Жазушы - كاتب


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Бұл арнада өз ойларым, кітаптан, өмірден алынған үзінділер.
Арнайы бір бағытта емес.

Мәлімет алынған жағдайда міндетті түрде арнаның сілтемесі көрсетілуі керек. Жарнама бойынша: @admkaatib
Анонимдік байланыс:
t.me/anonaskbot?start=3y5d8iym4zb18

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Мен бір кісіге:

- Намазды қай жерде оқып алсам болады?

Ол: Сен сапардасың ғой. Біріктіріп оқып алсай. (Бесін мен Аср)

Мен: - Жоғей. Мен мазхабтамынғой😆

Ол: Ааа бәсеее😁

Біздің ханафи мазхабымызда сапарда намаздарды біріктіріп оқу болмайды. Ал сәлафи ағайын туыстар, біріктіріп оқи береді. 😁

#сәлпәләңгіме

#Бүгінгікүннен




Forward from: студентка
«Сенім шуағы» кітабында адам баласын екі дүние бақытына жетелейтін һәм бүкіл салиқалы амалдардың іргетасы – Әһлу сүннет уәл-жамағат ғалымдарының сенімі келтірілген. Кітап қазақ даласында ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан Матуриди ұстанымына сай етіп жазылған. Осы сенім мектебіне үлес қосу мақсатында имам Әбу Ханифаның (Алла ол кісіні рақымына алсын) «Әл-фиқһ әл-акбар» атты еңбегіне қазақша түсіндірме жазуды жөн көрдік. Бұл шағын ғана еңбекте сенім мәселесіне байланысты бірқатар маңызды мәліметтер айтылған.
Кітап барша оқырман қауымға арналған.

Алматы, Орал, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Астана, Қостанай қалаларына жеткізу тегін.

Кітаптың құны 4000 тг

Реквизиттер:
87753891675
Мирас К

Чекті осы сілтемеге жібересіз.

Қосымша ақпарат үшін 87759778727


Ұстаздардың дәріс-сабақтарын, жарыққа шығарған кітаптарын бөлісіп, қолдау көрсеткен жағдайда, көп адам шығып кетеді екен. 🙂

#өмірғой


🎉 Құны 30 мың теңгені құрайтын бұл 4 кітаптан өтілген дәрістердің барлығын 70% жеңілдікпен 10 мың теңгеге беремін. Жеңілдіктер ертеңге дейін ашық❗️


🎉 Дайын видеоформаттағы Араб тілі дәрістерімді сіздерге ұсынамын:

▪️Сарф ілімі бойынша бастауыш деңгейдегі «Әмсилә» еңбегінен дәрістер - құны: 6000.

▪️Сарф ілімі бойынша ортаңғы деңгейдегі «Бинә» еңбегінен дәрістер - құны: 8000 теңге.

▪️Сарф ілімі бойынша жоғарғы деңгейдегі «Мақсуд» еңбегінен дәрістер - құны: 10000 теңге.

▪️Нах’у (грамматика) ілімі бойынша бастауыш деңгейдегі «ән-Нах’у әл-Уәдих» (Бастауыш деңгейінің бірінші бөлімі) еңбегінен дәрістер - құны: 6000 теңге.

📌 Дәрістердің барлығын жеңілдікпен сатып алғысы келетін жандар болса +77086567307 номеріне төлем жасап, чекті жіберсін.


“Білім ізденуші адам,
Алла үшін үлкен қадірлі.”

©️ Имам Әбу Ханифа (رحمه الله)

https://t.me/kaatib0


Қазіргі біздің қоғам екінші әйел деген мәселеге рухани дайын емес.

📕 “Тоқал алма, әйел ал!” Кітабынан

https://t.me/kaatib0


Дизлайктар кетті)


ҚМДБ-ның шығарған пәтуасына нәзік жандылар ренжіп жатыр)) 😅

Қалыңмал мен мәһір

https://www.muftyat.kz/kk/articles/fetvy/2024-11-18/45652-alyimal-zhajyinda-dnmz-ne-dejd/






Иман - бұл шынайылық және адалдықтың көрінісі.

©️ Хасан Басри (رحمه الله)

https://t.me/kaatib0


Forward from: Abdusamat Hanafin
Курсымызға тағы 5орын босады..
Қатысып үлгеріңіздер!!!


Хадис: Алла Тағала әр түннің соңғы үшінші бөлігінде аспан әлеміне түсіп: “Кім Маған дұға етеді, қабыл етейін?
Кім Менен кешірім тілейді, күнәсін кешірейін? Кім Менен (қажетін) сұрайды, оған берейін?”
- деп айтады.


Имам Мәлік (رحمه الله) Алла түннің соңғы үшінші бөлігінде түседі дегенді Алланың рақымы, періштелері түседі деп түсіндірген. Ал жат ағым өкілдері Алланың өзі түседі деп түсінеді.

📕 Имам Захаби /Сияр

https://t.me/kaatib0


“Махаббат – бұл жанның жарығы, ол бізді өмірдегі барлық нәрсенің мәнін түсінуге итермелейді”

©️ Джалаладин Руми (رحمه الله)

https://t.me/kaatib0


“Кімде-кім Аллаға білімсіз құлшылық етсе, онда ол пайдадан гөрі зиян көп әкеледі.

©️ Омар ибн Әбдул-Әзиз (رضي الله عنه)

https://t.me/kaatib0


Имам Әбу Ханифаның ең танымал шәкірттері, оларға Алланың рақымы болсын.

1. Әбу Юсуф Йақуб ибн Ибрахим әл-Куфи (113-182) Аббасидтық халиф Харун ар-Рашидтың басқарған уақытында, ол жоғарғы қазы қызметін атқарды. Ханафи мәзһабының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.

2. Мұхаммед ибн Хасан әш-Шәйбәни (132-189) Уасит қаласында дүниеге келген. Содан кейін Куфа мен Бағдад қаласында ұзақ уақыт болған. Рәйда қайтыс болған. Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтен білім алған. Әбу Юсуфтен кейінгі Ирақ мектебінің ең үздік фақиһы болды. Ханафи мәзһабының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Оның кітаптары, xанафи мәзһабында ең беделді кітаптардың бірі болып саналды.
(Захир ар-Риуаййа).

3. Әбу әл-Хузайл Зуфар ибн Хузайл ибн Каус әл-Куфи (110-158) Исфақта дүниеге келіп, Басра да қайтыс болған. Ол Басра қаласына қазы болып тағайындалған Әбу Ханифаның қиястағы ең мықты шәкірті. Ханафи мәзһабының дамуында үлкен рөл атқарды.

4. Хасан ибн Зияд әл-Лулу (қ. 204 Һ.ж.) Алғашында Әбу Ханифадан, сосын Әбу Юсуф пен Мұхаммед әш-Шәйбәниден сабақ алған. Сондай-ақ көптеген xадис риуаят еткен. Ұстазы Әбу Ханифаның өмірлік көз қарасын сипаттап берген. Алайда xанафи мәзһабында, Заxир ар-Риуайға кіретін Мұxаммед әш-Шәйбәнидың кітаптары беделдігі жағынан оныкінен жоғары.

✍🏻Darul Ahnaf

https://t.me/kaatib0


“Ерлі-зайыптылардың бір-біріне көрсеткен құрметі некенің берік болуының кепілі.”

©️ Имам Мәлік (رحمه الله)

https://t.me/kaatib0


Некелі өмірдің маңыздылығы – сыйластық, мейірім және бір-бірін қолдап, қамқору болу.

#бүгінгісөз

https://t.me/kaatib0

20 last posts shown.