Library ENU


Channel's geo and language: Kazakhstan, Russian
Category: Books


• Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ғылыми кітапханасы
• Научная библиотека Евразийского Национального Университета имени Л.Н.Гумилева
• L.N.Gumilyov Eurasian National University Scientific Library

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Russian
Category
Books
Statistics
Posts filter


📚Қазан айында Ең көп оқылған кітап жобасы бойынша
1. Базарбаева Ж.М. Цитология және гистология : оқулық / Ж.М. Базарбаева; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. - Астана : Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2024. - 199, [2] б. : сур. - Библиогр.: б. 200.
2. Алшинбаева Ж.Қ. Кәсіби-бағдарланған шет тілі : оқу-әдістемелік кешен / Ж.Қ. Алшинбаева. - Астана : Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013. - 153, [1] б.
✨Ең белсенді оқырмандар жобасы бойынша
1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының профессоры Негимов Серік Нығметоллаұлы
2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің 1 курс докторанты Абилмажинова Арай Бырлыковна
⭐Құрметті оқырмандар, кітап оқыңыздар, осы жобаға қатысып, қараша айының ең үздігі болыңыздар.🤗
#libraryenu #enu


📌1 қараша күні Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Жошы Ұлысының 800 жылдығына және «Еуразия тарихы мен мәдениетін зерттеу» орталығының директоры, ҚР ҰҒА Құрметті академигі, «Күлтегін» сыйлығының лауреаты, т.ғ.д., профессор Сыздықов Сатай Мақсұтұлының 70 жасқа толуына арналған «Қазақ мемлекеттілігі: бастаулары, тарихи сабақтастығы және эволюциясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.
📍Конференция аясында ғылыми кітапхана тарихшы-түркітанушы Сатай Сыздықовтың еңбектерінен «Тарихты таңбалаған ғалым» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ғалымның тарих ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан «Түркі халықтарының тарихы», «Түркілердің тарихи-мәдени мұрасы», «Қарлық-Қарахан мемлекеті», «Мәңгілік ел» идеясы: қалыптасуы, үш негізі және тарихи сабақтастығы», «Қарқаралы – Қазылық» атты ғылыми еңбектері, академиялық басылымдары, сондай-ақ «Әл-Фараби және Ұлы Дала идеясы – «Мәңгілік ел», «Абай және Ұлы дала тұлғаларының мұралары: өркениеттік сабақтастық», "Рухани жаңғыру: Алаш идеясы және мемлекетшілдік", "Рухани жаңғыру: "Мәңгілік Ел" идеологемасы" атты монографиялары мен оқу-әдістемелік басылымдары қойылды. Сонымен қатар Web of Science базасында индекстелген және Scopus базасында рецензияланған ғылыми басылымдардағы мақалалары, жетекшілік жасаған Халықаралық және республикалық ғылыми жобалары (мәтін түрінде), ғылыми-әдістемелік еңбектердің (ұжымдық) қолданысқа енгізу нәтижелері бойынша Актылардың көшірмелері, «Әділетті Қазақстан» құру тақырыбында жарияланған мақалаларымен конференцияға келген зиялы қауым, ғалымдар мен қонақтар танысып, Сатай Мақсұтұлының ғылым жолы, шығармашылығы туралы мол мағлұмат алды.

#libraryenu #enu


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


📌29-шы қазан күні ғылыми кітапхана қызметкерлері А.Айтуарова, Г.Оразбек, А.Аржанова Көлік-энергетика факультетінің профессор-оқытушыларына Силлабус бағдарламасына енгізілген өзгерістерге байланысты «Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі» жөнінде семинар өткізді.
📍Семинар барысында кітапхананың толық қолжетімді деректер қорына шолу жасалып, тіркелу және қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі электронды басылымдарға қол жеткізу, библиографиялық жазбасын көшіріп алу, сілтеме арқылы кітаптың толық мәтініне өту жолдары көрсетілді. Семинарға факультеттің пәндік кітапханашылары А.Шаяндина мен К.Омарова да қатысып, бұл семинардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын және оқытушыларға әрқашан көмекке келуге әзір екендіктерін жеткізді
...
📌29 октября сотрудники научной библиотеки Айтуарова А., Оразбек Г. и Аржанова А. провели семинар для профессорско-преподавательского состава транспортно-энергетического факультета «Учебно-методическое обеспечение дисциплины» в связи с изменениями, внесенными в программу Силлабуса.
📍В ходе семинара был проведен обзор базы данных библиотеки, продемонстрированы способы регистрации и доступа к электронным изданиям на казахском, русском и английском языках, копирования библиографической записи, перехода по ссылке к полному тексту книги.
📍В семинаре приняли участие предметные библиотекари факультета А. Шаяндина А., Омарова К., которые отметили, что семинар будет продолжен и на других факультетах. Библиотекари всегда готовы к сотрудничеству.

#libraryenu #enu




📌23-қазанда Ғылыми кітапханада кітап, кітапханашы мамандығы, оның қыр-сыры мен маңызы жайлы «Кітапханашы мамандығы: дәстүр, жаңашылдық және шабыт» атты ток-шоу өтті.
📍Бұл іс-шараға кітапхана қызметкерлерінің үш буыны мен 1 курс студенттері, кітап сүйер оқырмандар қатысты.
📍Кітап - білім бұлағы болса, сол білімнің көзін ашар ұстаз - кітапханашылар екендігі баршаға мәлім. Зор шыдамдылық пен асқан білімділікті талап ететін мамандықтың иелері қатысушыларға өз жұмыстары жайлы әңгімелеп берді. Жалпы кітап не үшін оқылады? Кітап оқудың пайдасы қандай? Сіз оқыған бір кітап өміріңізге қалай әсер етті? - деген сияқты қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кітапхана ісінің майталман, іскер мамандары Ж.Бекайдарқызы, А.Абибуллақызы, А.Әлиқызы, Р.Лахайбекқызы, Қ.Балғабайқызы жауап беріп, өз тәжірибелерінен қызықты әңгімелермен бөлісті. Кітапханашы жас маман Қ.Балғабайқызы әріптестерін мерекемен құттықтап, әннен шашу шашты.
📍Шара аясында филология факультетінің студенттері Ә.Асылназ, А.Нұрай, физика-техника факультетінің студенті А.Нұрсезім, журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3 курс студенті Х.Күзеухан кітап құндылығы жайлы өлеңдер топтамасынан үзінділер оқыды.
📍 Іс-шара барысында қатысушылар кітапханашы мамандығының ұлағат пен тәрбиеге толы, өзіне тән қызығы мен қиындығы қатар жүретін мәртебелі мамандық екендігіне тағы да бір рет көз жеткізді.

#libraryenu #enu




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⭐Құрметті оқырман!
📌Кітапхана қоры журналистика және әлеуметтік ғылымдарды қамтитын жаңа оқу құралдарымен толықты.📚


📌Ғылыми кітапхананың №12 оқу залында қазақтың атақты ақыны, мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сәкеннің сыршыл әлемі» атты әдеби саяхат өтті.
Іс-шараға филология, журналистика және әлеуметтану ғылымдары факультеттерінің студенттері қатысты.
📍Қазақ әдебиеті кафедрасының профессоры Рахымжан Тұрысбек ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы баяндама жасады. Студенттер Е.Сансызбай ақынның «Нұра» өлеңінен, М.Ұзақбаева «Көкшетау» поэмасынан, Н.Жапар «Мереке майданында» атты өлеңінен үзінділер оқыды. Қатысушылар Сәкеннің қазақ әдебиеті, мәдениеті мен тарихына қосқан үлесін талқылап, ақын мұрасының бүгінгі ұрпақ үшін маңыздылығына тоқталды. Магистрант Ә.Бекмұханбетов өз шығармашылығынан «Сәкенге арнау» атты өлеңін оқыды.
📍Филология факультетінің студенттері «Тау ішінде» әнін қосыла шырқап, кешті әсерлі аяқтады.
...
📌В читальном зале №12 научной библиотеки прошел литературный экскурс, посвященный 130-летию известного казахского писателя, поэта и государственного деятеля Сакена Сейфуллина «Сәкеннің сыршыл әлемі».
📍В мероприятии приняли участие студенты факультетов филологии, журналистики и социальных наук.
📍О жизни и творчестве поэта рассказал профессор кафедры казахской литературы Рахымжан Турысбек.
📍Студенты читали отрывки из произведений автора такие, как «Нұра» Е.Сансызбай, из поэмы «Кокшетау» М.Узакбаева, «Мереке майданында» Н.Жапар.
Участники отметили вклад Сакена Сейфуллина в казахскую литературу, культуру и историю, подчеркнули важность его наследия для современного поколения.
Магистрант А.Бекмуханбетов прочитал свое стихотворение «Сәкенге арнау».
Завершили встречу студенты филологического факультета, исполнив песню «Тау ішінде».

#libraryenu #enu




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📌ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ХОРЕОГРАФИЯ АКАДЕМИЯСЫНДА…

📌25-қазан «Республика күні» ұлттық мереке қарсаңында Қазақ ұлттық хореография академиясында ЕҰУ Ғылыми кітапханасы «Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ ғалымдарының, еңбектері» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге ЕҰУ-дың белгілі академиктері мен оқытушы ғалымдарының әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласы бойынша соңғы жылдары шыққан ғылыми еңбектері, «Абай академиясы» сериясымен шыққан кітаптар және университеттің 20 жылдық, 25 жылдығына арналған таңдаулы еңбектері қойылды. Сонымен қатар «ЕҰУ типографиясынан» жарық көрген оқытушы-профессор құрамының оқулықтары, әр сала бойынша шығатын «ЕҰУ хабаршысы» ғылыми журналдары көрмеге қойылып, шолу жасалды. Кітап көрмесімен Хореография академиясының оқытушылары мен оқырмандары танысты.

#LibraryENU #enu


⭐Құрметті оқырмандар!

📌Кітапханашылар күніне орай өтетін «Майталман. Кемеңгер. Болашақ» атты кәсіби ток-шоуға шақырамыз.

📍Өтетін орны: Ғылыми кітапхана, А. Сейдімбек залы
📆Күні: 23 қазан
⏰Сағаты: 15.00
⭐Сіздерді асыға күтеміз!
...
⭐Уважаемые читатели!
📌Приглашаем вас на профессиональное ток-шоу «Майталман. Кеменгер. Болашак», посвященное профессиональному празднику Дню библиотекаря.

📍Место: Научная библиотека, зал А. Сейдимбека
📆Дата: 23 октября
⏰Время: 15.00
⭐Будем рады видеть вас!

#libraryenu #enu


📌Құрметті оқырмандар!
⭐Сіздерді қазақ ақын-жазушысы, қазіргі қазақ әдебиетінің негізін салушы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына арналған «Сәкеннің сыршыл әлемі» атты әдеби саяхатқа шақырамыз!

📆Күні: 21 қазан 2024 жыл
⏰Уақыты: 16.00
📍Орны: ОЗҒ, 404 каб.
...
📌Уважаемые читатели!
⭐Приглашаем вас на литературное путешествие «Сәкеннің сыршыл әлемі», посвященное 130-летию со дня рождения казахского поэта и писателя, основоположника современной казахской литературы Сакена Сейфуллина!

📆Дата: 21 октября 2024 года
⏰Время: 16.00
📍Место: УЛК, каб. 404
#libraryenu #enu


📌18 қазан күні Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, алаштанушы-ғалым, профессор Қайрат Сақтың 60 жылдық мерейтойына арналған “Алаштанудың өзекті мәселелері: ғылыми зерттеудің әлемдік, отандық арналары” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Осы конференцияға профессордың ғылыми кітапхана қорындағы оқу құралдары мен монографияларынан, мерзімді басылымдар бетінде жарияланған мақалаларынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге ғалымның «Алаш көсемсөзі: Тіл мәселесі» көптомдығы, «Алаш мұрасы» сияқты кітаптары қойылып, шолу жасалды. Көрмені конференцияға қатысушы белгілі журналистер мен ақын-жазушылар, оқытушы ғалымдар тамашалады.

#libraryenu #enu


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
📌Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай ұсынылған виртуалды көрме

#libraryenu #enu


📌Ғылыми кітапханада халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай тарих кафедрасының аға оқытушысы Кенжебек Дүйсебайұлының жүргізуімен «Ер есімі – ел есінде» атты танымдық сағат өтті.
📍Қатысушылар Р.Қошқарбаевтың өмірі мен ерлігі жайлы баяндамалар тыңдап, пікірталас кезінде қазақ тарихында ойып орын алатын ерекше тұлға екендігіне тоқталды. Оқырмандар көрнекі материалдар мен тарихи фотолар, бейнероликтер арқылы батырдың Берлинді алу кезіндегі ерліктерімен танысты.
📍К.Дүйсебайұлы батырдың әскери шеберлігі, отансүйгіштігі мен адамгершілік қасиеттері туралы кеңінен әңгімелеп, бұның жас буынның рухани-адамгершілік тәрбиесіне ықпал етудегі маңызы зор екендігін атап өтті.
📍Р.Қошқарбаевтың ел үшін жасаған ерлігін жас толқын жастарға жеткізуді мақсат еткен іс-шара қатысушылардың суретке түсумен аяқталды.

#libraryenu #enu


📌Құрметті оқырмандар!
Халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ер есімі – ел есінде» атты танымдық сағатына шақырамыз!

📍Өтетін орны: ОЗҒ, 402 каб, 10 оқу залы
⏰Сағат: 10.30
📆Уақыты: 17 қазан, 2024 жыл

⭐Сіздерді асыға күтеміз!
...
📌Уважаемые читатели!
Приглашаем вас на познавательный час «Ер есімі – ел есінде» в честь 100-летия со дня рождения народного героя Рахымжана Кошкарбаева!

📆Дата: 17 октября 2024 года
⏰Время: 10:30
📍Место: УЛК, каб. 402, 10 учебный зал

⭐Будем рады видеть вас!

#libraryenu #enu


📌«Ешкім де назардан тыс емес» онкүндігі аясында Ғылыми кітапхананың Инклюзивті ақпараттық ресурстар орталығы мен Жоғарғы колледж кітапханасы бірлесе отырып «Поэзия әлемінде» атты әдеби кеш өткізді.
Инклюзивті ортаны қалыптастыруға арналған іс-шараға университет пен Жоғарғы колледждің бірінші курс студенттері, университеттің «Дала сазы» оркестрі мен «Топжарған» ақындар клубы, оқытушылар және өзге де поэзиясүйер жастар қатысты.
📍Іс-шарада көрермендер Ғылыми кітапханадағы Инклюзивті ақпараттық ресуртар орталығы жайлы видеороликті тамашалап, кітапханадағы мүмкіндіктер мен ресурстар, көрсетілетін қызметтермен танысты.
Кеш шымылдығы Құрманғазының «Балбырауын» күйімен ашылып, Жоғарғы колледж білім алушылары Р.Ділдахан, Ж.Алдияр, К.Егор, Д.Ислам қазақ-орыс тілдерінде жыр оқып, өз өнерлерін ортаға салды.
📍«Өнер» орталығының жас әншісі Аяулым халық әнін шырқап, «Топжарған» ақындар клубының мүшелері мен «Тарих», «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар», «Филология» факультеттерінің бірінші курс студенттері сүйікті ақындарының жырларын, өз өлеңдерін жатқа оқыды.
📍Кеш жүргізушілері қатысушылар арасында ақындардың жыр шумақтарынан үзінділер оқып, жалғасын айтқан жеңімпаздарға естелікке кітаптар сыйлады.
📍Механика-математика факультетінің 1-курс студенттері Ж.Мағжан мен Е.Жасұлан ән орындап, жиналғандарға керемет көңіл-күй сыйлады.
📍Әдеби кештің соңында жоғары колледждің ерекше білім беруді қажет ететін студенттеріне кітапхана бөлімдеріне экскурсия жасалды.
@_topzhargan_
@enu_library_kolledzh
@enu.college
@oner_ortalygy
@library.enu_inclusive.centre
#libraryenu #enu



19 last posts shown.