Кейде біреуге жағамын деп өзіңді жеп қоясың, ақырында ол сені жақтырмақ түгілі, сені бағаламайды да, бекерге қадіріңді кетіріп аласың. Өйткені адам қиын, мінезі ауыспалы жаратылыс. Түбінде тек Аллаға ғана жағыну керегін түсінесің. Неге? Себебі Аллаға жағынсаң, Оған сүйкімді боласың, қадір-қасиетің, адамдардың алдында абыройың артады, Ол сені тастамайды, бетіңнен қақпайды, себебі - Ол Алла! Ол әлсіз емес, Ол - Ұлы, Ол - Мейірімді, Ол - Жанашыр, ішкі және сыртқы дұғаларымызды Естуші, біздің хәлімізді Көруші, күнәларымызды Кешіруші, ата-анамызды, бала-шағамызды, бізді аман етіп, ризығымызды молынан беріп отырған, жүректеріміздің Иесі болған Ұлы Жаратушы Раббымыз!… 💔❤️🩹