Пиндуодо


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Design



Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Design
Statistics
Posts filter




❤️Көріп, естіп немесе біліп үлгермеген нәрселерден Құдай сені қаншалықты қорғайтынын білсең ғой.

кейде өміріңде жоспарланған істің бұзылуы, біреумен жолыңның айырылуы немесе сәтсіздік болып көрінген жағдайлар сені үлкен қауіптен аман алып қалған үнсіз қорғаныс болуы мүмкін, тіпті ол адам өміріңнің астан - кестеңін шығарды десеңде , сол адам арқылы оданда бетер қауіптің алдын алып сақтап қалады . Өмірдегі ең үлкен қамқорлық көбіне сен үшін байқалмай, білінбей жасалады...💫🪶


Ешкіммен сөз салыстырғым келмейді... Дұрыс екенімді дәлелдеуден шаршадым. Әркім өз ойымен қалсыншы деймін.

Маған даудыңда, айқайдыңда керегі жоқ. Ішкі тыныштығым бәрінен қымбат.

Үндемеу-әлсіздік емес Өзіңді сақтап калудың жолы. Жай ғана өз әлемімде, өз ырғағымен тыныш өмір сүргім келеді...


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Тәкәппар емеспін.

Бірақ алдымда қадірі кеткенді сыйлап қабылдауым қиын. Ешкімқе ренжімей, үндемей шешім шығаратындарданмын. Көңілім қалған адамдардың екінші рет бетін көрмеуге тырысамын. Бұл менің өзгерте алмаған мінезім бе, намысым ба, жаратылысым ба түсіне алмадым...🪶


"Өзіңді алып шығар - өзің ғана "


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


🌸Әр әйелдің тағдыры әр түрлі болғанмен көтеретін жүгі бір .Әйел болу , келін болу , біріне жеңге ,біріне ана болу ...🌸




Әйел болу —
сүйрейтін жерде сүйреу,
демейтін жерде демеу…
Алға емес,
қолынан ұстап қатар жүру.
Әйел болу —
бірге өсу,
бірге даму,
жолда шаршасаң
үнсіз ғана жаныңда қалу.
Сырласу —
жүрекке жүрек ашу,
сүйю —
жаннан жанға асу.
Сосын барып дос болу,
сөзіңді бөліп,
өмірді бір-біріңнен үйрену.
Білгеніңмен бөлісу,
білмегеніңді сұрау,
бір күлкімен
мың ауыр ойды ұмыттыру.
Ал ең соңында…
шаршағанда:
«киін» демей,
«кел» деп,
иығына сүйеніп
тыныш қана дем алу.
Әйел болу —
әлсіздік емес,
екі жүректің
бір-біріне тірек болу дер едім 🫠
Ақын емеспін тек әйел болуды бір жан үйретіп жатыр😅❤️


Әйелсіңғой әйелдік өмір деген қалай десе айтар едім 😊


Осы сөз маған үлкен қолдау болды🥰




«Егер сендер күнә жасамайтын болсаңдар,
Алла сендерді жойып, күнә жасап, кейін тәубе ететін бір қауымды әкелер еді»
(رواه مسلم)




Өмір жолында бір түйгенімді жазып кетейін . Сені біреу жақсы көргісі келмесе 9 саусағыңды кесіп құрмет көрсетіп сыйласаңда , 10 ыншы саусағыңды бермегенің үшін ол адам сені сараң , жаман дүниеқоңыз , арам адам ретінде көріп жүретін адамды да жолықтырдым ...
Бір адам бар кішкентай болмашы жақсылық жасап едім , күн сайын соған рахметін айтып сыйлық беріп жақсы көре алатын адамды да жолықтырдым ❤️😊
Өмірде бұндай адам болама Аллахым деп қатты қуандым шынымен🙃


Егер біреу сен туралы жаман сөздер айтып жүргенін естісең біл ит жете алмаған сүйегіне қарап үретінін так что көңіл күй түспесін , керсінше қуанып қалам мені ойлап жүргеніне 🫠


Неден шаршадың десе айтар ем ." Бір ситуацияны , әр адам әр түрлі ойлап соңында жауапсыз қалатын сұрақтардан шаршадым . Ешкім өтірікші емес жай ғана түсінігі басқаша . Жауабын тапқанда сұрағы өзгеріп кетіп жатқандай *


— Алладан үмітсіз болма, қызым. Ол «Әр қиындықпен бірге жеңілдік жараттым» деген. Әр қайғымен бірге бір қуаныш жаратқан. Сен шүкірсіз болудан сақтан. Ол өз құлдарын қалай жүргізу керек екенін біледі. Егер бүгін Ескендір алдыңа келсе, ол келуі керек болған соң келді. Сен адамдарға байланба. Барлық үмітің Онымен бірге болсын. Адам өзін Жаратқанмен бірге сезінгенде ғана тыныштық табады.

( ''Әлия, өмірімнің өткелдері'' кітабынан)


Мен батылдықты ағысқа қарсы жүзіп, өзіңді жұртқа дәлелдеу деп ойлайтынмын.

Ал батылдық - шынайы болу екен, өзіңнен қашпау, басқаларға тік тұрып қамқорлық таныту екен.

Қамқорлық кейде - олардың өміріне араласпау екен.

Батылдық ол - өзгелерді өз эгоң үшін қолданбау екен. Батылдық ол - мен ойлағандай өзіңді дәлелдеу емес екен...

( Алия кітабынан)

20 last posts shown.

1 088

subscribers
Channel statistics