Сәуегей


Channel's geo and language: Kazakhstan, Russian
Category: Blogs


jalğızdıq – adamnıñ senimdi serigi

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Russian
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


Мен сендерге бір қызық, әрі пайдалы ақпарат айтайын. Мұным ақпарат деуге келе ме екен, білмеймін, бірақ сонда да жазып көрейін.

Біз қазақша сөйлегенде "мен осыны істеу керекпін" дейміз. Соны неге солай айтатынымызды білмейміз, сұраған адамға "ой, солай айту керекпін" дейміз.

"мен қаңтар ҰБТ'ға дайындалу керекпін" деген мысалды алайықшы: керек сөзі "сен маған керексің мен мен саған керекпін" тіркесінде ғана жіктеледі. Ал қалған жағдайда керек сөзінің алдында тұрған сөз жіктеледі.

Жаңағы мысалдарымның дұрысы:

1. Мен солай істеуім керек
2. Ой, солай айтуым керек
3. Мен Қаңтар ҰБТ'ға дайындалуым керек

Енді бәрі әдемі боп орындарына тұра қалды 🫶


Forward from: telegey
осында бірнеше рет салған тәуелсіз заманауи өнер кешіне көлеңкесінен қорқатындар қысым көрсетіп жатыр. ішім ашып отыр. ең болмаса өнерде еркіндік болмаса, кім болғанымыз біздің? кешке барып көрген адамдар біледі қандай деңгейде ұйымдастырылатынын, қандай тақырыптар көтерілетінін. соның бәрі тек энтузиазм мен ниеттің арқасында. тәуелсіз өнерді қолдайық.
#МенТәуелсізбін!






Бас-аяғы жоқ біртүрлі диалог:


Хюго сияқты болғым келеді.

Қызық. Жұрт сияқты оқып біткесін қорытынды, түйін жазбайды екем. Оған міндетті де емес шығармын, бірақ оны Chat GPT'ге жаза бергенше, шынайы адамдарға айтып талқылаған жақсы сияқты.


Forward from: Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
❌ Жаңа жылыңызбен!
⁉️ орысша “с новым годом” дегеннің калькасы. Мұның “жаңа жылмен” деген тіпті сорақы варианты бар.
✅ Жаңа жыл(ыңыз, дарыңыз) құтты болсын!


ал үш жыл бірге болған интернет достарым: лидам, аман, мәди, жайна, шырын (винекс, диана).

сендердің де жаңа жылдарың құтты болсын!

p.s. сурет 2022 жылы жасалған


биыл менің жанымнан әрдайым табылып жүрген кісілердің тізімі: ұмай шешей, күміс, жезтырнақ, алуа, бәліш, айбике, гүлбике, ыдырыс, асыл, төлеп көке, саша, ақерке, әлімұрат, айдын, көркем, айман, ася, жасар, надя және лео.

әрқайсыңызға жеке-жеке құтты болсын айттым!


erekce quttı bolsın aytqan jan 🫶


жаңа жыл құтты болсын! келер жыл әрбірімізге бір-бір мәңгі қуаныш, таусылмас байлық әкелсін! жаңа жыл халқымызға түйсік әкелсін! жаңа жыл адамдар армандарына жете алатындай күш-қуат, табиғат пен адамдарды аялай алатындай мейірім, білімді білем дейтін ізденіс пен құлшынысты қатар алып келсін!




каналың болған қызық. әсіресе аудиторияңның жартысынан көбі өз танысың. не жазсам да оқи беретін сияқты, бірақ бір жолды таңдауым керек. каналдың аты айтып тұрғандай "өз пәлсапам" туралы жазайын десем, әттең, бейтарап ойлайтындардың қатарынан емеспін; өз ойымды ғана дұрыс деп санайтын адаммын.

енді жай ғана күнұзаққа ойланатын нәрселерімнің бір шетін осында жазып отырайын деп шештім. ал менің ойларымның потогын, массасын көрем десеңіз бекітулі хаттағы сілтемеге өтіңіз.


Forward from: Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
БІЗ ҚАЙ ТІЛДЕ СӨЙЛЕП ЖҮРМІЗ❓️
Әйелім телеарнада істейді.
Сіздер оның сөзін түсінесіздер ме, білмеймін, өзім о баста «Осы не айтты?» деп, аң-таң болып жүрдім. Кеше екеуміз жап-жақсы шәй ішіп отырғанбыз. Несиенің зары ойыма түсіп кетіп:
- Осы біздің кредит қашан бітетін еді? – дедім. Сөйтсем:
- Үстіміздегі жылдың аяғында – дейді. «Дұрыс түсінбей қалдым ба?» деп қайта сұрадым.
- Үс-ті-міз-де-гі!
- Сонда ол қай жыл?
- Биыл! Биыл бітеді. Не болған саған?
Күйіп кеттім.
- Оны үстімізге шығармай-ақ, биыл деп айтсаң болмай ма? Сонда өткен жылды не дейсіңдер? Ол да үстімізде ме, әлде астымызда қалды ма?
Жоқ, рас, телевизорды қосып қалсаңыз немесе газет-жорналды ашып қалсаңыз: «Үстіміздегі жылы түсім мол болды, үстіміздегі жылы өйтті-бүйтті» дейді. Сосын, «Болып табылады», «Келуде, баруда», «Дей тұрғанмен», «ой-пікірмен бөлісті», «жұмыс жасайды», «қол жетімді» «жіберіп алмаңыздар», тағы басқа толып жатқан сөздері бар. Сонда бір жерге қонаққа барсаң, «Мынау біздің үйдегі келініңіз болып табылады» дейсіз бе? Әлде, досыңа «Моншаға барасың ба?» десең, ол саған «Бағасы қол жетімді ме?» дей ме? Кино немесе концерт корсетерде «Осыны жіберіп алмаңыз!» дейтіндері бар. «Жіберіп қоймаңыз» деген сияқты естіледі құрғыр... Сонымен... а, кешіріңіздер, әйелім қоңыраулатып жатыр. Қазір...
- Сізді мұқият тыңдап тұрмын...
- Әкесі, сіз кешігу үстіндесіз...
- Ой, мені қойшы, өзің жылжымайтын мүліктесің бе?
- Иә, көтерме және бөлшек сауда орталығына барып, қазір ғана жылжымайтын мүлікке кірдім. Ал, өзің қайда болып табыласың?
- Мен мына құрып кеткір жылжитын мүлік жылжымай қалып, соны шұқылап жатырмын.
- Қонақтар дер кезінде тиісті орыннан табылып, сен өкінішке орай кешігіп жүрме.
- Олар нешеде келеді деп жоспарланып отыр?
- Кешкі алтыға келеді деп күтілуде!
- Не істеуде?
- Күтілуде!
- Ой, қой, мынауың артықтау емес пе?
- Қай жері артықтау? Телевизордан күнде «күтілуде», «жоспарлануда» деп айтып жүрміз ғой.
- Е, бопты, күтіле берсін. Онда мен де барудамын.
- Айта кету керек, ақыры бәрі келеді ғой деп, бүгінгі күн тәртібіне Бәтіштерді де енгіздім...
- Ойбай, ол бізге кім болып табылады?
- Туу, сен-ақ ұмытасың да қаласың. Ол ана құдаңның туған қарындасы болып табылады ғой.
- А, құдаша деші?.. Дейтұрғанмен ол...
- Иә, иә, құдаша! Ешқандай дейтұрғанмен емес!
- Е, бопты. Мен де жылжу үстіндемін сізге қарай...
- Әй, әкесі, асықпай абайлап жүр. Жолда жол-көлік апаты орын алмасын!
- Дәл осыны айтпашы, бәйбіше.
- Әкесі, ау, әкесі, айтпақшы, жол-жөнекей бір мөшек қара алтын ала салшы...
- Не ала сал?
- Қара алтын, яғни, көмір ала сал деймін. Монша жаққанға...
- А, иә. Құрсын, шатасып біттік қой. Осы журналистер біртүрлі, қара халық біртүрлі сөйлегенді қашан қоямыз а?..
Қанағат ӘБІЛҚАЙЫР


Бірінші бетін ашып қалсам "ересектерге арналған кітап" деп тұр ғой 🤣. Ойбу, енді қайтем дедім де, бетін жауып қоя салдым.


Video is unavailable for watching
Show in Telegram




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🤣


Video is unavailable for watching
Show in Telegram


Мен балама қалай тәрбие берем:

© Назгүл Қожабек

20 last posts shown.