Жолаушылар тасымалдайтын 14 компания жыл сайын шамамен 22 миллиард теңге алады. Ал, ҚТЖ шамамен 30 миллиард теңге субсидия алады.Министр 545-ші бұйрық бойынша интернет-агрегаторларда билеттерді сатып алу кезінде пойыздардың фотосуреттерін көрсету міндетті талабы туралы тоқталды. Елімізде бұл талапқа сәйкес тасымалдаушылар билеттерді сатар кезде вагонның суреті қоса орналастырылуы тиісті. Ал жекеменшік тасымалдаушылар өз сайттарында көрсеткенімен, бірақ билет сату бағдарламасында көрінбейді. Бұл талап интернет-ресурстардың барлығына қатысты, соның ішінде Kaspi, авиата және басқада интернет-агрегаторлар да жатады.
@newsroomkz