жұлдызды аспан


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


🍵кел, өзіміз отырып шай ішейік

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


достық - адамның адамға беретін бақыты.
ал осы бақытқа ие жан екенім - шырқау биік шаттығымның себебі.
жақындарымнан жиі хабарлама алып, «осы жақта кездесейік, осы жаққа барайық» деген сөздерін есту - ♥️.

жай дастархан басында үнсіз отырсақ та өзімізді жайлы сезіне алуымыз, ал әрбір кездесу - «әңгімеміз бітпей қалды ғой» деп аяқталуы, келесі кездесуіміз міндетті түрде болатынын дәлелдейтіндей.

бүгін дәл сондай күн болды. жылы жандармен, жылы жерде.
қасымда осындай адамдардың барына рақмет!

жазбаны жақындарыма арнадым.
-♥️


«жағада отырған кісінің мұңын тыңдап, теңіз де еріксіз күрсінді…»


шынайы болу қиын емес, тек сол шынайылықты сақтап қалу - қиын.


фәнидің пендесіне өкпе артқаннан не табасың?

өтпеліге - өкінбе,
өткенге - өкпелеме)


өміріңде жолыққан әрбір адамды - саған сабақ берген тәлімгер деп қабылда.

ізгісін де, қаталын да.


күн секілді жүрген жеріне шуағын төгіп, айналасын нұрға бөлеп жүретін адамдар болады. әлемге тоқтаусыз тіршілік нәрін сыйлап…

әуел бастан жан дүниесі күннің жарығынан жаралған жандар да сондай. қолынан келген көмегін міндет қылмай-ақ жасайды. тіпті біреуге жәрдемдескеннен өздері рақат табатын сияқты.
қалай болғанда да мұндай адамдар өздері үшін емес, өзгелердің игілігі үшін өмір сүретіндей көрінеді…
ал өзгелер - олар үшін…

жарық жақтан болайық.


2025-ке ескертпе:

өзіңе жат болмысты таңуға тырыспа.


сені шабыттандыратын өз армандарың болсын, өзгелерді таңғалдыру емес.


🥹💔мына сөздер>>>


«мен саған гүл сыйлайын - өзімді қосып.
сен маған уақыт сыйла - сезімді қосып»


емтихан кезіндегі өмірдің көрінісі:


жан - мен үшін жұмбақ феномен.

орнын таппасақ та, қалай ауыратынын бәріміз білеміз)


«жылқының қырық атауы болғанымен, тіл байымайды.
тілдің дамығанын көрсететін бір-ақ нәрсе - тілдің кеңістікті игеруі»


білмеймін, айналаның бәрі құдды бір махаббатқа тіреліп қалғандай.
жүрген жер, жазған ән, неге бәрі бір сезім үшін?
қынжылдататыны - сол баяғы екі адам арасындағы сезім туралы.
неге ата-анаңа, өзіңе, айналаңа деген кіршіксіз махаббат жайлы сөз жоқ?
үнсіз…

мүмкін, адамдар махаббатты тым тар шеңберге сыйғызып қойған болар?
екі жүректің байланысын ғана
көріп, әрбір дем мен күннің құндылығын ұмытқан сияқты.
анаңның еркелеткен сәті, досыңның қалжыңы, кешкі аспандағы жұлдыздардың жарығы - бұлар да махаббаттың көрінісі емес пе?
жоқ, біз оны байқамаймыз. адамдардың көздері тек «ерекше біреуді» іздеумен шаршаған.

бірақ менің ойымша, махаббат ол - әрбір тыныс.
анаңның кешке: «шаршап қалмадың ба» деген сұрағы,
досыңның «саған мына жер ұнайтын шығар» деп көңіліңді табуға тырысуы,
тіпті өз-өзіңе сыйлаған жалғыз уақыт - бұл махаббат емес пе?

адамдар үнсіз, өйткені мұндай махаббат туралы сөз айтуға «мәдениет» жоқ секілді.
ал шын мәнінде, сол махаббат - ең шынайысы, ең нәзігі.
құндылығы түсініксіз болса да, жүректі мәңгі жылытып тұратын бір сезім.


finals week:

did i finish the exam?
or did the exam finish me?


өмір құрақ көрпе іспетті - қуаныш пен қайғыңды жарасымды етіп өзің құрауың керек.


неге мұғалім болуды таңдадыңыз?

« із қалмаған өмірден тұл өмір болар ма?
»


өмірде өзін таппай жүргендерге:

жауынқұрттың да миссиясы бар)


мен 14 жасымда: өмір әділетсіз, глобалды мәселелерді шешуге көмектесу керекпін, экожүйе қирауда.

мен 20 жасымда: далада қар, өмір сондай керемет😍🥰😘😌🙏🏻


«мое существование не в моих
руках. иногда мы заблуждаемся, думая, что все контролируем, но это не так»

20 last posts shown.