Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Алматы әуежайында қаскөйдің қолынан қызды құтқарған Мұса Әбдірайым оқиғаны бастан-аяқ баяндап берді.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым “Ерлігі үшін” медалімен наградталды.

Massaget.kz


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұса Сайранбайұлы Әбдірайым “Ерлігі үшін” медалімен наградталды.

Massaget.kz


Әуежайда кепілге алынған адамды кім құтқарды?

Бүгінгі күннің батырының есімі - Мұса Әбдірайым. Кейбір мәліметтер бойынша, ол 51 жаста.

1973 жылы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген.

9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке.

Ол қаскөй кепілге алған қыздың орнына ауысуды сұраған.

Massaget.kz


⚡️Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды

Massaget.kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Алматы әуежайындағы кепілге алу жағдайында қаскөйді ұстауға қоңыр жемпірдегі ер адамның батылдығы себеп болды.

Нағыз қаһарман!

Massaget.kz


Ер адам пышақпен әйел инспекторға шабуыл жасады – ол оның шашынан ұстап алды…

7 минуттан кейін полиция қызметкерлері агрессорды ұстады.

Massaget.kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
⚡️Алматы әуежайында ер адам қызметкерді кепілге алды

Желіде әуежайда түсірілген видео тарады. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан ұстап алғанын байқауға болады. Оқиға 7 наурыз күні сағат 11:45 шамасында ішкі терминалда болған.

Әуежай мәліметінше, ер адам өзін жолаушы ретінде көрсетіп, рейс алдындағы қауіпсіздік аймағына жақындаған. Қызметкерлер одан құжатын сұраған. Сол кезде ол қызметкер қызды ұстап алып, пышақпен қорқытқан.

7 минуттан кейін шабуылдаушыны полиция мен авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері ұстады. Қазір ол қамауда.

Massaget.kz


“Әйел ұлттың ұйытқысы“. Президент қазақстандық әйелдерді мерекемен құттықтады

"Бүгін мен баршаңызды көктем мерекесі – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мейрамды шын мәнінде сұлулықтың көрінісі деуге болады. Себебі әйел жаны қашанда әдемілікке жақын. Аруларымыз әлемге сүйіспеншілікпен қарап, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүреді. "Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді" деген сөз бекер айтылмаған. Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана – тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі.

Салт-дәстүріміз бен ана тіліміздің бүгінгі күнге жетуі де – ең алдымен, аналардың арқасы. Өмірдің мәні де, тіршіліктің сәні де – сіздер! Сондықтан бүгінгі мейрамда барша ер-азаматтар өздеріңізге ақ тілегін арнап, ықылас-ілтипатын білдіріп жатыр. Солардың ішінде мен де Мемлекет басшысы ретінде әйелдерге тілегімді, лебізімді айтып тұрмын", - деді Мемлекет басшысы. 


Massaget.kz


“Оңтүстік Кореяға жұмыс визасы“. 92 млн теңгеге азаматтарды алдаған алаяқ сотталды

Түркістан облысында алаяқ 2023-2024 жылдар аралығында 23 жәбірленушіні Оңтүстік Корея мемлекетіне жұмыс визасын жасап беремін деп алдап, 92 020 000 теңге жымқырған.  

Алаяқ 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.  

Massaget.kz


Шымкентте 5-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсаған

Мектеп басшылығының мәліметінше, оқиға баланың өз үйінде болған. Бала қаладағы N9 IT лицейінде білім алған.

Оқиғаны полиция растады. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Кәмелет жасына толмаған баланың өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына байланысты өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді", - деді Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі өкілі.


Massaget.kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Батыс Қазақстанда мұнай ұңғымасы өртенді

"Ембімұнайгаз" АҚ мәліметінше, төтенше жағдай 6 наурызда "Жылыоймұнайгаз" МГӨБ Батыс Прорва кен орнының 437-ұңғымасында болған.

"Перфорациядан кейін сорғы-компрессорлық құбырды түсіру кезінде газ пайда болды", - деп жазылған хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ.

Massaget.kz


Семейде көшеде жүрген жылқы әйелді таптап өткен

56 жастағы әйелдің миы шайқалып, бірнеше жерден сүйегі сынған, қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

Шылбырын сүйреген жылқы қала орталығында екі күн жүрген. Ақыры бағдаршамнан өтіп бара жатқан әйелді таптап өтіп, жеңіл көліктердің біріне соғылған. Тәртіп сақшылары мен қоғам белсенділері жануарды ұстау үшін ізіне түсті. Алайда жылқыны бірден құрықтау оңайға соқпаған.

Полиция қызметкерлері оны патрульдік көліктермен жан-жақтан қаумалап жүріп әрең ұстаған. Дүйім елді шулатқан жылқының қожайыны іздестіріліп жатыр.

Massaget.kz


Ақтаудағы ұшақ апаты: Бозымбаев ИКАО өкілімен кездесті

Вице-премьер Қанат Бозымбаев ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының директоры Николя Ралломен кездесті.

"Апаттан кейін 1,5 айға жетпес уақыт ішінде алдын ала қорытындыны аяқтауға қол жеткізген Қазақстан мен тергеу комиссиясының жұмысын атап өткім келеді. Мен сізді тергеу барысында Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияны толық орындауды жалғастыруға шақырамын", - деді Николя Ралло.


Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу бойынша қорытынды есеп Чикаго конвенциясына сәйкес биыл жыл соңына дейін жарияланбақ.

Massaget.kz


Ербол Хамитов пара шаңғыдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Норвегияның Тронхейм қаласында өткен тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Ербол Хамитов қола жүлдегер атанды. LW12 санатындағы спринт жарысында отандасымыз мәре сызығын 2:42.45 уақыт нәтижесімен үшінші болып кесті.

Айта кетейік, бұл бәсеке - 2026 жылы Милан мен Кортинада өтетін қысқы Паралимпия ойындарына ұпай беретін негізгі жарыс.

Massaget.kz


ҚҚС бойынша жаңа шек: депутаттар қарсы ұсыныс жолдады

Мәжіліс депутаттары Үкіметке ҚҚС-тың (НДС) жаңа шегін белгілеу жөнінде қарсы ұсыныс жолдады.

20 ақпанда Салық кодексі жобасына түзетулер Парламентке ұсынылды. Ол ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендетуді көздейді.

Депутат Азат Перуашев бұл өзгеріспен келіспеді, оның пікірінше, қазақстандықтар бұдан былай шағын бизнеспен айналысқысы келмей қалады.

Сонымен депутаттардың қарсы ұсынысы - Қазақстанда ҚҚС бойынша шекті төмендетуден бас тарту. Үкімет бұл құжатқа әлі пікір білдірген жоқ.

Massaget.kz


“Жетісу“ футбол клубының директоры сотталды

Талдықорған қалалық соты "Жетісу" футбол клубы" КМҚК директоры К.Дөңсебаевқа үкім шығарды.

Ол оқу-жаттығу жиындарын өткізу кезінде клуб футболшыларының тамақтануына бөлінген 31,9 млн теңге мөлшерінде бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.

7 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Massaget.kz


Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы қайда жұмсалмақ?

Бұл қаражат Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын аяқтауға бөлінді.

3 мыңнан аса халқы бар Тоқабай және Абай ауылдарын орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз ету мақсатында Арал–Тоқабай–Абай магистралі тармағының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Нысан 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

Massaget.kz


Түркістан облысы Сарыағаш ауданында қанды қылмыс жасалды

19 жастағы жігітті әлдекімдер елсіз жерге апарып, аяусыз, азаптап өлтіріп кеткен.

Қылмыс 20 ақпанда жасалған. Ал 22 ақпанда мәйітті ауыл шопаны тауып алған.

"Айдала, түн түгілі күндіз баруға қорқатын жерге менің баламды алып барған. 14 жерінен пышақтап, маңдайына бірдеңемен ұрған. Өйткені сүйегі кіріп кеткен", - деді марқұмның анасы Райхан Жамалова.


Қылмысты жасады деген күдікке ілінгендер қатарында әскери қызметкер де бар. Ол ұсталып, қамауға алынған. Қылмыстық іс қозғалды.

Massaget.kz


Әйелін ұрып-соққан дипломат 7 жылға сотталмақ

Бұл туралы зардап шегуші Карина Мамаштың адвокаты Бибінұр Мұратова мәлім етті.

Екі баланың анасы Карина Мамаш күйеуінің қорлығына 10 жылдан астам уақыт шыдап келген. Тергеу толық аяқталды.

Енді экс-дипломат Сәкен Мамаш "Азаптау" бабы бойынша жауапқа тартылады.

Massaget.kz


Қазақстанда зейнеткерлердің қарызын кешіру ұсынылды

Мәжіліс депутаты Қайрат Балабиев зейнеткерлердің қарызын кешіруді ұсынды.

"Банктерге барсаңыз, бар-жоғы 32 мың теңге зейнетақысы банк картасына түспей жатып, жоқ болып кеткен, зар илеген зейнеткерлерді көресіздер. Жағдайды зерттесек, зейнетақы әлеуметтік қорғалған есепшот санатына жатқызылмаған", - деді депутат.


Депутат "зейнетақы қорынан қомақты қаржы алып, ел игілігі үшін пайдаланып жатқандықтан, зейнетақыны кіріс көзі деп санау ұят емес пе?" деген сауал қойды.

Massaget.kz

20 last posts shown.