“Qarmet” Көмір департаментінде құрметті шахтер, техника ғылымдарының докторы Серғазы Баймұхаметовтың жеке құжаттарын облыстық архивке салтанатты түрде тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға көмір өнеркәсібінің ардагерлері, шахта және кәсіпорын директорлары, ғалымдар мен Қарағанды жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.
Серғазы Баймұхаметов — техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық инженерлік академиясының, Қазақстан Минералдық ресурстар академиясының, Халықаралық экология және еңбек қауіпсіздігі академиясының, сондай-ақ Ресей Федерациясының Тау-кен ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі. Ол академик А. Скочинский атындағы сыйлықтың екі дүркін лауреаты, есімі Қазақ КСР Құрмет кітабына енгізілген. Сонымен қатар, Баймұхаметов — Еңбек Қызыл Ту орденінің иегері, “Шахтер даңқы” белгісінің толық кавалері және Құрметті шахтер.
Тау-кен шеберінен бастап Көмір департаментінің техникалық директоры лауазымына дейін көтерілген ол тау-кен жұмыстарының қауіпсіздігі мен желдетуді жетілдіру бойынша бірнеше монографияның авторы ретінде салаға үлкен үлес қосты.
«40 жылдан астам уақыт бірге жұмыс істедік. Ол — өз саласына бар күш-жігерін арнаған жоғары білікті инженер еді», — деді шахтер еңбегінің құрметті ардагері Григорий Презент.
Баймұхаметов Қарағанды көмір бассейніндегі D6 қабатын әзірлеу кезінде газодинамикалық құбылыстардың алдын алу технологиясы патентінің авторы. Бұл өнертабыс кенеттен көмір мен газдың шығу қаупін едәуір төмендетіп, шахталардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етті және бүгінгі күнге дейін өзекті болып отыр.
Архивке Серғазы Баймұхаметовтың ғылыми жарияланымдары, дипломдары, марапаттары, күнделіктері, хаттары және фотосуреттері тапсырылды. Бұл материалдар оның кәсіби жетістіктерін еске сақтап қана қоймай, болашақ ұрпаққа оның әріптестері мен туған өңірінің тағдырына шынайы алаңдаған тұлға екенінкөрсетеді.