📚 ~ KITAPNAMA ~ 📚


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Books


📕 Каналыма қош келдіңіздер
кітапсүйер қауым! ☺️

📌 Каналда:
1️⃣ Кітаптар жайлы ақпарат ж/е пікірлер
2️⃣ Кітаптан үзінділер
3️⃣ Кітапқа қызықтыру
ж/е т/б...

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Books
Statistics
Posts filter


‼️ Көшелерде тегін фатуалар таратылып жатыр....)))


📝 Заһид Аль-Каусари رحمه الله болып жатқан жайттарға жай қарап отыра алмайтын, оған мақалаттары дәлел...

Бәлкім сол себепті де ол кісіні жақтырмайтын болған шығар кей ғалымдар, кейде шынайы өз пікіріңді білдіру досыңды жау қылады ғой


📝 Соның бір көрінісі Азһарға жаны ашып, көңілі толмай айтып жатқан осы сөзі ғой:
"Осының (айтылып кеткен бүліктер) бәрі Аль-Азһардің көз алдында болып жатыр, бірақ Ғалымдары үнсіз...!" ‼️‼️‼️

📝 Ааа ияя!, Үнсіздік демекші, ұстаздар мен студенттер болып жатқан нәрсені саралап, хабардар болып, аз болса да ой пікір білдіріп отыруы өте маңызды, бірақ біздегі көп ұстаздар өкінішке орай...!

📝 Заһид Аль-Каусаридің Аль-Азһар жайлы пікірлері туралы айтуға болады,біраз қызық нәрселер бар...


☕️ - Кофені сүтпен ішкен жақсы ма, әлде сүтсіз бе?!

😊 -Әйеліңмен ішкен жақсы))


🧐 Осы неге "күйеуін" "байым" деп атайды екен-әәә?!

"Байға тию" , "Байы бар"...


🤔 Әлде жақсыға жорып әйелі бар еркек бай еркек дегені ме екен-әә, қазақтардың, ...?! 😁

📝 "Қарапайым байлардың өмірін сүргім келеді" деген әзілдің астары мұңды...😅

📝 Тез Бай болудың жолдары қандай, айта отырыңыздар...?! 😅

P.S. Ияяя, бай болу үшін бай болу керек, бірақ абай болу керек)))
(Хәкім Асылжан😎)

+ P.S. Бастарыңызды қатырғаным үшін кешірім сұраймын 🤭


📖 Бүгінгі хадистер Һадия🎁 беру жайлы болды

"Бір-біріңе сыйлық беріңдер сүйіспеншілік орнайды", "Һадия беріңдер, асылында Һадия жеккөрушілікті кетіреді"-,деген сынды...

Шейх Муджир аль-Хатииб حفظه الله : "Мен әйеліме сыйлық беруді кеш үйрендім, ондай қателік жіберіп алмаңдар😁" -, дейді ғой күліп...!


Мына аяттарға қараңыздар!!!

‎وَلَوۡ بَسَطَ ٱللَّهُ ٱلرِّزۡقَ لِعِبَادِهِۦ لَبَغَوۡا۟ فِی ٱلۡأَرۡضِ وَلَـٰكِن یُنَزِّلُ بِقَدَرࣲ مَّا یَشَاۤءُۚ إِنَّهُۥ بِعِبَادِهِۦ خَبِیرُۢ بَصِیرࣱ

(Егер Алла құлдарына несібені кеңітіп жіберсе, әлбетте жер жүзінде бүлікшілік шығарады. Бірақ қалаған мөлшерде несібе береді. Өйткені Ол, құлдарынан толық хабар алушы, көруші.)

- (Халифа Алтай аудармасы) -
...........................................

Бұл аят жайлы көп жылдар уағыз айтуға болады, бірақ осы аяттағы мына сөзге мән беріңіздер : " өзі қалағанын мөлшерімен түсіреді..."


Өте қызық , ризық деген...!!!
Киім де , тағам да , білім де , әйел, бала да, денсаулық та, тыныштық та барлығы ризық ...

Оның бір келетін формуласы жоқ : Жұмыс істесең келеді, бизнес істесең келеді, спортпен айналыссаң келеді , деген....


Аллаһтың айтқанынан басқа...

Имам 'Атоиллаһ Сакандаридің мына хикметі бірден есіме түсті:

-أرح نفسك من التدبير فما قام به غيرك عنك لا تقم به لنفسك -

"Өзіңді ризықты басқарумен шаршатпа, сенен басқасы (Яғни Аллаһ) өз қолына алған нәрсені өз мойныңы жүктеме..."

-Қазақ тілінің сәл кедейлігін ай😁-

Тағы бір хикметі бар өте керемет
:
اجتهادك فيما ضمن لك و تقصيرك فيما طلب منك دليل على انطماس البصيرة منك.

"Саған кепілдік етілген нәрсеге -(яғни ризық)- тырысып, сенен талап етілген нәрседе - (яғни құлшылық)- әлсіздік көрсету, сенің санаңның сөңгенінің белгісі..."

Нағыз ақиданы түсінген адамдардың сөздері осындай болады.

Ал бұл хикметтердің иесін біреулер күпірлікке шығарып жүр!!!

Ақылда ризық-қой, енді не істейміз)))

Имам Каусари айтпақшы:

سبحان قاسم العقول!!!

(Ақылды бөлып беруші Аллаһ пәк)


🌸 "Екі сукун (ْ ), яғни екі қозғалмайтын тіпті араб тілінде қосылмайды...🤭"

P.S: Сәл қозғалып қойыңдар дееееп ақыл айтайын десем, өзім солардың қатарындамын әзірше... 😁


🗣️ "Шам жерінің мұсылмандарының қуанышы, жеңісі жайлы бірде-бірі ауыз ашпады ғой... 🤔

"Құттықтап қойса ең болмаса...,әлде маған жетпей жатыр ма?!"
🤔

"Главный еліміз тыныш болса болды...!" )))


🤭 "Қарапайым ғана байлардың өмірін сүргім келеді" -, депті ғой бір Толибжан.

Әзіл, әзіл
😅

📌 Мына бір керемет хадис есімде жүреді әрқашан:

قالَ النَّبِيَّ -صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ-:" مَنْ أَصْبَحَ مِنْكُمْ آمِنًا فِي سِرْبِهِ مُعَافًى فِي جَسَدِهِ عِنْدَهُ قُوتُ يَوْمِهِ
فَكَأَنَّمَا حِيزَتْ لَهُ الدُّنْيَا بِحَذَافِيرِهَا

Пайғамбар ﷺ айтты:
"Сендерден кім өз үйінде аман болып (н/е жүрегі тыныш болып) , денесі аурудан таза болып, бір күндік азығы болып таң атырса, онда ол бүкіл дүниенің байлығын жиғандай болады"

P.S. Күмәнсіз Пайғамбарлық сөз ғой-ия?!
Өмірдің формуласы жайлы көп кітаптарды оқып бас қатырмауы керек қой негізі мұсылмандар...!
Міне "Бақытты отбасының" сыры...!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🗣️ "Қуатымызбен, санымызбен алданбайық, бұл өте қауіпті, бүкіл Муджаһидтердге ескерту, бұл Алланың қуаты, мейірімі ғана...!"


🥳 Мұсылмандардың жеңісі құтты болсын!!!


📕 Фудайл ибн Ъ'яд رحمه الله айтады: "Амалды адамдар үшін тастап қою РИЯ, ал адамдар үшін амал жасау ШИРК"

P.S. "Ширк" дегенді анандаааай Ширк деп түсініп қалып, шу шығарып жүрмеңіздер🙂


❇️ Шейхымыздың қызының есімі "قطر الندى" екен! 🤭

📕 Грамматикадаға белгілі кітаптың аты ғой 😁

😁 Қызыма қандай кітаптың атын қойсам екен деп ойлап отырм енді! 😅

Сіз қандай кітаптың атын қояр едіңіз қызыңызға?!

493 0 2 13 12

📕 Келесі осы кітапқа көз түсіп, көңіл бұрып тұр

Заһид аль-Каусаридің жауаптары ендіііі...
🌪️🌪️🌪️

Білесіздер ғой


😁 Салафилердің контенттерін таратып позор боп отпайық, бөтен сектаға видео таратып, бөтен сектаның санын көбейтіп... . Мен ашығымен айтамын, бұрын Салафилердің артынан ерген Қазақтар болды. Мен сөкпеймін..., қандай Қазақ екендеріңді түсінбейм бірақ...

P.S. Ал, не болд ал... 😅


😅 А чё так можно было что ли?!


📌 Бұл бір болған оқиғаны айтып кетейін: Осы жазда бауырларыммен Қазақстанды шарлап шыққан едік, бірааааз қызықты оқиғалар көріп және ғибраттар алдық...!

Және өз басым еліміздің Діни ахуалын көзбен көріп сезінуге тырыстым, интернеттен емес...)

📌 Өз ойымды айтпай, мына болған оқиғаны айтайын, өздеріңіз баға беріп, түйгендеріңізді айта кетерсіздер...!

📝 Ия, түні бойы көз ілмей, Астанаға жетіп алайық деген оймен машинамен зулап келе жаттық. Таң намазына таяп Астанаға жақын бір ауылға келдік.

- Ауылдың атын айтпаймын деп шештім -

Мүсәпірдің хәлін білесіздер... ,таң уақытының ұйқысы қысып, барсақ мешітке барып демалып алайық, "жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан"-, деп қоямын ішімнен...)

📝 Таңның азаны шақырылып, мешітке кірген едік, имамдар бөлмесіндегі екі тақия киген жігітке көзім түсіп: "Ма ша Аллаһ, медресеге көрген жігіттер секілді ғой..."-,деп ойлап қойдым, ішімнен сәл қуанып ☺️

📝 Мен намазымды оқып алып, оқыған жерімде ұйықтап қалыппын, досымның: "Тұр! Кеттік! Мешіттен шығыңдар деп жатыр!"-, деген сөзінен ояндым. 🤦🏻‍♂️

Әңгіменің мәнін бірден түсінгендей болдым...

Жаңағы екі мешіт қызметкеріне: "Біз сапарда жүр едік...", "Түн емес, Таң ғой,мешітте қалуға болатын шығар...!" , "Фаджрдан кейін қалып зікір қылсақ не істейтін едіңдер?!.." деп түсіндіре алмай жатқан ұстазымызды көріп сәл қынжылып кеттім!
😥

Таңырқаған кейіпте "Сендер медресе оқығансыңдар ма?!" -, деп сөзге араласып сұрақ қойып ем, "Ия"-, деген жауапты естігенде, "Ееех! Басында сендер жайлы дұрыс ойлаған екем ғой, медресені жай ғана көрген екенсіңдер ғой...!"-, деген ой келді... .

__Біраз әңгіме болып, соңында медресеге көрген,и еще қазақи қонақжайлықпен ұстаздарды, шәкірттерімен қосып мешіттен қуып
шықты десем артық емес!__ 😅

📌 Ияяяя, бұл темада мақалаттар жазып шықсам, Қазақстанға кіргізбей қалуы мүмкін 😅

📌 Жалпы өз ойлары жоқ, робот шәкірттерді дайындау дұрыс емес...,бірақ дайындаймын деп дайындамайды ғой енді...!, бірақ сонда да...))

📌 Хал-ахуалға қарап оқиғаны саралауды кітаптардан үйрену қиын шығар, сәл сапарлатып, араласып кругозорды кеңейту керек қой...

🤦🏻‍♂️ Ойййй, созылып кетті ғой..., айтарым бар еді біраз)))

Ия, бұл медресе көрген-ау дегендердің хәлі...

588 0 3 23 20

🤍 "Бас екеу болмай тәсбі екеу болмайды"-, депті бір Толибжан...)


باسم الله

Не жайлы айтайық?!

🖌️ Кітап жайлы ма...
н\е шейхымыз жайлы ма...
әлде хадис ілімі жайлы ма...
кейбіруінің ойында жүрген "иджаза" жайлы қате пікір
турасында жазса да болады...
вообщем негізі әңгіме көп...
--------------------------------
🖌️ Имам ибн Салахтың
رحمه الله
‎"معرفة أنواع علوم الحديث"
кітабын Шейх Муджир Хатибпен حفظه الله оқып шығуды Аллаһ жазған екен !

‎"لما لم يجدوا خيولا شدوا على الحمير"

"арбаны байлайтын аттарды таппағасын есектерге байлапты"

дегендей, осы дәрежеге лайықты болмасақта иджаза алып қалдық.
--------------------------------
Бұл кітап жайлы білмеу толибке ұяттау болады.Осыншама хадис ілімі кітаптарының тамыры болған бұл кітап Шам жерінің Ашрафия Даруль хадисінің негізігі кітабы болып есептеледі. Ол медресенің тарихи басшыларына қарап, медресенің дәрежесін түсінсе болады:
- ابن الصلاح
- أبو شامة
- النووي
- الفاروقي
- المزي
- تقي الدين سبكي
- تاج الدين السبكي
- ابن كثير
- ابن حجر العسقلاني
- ابن ناصر الدين
--------------------------------
Айта кететін нәрсе, Мусталах ілімін өзі оқымағасын "ондай қатты маңызды емес", "бір кітап оқып алсаң жетеді" деп толибтардың сағын сындыратындардан абай болыңыздар!!!
Албаниді Албани қылған дейміз бе))
әлде, адасуының себебі болған дейміз бе, осы ілімді дұрыс игермеуі.
-----------------------------
"العلم كثير و الوقت قليل"

"Білім көп, уақыт жоқ"


📝 Иджазамыз кеп қапты біраз кітаптан, жалпы мусталах ілімінін Шейх Муджирден алып келе жатырмыз, көз ашқалы десек те болады...)

20 last posts shown.