ХАЛЫҚ ҮНІ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Телеграм каналымыз еліміздегі соңғы жаңалықтардан хабардар етеді.
Ақпарат жіберу үшін: +7 705 563 6493
Біздің сайт: https://halyq-uni.kz

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


📆1-4 қаңтар демалыс күндері болып белгіленді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

5 қаңтар - демалыс күні 3 қаңтарға, яғни жұмаға ауыстырылады.

🔸Осылайша, аптасына бес күн жұмыс жасайтын қазақстандықтар 1-4 қаңтар, ал жұмыс аптасы алты күнді құрайтын азаматтар – 1-3 қаңтар күндері демалатын болды.

https://t.me/halyquni


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🗣Шетелден алынған қарызды қарапайым қазақстандықтар төлемейді.

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров айтты.

▪️Бұған дейін Қазақстан халықаралық банктен тағы 269 млрд теңге қарыз алатыны хабарланған.

▪️Сондай-ақ еліміз Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен 52,3 млрд иена (167,3 млрд теңге) қарыз алуды жоспарлап отыр.

▪️Сонымен қатар Ислам даму банкі 1,2 млрд доллар бөледі.

https://t.me/halyquni


📲eGov-та кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық пайда болды

Енді пайдаланушылар өздерінің несие алу және сақтандыру тарихын қадағалап, жалпы кредиттік қабілеттілік деңгейін онлайн бағалай алады.

Сервисті пайдалану үшін:

▫️eGov Mobile қосымшасында авторизацияланып, «Басқа сервистер» - «МКБ. Кредиттік және сақтандыру тарихы бойынша нұсқаулық» бөліміне өту;
▫️жеке деректерді пайдалануға келісім беру;
▫️кредиттер мен сақтандыру шарттары туралы мәліметпен танысу;
▫️кредиттік және/немесе сақтандыру есебін жүктеуі;
▫️қажет болған жағдайда файлдарды смартфонға сақтауы қажет.

https://t.me/halyquni


🛜Мобильді интернет тез бітіп қалмау үшін не істеу керек?

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мобильді интернет тез бітіп қалмас үшін қазақстандықтарға Wi-Fi (жақын маңда болса) қосылуға кеңес береді.

«Сіздер (журналистер) үнемі видео жіберетін шығарсыздар. Сондықтан Wi-Fi бар кезде соған қосылып жүруге кеңес беремін. Мен де солай істеймін. Халықтың байланыс операторларына талап қойғаны да дұрыс. Біз, Үкімет ретінде талапты күшйтеміз. Секундына мГбт көлемін арттырып жатырмыз. Қазір 5G-ді 50 мегабитке жеткізуді көздеп отырмыз»,- деді Жаслан Мадиев.


https://t.me/halyquni


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🗣Орыс тілі ұйымын қаржыландыруға жылына 43 млн теңге бөлінеді

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар «Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымды құру туралы шартты ратификациялау туралы» заңды қабылдады.

Саясат Нұрбектің айтуынша, орыс тілі БҰҰ-ның ресми тілі мәртебесінен бөлек, ТМД, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ), Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШОС), Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) сияқты бірқатар халықаралық ұйымдардың жұмыс тілі саналады.
Дауыс беру нәтижесінде депутаттар аталған заң жобасын қабылдады.

«Республикалық бюджеттен ұйымға жылына шамамен 43 млн теңге бөлінеді. Заңнамаға сәйкес, біз мүше болған халықаралық ұйымдардағы қаржы республикалық бюджеттен бөлінеді.
Ресми процедура біткеннен кейін, заңға Президент қол қойғаннан соң 6 елдің бүкіл министрі жиналып, бұл ұйым қалай жұмыс істейтіні туралы шешім қабылдайды.


2025 жылдың басында негізгі шаралар басталады. (Әр мемлекет) ұйымның бюджетіне қаржы құяды. Қазақстан бөлетін қаржы – 43 млн теңге. Бұл көп емес», - деді министр.


Айта кетейік, Орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйымға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Беларусь, Ресей және Тәжікстан кіреді.

https://t.me/halyquni


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🗣«Қайырымдылық қорларына тыйым салудың керегі жоқ»

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев осындай пікірде.

«Біз олардың ашық әрі әділ жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек. Әрине, халықтың аңқаулығын, сенімділігін қоғамда пайдаланатындар жоқ емес. Бұл осы қорға қатысты ғана мәселе емес. Ондайлар көп. Барлығын тексеріп, ретке келтіру керек. Өзім қайырымдылық қорларына көмектесіп тұрамын. Бірақ «Біз біргеміз» қорына ақша жібермедім. Біз су тасқыны кезінде (зардап шеккендерге) партияның атынан көмектестік», - деді ол.


https://t.me/halyquni


🗣Қайтарылған активтер: 28 млрд теңге Риддердегі аурухана құрылысын аяқтауға бөлінді

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң шеңберінде қайтарылған қаражаттан Риддер қаласындағы 200 орындық стационары мен бір ауысымда 500 адамды қабылдай алатын емханасы бар көпсалалы аурухана кешенінің құрылысын аяқтауға 28,2 млрд теңге бөлінді.

Жобаның жалпы құны – 34,8 млрд теңге, қазіргі уақытта 6,6 млрд теңге игерілді. Оның ішінде 2 млрд теңге республикалық бюджеттен, 4,6 млрд теңге жергілікті бюджеттен бөлінген. Қалған қаражат Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінеді.

https://t.me/halyquni


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🗣Бірыңғай уақыт белдеуі өзгеріссіз қалады

Бұл туралы үкімет отырысында айтылды.

“Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өз баяндамасында қолданыстағы уақыт белдеуіне қатысты жан-жақты дәлелдерді келтіре отырып, нақты жауап берді. Үкімет бұл шешімді қолдайды. Біз бірыңғай уақыт белдеуіне бекерден бекер ауысқан жоқпыз. Ел аумағының көп бөлігі 5-уақыт белдеуінде орналасқан. Сондықтан бұл – ғылым тұрғыдан дұрыс шешім. Сауда және ақпарат министрліктеріне жан-жақты ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тасырамын”, - деді Бектенов.


https://t.me/halyquni


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🗣Қарапайым қазақстандықтар декларация тапсырмайды

Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов айтты.

“Мен 2025 жылы азаматтардың қалған санаттарын активтер туралы декларацияны міндетті түрде тапсырудан босату туралы Қаржы министрлігінің ұсынысын қолдаймын. Осыған байланысты қаржы министрлігі Ұлттық экономика, Әділет министрліктерімен бірге 3 күн ішінде қажет заңнамалық түзетулер әзірлеп Парламентке тиісті жұмысты жүргізуі керек”, - деді Бектенов.


https://t.me/halyquni




💰Доллар бағамы 500 теңгеге жетті

Доллар курсы бір айда шамамен 19 теңгеге қымбаттады. Қазір Астанадағы ақша айырбастау орындарында 500 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыдағы айырбас орындарында ең қымбаты 499,7 теңге деп тұрса, Астанада бүгін 500 теңгені бағындырды.

Ұлттық банк кестесінде 22 қазан күні АҚШ валютасының құны 481,68 теңге болған еді. Содан бері баға тұрақты көтеріліп, қазіргі ресми бағам 495,95 теңге болып тұр. Ал нарықта одан біраз қымбатқа сатылып жатыр.

https://t.me/halyquni


🗣Заңсыз шығарылған активтер: 8 млрд теңге әлеуметтік нысандарға бөлінді

Үкімет Ақтөбе қаласында ерекше балаларға арналған арнайы балабақша салуға шамамен 7,8 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Балабақшаның ашылуы 300 ерекше баланы тәрбиемен және түзету көмегімен қамтамасыз етеді. Мекеме мектеп жасына дейінгі балаларға жайлы болу, дамыту және оқыту үшін барлық қажетті заттармен жабдықталады.

▪️Бұған дейін Ақмола облысының Зеренді ауылында спорт кешенін, Түркістан облысының Темірлан ауылында музыка мектебін, Арқалық қаласында дарынды спортшы балаларға арналған спорт кешенін, Астанада тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған оңалту орталығын, Алматыда ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған жаттығу орталығын салу жөніндегі жобаларды қаржыландыру туралы шешім қабылданған болатын.

https://t.me/halyquni


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🗣Қарағанды облысында көлік апатынан 7 адам қаза тапты

Қайғылы оқиға бүгін сағат 10.00 шамасында «Алматы-Екатеринбург» тас жолында Құрма ауылының (2 шақырым жетпей) маңында болған.

Алдын ала болжам бойынша Toyota Alphard жүргізушісі көлік тізгініне ие болмай аударылған. Көлік апаты салдарынан оқиға орнында жүргізуші және 6 жолаушы көз жұмды. Сондай-ақ 12 жастағы жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

https://t.me/halyquni


💰15 қараша – ұлттық валюта күні

Ұлттық валютамыздың айналымға енгеніне 31 жыл толып отыр.

1993 жылы 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаев жарлыққа қол қойды. Ал 15 қарашадан бастап теңге айналымға енгізілді. Алғаш "портреттер" банкнотының бірінші топтамасы шығарылып, онда тұлғаларымыздың суреті бейнеленді.

Алғашқы банкноттарды Англияда Harrison&Sons фирмасы басып шығарды. Олар Қазақстанға ұшақтармен жеткізілді.

Теңге туралы қызықты деректер.

https://t.me/halyquni


🗣Халықтың ақшасына коттедж бен көлік алған: белсенді Перизат Қайрат ұсталды

Еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмектесу үшін жиналған 1,5 млрд теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

▪️Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 млн теңгеге "Lexus LX-600" және 39 млн теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алды.

▪️Жалпы сомасы 600 млн теңгені құрайтын елорданың премиум санаттағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" ТК (тұрақ орындарын қоса алғанда), сондай-ақ "Vela Village" коттедж қалашығында жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алды.

▪️Қазақстандықтардың қайырымдылыққа жіберген қаражат есебінен Перизат Қ. Дубай, Доха, Лондон және Стамбулдағы «St. Regis», «Shangri-La», «Palazzo Versace» және «Kempinski» сияқты бес жұлдызды қонақ үйлерде демалған.

▪️Бұл елдерде ол "Cartier" және "Louis Vuitton" сияқты брендтердің қымбат аксессуарлары мен зергерлік бұйымдарды сатып алып, фешенебельді мейрамханаларға барып, яхталарды жалдаған.

▪️Қылмыстық схеманы жүзеге асыру үшін достары мен туыстарына 8% сыйақы беріп, қордың ақшасы қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🗣Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатыр? Неге қамауда отырғанын көрсетпейді?

"Бишімбаев Степногорск қаласындағы қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр", деді сенатор Марат Қожаев.


Айта кетейік, бұған дейін 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаев түрмеден қашып кетті деген ақпарат тараған болатын. Кейін ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

https://t.me/halyquni


🗣Қазақстан мен Қатар әскери байланысты нығайтады

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан үкіметі мен Қатар үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралы» заңды мақұлдады.

Қос мемлекет үкіметі арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісім 2023 жылдың 12 желтоқсанында Доха қаласында жасалған.

Келісімді ратификациялау екі мемлекет арасындағы әскери білім беруге, әскери қызметшілерді даярлауға, біліктілікті арттыруға, әскери медицина, ғылым, мәдени, спорт саласында ынтымақтастық іс-шараларын өткізуге, және өзге де салаларда келісілген қызметтер мен жұмыстарды атқаруға мүмкіндік береді.

https://t.me/halyquni


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🗣Уақыт белдеуін өзгертуді ұсынған депутат кешірім сұраудан бас тартты

«(Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу – автор) аяқ астынан қабылданған шешім емес. Бірнеше жыл талқылау болды. Мемлекеттік комиссия жұмыс істеді. Үкімет шешім қабылдады. Бұл бір министрдің шешімі емес. Сондықтан мұны қателік деп айтуға болмайды», - деді Еркін Әбіл Мәжілістің жалпы отырысынан соң.


https://t.me/halyquni


«Келешек» жүйесі: ата-аналарға баласының оқуына ақша жинау жеңілдейді

Мәжіліс бүгін заң жобасын мақұлдады.

5 жасқа толған балалардың шотына мемлекет бюджеттен 60 АЕК (биыл 1 АЕК – 3692 теңге) , жетім балаларға 120 АЕК мөлшерінде біржолғы бастапқы білім беру капиталын береді.

Ең төменгі жылдық жарнаға қойылатын талаптар бұзылған жағдайда бастапқы білім беру капиталы бюджетке қайтарылуға тиіс.

Жиналған қаражатты Қазақстандағы немесе шетелдегі колледждер мен университеттерде оқуға жұмсауға болады.

https://t.me/halyquni


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
💰Қазақстан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен (АИИБ) 52,3 млрд иена қарыз алады

Заң жобасы Үкіметтің қаулысымен Мәжіліске биыл 23 қазанда енгізілді.

Қарыз туралы келісімге 2024 жылғы 21 тамызда Астанада қол қойылды. АИИБ Қазақстанға 52,3 млрд иена сомасында қарыз бөледі. 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, қарызды өтеу мерзімі 15 жыл болады.

💰Бұл шамамен 167 млрд теңгені құрайды.

https://t.me/halyquni

20 last posts shown.