🕌ЖҰМА КҮНІНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
📌Күндердiң ең ұлығы – жұма күні.
«Жұма» сөзі жинау, бас қосу деген мағыналарды білдіреді. Мұсылмандар бұл күнді қуанышпен қарсы алып, мешіттерде жиналады, үгіт-насихат, уағыз тыңдап, жұма намазын оқиды.
💡Алла Тағала жексенбіні Исаның عليه السلام қауымына, сенбіні Мұсаның عليه السلام қауымына, ал жұманы Мухаммад (ﷺ): үмметiне мейрам күні етiп бердi.
Пайғамбарымыз (ﷺ):
🌴Қасиетті күнде атқарылатын ғибадаттың басқа күндердегіден сауабы мол. Сондықтан, жүрегінде иманы бар мұсылман жұма күннің қадір-қасиетін жақсы біледі, әрі бұл күнді Жаратушы Иеміздің разылығына кенелу үшін Жаратқанның әміріне сай ерекше өткізуге әрекет етеді.
Аллаһ Тағала иманды құлдарына:
💡Әбу Һурайрадан رضي الله عنه риуаят етіледі:
🌟#Білім_сөзбен_амалдан_бұрын
🌐 Instagram
✅ Telegram
📱 WhatsUp
😄 Status

خَيْرُ يَوْمٍ طَلَعَتْ عَلَيْهِ الشَّمْسُ يَوْمُ الْجُمْعَةِ فِيْهِ خُلِقَ آدَمُ وَ فِيْهِ أُدْخِلَ الْجَنَّةَ وَ فِيْهِ أُخْرِجَ مِنْهَا وَ لا تَقُومُ السَّاعَةُ إلاَّ فِي يَوْمِ الْجُمْعَةِ
🪶«Жұма – күн шуағы шашылған күндердiң ең жақсысы. Адам عليه السلام жұма күнi жаратылған, жұма күнi пейiшке кiрген, жұма күнi пейіштен шығарылған. Қиямет күні де жұма күнi болмақ»
[Муслим хадистер жинағы].
🌴Қасиетті күнде атқарылатын ғибадаттың басқа күндердегіден сауабы мол. Сондықтан, жүрегінде иманы бар мұсылман жұма күннің қадір-қасиетін жақсы біледі, әрі бұл күнді Жаратушы Иеміздің разылығына кенелу үшін Жаратқанның әміріне сай ерекше өткізуге әрекет етеді.
Аллаһ Тағала иманды құлдарына:
يأَيّهَا الَّذِينَ ءَامَنُواْ إِذَا نُودِيَ لِلصَّلاةِ مِنْ يَوْمِ الْجُمْعَةِ فَاسْعَوْا إِلَي ذِكْرِ اللهِ وَ ذَرُوا الْبَيْعَ ذَالِكُمْ خَيْرٌ لَكُمْ إنْ كُنْتُمْ تَعْلَمُونَ
📚«Әй, мүминдер! Жұма күнi жұма намазына азан шақырылса, Аллаһты еске алуға (намазға) асығыңдар да, сауданы тоқтата тұрыңдар. Біле-білсеңдер, сендер үшін осы жақсы»
[Жұма» сүресi, 9-аят]
💡Әбу Һурайрадан رضي الله عنه риуаят етіледі:
إنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمَ ذَكَرَ يَوْمَ الْجُمُعَةِ فَقَالَ: فِيهِ سَاعَةٌ لاَ يُوَافِقُهَا عَبْدٌ مُسْلِمٌ وَ هُوَ قَائِمٌ يُصَلِّى يَسْأَلُ اللَّهَ تَعَالَى شَيْئًا إِلاَّ أَعْطَاهُ إِيَّاهُ وَ أَشَارَ بِيَدِهِ يُقَلِّلُهَا
«Пайғамбарымыз (ﷺ): жұма күні туралы сөз сөйлеп: «Онда бір сағат бар. Мұсылмандардан кімде-кім сол сағат ішінде намаз оқып, Аллаһтан қажетін сұрайтын болса, Аллаһ оған сұрағаның береді»,– деді және қолымен оның (сағаттың) аздығына ишара етті»
[Бухари мен Муслим]
🌟#Білім_сөзбен_амалдан_бұрын
✅ Telegram
📱 WhatsUp
😄 Status