13mereke


Channel's geo and language: Kazakhstan, Russian
Category: Telegram



Channel's geo and language
Kazakhstan, Russian
Category
Telegram
Statistics
Posts filter




Алла алдарыңнан ренжітуге ұялатын адамдарды кезіктірсін.. Аумин










«Дұға – ғибадаттың мәйегі».

Құлшылық-ғибадаттың негізі – олардың жемісін ақыретте көру. Дұғаның да негізгі мақсатының бірі сол.

Дұға жасаған ұтылмайды. Я осы дүниеде қабыл етіледі, я болмаса Алла оған мына дүниеде одан да хайырлысын береді. Тіпті болмаса оның сауабын міндетті түрде ақыретте көреді.

Дұға жасаған ұтылмайды.

Адамдардан бірнәрсе сұрай қалсаң, олар саған іштей ашулы болады..

Алайда Аллаға дұға қылмай, Одан сұрауды тастап қойсаң, керісінше, Алла саған ашулы болады.

©️Ізігілер сөзі


Сен өз аяқтарыңмен жүріп-тұрсаң, қаншама адам арбаға таңылып отыр…
Ұйқың қанып тұрасың, ал көбінің мазасын ауру қашырған.
Сен тойып ішіп-жеп жатырсың, көбі ауру-сырқау болғандықтан судың да дәмін көре алмай жүр.
Құлағың жайлы ой жүгірт, керең емессің.
Көзің жайлы ойлап көр, соқыр емессің. Теріңе қара, алапес емессің.
Ақыл-ой төңірегінде ойлан, ессіз жынды емес, саналы жансың. Сол ақылмен қаншама байлық-нығметтерге бөленіп жатырсың.

Демек, Алла Тағаланың саған берген нығметтерін еске ал, зерделе, шүкір ет. Ол сені жан-жағыңнан қоршап тұр!

☀️"Маған ешнәрсе қызық емес"-деу,көңілсіз жүру— Алла берген нығметтердің барлығын жоққа шығару,бағаламау.


Өз-өзіңді жақсы көр

Бұл өмірде неше түрлі адам бар,
Сен туралы білмей жатып жамандар.
Мына сені жек көреді біліп қой,
Өзін жақсы көре алмайтын адамдар.

Сол үшін де өз - өзіңді жақсы көр!
Алдарынан шықсын десең жақсы жол.
Жақсы жанды жолықтырғың келсе егер,
Ең бірінші өзің сондай жақсы бол.

Мұқағали Мақатаев


Үмітсіздікке түспе,берілме, сынба.

Кемелдікке жетудегі ең бірінші кедергі - үмітсіздік. Не істеп қойсаңда Алладан үмітіңді үзбе.

Себебі ешбір күнә Алладан үлкен емес, ешбір күнә Алланы әлсіз қыла алмайды.

Сенің күнің батпай тұрып, қияметің орнамай тұрып тәубе ет.

Алла сені кешіруді қаласа, тәубе еткізеді


Сен бұл өмірді бірінші рет өмір сүріп жатырсың.. сондықтан өзіңді кешіруді үйрен..

Өз үмітің үшін, адамдарға қатты сенгенің үшін, асығыс шешімдерің үшін..

Қателесуге міндеттісің.. пендеміз..

Құранда Алла Тағала айтады:

Сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендердің жамандықтарын әлбетте жоямыз да өздерін істегендерінен көрі жақсырақ сыйлыққа бөлейміз. (аль-Анкабут 7інші аят)

«(Осы күнге дейін) істеген күнәларың үшін Раббыларыңнан кешірім тілеңдер, содан кейін күнәларыңа өкінген бойда Оған шын пейілмен бет бұрыңдар. Шүбәсіз, Раббым (Өзіне шын ниетімен бет бұрған құлдарына) өте мейірімді, оларға деген сүйіспеншілігі ерекше әрі шексіз», – деді. (Һуд, 90 аят)

Алланың Мейірімінен үмітің үзілмесін.. ешқашан..


Ұйқы ретті болса, ісің ретті болады. Ерте жатып, таңда ерте тұру — жетістік негізі.

Бұл үмметтің берекесі таңда.

Өзгеріс нүктесі — таң.

Код доступа — таң.

Оңай емес. Алайда мүмкін.

#ой_түймекке

















20 last posts shown.