📌 Ауру адамның намаз оқудағы міндеттілігі
❄️
Біз мұсылман бауырларға ауру болса да, намазды қалдырмай оқуларын ескерткіміз келеді. ❄️
Өйткені бұл – міндет. Алла тағала Өз жолында соғысып жатқан жауынгерлерге де намаз оқуды парыз еткен.
❄️ Намазда аурудан айығуға көмектесетін рухани тыныштық бар. Алла тағала: «Сабыр және намаз (арқылы Аллаһтан) жәрдем тілеңдер», – деген.
❄️ Алла елшісі (с.а.с.): «Ей, Біләл! Намазға шақырып, бізді бір тынықтыршы», – деп айтқан.
❄️
Ауырған адамға өлім жазмыш етілген болса, намазды тастаған күнәкар ретінде өлгеннен гөрі намаз оқып кеткені жақсы. ❄️ Алла тағала ауру адамға намазын тоқтатпауы үшін намаз ережелерін жеңілдетті. Егер ол дәрет алып, ғұсыл құйыну үшін су пайдалана алмаса, топырақпен тазалануына рұқсат етіледі.
📚 «Құлшылық және сенім» кітабынан. Кітаптың электронды нұсқасын Мактубат-боттан тегін жүктеп алуға болады.
🪔
https://t.me/maktubatkz