❗️❕‼️🔺
АДАМ ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРУ КЕРЕК?Назарларыңызға Ш. Құдайбердіұлының даналық сөздерін ұсынамыз⬇️
✔️Көздер ұмытпасын десең, әдемі киін. Көңілдер ұмытпасын десең, көркем мінезді бол.
✔️Адамдардың біразы өміріңді сенен бірнәрсе үйрену үшін бақылайтын болса, басқа бір бөлігі қателіктеріңді теру үшін аңдиды. Екі топ та саған таң. Бірі махаббатпен, екіншісі іштарлықпен.
✔️Адамдар сенің сыртыңа қарайды. Жаратушың ішіңмен, жан дүниеңмен бағалайды. Пенделер үшін сыртыңды ғана әдемілеумен әуре боп, ішкі әлеміңді ұмыт қалдырып, ластап алма.
✔️Егер сөз шынымен жүректен
шыққан болса, онда ол міндетті түрде жүрекке кіреді. Ал, ол тек тілден шыққан болса, құлақтан ары аспайды.
✔️Екі өмірге де керекті іс – ұждан.
Ұждан дегеніміз – ынсап, әділет, мейірім.
Шәкәрім бабамыздың ойларымен келісесіз бе, оқырман? 🤗
📷
instagram | 🚀
telegram