👨🏫 Педагог-ассистент мамандығы колледждерде оқытылады
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін білім беру ортасын құру мақсатында келесі жылдан бастап колледждер базасында педагог-ассистент мамандар даярлау бастайды.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап pedagog-kz.kz хабарлайды.
Қазір мектептерде «педагог-ассистент» лауазымы енгізілген. Ондай мамандар саны бір жылда 1000-нан 2,5 мыңға дейін артқан. Бұдан бөлек, педагог-ассистент лауазымын мектепке дейінгі ұйымдарда енгізу мүмкіндігі қарастырылуда. Жалпы елімізде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен 9 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс жасайды.
Айта кету керек, қазіргі уақытта психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру есебінде (ПМПК) ерекше білім беруді қажет ететін 203 мың бала бар. Олар 496 арнайы білім беру ұйымдарында оқиды.
Оқу-ағарту министрлігі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін білім алу жағдайын жақсарту және білікті кадрлармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады
Біздің телеграм каналға жазылыңыз⤵️
https://t.me/pedagog_qz