⠀
өмірдегі ең ауыр нәрсе қоштасу секілді. мен шыныменде қоштасқым келмейді. өзім ұнатпаған қаламмен, аз ғана уақыт бірге болған сыныптастарыммен, сиясы анық емес қаламым мен ұнатпайтын геометрия дәптеріммен. себебі, әр ұнатпайтын затты да уақыт өткен соң сағынамыз. әрине мен бұл заттармен әлі қоштаспадым. алайда, бұл түсінікті ерте қабылдағаныма қуанамын. ұнатпасам да, мән беріп, "неге мен ұнатпаймын?" деген сұрақпен біраз уақыт бақылап қарасам, онша қатты жек көрінішті емес екен. шыдауға тұрарлық. бұнымен не айтқым келді?
әр істе, затта естелік бар, сезім бар. адам баласының сонау жылдардан бері түсінбейтін заты , әр нәрсеге дұрыс мән беріп қарамауы. "мен ұнатпаған істе қандай естелік, сезім бар болуы мүмкін?" деп ойлауың мүмкін. бұл орынды. егер дұрыс мән беріп бақыласаң, сол сәтте сен бір эмоцияны сезіндің. мейлі ол ашу, ыза, жиіркеніш болсын, бастысы сезіндің емес пе(?). демек, сен мән бердің деген сөз. егер біз сол зейінімізді бақылауда ұстайтын болсақ ше? оны дұрыс қолдануды үйренсек, өз еркіміз бен зейінімізді қалаған ісімізге жұмсай аламыз. көп әрекеттердің нәтижесіз қалатыны дәл осы мән мен зейіннің жеткілікті түрде бағытталмауы деп пайымдаймын. сондықтан, қалқам, екеуміз дәл осы күшті иемденетін болсақ, алыс болып көрінген шыңымыз жақындауы әбден мүмкін.