SDU Media | СДУ Медиа


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Education


🌐 SDU Университеті жайлы тәуелсіз медиа. Тың ақпарат пен жаңалықтан бірінші кезекте хабардар болыңыз!
✅ Instagram парақшамызға жазылыңыз: instagram.com/sdu.media
📩 Telegram Bot: https://t.me/sdu_media_bot

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Education
Statistics
Posts filter


Платкада оқитын студенттер 100,000₸ стипендия ала алады

Dauletten қоры 100,000₸ көлемінде бір реттік стипендия конкурсын ұйымдастырып жатыр.

Талаптар:
• GPA көрсеткіш +2.5;
• Мотивациялық хат;
• Әлеуметтік статус;
• Ақылы бөлімде оқу.

Қажетті құжаттар мен байқау шарттары толығырақ сілтемеде

Дедлайн: 9 наурыз 2025 жыл

506 0 11 1 12

SDU-дың жанынан New York Film Academy ашылды

New York Film Academy (NYFA) филиалы Қаскелеңдегі Energo University-ге тиесілі кампуста (АУЭС) орналасады. Оқу биыл 29 қыркүйекте басталады.

Түсінікті тілмен айтсақ, Алматыдағы Energo University Қаскелеңде жаңа ғимарат ашып, кейбір факультеттерін сонда көшіріп жатыр. Кампустың аумағы 15 гектардан асады (SDU — 16 гектар). Сонымен қатар, 6000 орындық жатақханасы болады.

Енді Қаскелеңде SDU жалғыз емес.

867 0 28 3 45

Көктемгі демалыс 21-28 наурыз аралығында болады

Сабақтар 31 наурыздан басталады, бірақ 29 наурыз (сенбі) күні сабағы барлар үшін сабақ өтеді.

Үйге барып келем десеңдер алдын-ала билет алып қойыңдар🚆✈️

Ал, 8 наурыз сабақтары 10 наурызға ауысты. Сенбі күнгі сабақтар 10-ы күні (дүйсенбі) өтеді.
(хотя, ресми түрде бұл демалыс күні 😔)


Ал, көп күттірген дорожка құтты болсын. Үнемдеп жұмсаңдар, 15К-ны :)


📢 SDU Media Telegram боты

Өзіңіздің шағымыңыз, сұрақтарыңыз немесе білетін маңызды ақпаратыңызбен анонимді немесе ашық түрде бөлісе аласыз.

Бұл бот — SDU студенттері үшін ашық әрі қауіпсіз алаң.

💬 Қазірден бастап ботты пайдаланып, ойыңызды білдіріңіз!

Бот сілтемесі: https://t.me/sdu_media_bot


🚰 SDU-дағы су қаншалықты таза?

Telegram ботымызға су сапасына қатысты өтініштер түсіп, бұл мәселені толығырақ зерттеп көрдік. Бірақ зертхана іздеп, жұмыс 3 айға созылып кетті. Сөйтіп, қолда бар материалды шығарайық деп шештік.

Сонымен фильтр қалай жұмыс жасайды?

Толығырақ Instagram-да 👉🏻 https://www.instagram.com/reel/DGnai-somYj/?igsh=bGQyc2p3dHMxNTh0


Психологиялық қолдау орталығы студенттерді топтық тренингке шақырады!

«Мен және әлем: өзіңмен және басқалармен үйлесімді қарым-қатынас орнату» атты тренингке қатысып, қақтығыстарды шешу, эмоцияларды басқару, жеке құндылықтарды анықтау және дұрыс шешім қабылдау дағдыларын меңгеруді үйрене аласыз.

Тренинг жайлы:
📍 D220 кабинет
🗓 27.02.2025 бастап әр бейсенбі, 15:30 – 17:30


Тіркелу сілтемесі: [https://forms.gle/tHYWNMfTfKjJ...]

Оқудан қолыңыз босамаса да, аптасына бір рет уақыт бөліп келіңіз. Бұл сіздің өзіңізбен және айналаңызбен үйлесімді қарым-қатынас орнатуға көмектеседі.


70к ай сайын?

Shakhmardan Yessenov Foundation жаратылыстану-ғылыми, техникалық, медициналық және IT мамандықтарының 2-3 курс студенттеріне ай сайын 70 000 теңге көлемінде 20 шәкіртақы тағайындайды.

Қатысу үшін 18 жасқа толған Қазақстан азаматы болуың керек, GPA 3.0-ден төмен болмауы тиіс.

Қажетті құжаттар:
жеке куәлік көшірмесі, тақырып бойынша эссе, транскрипт және соттылықтың бар/жоқтығы туралы анықтама.

Қосымша ретінде ғылыми сертификаттар, әлеуметтік белсенділік, жарияланымдар мен ғылыми жетекшінің ұсынымын қоса аласың (бірақ белгілі бір шектеумен).

Өтінімдер 3 ақпаннан 4 наурызға дейін қабылданады.

Толығырақ ақпарат пен құжаттарды тапсыру үшін 👉 yessenovfoundation.org.

Өтініш бер де, шәкіртақыға лайықты екеніңді дәлелде 💙


🌷Көктемнің жылы лебі, табиғаттың оянуы, жаңа бастамалар! Наурызды ерекше өткізгің келсе, біз сен үшін ең қызықты орындарды жинадық. Карусельді сырғытып, өзіңе ұнайтын орынды таңда!

Толық ақпарат біздің инста парақшамызда⬇️
https://www.instagram.com/p/DGvCPZHINaV/?igsh=azBsNW9vYXdqMmk5


Студенттерге қызмет көрсету орталығының мәліметінше, “дорожка” бүгін түсуі мүмкін.


Пальма - киім ілгіш емес

🌴Пальма киімге емес, интерьерге арналған. Сондықтан күрткеңізді оған емес, арнайы орынға іліңіз.

Эстетикаға қиянат жасамайық 🤗


SDUdent 5 университет кітапханасында чалыша алады

SDU ғылыми кітапханасы енді Назарбаев Университеті, AlmaU, ХАТУ және ҚазҰҚПУ кітапханаларымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді сіз аталған кітапханалардың ресурстарына қол жеткізе аласыз 🥳

❗️Бірақ, кітапхана қорларын пайдалану үшін алдын ала хабарласып, “Мен SDU-данмын” деп ескерту қажет.

Байланыс:

📚 Nazarbayev University Library
📞 +7 (7172) 70 62 55
📧 library@nu.edu.kz

📚 AlmaU Library
📞 +7 (727) 313 29 55
📧 lib@almau.edu.kz

📚 International University of Information Technologies Library
📞 +7 (727) 330 85 69
📧 library.iitu.kz@mail.ru

📚 Kazakh National Women’s Pedagogical University Scientific Library
📞 +7 (727) 233 19 25
📧 bakit_59@mail.ru


Кітап іздеу енді проблема емес. Оқу… иә, ол басқа мәселе 🤓📚


Сауда жасауға қай жер тиімді?
Барлығымыз студент болғандықтан, әр тиынның маңызын жақсы түсінеміз. Сондықтан сіздер үшін университетіміздегі маркет, SDU-ға жақын орналасқан «Шаңырақ» дүкені және Magnum супермаркетіндегі бағаларды салыстырып, ең тиімді нұсқаны анықтауға тырыстық. Бұл зерттеу сіздің бюджетіңізді үнемдеуге көмектеседі деп үміттенеміз!

Толығырақ білу үшін постқа өтіңіз 👉🏻 https://www.instagram.com/share/_j0TNsCFX


Centras Group: Жүлде қоры 1 000 000💥😱

Қазақстанның жетекші холдингі Centras Group 3-4 курс студенттеріне арналған челлендж ұйымдастырып жатыр. Бұл байқау бизнес саласында тәжірибе жинауға, мықты мамандардан менторинг алуға және жүлде ұтып алуға зор мүмкіндік.

Байқауға Қазақстанның бірқатар үздік оқу орындары қатыспақ. Тізімде SDU университеті де бар. Байқау шарттары жайлы толығырақ сілтемеге өтіп, біле аласыздар.


Сұрақтар бойынша:
marketing@kgforum.kz
📞 Байланыс нөмірі: +7 701 428 84 90

🔥 Өтінімдерді қабылдау 28 ақпанға дейін! Қапы қалма! 🔥


Көңіл сыйса бәрі сыяды
🏆14 ақпанда SDU “Әзіл Әлемі” финалы өтті. Бірақ шара аяқталысымен көпшілікті ойын нәтижесі емес, билеті жоқ адамдардың наразылығы алаңдатты. Студенттердің сөзінше Red Hall-дың алдында билетті алып үлгермеген студенттер кіре алмай, финалдан құр қалған. Кең таралған репостарда тіпті “ассистенттер үстімізден күлді, видеоға түсірді”, - деген сөздер кездесті. Осы орайда екі тарап не дейді?

Мақаланы инстаға өтіп оқыңыз 👉🏻 https://www.instagram.com/share/_ftR1b9kz

✍🏻 Альбина Булатова, Толғанай Оспан


Health Day-ге кел де, тегін консультация ал!

Red Crescent 18 ақпан күні, сағат 14:00-17:00 аралығында G блоктағы теннис аймағында “Health Day” шарасын өткізеді. Шарада уролог, гинеколог, кардиолог, дерматолог сияқты түрлі мамандардан тегін кеңес алуға болады. Ұйымдастырушылар тексерілуден бөлек қызық ойындар болатынын уәде етті.
📷Red Crescent


SDU студенттері үшін:
Barista кофейнясы 10% жеңілдік
Injoo мейрамханасы 10% жеңілдік


SDUFoodPoint қосымшасын пайдаланып, әр тапсырыстан 5% кэшбэк жинауға болады

MSQ ерлер киім дүкені: Әр сейсенбіде студенттерге -15% жеңілдік

iSpace: Apple өнімдерін алсаң, студенттерге -5% жеңілдік

Kitapal кітап дүкені: Белгілі 4 баспаға әр сейсенбі -15%

Арман киноцентрі: Сейсенбі күндері билет бағасы 600 теңге

Kinopark & Kinoplexx
Әр дүйсенбі сайын 2500 теңгеге (Kinopark 5 Forum үшін – 3000) кинотеатрлар желісінің кассаларынан арнайы билет сатып алу арқылы күні бойы шектеусіз фильм көруге болады

Medeu Жастар тарифы (14-22 жас)
1 Сеанс 10:00-12:30 арасы 600 ₸;
2 Сеанс 13:30-16:30 арасы 1200 ₸;
3 Сеанс 19:00-23:00 арасы 1500 ₸

Spotify Premium: Студенттер үшін жазылым 2,49$ (шамамен 1 292 теңге)

Apple Music: Егер университеттің поштасы арқылы тіркелсең, айына 990 теңгеге жазылуға болады

Halal Slice: Үлкен пицца бөліктері сейсенбіде 14:00-17:00 аралығында 450 теңге

Qazaq Guys: Шаурма мен донер сейсенбі 12:00-18:00 аралығында 690 теңге

#smr #sdumediarecommendations


Студенттерге арналған SDU-дағы және қаладағы жеңілдіктер топтамасы


🚶🏻‍♀️‍➡️Аяқтың астына қарап жүріңдер, достар🚶🏻‍♂️

Стипендиядан құламайын деп жүріп, құдыққа құлап қалмаңдар 🕳️


Родной, қалай сонда, проезд тегін ба?

Студенттер Алматыдан Қаскелеңге не Қаскелеңнен Алматыға автобуспен жиі қатынайды. Кейде стипендиясы айдың соңында (прямо соңында) түскенде жол ақысын төлеу ауыр боп жатады. Оның үстіне SDUденттерде студенттік Onay жоқ 😔.
Сондықтан Halyk Bank-та жүріп жатқан мына науқанды көр, родной.

Halyk Bank арқылы Onay картасын толтырсаң, жолақыны автобустағы 4 сандық QR арқылы Halyk Bank-пен төлесең төлем 100% болып Halyk Bonus-қа қайта түседі.
Яғни теңгемен 120 теңге құртып, ол Halyk Bonus-қа 120 бонус боп түседі. Қысқасы, сен минуста қалмайсың.

Науқанды пайдаланып, айына ең көбі 1000 теңге жинай аласың. Акция 31 наурызға дейін жалғасады.

ps: Halyk Bank кез келген саудаңа бонус береді, сондықтан Halyk QR пайдалануға кеңес береміз.

20 last posts shown.