Аса қамқор,ерекше мейірімді Алланың атымен✨


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Рабби зидни илмән

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter






Консультациядан

•егер дұға етіп тұрып,ар жағында сенім болмаса оның қабыл болуы қиындайды

•бір дұға сұрағанда сенбей тұрсаң,қабыл болған дұғаларды еске түсіру

•таңғы кешкі зікір қалдырмау
Мағынасына мән беріп,оқу.Қаншалықты тұрақты болсаңыз,Алла сізді өзі бағыттайды

•Жамандық та жақсылық та оның қалауымен.Аллаға шын көңілден иман етсе,Алла тағала оның жүрегін бұрып қояды.Ситуацияның артындағы Алланы көру

•Шүкіршілікті арттыру.Алла берген нығметтерді үнемі ойлап,жазып жүру

•Нені көп ойлайсыз,нені көп айтасыз-Алла соны өміріңізде арттырады
Аллахтың мейірімін,даналығын көре беретін болсаңыз Алла мейірім есігін ашады

•Адам өзін кінәлайды,өкінеді-өзін көрсе.Алла жасатқызды,Алла болдырды деп қабылдау

Дұға:
اللهم اهدني وكن دليلي ومرشدي
Allāhumma ihdinī wa kun dalīlī wa murshidī
Аллахым мені өзің бағыттап,жетектеші


وَٱلَّذِينَ يُمَسِّكُونَ بِٱلْكِتَٰبِ وَأَقَامُوا۟ ٱلصَّلَوٰةَ إِنَّا لَا نُضِيعُ أَجْرَ ٱلْمُصْلِحِينَ

уәлләǯиинә иумәссикуунә билкитәәби уә әқаамус саләәтә иннәә ләә нудииъу әжрал муслихиин

Кітапты берік ұстанатын, сондай-ақ намазды кемеліне жеткізіп үзбей әрі уақытылы оқитындарға келсек, шүбәсіз, Біз һәм өздерін, һәм қоғамды түзету ісіне жан-тәнімен берілген ізгі жандардың сауабын әсте зая етпейміз.

(«Ағраф» сүресі 7:170)






Егер жұмыс/қандай да бір іс Алланың бұйрықтарын орындауға кедергі келтірсе немесе харам әрекеттерге себеп болса, сол жұмыстан бас тарту – тақуалықтың белгісі.

Алла Тағала Өзіне жақындаған пендесіне қиындықтан шығатын жолды міндетті түрде көрсетеді. Алланың разылығын іздеп, тәуекел етіңіз!


Алладан қорқып,харамнан бас тартсаңыз⬇️

Кім Алладан қорықса, Алла оған шығу жолын көрсетеді және күтпеген жерден ризық береді.
(“Талақ” сүресі, 65:2-3)


Иә, Алла Тағала адамды нығмет арқылы да сынайды. Бұл Құран мен хадистерде айқын көрсетілген. Алланың сынағы тек қиындық немесе ауыртпалық түрінде ғана емес, байлық, денсаулық, бедел, сұлулық, білім сияқты нығметтер арқылы да келуі мүмкін.

Құранда нығметпен сынау туралы:
1. “Анғам” сүресі 6:165
”…Сендерге берген нәрселер арқылы сендерді сынау үшін кейбіреулеріңді дәрежелерде өзгелеріңнен жоғары қойдық. Шын мәнінде, Раббың жазалауда тез, бірақ күмәнсіз Ол өте кешірімді, ерекше мейірімді.”
Бұл жерде Алла адамдарға түрлі нығметтер беріп, сол нығметтер арқылы әркімнің шүкіршілік ететінін немесе керісінше Алланы ұмытатынын сынайтыны айтылады.
2. “Фажр” сүресі 89:15-16
“Ал, адам баласын Раббы сынап, оған құрмет көрсетіп, нығметке бөлесе, ол: ‘Раббым маған құрмет көрсетті’ дейді. Ал егер оны сынап, ризық-несібесін кемітсе, ол: ‘Раббым мені қорлады’ дейді.”
Адам нығметті Алланың құрметі деп қабылдайды, ал сынақты қиындық ретінде көреді. Бірақ шын мәнінде, екеуі де сынақ.

Хадистерде нығмет арқылы сынақ:

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) айтқан:

“Адамның екі нығметі бар, бірақ көпшілік сол нығметті қадірлей алмайды: денсаулық пен бос уақыт.”
(Бухари риуаяты)

Бұл нығметтер сынақтың бір түрі болып табылады. Денсаулық пен бос уақытты қайда жұмсағанымыз үшін жауап береміз.

Нығметпен сынақтың түрлері:
1. Шүкіршілік – Алла берген нығметке шүкір ете аламыз ба? Біз өзіміздің байлығымызды, білімімізді, денсаулығымызды тек жақсылыққа жұмсай аламыз ба?
2. Тәкаппарлық немесе қарапайымдылық – Нығметке мастанып, тәкаппар боламыз ба, әлде қарапайым қалыпта қаламыз ба?
3. Аллаға тәуелділік – Нығметті тек өз еңбегіміздің нәтижесі деп санап, Алланы ұмытамыз ба, әлде оны Алланың сыйы деп қабылдаймыз ба?

Ғибрат:
• Нығмет те сынақ екенін ұмытпау керек. Байлық, денсаулық, уақыт, білім, отбасы – барлығы Алланың аманаты, біз ол үшін жауап береміз.
• Шүкіршілік ету арқылы нығметтің берекесін арттырамыз, ал шүкірсіздік оның жойылуына әкелуі мүмкін. Құранда айтылған:
“Егер шүкір етсеңдер, нығметтерімді арттырамын. Ал егер күпірлік етсеңдер, азабым қатты болады.” (“Ибраһим” сүресі, 14:7)
• Нығметті жақсылыққа, игілікке жұмсау – ең үлкен табыс.

Сондықтан, нығмет келген кезде біз оны Алланың сынағы ретінде қабылдап, дұрыс қолдануға тырысуымыз керек.


Нығмет сынақ болып беріле ме?⬇️


Бұл аятта Алла Тағала адам баласына ерекше бір маңызды тәлім береді. Ол бізге екі түрлі “киім” сыйлағанын айтады:

1. Физикалық киім - Бұл біздің тәнімізді жалаңаштықтан қорғап, абыройымызды жабуға және өзімізді әдемі әрі жарасымды етіп көрсетуге арналған. Физикалық киім адам баласының материалдық қажеттілігін қамтамасыз етеді және оны қоршаған ортаға лайықты етеді.
2. Тақуалық киімі - Бұл рухани киім, яғни Алладан қорқу, Оның бұйрықтарын орындау және күнәлардан сақтану арқылы рухани тазалықты сақтау. Бұл киім адамның ішкі әлемін, жүрегі мен жанын қорғап, Алланың разылығына жеткізеді. Тақуалық киім – адамның рухани абыройын сақтайтын, ең қайырлы киім.

Аяттың негізгі мәні – сыртқы көрініске ғана емес, ішкі рухани тазалық пен тақуалыққа көбірек мән беру. Себебі, адамның сыртқы киімі уақытша болса, рухани киімі мәңгілік.

Ғибрат:
• Физикалық киім абырой мен тәнді қорғау үшін қажет болса, тақуалық киім рухани абырой мен Алла алдындағы дәрежені арттыру үшін маңызды.
• Адам баласы сыртқы әсемдігімен ғана емес, ішкі тазалығымен және тақуалығымен құнды.
• Бұл аят бізге Алланың аяттары мен нығметтері туралы ойлану керектігін ескертеді. Ойлану арқылы адам Алланың ұлы хикметін түсініп, тура жол таба алады.

Бұл аят адамдарды өзінің ішкі және сыртқы тазалығына көңіл бөлуге, Алланың берген нығметтерін түсініп, шүкіршілік етуге шақырады.


يَٰبَنِىٓ ءَادَمَ قَدْ أَنزَلْنَا عَلَيْكُمْ لِبَاسًا يُوَٰرِى سَوْءَٰتِكُمْ وَرِيشًا ۖ وَلِبَاسُ ٱلتَّقْوَىٰ ذَٰلِكَ خَيْرٌ ۚ ذَٰلِكَ مِنْ ءَايَٰتِ ٱللَّهِ لَعَلَّهُمْ يَذَّكَّرُونَ

Уа, Адамның үрім-бұтағы! Сендерге әбиірлеріңді жабатын лыпа һәм кигенде өздеріңді көрікті ететін киім түсірдік. Алайда біле білсеңдер, ең қайырлы киім – тақуалық киімі (кәдімгі киім әбиірлерің мен тәндеріңді қалай жапса, тақуалық киімі сендердің рухани әбиірлеріңді солай жауып, Алла алдындағы дәрежелеріңді арттырады). Міне, мұның бәрі – Алланың (ақиқатты көрсететін) айқын дәлелдері һәм уахи еткен аяттары. Оларды адамдар ойланып-толғансын, ғибрат алсын деп түсірді.

(«Ағраф» сүресі 7:26)


Forward from: Маргулан Сейсембай
Если хотите изменить свою жизнь в 2025 году, начните с привычек.

Как говорится в Кайдзен-философии, ничто так кардинально не меняет жизнь, как ежедневные маленькие изменения.

Хочу поделиться 6 привычками, которые сделают ваш год лучшим.

1. Кайдзен-час
Если бы мне пришлось оставить единственную привычку в своей жизни, я бы оставил именно эту.

Каждое утро я выделяю час на анализ прошедшего дня и размышления о своей эффективности. В процессе я задаю себе ключевые вопросы:
Что мне нужно улучшить или подправить?
Как мне тратить меньше времени или энергии?
Что мне нужно автоматизировать или делегировать?
Чем стоит перестать заниматься?

2. Ежедневный пересмотр своих планов и целей.
Я использую метод динамического планирования. То есть, могу менять свои цели, задачи, сроки и дедлайны по необходимости.

Ведь бывает, что цель перестает вдохновлять, и двигаться к ней становится трудно. В такие моменты я смело отказываюсь от нее и от всего, что теряет для меня смысл.

Чтобы оставаться гибким, я каждый день провожу ревизию своих планов и целей.

3. Правильное питание и отказ от вредного.
Не стремитесь быстро худеть, просто начните менять свои привычки питания.
Если за год вы избавитесь хотя бы от двух вредных привычек, вы увидите большие изменения — как внешние, так и внутренние.

4. Физическая активность.
Я не говорю об интенсивных тренировках. Это может быть любая активность: ходьба, легкий бег, планка и другие упражнения. Главное — регулярность.

5. Здоровый сон.
Я сплю 8 часов: ложусь в 22:00 и встаю в 6:00.
Если вы просыпаетесь поздно, не переходите к этому режиму сразу. Вставайте на полчаса раньше каждую неделю, так вы постепенно дойдете до 6:00, а к 22:00 глаза будут закрываться сами.

6. Ежедневная вечерняя рефлексия.
Каждый вечер я выделяю 15 минут на подведение итогов, называю это «закрывашкой дня».

В это время я задаю себе вопросы:
Что сегодня забирало у меня энергию?
Что давало мне энергию?
• Что было неэффективным?
О чем стоит подумать?
Что стоит исправить?

А дальше откладываю их решение до утреннего кайдзен-часа.

Ставьте «🔥», если было полезно.


В конце концов ,это ваша жизнь и ваша история,верно?

Иди туда где страшно


Ассаламу алейкум🤍

Соңғы рет тыңдап, қатты ұнаған,ерекше әсер сыйлаған подкастпен бөлісе кетіңізші💗

Бір бірімізге пайдалы болайық☀️⬇️




Ой мынау менікі емес,көріп қалып жіберіп жатқам ғой🙈☺️


Тахаджут сабағына қатысушылар бірінші күннен уже жақсы нәтиже көрсетіп жатып 😍Альхамдулиллях!!!

Тахаджутты тұрақты және жеңіл оқуға көмектесетін үйрететін сабақтың записы (2ші күннің сабағы) Осы сабақпен сіздермен тегін бөлісуге ниет еттім.

Матафонға әлі де тіркелуге болады 40 күндік сабақ және марафон.
Қатысу үшін жекеме жазыңыз.
Күнделікті 15 -30 минуттық сабақтар болады


Forward from: thoughts.
В этом мире за все хорошее нужно бороться


Бүгін жұмаға қараған түні түс көріппін

Түсімде үлкен аппақ бөлмеде,өте көп орамалды арулар отыр екен

Бір кезде:
Жиынымызды салауаттан бастаймыз деді
Ары қарайғысы есімде жоқ

Бүгін жұма,салауатымызды тоқтатпайық

20 last posts shown.