данышпан қарға


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


уикипедияға ұқсайтын бала

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Қазақстанда белгілі бір аумаққа ғана тән есімдер бар ма осы? Атына қарап бірден ассоциация пайда болатын.

Мысалы Испанияда атың Икер болса - Баск екеніңді біледі, ал Германияда Сепп болсаң - баварлықсың ба деп сұрайды.

Қазақстанда, айталық, Тағайбек болсаң, атың оңтүстікпен ассоциация болуы мүмкін бе? Қыздар енді ғашық болып бара жатқанда "есіңді жи дура, қайдағы оңтүстіктің жігіті?" деп айтса мысалы өзіне, қққ. Пайдалы ғой :)


💅🏻💅🏻💅🏻


Махаббат - өтірік нәрсе.
Қатты сене бермеңдер. Уақытша сезім. Түсіністік, сыйластық, ортақ құндылықтар - мәңгілік! Қалай ойлайсың шындыққа жанасатын сияқты?

Онсыз да солардың миксі емес пе махаббат деген?

211 0 1 48 13

Есть ли желание уехать их КЗ и как думаешь это будет правильный выбор ?😀

Абсолютно верный выбор. Только нормально выбирайте страну, так то жить в Ираке тоже не сладко как бы 😁


нені армандайсың?

Миллионер болып, тыныш әрі адал өмір сүруді


қалай ойлайсың, ата-ана өзіне көбірек ұқсайтын баласын көбірек жақсы көре ме әлде керісінше көтере алмай ма?

Ата-ана болғанда айтам. Бұл туралы ойлап көрмеппін. Бірақ өзің азиат, балаң негр болса, ну хз, хз, жақсы көреді демес ем


сенде daydreaming(синдром навязчивых грез) бола ма кейде?

Кейде болады, иә. Өзі келмейді, мен өзім жасайм: әдетте ұйықтар алдында. Көмектеседі.


адамдарды жақсы көресің бе? жалпы адамдарды жақсы көрмеу звоночек пе?

Жоқ, онша жақсы көрмеймін. Бірақ жақсы көру - жақсы көрмегенге қарағанда әлдеқайда жақсы (қққ, тавтология үшін ғафу). Сол үшін жақсы көруге кеңес берем, қолдан келсе


достық әлде шындық?

Осында жауап бар


ең алғашқы табысыңды қалай жұмсадың?

Есімде жоқ. Насыбай алған шығармын


самооценкам үнемі басқа адамдардың пікіріне тәуелді болса қалай ішкі стерженьді тәрбиелеуге болады?

Арқа сүйейтін өзің ғана қаласың мұндайда. Негізі тек жалғыз өзіңе сеніп қалуға кеңес бермеймін, көңіліңе бұлт үйірілгенде самооценкаң қандай прагматик болсаң да наққа кете барады. Өзіңді бағалап, жақсы-жаман қасиеттеріңді саралаған дұрыс деп ойлаймын, бірақ тәуелділіктен ешкім ада емес.


жеңіл болу мен терпила болудың ара-жігі қандай?

Жеңіл болуды түсінбедім. Жалпы былай: біреуге пайдаң тигенде өзіңді лох сезінбеуің маңызды. Бұл - шын көңілді, жақсы адам екеніңді білдіреді. Ал қалай майыстырса солай бүгілетін, өз мүдделеріне қарамай біреудің айтқанын жасайтын адам болсаң, иә, скорее терпиласың


адам мәңгілік өз балалық шағында ма?

Жоқ. Білмейм, мен мысалы қайтқым келмейді. Егер адам санатына жатсам 😁


біреуден отказ алғанда қандай күйде боласың, қалай қабылдайсың? самооценкаңа тие ме?

Тиеді әрине. Жалпы адамдармен контакт аз жасаймын, бірақ отказ алу деген эгомды тұншықтырады. Адамдармен сирек араласатындықтан лох сезінем оның үстіне өзімді, өйткені басқалар да мен туралы +/- сондай ойда екен деп қалам.


кейбір адамдар үнемі қиындыққа тап болып проблема тауып алады, притягивать етеді деп ойлайсың ба?

Олай ойламаймын. Көті ауыр адамдар шынымен болады, бірақ сондай адамдарды жеке танысаң, негізгі проблемаларына өзі кінәлі екенін түсінуге болады. Мистика емес, жай, себеп-салдарлық


"Что?Где?Когда?"ойынын қараушы ме едің?

Жоқ, youtube-тан қиындыларын көрем. Бұрын өзбекстандық версиясын қарайтын ек, онда да қарайтын түк болмаған кезде ғана


математика әлде физика?

Физика қызығырақ маған. Шын математик болу үшін шатырың конкретно жүріп кеткен болу керек, математиканы түсінген адам өмірден безіп кетуге қақы бар былайша


өміріңде мистика болып көрді ме?

Болған сияқты. Бірақ бір жағынан ол құбылыстарды логика тұрғысынан да түсіндіруге болады, өзім аса мән беріп, сондай мистика жаратып алғанмын. Болашақты көру, періште қағу, аян түс көру деген сияқты. Бірақ миллиардтық лотореяның джекпот нөмірлері түсіңе кірмеген соң бәрі бекер екен ((


ты одиночка или командный игрок?

Как ни странно, я командный игрок (если здесь подразумевается достижение какой-то цели). Я понимаю свою никчёмность в целом, да и команда хороша, когда твои недостатки сильно мешают. А приз делить с другими я не против.


жеңіске жету үшін ештеңеден тайынбайтын наглый, агрессивті боп жеңімпаз болуды құптайсың ба?

Сыйақының мөлшеріне қарай деп ойлаймын. Егер Кальмар ойынындағыдай суперприз - өмірің болса, иә, әрине, кез-келген әдіс жақсы. Ал болмағыр шен мен атаққа күйіп-пісіп, репутацияңды отқа тастау шарт емес

20 last posts shown.