Мұсылман естеліктері


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


Ислам дінін сенімді дереккөздерден баяндауға бағытталған арна
Біздің YouTube: https://youtube.com/channel/UCwXN_-5d1FGFLNGGCHTi3lg
Арнаның бас редакторы: @altayberish

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


📖 «Аль-Адаб аль-муфрад» (Әдеп) кітабын оқу

Автор: Имам аль-Бухари (Аллаһ оны мейірімдігіне алсын)

📋 Сабақтың тақырыбы:
- Сүннеттің дінімздегі маңыздылығы;
- Әдеп туралы кіріспе;
- Имам аль-Бухаридің қысқаша өмірбаяны;
- «Әдеп» кітабы жөнінде қысқаша мәліметтер.

🎙️Алтай Беріш

@altayberish


Forward from: Магжан Тобыкты
Жұма_намазын_бір_мешітте_екі_рет_оқуға_бола_ма.pdf
339.2Kb
📖 Аса қажеттілікке байланысты жұма намазын бір мешітте екі рет оқуға бола ма?

✍️ Шейх Мухаммад ибн Ғалиб (Алла оны сақтасын)

Дайындаған: Мағжан Тобықты

🗓 18/10/1446 һ. – 16.04.2025 ж.

📂 PDF жүктеу

#PDF


Ораза – Аллаһ үшін және оның сыйын Аллаһ Өзі береді

Аллаһ елшісі ﷺ айтады:

«Адам баласының әрбір амалы өзі үшін, ал жақсылық он есе сауаптан жеті жүз есеге дейін көбейтіледі. Алла Тағала айтады: «Тек ораза – ол Мен үшін және оның сауабын Мен Өзім беремін. Өйткені пендем құмарлығы мен ас-суын тек Мен үшін тастады»» [1].

Имам Ибн Ражаб (Аллаһоны рақымына алсын) осы хадиске былай түсініктеме берген:

«Барлық амалдар он есе сауаптан жеті жүз есеге дейін көбейтіледі, алайда оразаның сауабы белгілі бір санмен шектелмейді. Аллаһ Тағала оның сауабын шексіз түрде еселеп арттырады, себебі ораза – сабырдың бір түрі. Ал Аллаһ Тағала:

﴿إِنَّمَا يُوَفَّى ٱلصَّٰبِرُونَ أَجۡرَهُم بِغَيۡرِ حِسَابٍ﴾

«Шын мәнінде, сабыр етушілердің сауаптары есепсіз беріледі» [2], - деген» [3].


[1] Бухари (1894), Муслим (1151) – Әбу Һурайрадан
[2] Зумәр сүресі 10-аят
[3] Ибн Ражәб "لطائف المعارف" кітабы 268-бет


@mulimsnotes


Рамазан айы келгенде...

Аллаһ елшісі ﷺ айтады:

«Рамазан айының алғашқы түні келгенде, шайтандар және жындардың азғындары кісенделеді, тозақтың қақпалары жабылып, бірде-бір есік ашылмайды; жәннаттың есіктері ашылып, бірде-бір есік жабылмайды.
Әр түн сайын: "Ей, жақсылық іздеуші, ұмтыл! Ей, жамандық қалаушы, тыйыл (тоқта)!" — деген дауыс жар салынады.
Сондай-ақ, Аллаһ Тағала әр түн сайын тозақтан адамдарды азат етеді».


Қайнаркөз: Тирмизи (682), Ибн Мәжә (1642) – Әбу
Һурайрадан

@mulimsnotes


Әссәләму аләйкум, құрметті мұсылман бауырлар!

Мұсылман естеліктері каналы атынан баршаңызды қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл – мейірім мен кешірімнің, сабыр мен сауаптың, береке мен жақсылықтың айы.

Алла тағала осы қасиетті айда ұстаған оразаларыңызды, оқыған намаздарыңызды, жасаған дұға-тілектеріңіз бен игі амалдарыңызды қабыл етсін. Жүректерімізді иман нұрымен нұрландырып, отбасымызға тыныштық, береке, елімізге бірлік пен амандық сыйласын!

Әмин!


Алғашқы буынның діні мен мінез-құлықтарының кемелдігі және оларға көркем түрде ілесу


Аллаһ тағала айтады:

﴿وَٱلسَّٰبِقُونَ ٱلۡأَوَّلُونَ مِنَ ٱلۡمُهَٰجِرِينَ وَٱلۡأَنصَارِ وَٱلَّذِينَ ٱتَّبَعُوهُم بِإِحۡسَٰنٖ رَّضِيَ ٱللَّهُ عَنۡهُمۡ وَرَضُواْ عَنۡهُ﴾

«Мүһәжирлер мен аңсарлардан тұратын алдыңғы қатарлылар және соларды өнеге тұтып, көркем түрде соңдарынан ергендерге Аллаһ разы болды. Олар да Аллаһтан разы болды» [1].

Аллаһ елшісі ﷺ айтады:

«Адамзаттың ең қайырлысы – менің заманымда өмір сүргендер (сахабалар). Содан кейінгі ең абзал жандар - олардан кейін келгендер (табиғиндер). Содан кейін олардан кейін келгендер» [2].

Абдулла ибн Мәсғуд (Аллаһ одан разы болсын) айтады:

«Кімде-кім біреуге еліктеп, өнеге еткісі келсе, онда Мұхаммедтің ﷺ сахабаларына еліктесін.
Өйткені олар – осы үмбеттегі жүректері ең таза, білімдері ең терең, жасандылықтан [әрі дінде келмеген амал істеуден] ең алыс, тура жолда ең берік және хәлдері ең көркем жандары еді.
Олар — Аллаһ тағала Өзінің пайғамбарына ﷺ серік болу үшін таңдаған адамдар.
Олай болса, олардың биік дәрежелерін біліп, ізінен ілесіңдер, өйткені олар тура жолда болды» [3].


Имам Шафиғи (Аллаһ оны рақымына бөлесін)айтады:

«Сахабалар — ғылымда, қажырлы еңбекте, тақуалықта, ақылда, білімге немесе тура жолға жетелейтін себептердің барлығын білуде бізге қарағанда әлдеқайда биік.
Олардың пікірлері біздің пікірлеріміздің алдында едәуір жақсы әрі біз үшін пайдалырақ» [4].


Имам Ибн Усәймин (Аллаһ оны мейірімінеалсын) жоғарыдағы аятты тәпсірлеп былай дейді:

«Сахабаларға көркем түрде ергендер – олардың жолынан ауытқымай, оған ештеңе қосып та, кемітпей де ілескен жандар.
Егер кімде-кім олар секілді амал жасамай, кемшіліктер жіберсе, ол көркем түрде ілескен болмайды.
Ал кім олардың жасағанына өз тарапынан бірдеңе қосып, өзгерістер енгізсе, ол да дұрыс ілескен болмайды.
Осыған байланысты Пайғамбарымыз ﷺ [тозақтан құтылған топты] былай сипаттады: "Олар – мен және менің сахабаларымның ұстанған [дінге] сай болғандар."
Яғни олардың ұстанға дініне ұқсас күйде болу – міне, осы нағыз көркем әрі дұрыс ілесушілік, ал оған сәйкес келмейтіннің барлығы – кем ілесушілік болып табылады» [5].


[1] Тәубе сүресі 100-аят
[2] Бухари (2652), Муслим (2533)
[3] Ибн Абдил-Бәр "جامع العلم وفضله" кітабы (2-т, 947-бет)
[4] қара: Бәйһәқи "المدخلإلى السنن الكبرى" кітабы 110-бет
[5] ИбнУсәймин "شرح تقريب التدمرية" кітабы 30-бет

@mulimsnotes


«Умдатуль-ахкам» | Ораза бөлімі

Автор: Әбдулғани Мақдиси (600 һ. ж.)

🎙Алтай Беріш

1 дәріс

Талқыланған мәселелер:
- Автор өмірбаяны
- Құқықтану хадистерін жинаған кітаптар туралы
- «Умдатуль-ахкам» кітабы туралы

2 дәріс

Талқыланған мәселелер:
- Оразаның анықтамасы
- Ораза айын қалай анықтайды
- Сухур (ауыз бекіту) туралы

3 дәріс

Талқыланған мәселелер:
- сапардағы ораза үкімдері;
- ауызашардың (ифтардың) абзал уақыты;
- уисал (үзбей ораза ұстау) туралы

4 дәріс

Талқыланған мәселелер:
- Нәпіл оразалар туралы;
- Макруһ және харам оразалар туралы

5 дәріс

Талқыланған мәселелер:
- Қадыр түніне байланысты мәселелер;
- Иғтикафқа байланысты мәселелер

@muslimsnotes


Forward from: Мұсылман естеліктері
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Видеоға түсірудің үкімі | Имам Мухаммад Салих Усәймин (Аллаһ оны рахым етсін)

Сұрақ: Құрметті шейх, видеокамерамен бейне түсірудің үкімі қандай?

Жауап: Егер видеоға түсіру белгілі бір пайда үшін болса, еш зияны жоқ. Сабақтарды немесе адамдарға пайдалы болған мағлұматтарды бейнеге алу секілді. Бірақ бұл нәрсе ермек үшін болса, онда ең кемі ақшаны, түсіруге және оны теледидарға шығаруға кеткен уақытты ысырап қылу болып табылады. Бізге маңызды болғаны: егер видеоға түсу қажеттілік немесе белгілі пайда үшін болса, еш зияны жоқ, болмаса — оны тастағаны абзал.

Қайнар көз: سلسلة لقاءات الباب المفتوح 70

@muslimsnotes


Forward from: Мұсылман естеліктері
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Сауд арабия патшалығының экс-муфтиі Әбдуләзиз ибн Баз (Аллаһ оны рахым етсін) — мұсылмандар пайда алу үшін видео түсіруге болады.

Шейх Ибн Баз:

«Бұрын менде теледидар және соның ішіндегі әртүрлі сұхбаттардың, кездесулердің видеолары жөнінде күдік бар еді. Сондықтан мен лекция бергенде мені видеоға түсіруден қысылып, разы болмайтын едім. Бірақ кәзір оның көпшілік мұсылмандарға пайдасы бар деп есептеймін. Барша мұсылмандар теледидардан көрсететін осындай сұхбаттардан, кездесулерден пайда алды, және видеоға түсірілсе, оны көбірек адам көреді. Егерде жеке пайда үшін суретке түсу болатын болса, [мынаның пайдасы жалпы адамдарға]. Осы, менің пікірімше, теледидарда көрсетілетін мұсылмандарға пайда алып келетін сұхбаттарды видеоға түсіруді тыйм салуда қаттылық танытуға болмайтыны дұрысырақ. Менің пікірімше осы дұрысырақ. Және де көпшілік мұсылмандардың пайдасымен байланысты нәрселер жеке тұлғаның пайдасына қайтатын нәрселерден жоғарырақ. Осы менің ойымша дұрыс».

Аударған: Алтай Беріш

https://t.me/muslimsnotes➖


Адамзаттың бағыт-бағдары – пайғамбарлардың жолы

Аллаһ тағала айтады:

﴿ٱتَّبِعُواْ مَآ أُنزِلَ إِلَيۡكُم مِّن رَّبِّكُمۡ وَلَا تَتَّبِعُواْ مِن دُونِهِۦٓ أَوۡلِيَآءَۗ قَلِيلٗا مَّا تَذَكَّرُونَ﴾

«[Уа,адамзат!] Сендерге Раббыларыңнан түскен [Мұхаммед пайғамбар әкелген уахи: Құран мен сүннетке] ғана еріңдер. Аллаһтан өзгелерді өздеріңе қамқоршы дос тұтып, соңынан еруші болмаңдар. Сендер [ақиқат, иман жайлы] аз ойланасыңдар, ғибрат алғандарың да шамалы!» [1].

Басқа аятта былай дейді:

﴿أَفَلَا يَتَدَبَّرُونَ ٱلۡقُرۡءَانَۚ وَلَوۡ كَانَ مِنۡ عِندِ غَيۡرِ ٱللَّهِ لَوَجَدُواْ فِيهِ ٱخۡتِلَٰفٗا كَثِيرٗا﴾

«Олар Құранға терең ой жүгіртіп, оны лайықты түрде түсінуге тырыспай ма?! Егер ол Аллаһтан басқа біреуден келгенде, онда олар міндетті түрде оның ішінен талай қайшылықтар табар еді» [2].

Имам Ибн Қайим (751 һ.ж.; Аллаһ оны рақымына бөлесін) айтады:

«Дүниеде де, ақыретте де бақыт пен жетістікке жетудің жолы – тек елшілер мен пайғамбарлардың қолымен (оларға еру арқылы) ғана жүзеге асады.
Жақсы не жаманды толық әрі нақты түрде білу – тек оларға түсірілген уахидың көмегімен ғана мүмкін.
Алла Тағаланың разылығына тек олардың жолымен ғана жетуге болады.
Істердің, сөздердің және мінез-құлықтың ең жақсысы – тек олар үйреткен, көрсеткен жол және олар әкелген (оларға уахи етілген) шариғат қана.
Елшілер – барлық айтылған сөздер, істер мен мінез-құлықтар өлешеніп, бағаланатын таразы.
Ақиқат жолындағылар пайғамбарларға шынайы еру арқылы өзгелерден ерекшеленеді» [3].


[1] Әғраф сүресі 3-аят
[2] Нисә сүресі 82-аят
[3] Ибн Қайим "زاد المعاد" кітабы (1-т, 65-бет)


@mulimsnotes




Пайғамбарымыз Мұхамедтің ﷺ көркем мінезінен үлгі алып, оған ұқсау

Аллаһ тағала айтады:

﴿لَّقَدۡ كَانَ لَكُمۡ فِي رَسُولِ ٱللَّهِ أُسۡوَةٌ حَسَنَةٌ لِّمَن كَانَ يَرۡجُواْ ٱللَّهَ وَٱلۡيَوۡمَ ٱلۡأٓخِرَ وَذَكَرَ ٱللَّهَ كَثِيرًا ﴾

«Расында, Аллаһ елшісінде сендер үшін
әрі Аллаһқа және ақирет күніне бар үміт артқан, сондай-ақ Аллаһты көп еске алған жандар үшін теңдесіз көркем үлгі-өнеге бар» [1].


Имам Суфиян Сәури (161 һ.қ.; Аллаһ онымейіріміне алсын) айтады:

«Расында, Аллаһ елшісі – ол ең ұлы
таразы. Барлық іс-әрекеттер мен амалдар сол таразыға сай салыстырылып бағаланады: оның мінез-құлығына, өмір салтына, жолына (сүннетіне). Қайбір нәрсе оған сай келсе, ол – ақиқат, ал қайшы келсе, ол – жалған» [2].

Ибн Хазм (456 һ.қ.; Аллаһ оны рақымына бөлесін) айтады:

«Кімде-кім ақырет игілігін, дүние даналығын, әділ де түзу өмір салтын және көркем мінез-құлықтың барлық жақсы қасиеттерін алғысы келсе, сондай-ақ күллі ізгіліктерге лайық болғысы келсе – Аллаһтың елшісі Мұхаммед пайғамбарға ﷺ ерсін, оның мінез-құлқы мен өмір салтын амал жүзінде қолдансын.
Аллаһ баршамызға мейірімін төгіп, оған ұқсауымызға жәрдем етсін. Әмин» [3].


[1] Әхзәб сүресі 21-аят
[2] Хатиб Бағдәди
"الجامع لأخلاق الراوي وآداب السامع"
кітабы (1-т, 79-бет)
[3] ИбнХазм
"الأخلاق والسير في مداواة النفوس"
кітабы 24-бет


@mulimsnotes


Құран көрсеткен жолмен жүрудің жемісі

Аллаһ тағала айтады:

﴿إِنَّ هَٰذَا ٱلۡقُرۡءَانَ يَهۡدِي لِلَّتِي هِيَ أَقۡوَمُ﴾

«Шүбәсіз, бұл Құран ең дұрыс, ең сенімді жолға бастайды» [1].

Имам Абду-Рахман Сағди (Аллаһ оны мейіріміне алсын) осы аятты тәпсірлеп былай дейді:

«Яғни, Құран кітабы ең дұрыс сенімге, ең ізгі амалдарға және ең көркем мінездерге жетелейді.
Сондықтан да, кімде-кім Құранның бұйрықтарын орындап, оның көрсеткен жолымен жүрсе, ол өміріндегі барлық істерінде адамзат ішіндегі ең кемел, ең дұрыс және ең тура бағытты таңдаған адам болады» [2].


[1] Исра сүресі 9-аят
[2] Сағди тәпсірі 545-бет


@mulimsnotes


Нағыз көркем мінез – Ислам дінін толықтай ұстану


Аллаһ елшісі ﷺ айтады:
«Расында, мен көркем мінез-құлықтарды кемеліне жеткізу үшін жіберілдім» [1].

Пайғамбарымыздың ﷺ жіберілуімен кемеліне жеткен көркем мінез дегендегі негізгі мақсат – толықтай Ислам діні.

Осы себепті, Айша анамыз (Аллаһ одан разы болсын) пайғамбардың ﷺ мінезі жайында сұралғанда:

«Оның мінезі – Құран
еді. Аллаһ тағаланың мына сөзін оқымап па едің?!:

﴿وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٖ﴾

«Шүбәсіз, сен теңдесі жоқ ұлы көркем мінез-құлыққа иесің»» [2] – деп жауап берген[3].

Имам Ибн Кәсир (Аллаһ оны рақымына алсын) Айша анамыздың
(Аллаһ одан разы болсын) бұл сөзін былай түсіндіреді:

«Яғни, пайғамбарымыз ﷺ тек Құран бұйырған амалды орындап, тек Құран тыйым салған амалдарды тастауға өз-өзін міндеттеген. Нәтижесінде,
Раббысының әміріне бойсыну оның тұрақты мінез-құлығы мен ажырамас қасиетіне айналды»[4].

Сондықтан да, пайғамбарымызға ﷺ Аллаһ тағала тарапынан түскен Ислам діні, оның сенімдері, үкімдері, амалдары, мінездерінің барлығы – көркем мінез-құлық болып табылады.


[1] Бәйһәқи "السنن الكبرى" кітабы (20782)
[2] Қалам сүресі 4-аят
[3] Ахмад (24601), Әбу Дәуд (1342)
[4] Ибн Кәсир "الفصول في سيرة الرسول" кітабы 264-бет


@mulimsnotes


Forward from: Алтай Беріш
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Кішіпейілдік — мұсылманның мінезі | Рамазан айына дайындалу

@altayberish


Forward from: Алтай Беріш
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Шындық — мұсылманның мінезі | Рамазан айына дайындық

@altayberish


Forward from: Алтай Беріш
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ұят — мұсылманның мінезі | Рамазан айына дайындалу

@altayberish


Forward from: Алтай Беріш
Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Аз сөйлеу — мұсылманның мінезі | Рамазан айына дайындалу

@altayberish


Сахабаларға тіл тигізу тыйым салынады

Аллаһ елшісі ﷺ айтады:
"Егер сахабаларым айтылса, [олардың арасында болған даулы мәселелерді талқылаудан] тілдеріңді тыйыңдар"[1].

Омар ибн Абдуләзиз (101 ж.һ.қ.; Аллаһ оны рақымына алсын) сахабалар арасындағы қақтығыс жайында сұралған кезде былай деген:

"Ол кісілердің қанынан Аллаһ тағала қолымды таза алып қалды, ендеше тілімді де [бұндай мәлеселерде сөйлеуден] таза ұстасам болмай ма?! Расында, пайғамбарымыздың сахабалары көз сияқты; ал көзге ең жақсы ем — оған қол ұшын тигізбеу"[2].


[1] Табәрани "المعجم الكبير" кітабы (1428), Бәйһәқи "القضاء والقدر" кітабы (1/294)
[2] Қуртубидің "الجامع لأحكام القرآن" кітабы (16/122)


@mulimsnotes


Рақат керек болса…

«Рақаттанғысы келген адам жүрегінен басқа мақлұқтарды шығарсын».

Ибраһим ибн Адһам

Қара: سير السلف الصالحين لقوام السنة, б. 477

Дайындаған: Алтай Беріш

@mulimsnotes

20 last posts shown.