KITAPAL


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру үшін!
Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


26-ҚАҢТАРҒА ЖОСПАР ҚОЙМАҢЫЗ!

Себебі ол күні – Миғраж түні! Жексенбіден дүйсенбіге қараған түн. Ол түнге көркем ғибадат, сауапты амал, көркем мінез, әдеп, салауат, ықыласпен оқылған Құран, ғапылдығың үшін кешірім сұрау, бойсұнып оқылған намаз жарасады. Осыларды жоспарлап қойсаң болады.

Күндізін ораза ұстасаң, артық етпейді. Бұл – өте маңызды, ғажайып түн! Адам ақылына бағынбайтын, физика заңдарынан тыс, метафизика әлемінде қадірлі оқиғалар орын алды.
- Айшылық алыс жерлерді көзді ашып жұмғанша жүріп өту;
- Бұрынғы өткен пайғамбарлармен жолығу;
- Өмір атты ұғымның шекарасына бару және одан ары өту;
- Періштелердің ғибадатын тамашалау;
- Жәннатты аралау;
- Тозақты көру;
- Бес уақыт намаздың жауапкершілігін алу;
- Бәрінен де ғажайыбы – Алла Тағаламен дәнекерсіз, тікелей сөйлесу.
Жеті қат көктің әр қабатында қандай оқиғалар болды, кімдермен тілдесті, не сөйлесті, кімді көрді, қандай ғибрат алды – оны мына сілтемеден оқи аласыздар.

https://www.muftyat.kz/kk/nasihat/zhuma-minberi/2017-05-29/21919-isra-zhne-mirazh-tn

Қасиетті үш айдың бонустарын максимум алу үшін иманды арттыратын кітаптар оқыңыз. Құран Кәрімдер, пайғамбар өмірбаяны, ғибадат кітаптары, салауат, дұға кітаптары.

Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
631


Мади Фазл, полиглот: Тіл үйренудегі қате әдістер | Kitapal Talks #3

Бұл шығарылымда полиглот, кәсіпкер Мади Фазл көпшілікті толғандыратын тіл үйренудің ең жақсы әдісі, тіл үйрену туралы ақылға сыймайтын аңыздар туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.

https://youtu.be/jgHh9nhm1gI


БӨРІБАЙДЫҢ ТЫМАҒЫН ИТ АЛЫП ҚАШҚАН ҚЫС

Адам ұшаққа отырғанда жайсыз қысылады. Ол ұшақтың тарлығынан ба әлде қысымның әсері ме, көп адамның бір жерге жиналғанынан ба, кім білсін. Бірақ әдеттегідей жайлы отыра алмайсың. Тіптен смартфондағы ойындар да қызықсыз боп кетеді. Ұшақ қона сала, орнымыздан тұрып кететініміз содан шығар. Әйтпесе, отырып күтуге де болады ғой. Жо-о-қ, біз отырмаймыз, тезірек сыртқа шыққымыз келеді.

Сондай кезде адамды ұшақта отырғанын ұмыттыратын, алыс сапарды жақындататын, езуіңе күлкі үйіріп, еріксіз жымиып, көңілді қылатын кітаптар бар. Олар қалың емес. 2-3 сағатта еркін бітіресің. Соның бірі – Тынымбай Нұрмағамбетовтың «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» шығармасы. Атының өзі іліп әкетеді. «Абай жолы», «Алыптың азабы», «Қан мен тер» сияқты абстрактылы атау емес, бірден «не үшін оның тымағын ит алып қашқан?», «ол неге қыс мезгілінде болған?», «Бөрібай деген кім сонда?» деген сұрақтар бірден баурап алады.

Ауыл адамдарының әдемі әңгімесі жаныңды жайландырады. Қазіргінің тілімен айтқанда, нағыз «сторителлиң». Бәріміздің әңгімешіл таныстарымыз бар, олар бір оқиғаның ұшығын шығаруы мұң екен, бәріміз сілтідей тынып, тыңдаймыз. Бұл кітап та сондай. Бірақ оқиғалар көше әңгімесі емес, бір заманның көрінісін суреттейді. Ол жерде дәстүр де, салт та, құрдастар қалжыңы да бар.

Әдеби кітапқа тісіңіз батпай жүрсе, онда осы шығарманы оқыңыз. Бірақ ескерту: дәл қазір оқымаңыз. Себебі түнгі 23:00 боп жатыр. Қазір оқысаңыз, кітапты бітіргенше ұйықтай алмай қаласыз.

Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап
8-777-572-22-33


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
АЛТЫН ӨЗЕК

Студенттер Мұхтар Әуезовпен кездесуде «Абай жолының» алтын өзегі не деп сұраған. Сонда заңғар жазушы: «Менің романымда айрықша көңіл бөлгенім - әке мен баланың арақатынасы еді» деген екен.

Тағы бір естелігінде былай дейді: «Романға кіріспес бұрын дүние әдебиетінің барлық озық үлгісін сүзіп шықтық. Немістің, француздың философиялық, тарихи хронологиялық романдарын ақыл-ой елегінен өткіздім». Тұрсын Жұртбай «Құнанбай» атты кітабында былай дейді: «Соның ішінде И.С.Тургеневтің «Әкелер мен балаларына» иек тіреп, ерекше ықыласын бұрды. Ол осылардан психологиялық шиеленісті үйрене отырып, ілгері дамытты. Мүлде соны ой өрісіне шықты».

Құнанбай хандық дәуірді көрген, отаршыл патшаның қазақ даласын отарлау тұсына сәйкес өмір сүрген, діндар, батыр, көшбасшы адам. Былайша айтқанда, ескі жүйенің адамы деуге болады. Ал Абай және оның замандастары – жаңа заманның туындысы. «Абай жолында» ескі мен жаңаның тартысы шебер бейнеленген.

Мұндай бейнелеу Қастеевтің «Түрксіб» суретінде де бар. Ол жерде сайын даланы жарып келе жатқан пойыз жаңашылдықты меңзесе, кері кетіп бара жатқан көш ескілікті суреттейді.

Мұхтар Әуезов 1933 жылғы Абайдың толық жинағында: «Құнанбайдың кім болғанын білмесек, Абайдың кім екенін білу қиын» деп мәлімдеген еді. «Абай жолында» Құнанбайды қатал, озбыр адам деп сипаттаса да, шын өмірде өте ақылды, дана кісі болған. Келесі жазбада Абайға таққан үш міні туралы айтамыз.

«Абай жолына» тапсырыс беру: 8-777-572-22-33


КІМ ЖАРАТЫЛЫСЫНА САЙ ЖҰМЫС ІСТЕСЕ, БАҚЫТТЫ БОЛАДЫ

Жер бетінде ешқашан бірдей екі адам болмаған. Әр адам қайталанбас жаратылыс. Ол түгілі бір әке, бір шешеден туған он баланың әрқайсысы әртүрлі. Мінезі он түрлі. Себебі рух деген нәрсені түсініп болмайсың. Ол туралы адам баласына аз мағлұмат берілген. Осы рухымызға түрлі қабілеттеріміз де егілген. Ол өсімдік құсап өсіп шығады. Не үшін өсімдік? Себебі оның өсуіне жағдай жасамасаң, өспейді. Жаңбыр жаумайынша, топырақта қандай өсімдіктің дәні жатқанын біле алмайсың. Сол секілді түрлі жұмысты істеп көрмейінше, қай қабілетің, қай іске икемің бар екенін біле алмай сандалып жүресің.

Екі құлақ боп өсіп, жапырақ жая бастаған өсімдікті баптап, маңдай тер төкпесең, қурап қалады. Қабілет де сондай. Оны жетілдіріп, дамытса, ешкімге дес бермей, үздік боп шығады. Ал оны тұншықтырып, еш мән бермесе, өледі де қалады. Әр адамда әртүрлі қабілет бар. Оны елемей, тез табылатын ақшаның соңынан ереміз. Сөйтіп не онда емес, не мұнда емес, дүбәра біреу боп шығамыз. Бақытсыз.

Сәби кезден-ақ кімнің қандай іске икемі бар екенін байқай аламыз. Біреу епті, біреу жақсы сурет салады, біреуі есепке жүйрік, енді бірі шахмат ойнап бастайды, бірі қозы-лаққа жақын, бірі балаларды ұйымдастырғыш көшбасшы, бірі үндемейтін ойланушы, бірі компьютерге құмар, бірі ойыншықтарды ашып бұзып, қайта құрастырғыш, бірі ойыншық танометрмен емдегіш... Соны байқау ата-анаға, ұстазға міндет.

Жаратылысыңа сай мамандықты іздеу кеш емес.

Мамандық таңдауға қатысты кітаптарға тапсырыс беру: 8-777-572-22-33


ByDastan: 20 дрон сындыру, бір істе табанды болу, ең әдемі мекен - қазақ жері | Kitapal podcast #37

Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов видеограф, дронбегі Дастан Мұхамедрахымов aka ByDastan мырзамен сұхбаттасады. Сұхбат барысында жетістік жолында табанды болу, баланың тілін табу, бойдағы талантты ақысын беріп қолдану, дронның кесірінен абақтыға түсу, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.

https://youtu.be/gLKg0NUryWM


ТЫНЫШТЫҚ НЫҒМЕТІ

Хәкімнің бірінен:
– Нығмет деген не? – деп сұрағанда:
– Байлық, өйткені мен кедейді тыныштығы жоқ деп көремін, – деген кезде:
– Тағы да бір нәрсе қоссаңыз, сіздің көзқарасыңызша нығмет басқа не болуы мүмкін?– дегенде, Хәкім:
– Амандық. Өйткені қорыққан адамның тыныштығы жоқ, – деді.
– Басқа нелер?– дегенде, Хәкім:
– Саулық, себебі науқастың тыныштығы жоқ, – деді.
– Тағы да айтсаңыз, – дегенде, Хәкім:
– Жастық, өйткені қарттықта рақат жоқ, – деді.

Хәкімнің бұл айтқандары – сырт көзге дүние нығметтері болып көрінсе де, ақыретке жәрдемші болуы тұрғысынан шынайы нығметтер. Сол үшін Алла Расулы (с.а.с.): «Дені сау күйде таң атырған, мал-мүлкі және намысы амандықта болған және күндік нәпақасы болған адам бүкіл нығметімен дүниеге ие болған секілді», – деді.

«Ихия улумиддин» кітабы. Авторы: Имам Ғазали. Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33


Адам бақытты кезінде қасында ылғи адам болады

Дәл қазір бақытты сәттеріңізді еске түсіріп көріңізші. Қаласаңыз, көзіңізді жұмыңыз. 10 сәттің 9-ында қасыңызда адам болғанын байқайсыз. Яғни, жалғыз отырып шаттық сезінгеніміз сирек. Адамның өзін қуанышты сезінуі ылғи қоғаммен, өзге жанмен байланысты. Біз бірнәрсе сезінсек, оны бөліскіміз келеді. Қуаныш бөліскен сайын көбейеді. Немересі түкке тұрмайтын бір жарыстан диплом алса, бүкіл чаттарға мақтанып жіберетін әже сіздің үйде де бар шығар?


ӨЗІҢМЕН ЕСЕПТЕСУ

Серіктеспен есептесу – табысы мен зиянын білу үшін капитал мен пайданы зерттеу деген сөз. Егер пайда тапқан болса, оны алып, серіктесіне алғыс айтады. Егер зиян шеккен болса, серіктесін кепіл етеді. Оны алдағы уақытта сол шығынды төлеуге міндеттейді. Міне, құлдың дініндегі капиталы – парыздар. Ал пайдасы – нәпілдер мен ізгіліктер. Зияны – күнәлары. Мұндай сауданың маусымы – күндер. Бұл – жамандыққа шақыратын нәпсімен жасалатын келісім.


Егер нәпсі парыздарды тиісінше орындаған болса, осы әрекеті үшін Аллаға шүкіршілік етіп, нәпсіні солай жасауға шақыру керек.


Егер нәпсі парыздарды орындамаған болса, парыздардың қазасын нәпсіден талап ету керек.


Егер нәпсі оларды кем етіп орындаған болса, олардың орнын нәпілдермен толтыруға нәпсіні мәжбүрлеу керек.


Егер нәпсі қандай да бір күнә жасаса, оны айыптап жазалаумен айналысу керек, нәпсі кемшіліктерінің орнын толтырсын. Дәл бір саудагердің серіктесінен ақшаның есебін сұрайтыны секілді.

"Ихия улумиддин" Имам Ғазали. Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33


ЖҮРЕГІҢДІ ҚАБІРГЕ АЙНАЛДЫРМА

Қабір – өлген адамдар үшін. Жүрек – тірі адамдардың жан ұясы. Кейбір адамдардың тірі жүрегі өлі рухтарға қабір боп жүргенін көріп, жаным ашиды. Не үшін өмір сүру керектігін білмейді және білгісі келмейді. Жақсылық жасап рухын оятуға шамасы жете тұра, ғапылдықты таңдайды. Ондай адамды қалай тірі дерсің? Сыртқы қалыбы – бұлшықетінің тірі тұрғаны кімге керек?

Адамның нәпсімен күресі басы жербесікке кіргенше толастамайды. Жүректің ішінде екі әскер: біріншісі, тәкаппарлық, мақтансүйгіштік, көрсеқызарлық, қызғаныш, ғапылдық, сараңдық; екіншісі, мейірім, көркем мінез, сабырлық, ақылды тура жолға қолдану, кішіпейілдік, жомарттық – ылғи күреседі. Бірінші әскер рухыңды өлтіруге, екінші әскер тірілтуге ұмтылады. Екеуіне де күш беретін – сенсің. Қай жағына жақтассаң, сол жағы жеңеді. Былайша айтқанда, өзіңді өлтіретін де, тірілтетін де – өзіңсің.

«Жүрек сырлары», «Жүрек тыныштығы» кітаптарына тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33


Ережеп айына қош келдік!

Ережеп келді дегенше, зу етіп артынан Рамазан айы келді десеңші. Біз өзіміз түсінбейміз, бірақ қасиетті үш айдың қадірі бөлек. Адам деген еңбекақысын бірден алуды қалайтын жаратылыс қой. Ал ораза ұстап, Құран оқып, садақа беріп, намазыңды өтесең, құдайдың разылығына жетіп, жұмағына кіресің десе, оны елестете алмаймыз және қолымызда уыстап ұстай алмаймыз. Сондықтан қадіріне жетпейміз. Біз қадіріне жетпесек те бұл үш ай өте қасиетті. Кім оның мүмкіндіктерін пайдаланса, сол ұтты.

Аспанды жаңа жылға аман жеткен жұрттың отшашулары жарқыратса, жүрегімізде иманның нұрлары жарқырасын. Үш ай бойы рухани жазбалар жариялап отырамыз. Ережеп пен Шағбанды жақсылап өткізіп, асқазанды ауыз бекітуге дайындап, оқитын Құран, зікірлерімізді біртіндеп көбейтіп, Рамазанға амандықта жетейік. Кім екі ай дайындалмаса, онда Рамазаннан алары аз болмақ.


АДАМ ЖАЗУШЫ БОЛЫП ТУЫЛА МА, ЖОҚ УАҚЫТ ӨТЕ КЕЛЕ ҚАЛЫПТАСА МА?

Қабдеш Жұмаділов:
Жазушылық – Алланың берген сыйы. Ақын болып, жазушы болып адам туылады. Алла оған сондай жүрек береді, сондай тіл мен жақ береді, талант пен дарын береді. Оны “Халқыңның мұңын мұңда, жоғын жоқта, сөзін сөйле” деп береді. Ол – біздің мойнымыздағы аманат, борыш. Алланың берген аманатын орындауымыз керек. Ал шеберлігіңді шыңдау дейтін уақыт өте болатын нәрсе.

Оқымай, дәнеңе етпей, жазу жаза алмайсың ғой. Ештеңе оқымай өлеңдете беруге болар, бірақ әлемдік деңгейдегі роман жазу үшін көп білім керек. Білімсіз ештеңе өрге баспайды. Өзіңнің тұрған орныңды, деңгейіңді, алдыңда кімдер бар, артыңда кімдер тұр бәрін білуің керек.

Жазушы Қабдеш Жұмаділовтың «Соңғы көш», «Қаздар қайтып барады», «Дарабоз», «Тағдыр», «Көкейкесті» романдары бар. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33


ӘРКІМ СЕЗІНЕ АЛАТЫН БАҚЫТ

Бақыт үлкен жетістіктерде емес, күнделікті өмірдегі қарапайым нәрселерде жасырынып жатады.

Бірінші, күнделікті алғыс айтып жүру, әдет қалыптастыру
Алғыс айтқан кезде қолымызда бар нәрселерге мән бере бастаймыз. Бұрын қалай байқамағанмын деп таңғаласыз. Жұртта жоқ, сізде ғана бар нығметтерді көресіз. Тіпті оңай болу үшін күніне үш нәрсеге алғыс жазсаңыз болады. «Бүгін анаммен сөйлескенім үшін құдайға шүкір». Мұндай жазбадан денеңізде позитивті энергия туады.

Екінші, жақсы адамдармен шынайы араласу.
Шынайы дегеніміз – сол адаммен бетпе-бет жүздесіп әңгімелесу. Ол кезде телефонды шетке ысырып тастау. Өмірлік маңызы бар тақырыптарды талқылау. Жақсының күйі саған да жұғады.

Үшінші, табиғатпен етене араласу
Мұны ешкім түсіндіре алмайды, бірақ адамның жаны табиғатты аңсап тұрады. Аппақ қар, саябақ, тау, аспан, бұлт, ағаштар, бұлақтар, өзен, дала – бәрі тыныштық сыйлайды. Жаяу серуендеудің өзі не тұрады!

Төртінші, жаныңды жадырататын іспен айналысу
Бақытты болу үшін жетістіктердің үлкен немесе кіші болуы маңызды емес, бастысы – процесс. Қай істі жақсы көресіз, соған жарты сағаттай уақыт арнап көріңізші. Хобби кезінде адам өзін ұмытып кетеді.

Бесінші, ылғи қозғалыс үстінде болу
Жеңіл жаттығу істеу, жаяу жүру, таза ауа жұту, денені шынықтыру – ұсақ істер, бірақ бақыт сыйлатын істер. Біз білсек те істемейміз ғой. Бірақ спортпен айналыспаған дене көп ұзамай хабар береді.

Кітаптарға тапсырыс беру: 8-777-572-22-33


ӨМІРДІҢ МӘНІ ӘРКІМДЕ ӘРТҮРЛІ

Күніне бос болатын 3-4 сағатыңды қандай іске арнасаң, өміріңнің мәні сол боп тұр немесе өміріңде мән жоқ деген сөз. Қысқа видеолар көрумен уақыт өткізсең, кино көре берсең, бос уақытыңда не істейтініңді білмей, амалсыз смартфоныңды қолға алсаң, ондай өмірде қандай мән бар?

Рас, кейде өмірде сондай кезеңдер боп тұрады. Бірақ ол ұзаққа созылмай, адам қайтадан өзін-өзі қолға алады. Бірде көтерілесің, бірде төмен құлдилайсың. Бастысы, үйіңе қайтатын, яғни Раббыңа апаратын жолға түсіп отырсаң болғаны.

Бұл күй неден туындайды? Өзіңе есеп бермеуден. Не істеп жүргеніңе анализ жасамаудан. Кітап оқымаудан. Өйткені қалай кітап оқып бастайсың, солай ойлануды бастайсың. Адам ойлаудан шаршайды. Ойламау үшін ойынға бас қояды. Сонда да ойсыз өмір сүру дұрыс жол емес. Мағжан ақын айтпақшы: Бұл өмір абақты ғой саналыға.

Кітаптарға тапсырыс беру: 8-777-572-22-33


ЗИЯНДЫ СУ

Су кеменің сыртында болса ғана пайдалы. Ішіне кірсе құртады. Дүние де сондай. Ол – мақсатқа жеткізетін құрал. Мақсатқа айналмауы керек. Дүние табу мақсатқа айналғанда ішіне су кірген кеме құсап батасыз да кетесіз. Қайда батасыз? Надандықтың, тәкаппарлықтың, ғапылдықтың, арсыздықтың ұйығына.

Дүниені білім алуға, халыққа пайдасын тигізер ғимараттар салуға, елдің көзін ашатын оқу орталықтарын салуға, жастарды білім алуға ұмтылдыратын жобалар (подкаст, жарыс) ұйымдастыруға, саяхаттап ел мен жер тануға, технология үйренуге, техника құрастыруға, өнер туындысын ойлап табуға жұмсау үшін табу керек.

Басқаша айтсақ, білім деп шашыл, білімге шаш.

Дүние туралы «Ихия улумиддин» кітабында арнайы бір бөлім берілген. Қай кезде дүние адастырып жатыр, қай кезде дұрыс жолға жұмсалып жатыр, қай бөлігі адал, қай кезде арам болады, бәрі түгел жазылған.

Кітаптарға тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33


ДӘЛ ҚАЗІР ҚҰРАН ОҚЫМАУҒА СЫЛТАУ ҚАЛМАДЫ

Жұмақта Құранды түгел немесе бір бөлігін жатқа білген (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерімен амал еткен) адамға: Құран оқып, шарықтай түс. Дүниеде оны қалай нақышына келтіріп мәнерлеп оқысаң, бұл жерде де дәл солай мәнерлеп оқы. Расында, сенің пейіштегі дәрежең өзің жатқа оқитын соңғы аяттың тұсында болады деп айтылады».

Бір хадисте Құран аяттарының саны қанша болса, жұмақтағы дәрежелердің де соншалықты екендігі және Құранды жатқа білген (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерімен амал еткен) адамдардың дәрежесінің өзге жұмақтықтарға қарағанда жоғары болатыны айтылған.

Қызық қой, адам деген неткен ұмытшақ, тәкаппар жаратылыс! Біз үйге шкаф алсақ, инструкциясына қарамай, өзімізге құрмақ боламыз. Амалымыз біткенде барып нұсқаулығын қараймыз. Алла құдай біздің өмір сүру нұсқаулығымыз – Құранды ылғи оқытқызу үшін қаншама мотивация беруде. Оны оқыған сайын сауап әрі оқыған сайын осы дүниеде қалай өмір сүру керектігін есімізге түсіріп отырамыз. Оны оқу сауап болмағанда, ешбіріміз оқымай кетер ме едік. Сөйтіп қалай өмір сүруді білмей, адасып, шұңқырға түсіп кетер едік.

Құран оқығанда аузыңнан, тіліңнен, көмейден түрлі толқындар, дыбыстар тарайды. Ол өзіңе және соны тыңдап отырғандарға шипа. Небары 600 беттік кітап 14 ғасырдан бері ойлануға азық боп келеді. Әр ғасырда жаңа қырынан ашылады. Құран – ойлану үшін, амалға асыру үшін. Бет сипап, «сауабы тие берсін» деп тұрып кету үшін емес.

Дәл қазір Құран оқымауға сылтау қалмады. Себебі KITAPAL дүкенінде Құранның барлық түрі бар. Қазақша аудармасымен, орысша аудармасымен, қазақша/орысша/арабша аудиосымен, қазақша оқылуымен (транскрипция), сөзбе-сөз аудармамен, тек қазақша (арабшасы жоқ, яғни дәрет алуға мүмкіндік болмаса, оқуға болады) Құрандар да бар.

Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33


АЛДАМШЫ ҚАРЛЫҒАШ

Осы посттардың себебінен бір адам кітап оқуды бастаса, онда мақсатымыздың орындалғаны. Біз ылғи пайдалы кітаптар ұсынамыз. Кітапал дүкеніне келетін кітаптарды сұрыптаймыз. Олардың ішінде ұятсыз, психологиялық тұрғыда зиянды, діни бағытымызға сай келмейтін, адамның мінезін бұзатын, ЛГБТ насихаттайтын кітаптарды кіргізбейміз. Өйткені біздің себебімізден біреудің тура жолдан адасып кеткенін қаламаймыз.

Бірақ кейде сондай кітаптар дүкен сөресінен орын табады. Жыл басында Ресейден кітап алғанымызда сыртында қарлығаштың суреті бар, көл бетінде қайықпен кетіп бара жатқан екі оқушы баланың бейнесі бар кітап келді. Әу баста оны аннотациясына қарап, балалар әдебиеті деп тапсырыс бергенбіз. Сөйтсек ЛГБТ туралы екен. Дереу жойып жібердік.

Кітапты дұрыс таңдай білу керек. Мазмұнын ашып, бір-екі тақырыпты оқып көріп, жұрттардың пікірлерін тыңдап, сапасына мән беру керек. Кітап таңдаудың арнайы критерийлері бар. «Жылдам оқы» кітабының алғашқы бөлімінде толығырақ жазылған.

Біз күресе білуіміз қажет. Елімізге, отбасымызға зиянды кітаптарды кіргізбеуге күш салуымыз керек.

Дәл қазір пайдалы кітаптарға ЖЕҢІЛДІКПЕН тапсырыс бер. 8-777-572-22-33


АЙСБЕРГ

Қазақша «мұзтау» дейді. Антарктикада 2021 жылы ұзындығы 170 км, ені 25 км.-лік мұзтау бөлініп шығады. Су бетіндегі биіктігі 40 метр, ал су астындағы биіктігі 400 метр. Елестету үшін Алматы мен Талдықорғанның арасы – 180 км. Сондай аралықты алып жатқан алып мұзтауды ойлап көріңіз.

Айсбергтің ерекшелігі сол – негізгі бөлігі су астында жатады. Бұл бізге көп нәрсені үйретеді. Біз әлеуметтік желіде шалқып өмір сүріп жүрген адамдарды көріп, өзімізді салыстырамыз. «Менің жүрісім мынау, айлықтан айлыққа зорға жеткізіп. Жұрттар жаңа үй алып, жаңа көлік мініп жатыр; Дубайда қыдырып, қымбат ресторанда тамақтанып жүр...» Асылында олардың қиналыстарын, жүріп өткен жолын, еңбегін білмейміз. Оның астарында ұйқысын құрбан етіп, тіл үйрену; жұрт ойнап жүргенде уақытын қадірлеп, пайдалы кітап оқу; ұялшақтығын жеңіп, түрлі мамандық иелерімен қарым-қатынас құру; ерік-жігерін арттыру үшін спортпен айналысу, т.б. жолдар жатыр.

Жазушының жазған кітабын көріп, қандай мықты деп ойлаймыз. Бірақ оның жазушылық шеберлігін шыңдау үшін қаншама кітап оқығанын, күн сайын 5000 символдан тұратын мақалалар жазғанын, бір жазғанын жүз рет өшіріп, қайта жазғанын қаперімізге алмаймыз. Біз тек мұзтаудың шыңын ғана көреміз.

Біреумен өзіңді салыстырғың кеп жатса, мұзтау туралы ойлан. Сен оның шыңын ғана, бетін ғана көресің. Астында не жатқанын білмейсің. Сол үшін адамдар жайлы тек жақсы ойла. Көркем мінезбен сөйлес.

Тұлғалық даму кітаптарына тапсырыс беру: 8-777-572-22-33


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
ӘУЕЗОВТЫҢ АШУЫН БАСУ ҮШІН СТУДЕНТТЕР МЫНАДАЙ АЙЛАҒА БАРАТЫН

Жазушы Мұхтар Абайды көрген күнін еске түсіргенде жүзі жылып, қуанышпен, үлкен тебіреніспен әңгімелейді екен. Ол кісі университетте дәріс оқыған. Кейбір студенттер сабаққа дайындалмай келгенде, жазушының ашуланғанын байқаса болды, бірден: «Ағай, Абайды өз көзіңізбен көрдіңіз бе?» – деп, әңгімені басқа арнаға бұра қояды екен. Сонда жазушы көзі күлімдеп, орамалымен маңдайын сүртіп: «Ол кезде ұмытпасам төрттемін...» деп естелігін бастайды. Абай дүние саларда жазушы 7 жаста екен. Оған дейін бірнеше рет кездесіп, батасын алған.

«Абай жолы» романы жайлы дерек көп. Негізі 1920 жылдан бастап ақпарат жинап бастаса, соңғы 4-ші том 1956 жылы жарық көрген. Демек, 36 жыл жазылған еңбек деуге болады. Қарап тұрсаң, бір адамның өмірі ғой.

Кітап жарық көргенде қаншама қудалауға ұшырады. Бәріне Абай үшін көніп, соңына дейін жеткізді. Тіпті Құнанбайды озбыр адам ретінде көрсетпесең, кітабыңды шығармаймыз деп ультиматум қойды. Халық Құнанбайдың қандай адам екенін білетініне тәуекел етіп, «Түсінетін халық аман болсын...» деп, сол шартпен ақыры кітапты шығарады. Яғни, негізгі мақсаты – Абайды таныту болатын. Абай арқылы өзі де танымал тұлғаға айналды. Кітаптағы Құнанбайдың жауыз бейнесі шынайы өмірде мүлде басқа. Абайдай тұлғаны қалыптастыратын әкенің тұлғасын өзіңіз де бағамдай беріңіз.

KITAPAL дүкенінен «Абай жолы» романы ерекше дизайнмен жарық көрді. Төрт томды қатар қойсаңыз, Абайдың бейнесі шығады. Тапсырыс беру үшін жазыңыз: 8-777-572-22-33. Бағасы: 7800 тг


АДАМ САЯХАТТАСА, ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?

Саяхат та бір ертегі сияқты: үйретеді, қуантады, емдейді. Тек демалыс емес, өмір мектебі деуге болады. Әлемнің әр бұрышында ел мен жердің өз құпиялары мен сабақтары бар. Саяхаттағанда стресс те пайда болады. Жаңа жер, бейтаныс адамдар, бұрын дәмін көрмеген тағамдар. Ауырып қалуың да мүмкін. Адам үйреншікті ұясынан алыстап кеткенде, құстай қанатын жайып ұшады.

Бір жағынан батылдық та пайда болады. Басқа халықтардың қалай өмір сүретінін, қандай ән айтатынын, не жейтінін көресің. Ауылдан ұзап көрмеген қара басың әлемнің кең екенін, ал біз оның кішкентай ғана бөлшегі екенімізді түсінесің. Ұсақ нәрселерге қуанып үйренесің, қиындықтарға төтеп бересің. Ең бастысы, "Барлығын істей аламын!" деп еркіндік сезіне бастайсың.

Адамды саяхат кезінде не өзгертеді?

Адам африкаға барсаң да - адам. Бәрі мейірімге мұқтаж. Күлімдеп отырып, олардың әңгімелерін тыңдайсың. Адамның діні, тілі, ділі, мәдениеті әртүрлі болған сайын қызық. Табиғи әсем жерлер, халықтың құлшылық орындары, тарихи сарайлар, дәстүрлері, тағамдары - бәрі сен үшін таңсық. Таңсық көп болған сайын өз өміріңе басқаша қарай бастайсың. Бірдеңені өзгерту керектігін ұғынасың. Адам осылай өзгере бастайды.

Қаншалықты жиі саяхаттау керек?

Бәрі мүмкіндігіңе байланысты ғой. Ең бастысы, үйден кейде шығып тұру. Жылына бір рет болсын немесе бірнеше ай сайын қысқа сапарларға бару жақсы. Алматыда тұрып, тауға бармағандарға таңғаламын. Шымбұлаққа барып шаңғы тебу, Медеуге барып коньки тебу, Көкжайлауға шығу, Көлсай мен Қайыңдыға барып, қайыққа міну, Шарынды жаяу аралау - көп қой мүмкіндік. Қазақстанның әр өңірі осындай әдемі жерлерге толы. Ең бастысы — қозғал, орнында тұрма. Өмір деген өзен сияқты — ағып тұруың керек!

Қайда саяхаттау керек?

Демалыс үшін, мәдениетпен танысу үшін, шытырман оқиғаларға куә болу үшін, өз туған еліңді зерттеу үшін. Мысалы, Норвегияға Солтүстік Шұғыласын көру үшін баруға болады. Ол күн сайын көріне бермейді. Аңду керек.

Саяхат өмірді қанық етеді. Әр жаңа сапар - ертегінің жаңа беттері іспеттес. Адам өлерінің алдында көп саяхаттамағаны үшін өкінеді дейді ғой. Сондықтан арманда, жоспарла және жолға шық!

2025 жылғы жоспарыңа саяхатты енгіз.

20 last posts shown.