🟢 Ақшаның даму кезеңдері
1️⃣ Айырбастау: зат пен затты алмастыру.
Алғашқы кезде адамдар осылай сауда жасаған. Ол кезде ешқандай тиын ақша болмаған. Айырбастаудың қиын тұстары болды. Олар мыналар:
- Адамдардың қалауы ұйқаспауы. Бір адам бір қап бидайын бір қалта құрмаға алмастыруды қалағанда, құрма сатушы өзінің затын қойға алмастыруды қалауы.
- Кейбір заттардың бөлуге келмеуі. Бір адамның түйесі бар, бір қап бидай сатып алуды қалайды. Түйенің бағасы бидайдан қымбат, бірақ түйені бөлшектеуге келмейді, сонымен екі арада алмасу жүзеге аспайды.
- Ортақ өлшемнің жоқтығы. Базарда әр түрлі заттар болса ортақ құнның жоқ болуы. Арпаның құны қанша? Бидайдың құны қанша? Күріштің құны қанша? Оларды не нәрсемен өлшеп салыстырамыз?
- Қоймада сақтауға келмеуі. Тез бұзылуына байланысты саудагерлер арзан бағаға сатуы.
2️⃣ Ортақ ақша ретіндегі тауарлар.
Адамдар айырбастау саудасынан кейін осы жүйеге көшті. Қоғамда бір затты ортақ өлшем деп алады. Бір қоғамда түйені алса, басқасында күрішті алады. Кез келген затты сол түйенің бағасымен салыстырады. Бұл жүйеде толық ақшаның қызметін атқара алмады. Теңіз жағасында жасайтындар балықты ортақ өлшем етіп алды. Енді бұл сол жергілікті жерде ғана ақшаның рөлін атқарды. Балықшылар мен егіншілер , мал шаруаларының арасында ортақ өлшем болмады.
3️⃣ Монеталар: темірден, мыстан, бронзадан жасалған ақшалар.
Сосын күміс пен алтынға жол тапты. Осы екеуінде басқа металлдарда жоқ қасиеттердің бар екенін байқады.Алтын мен күмістің қоғамда өте сирек кездесуіне байланысты басқа кендерден тиын басып шығарды. Соңында бірнеше даму кезеңінде қағаз ақшаға жетті. Осылай даму кезеңі жалғасып қазіргі таңдағы жартылай электронды ақша қолданыста пайда болды.
#айырбастау #ақшакезеңдері
https://t.me/islamiceconomicskz