📍ПСИХОЛОГИЯ📍| ҚАЗАҚША


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Psychology


Психология, ойлар және пікірлер 📝📖

📅 (Постты күнде саламын) 📆
☆ Автормен байланыс: жатжерлик

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Psychology
Statistics
Posts filter


Ақыл үйрету мен ақылды болу — мүлде бөлек нәрселер. 

© Георг Лихтенберг 


Құрметті жер тұрғындары! ‼️
Хабарлама бар! Айтпағым: мынадай ғажайып нәрсе бар!
(Картинкаға назар аударайық)
Мінезіңді, тағдырыңды, ерекшеліктеріңді зерттеп, ашып береді екен! Ал керек болса, дә? Егер қызығушылық танытып, толық белгілерің келіп жатсаңдар, осы бикешке жаза қойыңдар, жақсы ма?👉 @SayaaS04
Егер менен келдім деп, жекесіне "Жатжерліктен естідім" деп жазсаңдар, сен үшін СКИДКАның көкесінің танытып, бағасын түсіріп беретіні бар даа! Ал неізгі бағасы потолок қой — 2000 ға жақын👍
Так что, үлгеріңдер, бекер жүрмей деп айтып қойып жатырмын ал😉 Немесе просто өзінің жекесіне шықшы, "о чем, по чем" деп па әйтеуір. Ондайды қатырасыңдар ғо енді :)
Сәлеммен, Хан атаның бөлесі) 👽🛸

P. S.: скоро жерге оралам, ал потом сендерге деп ііі


Қазан айында бұл канал пештегі шәйнектей қайнайтын сияқты, себеп: мен оралааам.


Күздің бір ыссы, бір суық күнінің өзі бір — қайталанбас ғажап сәт:)


Өмірдің мәнін түсіну үшін әрқайсысымен жұмыстануды қажет ететін өмірдің екі деңгейі бар.

Бірінші деңгей — эмоционалды. Бұл жанашырлық, мейірімділік, сүйіспеншілік және жақын адамдарға қамқорлық жасай білу сияқты қасиеттер. Барлық адамдар жануарлар сияқты қамқорлыққа мұқтаж. Оларға аздап қамқорлық танытсаңыз, сізге өздерін танып білуіңізге мүмкіндік береді. Бұл барлық рухани ілімдердің негізі.

Екінші деңгей - даналық, әлем мен шындық қандай заңдармен өмір сүретінін түсіну. Ал дүние санасына тереңірек енген сайын дүниедегі барлық нәрсенің бір-бірімен байланысты екенін түсінесің. Еш нәрсе бөлек болмайды. Ал дүниенің даналығын, мейірім-шапағатын түсінсең, өмірдің мәнін түсінесің.

© Ричард Гир


Соңғы кездері өзіме көңілім толмай жүр. Құр сенделдім, қатырып жатырмын деп айтатындай мақтанарлық түгім жоқ. Мында зебра басын да шалмай кетіппін, жауапсыздық демей немене.
Қатты кешірім сұраймын, оқырмандар. Мен бейбақ бір кездері арнамды ашсам, одан оны гүлдендіріп нұрландырып, көркейтсем ғой деп армандаушы едім. Сол арманымның тізгінінен қапыда, бәлки босаңқырап ұстап айырылып қалдым. Тізгінді қайта шап беріп ұстап, тақымды қысып, еңсе түзеп бой тіктеуге мүмкіндік бар ма екен? Өзімді жел үрлеген қаңбақтай сезінем. Уақыттың аждаһадай аранына сұмдық жұтылып барамын. Сондай дәрменсізбін... Үстімдегі жиналып қалған ақ ұлпа қарды сілкіп-сілкіп тастағым келіп тұр. Бірақ ол еріп, аяғыма балшық боп жағылса ше? Екіойлымын, байланып қойған қазығыма айналып қайта-қайта келе беремін.


Өмір деген қас-қағым сәт

Үйге теледидар келгенде, кітап оқуды ұмытып қалдым. Табалдырығыма көлік кеп тоқтағанда, жаяу жүруді ұмыттым. Қолыма ұялы телефонды алғанда, хат жазу ұмытылды. Үйге компьютер келгенде, мен уақытты бағалауды доғардым. Үйіме кондиционер алғанда, самал іздеп ағаштың саясында отыруды қойдым. Тас қалаға көшкенімде, батпақтың, көк шалғынның иісін ұмыттым. Банк пен картаға тәуелді болғалы бері ақшаның құнын ұмыттым. Әтірдің иісіне байланғалы гүлдің жұпарын ұмыттым. Фаст-фуд жегелі үйдің тамағының дәмін ұмыттым. Үнемі жүгіре беріп, тоқтап тыныстауды ұмыттым. WhatsApp пайда болғалы бері сөйлесу мен әңгіме айтуды ұмыттым.


Адамдар қарым-қатынастың басында неге өздерінің шынайы бейнесін жасырады екен. Өзін барынан артық көрсеткісі келеді. Минустарын барынша жасырып, жақсы көрінгісі келеді.

Ерлер де, әйел заты да.

Кейін бір-біріне ренжіп, тіпті көрместей боп жатады. Себебі кейін басқа адам пайда болады. Ғашық болған адам емес, бөтен, танымайтын. Түрі сол, жан дүниесі өзге.

Адам “актер” болып, өзінен мүлдем бөлек образда өмір бойы жүре алмайды. Табиғи негіз сені бәрібір көрсетеді. Кейін түзеп алам деген бос сөз. Ересек жан өзгермейді.

Басында қарым-қатынас үшін бас шұлғұуы мүмкін, кейін адам болмысында жоққа келісуден шаршайды, тіпті ауыр жүк көтергендей психикасы зардап шегуі мүмкін.

Адамдар өздерінің шын бейнесін көрсетуден қорықпауы керек және сол мазмұнына сай, оны барымен қабылдаған, санасы, құндылығы деңгейлес адаммен өмір сүргені жөн. Сонда екеуара түсіністік болады.

Немесе ойыңдағы өзің туралы образға жетуге талпынған жөн. Ол ерте тәрбиемен, құндылықтармен, әдебиетпен, жақсы ортамен, білім-іліммен, жақсы әдет қалыптастырумен коррекция жасалады.

Иә, тегінде жоғын осылай коррекция жасауға болады, жас кезде. Есейген соң қиын, тіпті болмайтын шаруа. Балаға бала кезде сіңіру керек деп жиі айтатынымыз сол. Өзіңнен қашпа. Өзіңді образға айырбастама. Өзіңнен ұялсаң ұялмайтын деңгейге өзіңді апар. Ол сенің қолыңда.

Біздегі ажырасу деңгейінің өте жоғары болуының бір себебі осы - образға үйлену, образға тұрмысқа шығу.

Ал адамдардың өз болмысына риза болуы, одан қашпауы, одан ұялмауы - ең алдымен ата-ананың баласына бала кезінде берген құндылықтарының нәтижесі, жауапкершілігі. Қалғаны стандарт бойынша бәрінде бар.

© Ж. Шамель


Қай пункт сізге таныс? Осы туралы айтып кетіңіз)👇


👫 ЗАМАНАУИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ 7 ҚАТЫГЕЗ ҮРДІС.

📍Заманауи қарым-қатынастар дерт пен шиеленіске толы жаңа сипат пен үрдістерді ала келеді. Гостинг, мостинг және касперинг — бұлар қарапайым бір "сленг сөздер" болып көрінеді, ал оларды қолданысқа енгізу адамға шындап психологиялық соққы жасауы мүмкін.

📌 Есте сақтауды қажет ететін замануи қарым-қатынастағы атап өтерлік 7 қатыгез үрдіс:

1️⃣ Гостинг (ағыл. Ghosting):
["елеске айналып кету"]

🔺 Ол не? Себебін түсіндірместен белгілі бір адаммен болған барлық байланысты аяқ астынан толық тоқтатып тастау.

🔻Несімен қатыгез? Адам абдырап, өзін шеттеп қалғандай сезінеді, әрі оны дел-сал күйде қалдырып кетеді.

2️⃣ Мостинг (ағыл. Mosting):
["дәмелендіру"]

🔺 Ол не? Жақын қарым-қатынастың елесін жасап алып, артынша бірте-бірте алыстау, «тыну», адамды хабарсыз қалдыру.

🔻 Несімен қатыгез? Жалған үміт тудырып, адамды эмоционалды тәуелділік жағдайында қалдырып кетеді.

3️⃣ Касперинг (ағыл. Caspering):
["сағым тудыру"]

🔺 Ол не? Қашқақтау, сылтаулар айту, сол арқылы біртіндеп және ашық емес түрде адаммен байланысты доғару.

🔻 Несімен қатыгез? Қарым-қатынас әлі де мүмкін деген сағым тудырады, содан кейін аяқ асты тоқтатылады.

4️⃣ Бенчинг (ағыл. Benching):
["қосалқы ету"]

🔺 Ол не? Белгілі бір адамды "қосымша қалам" ретінде ұстау, азды-көпті байланыста болу және қарым-қатынастың болашағы туралы түсінік бермеу.

🔻 Несімен қатыгез? Эмоционалды тәуелділікті тудырады және адамды екі ойлы етіп қалдырып кетеді.

5️⃣ Орбитинг (ағыл. Orbiting):
["назарда ұстау"]

🔺 Ол не? Әлеуметтік желілерде белгілі бір адамның өмірін қадағалау, бірақ онымен тікелей байланыс жасамау.

🔻 Несімен қатыгез? Байланысқа кет әрі емес түр жасайды, бірақ адамды нақты өзара әрекеттесу мүмкіндігінен айырады.

6️⃣ Зомбинг (ағыл. Zombieing):
["сананы улау"]

🔺 Ол не? Ұзақ уақытқа із-түссіз жоғалғаннан кейін себебін түсіндірместен қайта байланысқа шығу.

🔻 Несімен қатыгез? Жалған үміт сыйлайды, адамға эмоционалды ауытқулар тудыруы мүмкін.

7️⃣ Нан қиқымдары (ағыл. Breadcrumbing):

🔺 Ол не? Қарым-қатынасты дамыту ниетінсіз арадағы байланысты сақтауға деген қызығушылық пен назардың анда-санда қылаң беруі.

🔻 Несімен қатыгез? Үлкен бір нәрсеге жалған үміт беріп, адамды эмоционалды тәуелділікте қалдырады.

💢 Қарым-қатынаста қатыгездікпен қалай күресуге болады?

✔️ Сіз құрмет пен ашық қарым-қатынасқа лайық екеніңізді есте сақтаңыз.
✔️ Адамды «сендіруге» немесе оның мінез-құлқын өзгертуге тырыспаңыз.
✔️ Өзіңіздің әл-ауқатыңызға назар аударыңыз және қарым-қатынастарыңыздың шекарасын белгілеңіз.


БІЛГЕНІҢІЗ АБЗАЛ: Атап көрсеткендер сіздің қарым-қатынасыңызда көрініс таппау керек және сіз өзіңізге құрметпен қарайтын қарым-қатынасқа лайықтысыз. 👩‍❤️‍👨

© Ковалюк Юрий


Өмірдегі ең үлкен қателік — өткенге өкіну әрі сонымен өмір сүру.


Махаббаттың 5 тілі 😍




• СТАЛИННІҢ ҚАЗАҚҚА ЖАСАҒАН ҚИЯНАТЫ

Біздегі homosovieticusтар Сталинді өлердей жақсы көреді. "Ол бізге индустриализация әкелді, соғысты жеңді, неміс құлдығынан құтқарды, одақтық республика статусын әперді, нағыз қолбасшы" дейді. Ал шындығында оның қазақтарға қатысы қандай болды:

1) Сталин билікке келгенге дейін, тіпті 1920-21 жылғы аштыққа қарамастан қазақтар КСРО - дағы саны көп үш ұлтқа кірді. Ал Сталин өлген сәтте, яғни 1953 жылы қазақтар халқының 70% жоғалтқан болатын. Оған 1931 - 33 жылдардағы геноцид пен Екінші дж.соғыстың алдыңғы шебіне қазақты тастау қатты әсер етті, ұлт жойылудың алдында тұрды.

2) Қазақ халқы саяси қудалаудың ең үлкен науқанынан өтті. 1928 жылғы ұжымдастырудың алғашқы науқанынан бастап, қудалау басталған-ды. Ал 1937 - 38 жылдары 25 мың адам атылды. Оның үстіне геноцид жылдары(193 1-.33 қолдан жасалған аштық) жасалған 372 көтерілістің барлығы бала-шағаға қарамастан аяусыз жанышталды. Алаш Орда мүшелері, отбасылары толық қырылды.

3) Қазақстан үлкен лагерьге айналды. ГУЛАГ жүйесі бойынша КарЛаг, Алжир сынды ондаған лагерьлер адамдарды азаптаудың түрлі әрекеттерін жасап жатты. Оларда миллиондаған жан азап шекті.

4) Қазақ халқы ассимиляцияның ең ауырына ұшырады. Соғыс жылдары Кавказдан, эвакуация арқылы Украина мен Белорусьтан, Ресейдің ішкі аймақтарынан бар жиынтығы 1,3 млн адам депортацияланды. Олардың барлығына ортақ тіл орыс тілі болғандықтан, тілдік мәселе өрши түсті.

5) КСРО - да ядролық қару болған сәтте, алғашқы сынақ алаңы қазақтың рухани өлкесі болған шығыстан таңдалып алынды. Сталин сол аймақты өзі таңдады. Салдарынан 40 жыл бойы халық 500-ге тарта сынақты бастан кешіріп, миллиондар зардап шекті, мүгедек болды, ажал құшты.

6) Сталин тұсында Қарақалпақстан Қазақстаннан Өзбекстанға өтті, шешен автономиясын құру идеясы болды.

7) Шығыс Түркістандағы Оспан батыр бастаған көтерілісте Сталиндік билік екіжақты ойын ойнап, қазақ жасақтарының жоспарларына араласып отырды.

Әрине, Сталиндік билік тек қазақты емес, украин, кавказ халықтары, орталық азия ұлттарының барлығы, орыстардың өзіне де теперіш көрсетті. Оның зауыттар мен фабрикалар салғаны да шындық, бірақ ол миллиондардың қызыл қаны, ақ сүйегінің үстіне тұрғызылған еді. Осыны біле тұра, Сталиннің туған күнін атап өткендерге тым болмағанда идеологиялық әңгімелесу жүргізілмесе, онда "Рухани жаңғыру" деген бекер әңгіме. Оралдағыдай совоктар көшеде ту көтеріп жүре беретін болады. Сталиннің сол уақыттағы қанішер саясатының салдары бізді әлі титықтатып келеді. Тіл, мәңгүрттену, совокты пір тұту әлі үлкен мәселе.

Асхат Қасенғалидың әлеуметтік желідегі жазбасынан


Ағылшын тілін үйренгісі келетіндерге 😍😍😍


Қысқасы, оралдым, тірілдім!🫡
Алда жазбалар болады:)
Болуы тиіс, болмаса жәман да


Күйзеліске түспеңіздер🫶




СЕН НЕГЕ ӨЗГЕРЕ АЛМАЙСЫҢ?🤯

• Сен кино көріп не кітап оқып, не мықты біреудің оқиғасын естіп шабыттандың да, «Ендi күн сайын таңғы 7-де тұрамын; 50 сөз ағылшынша жаттаймын, 100 рет отжимание жасаймын» деп тiзiм құрып тастадың. Жақсы.

Ертеңіне 7-де тұрдың. 50 сөз жаттадың. 100 рет отжимание жасадың. Өзіңе көңілің толды. Ертең қайталаймын дедің.

Ертеңіне ояндың, бірақ тұрғың келмейді. Тұруың керек, сөз жаттауың керек, отжимание жасау керек. «Не деген қиын! Одан да кішкене жата тұрайын. Iстемесем, ешкім жазалайын деп тұрған жоқ қой». Басында осы ой тұрады.

Бұл жерде саған кайдзеннің PDCA деген құралы көмектеседі. Мысалы, 7-де тұруды алайық. Негізі күн сайын 8-де тұрып жүрсің.

P - plan: кішкентай өзгерісті жоспарла, мысалы, тұру уақытын 15 минутқа шегер, яғни 7:45-те тұр.

D - do: жоспарлған істі жүзеге асыр.

C-check: тексер. Жаңа өзгеріс қалай, жеңіл тиді Me? Ары қарай жалғастыруға дайынсың ба?

A - action: Жауап "иә" болса, осы өзгерісті стандарт етіп бекітіп ал. Яғни, әбден үйренген соң тағы да 15 минут шегеріп, 7:30-да тұруды жоспарла. Жауап "жоқ" болса, Р-ға барып, кішкентай жаңа өзгерісті жоспарла, мысалы, тұру уақытын 15 емес 7 минутқа шегер.

Тіл үйрену де солай. 50 емес, 5 сөзден баста.

Отжимание 10-нан баста.

Сонда миыңа олар оңай көрінеді. Істемеуге сылтау таппайсың. Дереу орындап тастайсың.


Қалдеріңіз қалай, достар?🙌
Жақын арада посттар болады😁 Менімен бірге болғандарыңызға рахмет 🤗

20 last posts shown.