SADAQ


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Other


Каналдан алынған материалды (мәтінді) өзге жерге жариялаған жағдайда сілтеме көрсетуді ескертеміз!
Ұсыныс жасау: https://t.me/Jauinbai
Арнаны қолдау: 87772151878
Инстаграм: https://www.instagram.com/_zhauynbai?igsh=aXZxYXgyMGE3aThp

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Other
Statistics
Posts filter


Бүгінгі шарадан!
Міржақып Дулатұлына арналған көрме Ұлттық музейде бір ай тұрады.

Ұлттық музейге барып, көрмені тамашаласаңыздар болады. Жахаңның құнды жәдігерлері, қолжазбасы, мол мұрасы қойылған.

Мәндетті түрде барыңыздаршы

https://t.me/sadaq_zh


Бүгін Алаш идеясын жүзеге асырған, Алаш қозғалысын бастаған, Алаш партиясын құрып, Алаш Орда үкіметінің төрағасы болған – Әлихан Бөкейханның туған
күні!

Әлихан атамыз дүниеге келмесе, Алаш қозғалысы туар ма еді, тумас па еді белгісіз… туса да ұлы қозғалысқа айналмас еді. Б.Қаратайша айтсақ, тұтас қазақ, жүрегі қазақ деп соғатын әр жас алаш Әлихан Бөкейханға қарыздар.

Бүгін,
Ұлт көсеміне айналған, біз қадіріне жетпеген Әлихан бабамыздың рухына фатиһа айтып, есімін дұғаларыңызға қосып қойыңыздаршы🤲🏻🤲🏻

https://t.me/sadaq_zh


Барғысы келетіндер бар ма?


Ұлт ұстазы!

P.s: суретке мұқият қараңыздаршы 🥹

https://t.me/sadaq_zh


Қазақ әдебиеті, тарихы, мәдениеті, билігі, ғылымындағы ақсақализм бәрімізді шаршатты.


Ғалым, алаштанушы Ербол Тілешовтың 60 жылдық мерейтойына арналған “ғылым әдіснамасы: талқы және таным” атты конференциядан тәбәрәк

https://t.me/sadaq_zh


Ақсақалдар азайған сайын кейінгі буын олардың орнын баса алмайтынын, енді өзіңнің де есейгеніңді сезінесін.
Ақсақалдар – Алатау еді.
Тауымыз шөкті, дертіміз ұлғайды, жазушымыз азайды, оқырман жанының әр қатпарын түсінетін авторынан айырылды…

https://t.me/sadaq_zh


Қазақтың заңғар жазушысы – Дулат Исабеков мәңгілік сапарға аттаныпты.
Иманды болсын!
Оқырмандарына қайғырып, көңіл айтамыз!
Мағауин мен Д.Исабеков секілді қос алыпты ақпан алды😣
2025 жылдың ақпаны осылай есте қалады 😣


Блогерлерге телеграм каналдарындағы адамдарға қарап, штраф салып жатыр дейді.

1724 оқырманынан ақша алды деп, мені де тізімге қосып қоймасын 😂

Айдағаны бес ешкі, ысқырығы жер жарар болмайық)

956 0 0 15 26

Жүсіпбектің көркем шығармаларындағы кейіпкерлер есімі: Ақбілек, Рабиға, Ақбала, Доға, Жорғабек, Тойбағар, Шатай, Ұмсынай, Сазамбай, Ынтықбай, Қалипа, Күләнда, Қасқырбай.

Бізде қазақ есімдерінің арабизмға ұшырауы ХХІ ғ кең етек жайды. Ұлтты сақтайтын тағы бір деталь– ұлттық есімдер.

https://t.me/sadaq_zh


Журнал ақтарып отырып, «Алаш
серкелері және ғылыми майдан" деген бір докторант жазған мақаланы көзім шалып
калды. Жалпы ғылыми контекстте "серке" сөзінің қолданылуы дұрыс па?
Бұл зоологиялық термин. Тура мағынасында "серке"доминатты жануар, отардағы қойлардың жетекшісі. Екінші мағынада көркем шығармада, ауыз екі тілде "серке" сөзі 90 жылдардағы бандидизме қарата айтылады. Бұл сөз ғылыми контекстте тұлга болмысын айшықтай алмайды. Ал "ғылыми майдан" сөзін ғылыми контекстте колдану тіпті жөнсіз

https://t.me/sadaq_zh


Мен университетте жұмыс істейтін PhD/профессорлардың сабақ кестесіне қарап, сіздер қай уақытта жазу/ғылыммен айналысасыздар деп таң қаламын 😃

https://t.me/sadaq_zh


Бізге кітап сыйлайтын адамдар бар ма екен?

P.S: маған кітап сыйлаған адамдарға мен де кері кітап сылайын ал)

https://t.me/sadaq_zh

1k 0 0 13 16

Кішкентай халықтарды тағдыр да, тарих та аямайды.

Өзінің тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан Украина жұртының қасіреті – барлық кішкентай халықтарға ортақ тақсырет.

Кішкентай халықтар әрқашан үрей мен қорқынышқа толы өмір сүреді. Кішкентай халықтардың ең ұлы қорқынышы – өзінің тілінен, дінінен, мәдениеті мен территориясынан айырылып қалу.

Бірақ, кішкентай халықтар мимикрияға ұшырауға бейім. Бұл дегеніміз – кіші халықтар өзі отар болған топқа ұқсауға, тегін, түбін ауыстырып, сол отарлаған тілде сөйлеуге құмар болады. Бұл өзін бір сәт– отарлаған халық мүшесі ретінде сезініп, үстем тап болуға тырысу.

https://t.me/sadaq_zh


Мына кітапты айтқанымыз кеше еді.
Бүгін акция басталыпты.

Ал, алып үлгеріңіздер, маған уәде бергендер ұмытпаңыздар)


Гөзәл Түркістан, саған не болды?

Шолпан

https://t.me/sadaq_zh


Қазақ ғылымының қайсар қызы

Алаштануға, қазақ ұлттық баспасөзін тануға зор еңбегі сіңген адамдардың бірі–
Үшкөлтай Хасенқызы Субханбердина (1927-2008) еді.
Ол үш жасында анасынан айырылып 10 жасында «халық жауының қызы» атанған, қатпарлы қиын тағдырды басынан кешкен-ді. Бірақ сан ауыртпашылықты басынан өткеріп, ұлттық библиографияның негізін қалап, атақты мәтінтанушы, библограф ғалымға айналды.

Ү. Субханбердина «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты», «Қазақстан», «Алаш», «Сарыарқа», «Қазақ», «Айқап» сияқты алғашқы қазақ газеттері мен журналдарының әр санын жинақтап, қайта бастырып, библиографиясын түзеді. Алғаш алаш қайраткерлерінің бүркеншек есімдерінің сырын ашып, ғылыми айналымға енгізген ғалымдардың бірі – осы апайымыз еді. Ол бар саналы ғұмырында 25-ке жуық кітап жариялап, артында өшпес із қалдырып кеткен-ді.

https://t.me/sadaq_zh


11 ақпан – Ғылымдағы қыздар мен әйелдердің халықаралық күні

Мереке құтты болсын!

P.S: каналда ғылыммен айналысып жүрген қыздар бар ма екен?
Тілек айтып жіберейік

https://t.me/sadaq_zh


Шама келсе, мына кітаптардың біреуін алып оқыңыздар!
Қазақтың арғы-бергі тарихын, мәдениетін, таным түсінгін жазған жазушының жан дүниесін, рухын сезініп көріңіздер!

Қаламгерлік майданда жеңілмеген жазушының “Меніне” жауап беріп көріңіздер!

P.S: кітапты “Qasym” баспасынан сатып алсаңыздар болады. Маған да 27-томын сыйлаймын десеңіздер, есімдеріңізді ұмытпаймын!

846 0 0 19 47

Түркілер Тәңірі жаратқаннан бері бар. Тәңірі бар болғанда түркілер де бар. Тәңірі түркілерді сүйіп жаратқан. Түркіні жарату арқылы Тәңірі өзінің бар екенін білдірген

Исажон Султон “Білге қаған” романынан үзінді

https://t.me/sadaq_zh

20 last posts shown.