иірім


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


өмірдің әр сәтінде🪄

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


әзілдеп қоям ба🤭


көріпкелге барам ау, 💊-кім басқанын білу үшін


мына 💊 басатын адаммен кездесу ұйымдастырамын ау деймін


кім алматыда? кездесейік!!!


кеш ұйымдастырса екеен🎧


Forward from: aspanyña qarashy, ainam
Нурикамал


Forward from: aspanyña qarashy, ainam
Мәжнүн мұңы


осы әнді тыңдап жүретін тыныш кездерім-ай🎞️


Forward from: aspanyña qarashy, ainam
жарығым-ай


Пікір қайшылығынан қорқуға болмайды. Қайшылықтың ұлғаюы, сенің Құдай сипаттас рухыңның ояна бастағанының айқын белгісі. Бір-біріне қайшы пікірдің астарында өмірдің шын мағынасы көмулі.

Санжар Керімбай. Өмірге ғашық болу.


Адамдық борышың – адам ұрпағына қуаныш пен шаттық сыйлау. Өмірдің мәні – кез келген адамның нәсіліне, ұлтына, түріне, дініне, тіліне, жынысына қарамастан жаның ашып, адал қызмет ету, соған марапат күтпестен шаттыққа шомылып жүру.

Санжар Керімбай. Өмірге ғашық болу.


Бөтен жанды риясыз жақсы көріп, арланбай қызмет етіп, қажетіне жарағанда адам тұлға ретінде қалыптасады.

Санжар Керімбай. Өмірге ғашық болу.


Өмірден мән іздеу адамда туа біткен мінез. Осы ізденіс пенденің бүкіл өмірінің болашақта қай арнаға ауатынын анықтайды. Уақытша қызыққа алданып, өмірдің мәнін жоғалтып алған адам, ауасыз бос кеңістікке шығып кетіп, қалқып жүрген ғарышкердей жағымсыз сезімге шырмалады. Өмірде табан тірер тиянақ таппаған ғаріп жандай бақытсыз күй кешеді.

Санжар Керімбай. Өмірге ғашық болу.


Адам жаны өзіне тірек болар сенім мен үміттен айрылғанда иммун жүйесі де жойылады.

Санжар Керімбай. Өмірге ғашық болу.


Адамның жаны сірі. Өлмеймін деп үлкен мақсатқа талпынса нашарлап кеткен денсаулығын қалпына келтіре алады.

Франкл.
Санжар Керімбай. Өмірге ғашық болу.


Forward from: бір кесе шай құйды есалаң
телегте жинап қойған қырғын арналарды дұрыстап оқуды бастау керек еді.


бәрін шатастырудан мастер болып барам.


тыныштығымды сағындым. осы бір азғантай минуттарға мәз болып жүрмін… демалыс, мен сені күтіп жүрмін..

бірақ бұл аяулы сәттеріме де ризамын..


Forward from: tamshym🌊
бітпейтін уайым, таусылмайтын мазасыз ой қажытып жібереді екен. күллі дүниені аз ғана ұмытып, терең тыныстағым келді. дәл осы тыныштығымды сағынып қалдым. анығында, ештеңеге айырбастамайтын ең аяулы, ең сұлу тыныштық. жағалау бойында отырып, ерсілі-қарсылы қозғалған адам мен жүйткіген көлікке, аспаннан жерге маңғаздана құлаған жапырақтарға қарап әлі де «бар» екенімді сезінгім келді. тыныштыққа шөліркеп қалдым. асыға жеттім.


Forward from: my liberation notes
Өзі адал адам өзгені де арамдыққа қимайды.

20 last posts shown.