OYORDA Live


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Travel


OYORDA оқырмандарының телеграм чаты:
https://t.me/+bAx0-ZbpQtY1MmZi

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Travel
Statistics
Posts filter


Күншуақты көктемнің ең ерекше күні — халықаралық әйелдер күнімен барша оқырман қыздарды, кітапқұмар арулар мен аналарды құттықтаймыз! 💐🥳

Жүректеріңіз «Махаббаттың қырық қағидасына» бекіп, өмірлеріңіз «Өмірден мән іздеген жандардың» қамқорлығы мен сыйластығына толсын. Көктемнің әрбір шуақты күні «Жарқыраған мың күндей» сіздерді жақсы жаңалығымен қуантсын! ✨

Сіздерге Меңтайдың ақ көңілін, Ақбілектің қайсарлығын, Ұлпанның көрегендігін, Айгерімнің ажарын, Ботагөздің батылдығын, Бағиланың сұлулығын, Салтанаттың нәзіктігін тілейміз! 💫

Әлем сіздермен әдемі. Көктемдей құлпыра беріңіздер, нәзік жанды арулар! 🌸


Көктемнің алғашқы аптасы😍
және назарларыңызда шаралар кестесі:

08.03 - сенбі - 12:00
🇺🇸 English Speaking Club
📲 +77479664236 Айым ханым

08.03 - сенбі - 15:00
✍🏻 Qalamger (1-топ)

09.03 - жексенбі - 12:00
🇹🇷 Türkçe dil kulübü
📲 +7 771 162 30 97 (Гүлнұр ханым)

09.03 - жексенбі - 15:00
✍🏻 Qalamger (2-топ)

✅ ЕСКЕРТУ:

1. Ағылшын және түрік клубтарына көрсетілген нөмір бойынша бір реттік жарнамен қатысуға болады;
2. Осы шаралардың тақырыбы мен өтетін мекенжайын карусельден көре аласыздар.

🥰 Құрметті қыздардың мерекесімен басталатын демалыстарға дайындала берейік! Не дегенмен оқырмандар өзгеше демалады ғой😎


Ойлы оқырман назарына!
Наурыздың алғашқы аптасындағы іс-шаралар кестесі ⤵️

🇺🇸 English speaking club - 1 наурыз (сенбі) 12:00
✅ Тақырыбы: "Speed Networking"
📍М.Әуезов 4, Oyorda Kitap&Kofe
Байланысу үшін: Айым ханым +77479664236

✍🏻 Qalamger - 01 наурыз (сенбі) 15:00
✅Тақырыбы: 1 сабақ (1-ші топ)
📍Ә.Бектұров 1/2 , Oqyrman astana
Байланысу үшін: Күмісбек мырза
+7 702 877 8384

🇰🇿 Қазақша талқы - 2 наурыз (жексенбі) 12:00
✅ Тақырыбы: "Толық адам" тағылымы
📍М. Әуезов 4, Oyorda Kitap&Kofe
Байланысу үшін: Арнұр мырза +7 707 605 2524

✍🏻 Qalamger - 2 наурыз (жексенбі) 15:00
✅ Тақырыбы: 1 сабақ (2-ші топ)
📍Ә.Бектұров 1/2 , Oqyrman astana
Байланысу үшін: Күмісбек мырза
+7 702 877 8384

🫂 Алдағы апта өнімді өтсін десеңіз, әлден жоспар құрып, жоба жетекшілеріне хабарласып қойыңыз. Жалпы астаналықтарға Қазақша талқы мен спикинг клабқа ақылы түрде қатысу мүмкіндігі бар.

😍 Біз бірге дамуға дайынбыз!
Ал сіз ше? Таңдауыңыз не?


Астаналықтар назарына!
Алдағы жексенбі OYORDA Quiz интеллектуалды ойыны өтеді!

🔔 Жексенбі | 23 ақпан | 13:00
Мекенжай: Төле би көшесі, 42 (Binom)

Интеллектуалды куиз ойнау үшін қызыл диплом, алтын белгі керек емес! Ол үшін көңілді команда мен логикасы тәуір таныстарың болса болғаны 😁

Осы жолғы формат: КЛАССИКА ✔️

Не істеу керек?

1. Команда құру не жекелей тіркелу (1 командада 4-7 адам болады). Сізге команда тауып береміз! 🤩
2. ⁠Ол үшін төмендегі Google Forms сауалнамасын толтыру.
3. ⁠Жарнаны куиз кезінде төлейсіз - 2500 тг (студенттерге 2000 тг).

Сұрақтар бойынша +7 (777) 388-89-97 WhatsApp нөмірі арқылы Перизат ханымға хабарласыңыз 📞

🫂 Бізден сізге ұсыныс:

✨ ми шайқар сұрақтар
✨ жаңа таныстық
✨ инста-байқау
✨ сыйлықтар
✨ ойордалық вайб

ТІРКЕЛУ және анықтама: https://forms.gle/PNfpxJdJYrnozre98

❗️Куизге астаналықтардың бәрі қатыса алады.

❗️Барлық қатысушылар сауалнаманы толтырады. Бір топта болса да.


🎞️ OYORDA қауымдастығының бір жылдығына орай қысқаметражды деректі фильм жарық көрді.

Рухтас оқырмандар мен қауымдастық көшбасшыларының жүріп өткен жолы, тарихқа үңілуі мен болашаққа бағдар алуы. 2024 жылдың 20 қаңтар жұлдызында бастау алған қозғалыс — қазіргі таңда 500-тен астам 📖 оқырмандарға өз құндылығын ұсынды және ұсынып жүр.

🔗 Сілтемесі: https://youtu.be/VRdKsfKSbFg

💡 Идея авторы, продюсер - Айна Ғизатқызы
🎥 Режиссер-монтажер - Еркежан Сұлтанәлі
📸 Оператор-монтажер - Күмісбек Өскенбайұлы


“Көкжиек” маусымының ашылу салтанатын сізде асыға күттіңіз бе? 😍

Бұл жолы OYORDA Oqyrman-дар Хәрри Поттер әлеміне бет түземек!

OYORDA оқырмандар клубының жаңа маусымы – КӨКЖИЕК өз есігін айқара ашады!
Хогвартстағыдай біздің де маусымымыз төрт бағытта, яғни төрт факультетке бөлінген.
Кітап пен білімге құштар жандардың жиналатын бұл кешінде нағыз сиқырдың куәсі болуға шақырамыз! 🌏⚡️

🪡 Дресс-код: сүйікті Гарри Поттер кейіпкеріңнің образы
📍 Өтетін орны: Wyndham Garden қонақ үйі, Хусейн мен Талал көшесі 25
Күні мен уақыты: 16.02.2025, сағат 14:00

🚫 Ашылу салтанатына тек “Көкжиек” маусымына тіркелген ойордалық оқырмандар ғана қатыса алады.

Қолыңдағы кітабыңды уақытша сиқырлы таяқшаға алмастырып, Hogwarts Express-ке отыруға дайындал!


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Қайырлы кеш, Рухтастар!
Ертең KitapKofe OYORDA жылы мекеніміздің есігі көпшілікке ашылмақ! Сізді де күтеміз!🫂📚☕️
https://www.instagram.com/reel/DFNmorksFuy/?igsh=cXhuend2NHJ5bnR5


Тіркелу ашық 👇🏽💫

https://forms.gle/xa3bX87k35HWMZkn7


OYORDA oqyrman 2025 презентациясы.pdf
12.5Mb
Әрбір адам өмір жолында өзіндік биіктерге ұмтылады. Кейде бізге жаңа бағыт, тың серпін, шексіз мүмкіндіктер көкжиегі қажет болады. Дәл осы мақсатта біздің жаңа оқырмандар маусымы өмірдің әр түрлі қырын зерттеп, жаңашыл ойлау қабілетін дамытатын, шабыт сыйлайтын ерекше оқырмандық кезең қалыптастыруға ниетті.

Сізді таным көкжиегін кеңейтуге, дарын-қабілеттеріңізді шектемей, өз әлеуетіңізді толық ашуға шақырамыз!

📌 OYORDA oqyrman 2025 - «Көкжиек» маусымының презентациясымен толық танысыңыз.

⏰ Тіркелу бүгін 18:00-де ашылады.
📆 Тіркелу аяқталатын күн: 31 қаңтар, 23:59.


https://www.instagram.com/reel/DFA7Ee8IGPK/?igsh=YXZ1emZkaTNjdDRr

Сіздің 2025 жылғы жоспарыңызда OYORDA бар шығар ия?

Ендеше келесі маусымға тіркелу ертең 20.01 ашылады🤭

Осы жолы жіберіп алма және қосылғысы келіп жүрген досыңды ескертуді ұмытпағайсың😉


Video is unavailable for watching
Show in Telegram

711 0 3 13 26

https://www.instagram.com/reel/DEMhB85orQ_/?igsh=MXQwbDNlcGdoN3VxZA==

📚🔥 Кітап адамды өзгертсе, біз әлемді өзгертеміз!

Желтоқсан айының кітабының басты кейіпкері Монтэг үшін кітап – шындықты тануға ашылған терезе іспетті. Ал сіз үшін кітап деген не?


https://www.instagram.com/p/DDv57UvNnEy/?igsh=b3dvZ3RweGNyaHQ0

📜Осы аптаның іс-шаралар тізімі

Сіздерді асыға күтеміз😇


АҢДАТПА

🇹🇷 Turkish club

Тақырыбы: “Erteleme alışkanlığı”.

📍Ә.Бектуров 1/2 , Oqyrman astana
📆07.12.24 (сенбі) 12:00
📞Байланысу үшін: Салтанат ханым
+7 747 243 6564


🇷🇺Орысша талқы

Тақырыбы: FQ, базовые понятия

📍Төле би көшесі 42, Binom school имени Ы.Алтынсарина(кинозал)
📆08.12.24 (жексенбі) - 12:00
📞Байланысу үшін: Арман мырза
+7 747 184 26 16

⛔️ЕСКЕРТУ: Ойордалық емес, сырттан келетін жандарға жарна құны 1000 тг.

Бәріңізді жарқын жүзбен, жайдары көңіл-күймен күтеміз! 🫂


Forward from: Akerke Tory
https://www.instagram.com/reel/DDHysPcIfPq/?igsh=N21ocWxzeXkzdThy

30 қараша күні №3 оқырмандар тобы Элиф Шафактың әйгілі романы – "Махаббаттың 40 қағидасын" талқылады😍

Ал кезекті топ кімдер екен?🤔

Қолдауларыңызды күтеміз❤️


Forward from: floret 💗
Құлдырадым сездім оны мен де кейде
Қылдым қате, өкіндім кей жерлерде
Адамгершіліктің соты бірақ жіберген бе
Жеңе алмадым мен де бір қуыс кеуде.

Өзге еді әлемім өзгелерден,
Бейнесі тұлға болып еленбеген,
Кеудеме рухани азық жетіспеді
Басу үшін Ойордаға тіркелдім мен.

Жасқандым, жасақталдым, жеңе білдім.
Бәрі мендей бейбақ жан екен сездім
Жақты бәрін, шырағымды, көздегі отты
Ортаның күшіне енді мен кәміл сендім.

Кітап оқу басты мақсат, бізге парыз
Қызық бізге оны талдау, тілге тиек
Асылында, еріккен бір бос кеуде ек
Сол үшін де Ойордаға борыштармыз.

Даму үшін адамға орта керек екен
Сол үшін де Ойорданы керек етем
Қызығы мен шыжығы толы мекен
Ойорданың жастары бөлек екен.


Forward from: Жандос
Қыс та келіп қылышын арқалаған
Ұлпа қарға оранды Арқа-далам
Бурабайды бағытқа ап сапарладық
Ойордалық оқырман алқалаған

Ауаң таза, шипадай, нәрлі білем
Сұлулыққа сусындар жан дүниең
Тарыққан көңіл шіркін шабыт алар
Тұмса табиғатыңның кеңдігінен

Келмейсің мұнда желік, құр аңсардан
Бұл аймақ сал-серілер жыр, ән салған
Жасыған жігерлерді биіктетер
Шыңдары тауларыңның тұман шалған

Қарағай, қайың, емен, шыршалары
Үйлесімін тауып-ақ тұрса бәрі
Тоңдыратын аязы - жылытады
Құйындаған боран да - нұр самалы

Әдетте суықтан тән дірілдейді
Сонда да аяз оған үңілмейді
Тұрғанда жылы пейілі сапарластың Даланың суықтығы білінбейді

Дүниеде әр нығметтің сұрауы бар
Сезінер сұлулықты қырағылар
Тірліктің күйбеңінен шаршай қалсаң
Келіп көр де, шеріңді шығарып ал

Тыныштамай кеудеңде жұмыр етің
Ойлар қашып, жан-жаққа жүгіретін
Ал бүгін тәубесіне келді жүрек
Көргенде Жаратқанның құдіретін

Құшақ жайдың, Бурабай, саялаттың
Шын демалып, ерекше сая таптым
Жалғасын тауып дәйім болашақта
Тізбегі үзілмесін саяхаттың


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


📃 Осы аптаның іс-шаралар тізімі!
Демалысты Ойордамен жоспарла😇

Сіздерді асыға күтеміз☺️

20 last posts shown.