жақсы дұға жасаңдар (бастарыңа келген қайғыға бола беттеріңді жұлып, өз-өздеріңе лағынет айтпаңдар). Өйткені періштелер ауыздарыңнан шыққан әрбір сөзге «әмин» (144) деп тұрады», – деп ескертті. Содан кейін марқұм үшін: «Уа, Аллаһ Тағалам! Әбу Сәләманы жарылқап, күнәларын кешіре гөр! Һидаят жолындағы құлдарыңның арасында мерейін өсіріп, бір Өзің артында қалған жақындарының қамқоршысы болғайсың! Уа, күллі әлемнің Раббысы! Біздің де, оның да күнәларын кешіре гөр! Қабірін кең етіп, нұрға бөлей гөр!» – деп дұға жасады», – деген.

(Муслим, жәнәйз 7).

❗(144) Қабыл ете гөр!

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣4️⃣7️⃣-ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.): «Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) маған сүйеніп жатып: «Уа, Аллаһ тағалам! Мені кешіре гөр, шексіз рақымыңа бөлей гөр және Ұлы досқа (немесе достарға) (143) қауыштырғайсың», – деп дұға жасағанын естідім», – деген.

(Бұхари, марда 19; Муслим, сәләм 46).

❗(143) «Ұлы дос» дегені – Аллаһ Тағала немесе періштелер, дүниеден озған пайғамбарлар, шейіттер және салиқалы жандар.

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣4️⃣6️⃣-ХАДИС:

Әбу Сағид (р.а.): «Бірде Жәбірейіл періште Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келіп: «Уа, Мұхаммед, ауырып қалдың ба?» – дегенде, ол: «Иә» – деп жауап береді. Сонда Жәбірейіл періште: «Бисмилләһи әрқикә мин кулли шәйин йузикә, мин шәрри кулли нәфсин әу айни хасидин Аллаһу йәшфикә, бисмилләһи әрқикә” (Аллаһтың атымен саған арнап шипа дұғасын оқимын. Жаныңа батқан барлық ауру-сырқау мен күллі кесірлі жандардың жамандығына және күншіл көздің сұғына қарсы Аллаһ Тағала саған шипа берсін. Аллаһтың атымен саған арнап шипа дұғасын оқимын)», – деп дұға оқыды», – деген.

(Муслим, сәләм 40).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣4️⃣5️⃣-ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ауырып жатқан бір бәдәуидің көңілін сұраған еді. Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) біреудің көңілін сұрай барғанда: «Ештеңе етпейді, (тағдырыңа налымай басыңа келген дертке сабыр сақтай білсең) Аллаһтың қалауымен осы дерт сені күнәларыңнан тазартады», – деп жұбататын еді», – деген.

(Бұхари, марда 10).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣4️⃣4️⃣-ХАДИС:

Ибн Аббас (р.а.) жеткізген хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Кімде-кім әлі ажалы жетпеген науқастың көңілін сұрай барғанда: «Әсәлуллаһа әл-Азимә Раббәл-аршил-азиими ән йәшфиәкә» (Ұлы Аллаһтан, ұлы Арштың Раббысынан сен үшін шипа сұраймын) – деген дұғаны жеті қайтара оқыса, (әлі ажалы жетпеген болса) Аллаһ тағала міндетті түрде оны дертінен айықтырады», – деп айтты» – делінген.

(Әбу Дәуіт, жәнәйз 8; Тирмизи; тыб 32).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣4️⃣3️⃣-ХАДИС:

Бірде Осман ибн Әбу әл-Ас (р.а.) Аллаһ елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бойындағы жанын жегідей жеген дертін айтып, мұңын шақты. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған: «Денеңнің ауырған жеріне қолыңды қойып, үш рет «Бисмилләһ» деп айт. Содан кейін жеті қайтара «Әғузу бииззәтилләһи уә құдратиһи мин шәрри мә әжиду уә ухазиру” (Жаныма батқан мына дерттен және қауіптенген басқа да ауру-сырқаудан Аллаһтың ұлылығы мен шексіз құдіретіне сиынамын)» деген дұғаны оқы», – деп айтты.

(Муслим, сәләм 67).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣4️⃣2️⃣-ХАДИС:

Әнәс (р.а.) ауырып жатқан Сәбитке (р.а.): «Саған Аллаһ елшісінің (науқастарға) оқыған шипа дұғасын оқиын ба?» – дегенде, Сәбит: «Әрине» – деді. Сонда Әнәс: «Аллаһуммә Раббан-нәси музһибәл-бәси! Ишфи әнтәш-шәфи, лә шәфия иллә әнтә, шифәән лә йуғадиру сәқаман!» (Уа, Аллаһ Тағалам! Уа, күллі адамзаттың Раббысы! Уа, дерт атаулының жалғыз шипагері! Сен шипа берушісің. Негізінде, Сенен басқа ешкім де шипа бере алмайды. Осы аурудан құлан-таза айықтырып шипа бере гөр!)» – деп оған дұға оқыды.

(Бұхари, тыб 38).


📕 РИЯДУС-САЛИХИ
Н

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣4️⃣1️⃣-ХАДИС:

Әнәс (р.а.): «Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ұлты яһуди бір бала қызмет ететін еді. Бір күні әлгі қызметші бала науқастанып қалды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оның көңілін сұрай барғанда, бас жағына келіп отырды да, оған: «Исламды қабылдағын», – деді. Сонда бала қасында тұрған әкесіне қарады. Әкесі оған: «Қасымның әкесіне бойсұнғын», – деді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сыртқа шығып бара жатқанда: «Оны тозақтан құтқарған Аллаһқа мың да бір шүкір», – деп айтты», – деген.

(Бұхари, жәнәйз 80/марда 11).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


Forward from: Мадиярдың түртіп алғандары...
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
😢😢😢


♦️4️⃣4️⃣0️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Расулаллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Қиямет күні Ұлы Жаратушы Аллаһ Тағала пендесіне: «Уа, Адам баласы! Мен ауырғанда көңілімді сұрамадың», – деп айтады. Мұны естіген пенде: «Уа, Раббым! Сен әлемдердің Раббысысың (кемшілік атаулыдан, ауру-сырқаудан пәксің), мен қалайша Сенің көңіліңді сұраймын?» – дейді. Сонда Аллаһ Тағала оған: «Пәленше деген құлымның ауырып қалғанын білмеуші ме едің? Ол ауырып жатқанда, көңілін сұрамадың. Егер оның көңілін сұрағаныңда, Мені соның қасынан табатыныңды (142) білмедің бе?» – деп айтады. Одан кейін Аллаһ Тағала: «Уа, Адам баласы! Сенен тамақ сұрағанымда, Мені тамақтандырмадың», – дейді. Әлгі пенде: «Уа, Раббым! Сен (ешкімге және еш нәрсеге мұқтаж болмаған) әлемдердің Раббысысың, мен Сені қалай тамақтандырамын?!» – деп таң қалады. Сонда Раббысы оған: «Пәленше деген құлым сенен асауқат сұрағанда, оған тамақ бермегенің есіңде ме? Оның қарнын тойдырғаныңда, қарымын Менен алатыныңды білмеуші ме едің?» – деп айтады. Аллаһ Тағала тағы да: «Уа, Адам баласы! Сенен су сұрадым, бермедің», – дейді. Пендесі тағы таң қалып: «Уа, Раббым! Сен (еш нәрсеге мұқтаж болмаған) әлемдердің Раббысысың ғой! Саған қалай су беремін?» – дейді. Сонда Раббысы оған: «Пәленше деген құлым сенен су сұрай келгенде, бермедің. Оның шөлін қандырғаныңда, қарымын Менен алатыныңды білмеуші ме едің?» – деп айтады», – деген.

(Муслим, бирр 43).

❗(142) Яғни, сол үшін сауапқа бөлейтінімді

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https: rel='nofollow'>//t.me/hadister_jinagy


Forward from: Мадиярдың түртіп алғандары...
✍️

Ойлаймын да...

«Сұлумен емес, «сізді» сәресіне, намазға тұрғызатын адаммен көңіл қосу керек».

©Ұстаз Бауыржан Әлиұлы
(Аллаһ рахым етсін)

📗"Ойлаймын да..."

https://t.me/turtip_algandarym


📌НАУҚАСТЫҢ КӨҢІЛІН СҰРАУ. ҚАЙТЫС БОЛҒАН АДАМДЫ ЖЕРЛЕУ РӘСІМІ

♦️4️⃣3️⃣9️⃣-ХАДИС:


Бәра ибн Азиб (р.а.): «Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бізге науқастың көңілін сұрауды, жаназаға қатысуды, түшкіргенге «йәрхамукаллаһу» (Аллаһ сені мейіріміне бөлесін) деп айтуды, айтқанын істету үшін немесе бір нәрсе сұрап ант-су ішкен адамның анты бұзылмасын деп айтқанына көнуді (141), жазықсыз жапа шеккен жанға қолұшын беруді, шақырған жерге баруды және өзара амандасуды кеңінен жаюды бұйырды», – деп айтты.

(Бұхари, жәнәиз 2/ мазалим 5/никах 71; Муслим, либәс 3).

❗(141) Егер ант-су ішкен адамның істетем деген ісі немесе сұрағаны харам болса, айтқанына көнуге болмайды

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

https: rel='nofollow'>//t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣3️⃣8️⃣-ХАДИС:

Әбу Һурайра (р.а.): «Бірде Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) қасында отырған Ақрағ ибн Хабистің көзінше немересі Хасан ибн Алиді (р.а.) емірене сүйген еді. Сонда Ақрағ оған: «Менің он балам бар. Алайда олардың ешбірін еркелетіп, сүйген емеспін», – деді. Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Мейірімділік танытпаған, мейірімге бөленбейді», – деп айтты», – деген

(Бұхари, әдәб 18; Муслим, фадайл 65).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣3️⃣7️⃣-ХАДИС:

Айша анамыз (р.а.): «Зәйд ибн Хариса Мәдинаға оралғанда, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) менің үйімде еді. Зәйд ешқайда бұрылмастан Аллаһ елшісіне (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сәлем бере келіп, есікті қақты. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) (кіруге рұқсат сұрап, босағада тұрған) Зәйдті көргенде, орнынан түрегеліп, шапанын сүйрете алдынан шығып құшақтап, бетінен сүйіп қарсы алды», – деп айтты.

(Тирмизи, истизан 32).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


♦️4️⃣3️⃣6️⃣-ХАДИС:

Әнәс (р.а.): «Бірде біреу: «Уа, Аллаһтың елшісі! Бізден бір адам бауырын немесе досын жолықтырғанда иіліп сәлем берсе бола ма?» – дегенде, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жоқ», – деді. Әлгі кісі: «Құшақтап, бетінен сүйсе ше?» – деп тағы сұрағанда, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жоқ», – деді. Сонда ол: «Қол алысып амандасса ше?» – дегенде, Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Иә, қол алысса болады», – деп айтты», – деген.

(Тирмизи, истизан 31)

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy


📌 ҚОЛ БЕРІП АМАНДАСУ

♦️4️⃣3️⃣5️⃣-ХАДИС:

Бәра (р.а.) жеткізген хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Екі мұсылман кездескенде, емен-жарқын бір-біріне қол беріп, амандық-саулық сұрасса, қош айтыспай тұрып екеуінің де күнәлары кешіріледі», – деп айтты.

(Әбу Дәуіт, әдәб 143).

📕 РИЯДУС-САЛИХИН

htt rel='nofollow'>ps://t.me/hadister_jinagy

20 last posts shown.