Шылғау


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


Qazstat статистика комитентінің мәліметінше бүгін қонақ үйлерде бос орын жоқ көрінеді.

#хаха


Осы жылы Оскарды жеңіл жүрісті қыз (эротикалық биші) туралы "Анора" деген кино жеңіп алыпты.

Кеше қарадым. Қай жері оскарға лайық болғанын түсінбедім. Или мен көре алмаған терең мағыналы бірдеңесі бар ма?! Басты кейіпкер де ашылмады "кім неге, қайдан" дым түсінбедім.

Әйтеуір кино басталғаннан титр шыққанға дейін перісті ғой әкең.

Ораза біткесін өзің де қарап бағасын бересің ғой. Әзір саған көруге болмайды

#хаха


Бүгін тиктокта "мына сыйлығың болмады" деген тренд жүріп жатыр екен.

Жыным келді. Бір тал гүлдің де бір құшақ гүлдің де берері бір. Ол ілтипат, ол көңіл. Гүлдің де бар функциясы сол. Оны жей алмайсың, көрпе қылып жамылуға да келмейді.


Маған Омар Жәлелдің бір топ келіншектің ортасында терлеп текпіленіп билеп жатқан биі бар еді ғой. Вот сондай бір би жетпей жүр

#хаха


Замандастың Батырмен шығарылымын қарап отырмын.

Партнеркие роды туралы айтып жатыр. "Менің басымда, хочу не хочу деген ой болған жоқ. Мен кіремін, себебі мен ол жерген керекпін" деп ойладым дейді.

Менде де дәл осындай болды. Келіншегім кіргенімді қалады. Ол жауапкершілік. И менде таңдау болған жоқ. Себебі ол осы сәтте жанында менің болғанымды қалады.

Толғақ басталып, больницаға барған кезде не үшін менің кіргенім дұрыс болғанын түсінгендей болдым.

Біріншіден қолдау. Қиналып жатқан кезде дәл осы жерде өзің тұрғаныңа қуанады екенсің.

Екіншіден физикалық күш те керек екен. Отырғызып, тұрғызасың, белін уқалайсың дегендей.

Оңай емес екен. Босанып, үйге келіп уф деп құлағаннан 12 сағат тұрмай ұйықтағаным есімде. #хаха

Бірақ менің бірге кіргеніме туысқандар арасында сәл хейт кетті. Тіпті бір атам "саған не бар бол жерде қатындармен бірге? Айтпайсың ба ауылда сенен басқа кіретін адам табылмады ма? Жеңгелеріңе айт, әпкелеріңе айт, о заманда бұ заман қатынын тудырғанды қайдан көрдің?" деп ұрысты.

Ол кісіге бұл менің жауапкершілігім екенін өзге емес өз балама барғанымды түсіндіріп тұрғым келмеді. Жәй ғана үнсіз қалдым.

Сосын, ой әйелінің толғағын көрген еркектің психологиясы бұзылады. Әйелін жақсы көрмей қалады екен дегеннің бәрі қыртқан әңгіме.


Бір айдай болды келіншегім төркініндеп жатыр.

Қайын жұрт алыс болғасын жылына бір-екі барамыз. Әр барған жолы кеткеше қонақтан босамаймыз. Осы жолы мен ерте қайтып кеттім. Келіншегім әлі қонақтап жүр.

Алыстан қыз келді шаңырақтан дәм татсын деп бәрі жік-жапар болып жатады. Төркіндеп келген қыз бен жиенге амандасуға қалада тұратын қайын ағам кеше өзі келіпті. Жол алыс жете алмайды десе керек.

Бұның бәрі нені білдіреді? Қазақ қоғамында бәз біреулер айтқан сияқты қыз екінші сортты адам еместігінің көрінісі. Қыз ғұмырында бетінен қақпай төрінде отырғызады. Теңін тауып ұзатылса тойын қылып, үйіне керек жасауын береді. Бұрындары тіпті ұлымен бірдей еншісін бөліп беретін болған.

Төркіндеп келсе "қыз төркінге келді" деп жылы-жұмсақты аузына тосады. Сұрағанын береді. Тіпті жиенімен келсе қырық серкешін қоса беретін. Бұның бәрі қыздың абыройы үшін жасалатын дүние.

Ал сендер теңдік деп айғайға басасыңдар келіп. Қызды адам көрмесе бұның бірін де істемес еді ғой!


Мынау не болды ал?
Түсіндіріп жіберетіндер бар ма?


Бір қайын ағам мен туралы "бәсе, андай қазақи жігіттің домбыра тартпауы мүмкін емес қой" депті.

Өткенде де домбыра шерт деп қолқалап біраз қыстап еді. Сөйтсем, ұсқыным домбыра тартатын адамға ұқсап тұрса керек.

Түріме қарап осындай әңгімені жиі естимін. Мені намазхан деп ойлайтын адам көп.

#хаха


Жаңа, бөлем хабарласып "таныстарың арасында, хайлендер алатын адам жоқ па? 14 млнге бере саламын" дейді.

Жәй, 14 млнге ғана. Ойлап қарасам бір ғана танысым бар екен. Ала салу ықтималдығы жоғары.

Басқа танысым бәрі "бә, кредитке ақша жетпей жатыр", "кв төлейтін уақыт бопты ғой, ақша табу керек" дейтіндер екен.

Әкең, нәғып сонша кедейлер жиналып алғамыз деп ойладым. Байлау біреулер бар ма, өзім жазамын, араласайықшы.

#хаха


- Әй, қылжақтамай кеп үйден шәй ішіп кет, дейтін жеңгеңнің бір ауыз сөзінде қаншама мейірім мен бауырмалдық жатыр.

Өкініштісі, жеңгесімен қалжыңдасатын қайын да, еркелететін жеңге де азайып барады...


Келіншегім енемді "мама" деп айт дейді. Мен бейбақ өз туған шешемді олай атап көрмеген адаммын. Сол үшін маған ыңғаймыз. Ыңғайсыз емес ау тілім келмейді.

Екіншіден енешкам жеңгелеріммен жасты. Кәдімгі ауылға барсам қылжақтап қандарын ішетін жеңгелерімдей. Енді қалай мама дейсің. Онымен қоймау ауылдың еркесі боп өскесін ол кісіден де жасы үлкендері "шалдың баласы" деп алдымды кесіп өтпеген. Бұл менсінбеушілік емес, просто айта алмаймын.

Ене мен күйеу бала сияқты болайын десем, алдымда жеңгемнің бірі тұрғандай болады. Сосын қалжыңдасып кете беремін. Ол кісі түсінбей ыңғайсызданып қалады. Или менің приколдарым ол кісіге өтпейді.

Алдында "күйеу бала бізді менсінбейтін сияқты" деп күледі. Келіншегім "ой, ауылда сізбен жасты жеңгелері бар ғой. Қылжақтап жындарын шығарады, сізді де солар сияқты қабылдайтын шығар" дейді.

Менің күйеубала боп түскелі басты проблемам осы, ол кісілерді қалай атайтынымды білмеймін.

#хаха


- Неге ораза ұстамадыңыз?
- Сенің түрсиіңнің түсі қандай? Бұл да осы сияқты сұрақ.


Ораза басталғалы каналдан адамдар топырлап шығып жатқанын байқадым.

Сонда мен нәпсілеріңе кері әсер ететін боп тұрмын ғой дә?!

#хаха


Баяғыда баласының суретін көрсетіп, қарашы кімге ұқсайды, деп менің жауабымды күтпестен өзімен өзі мәз болып отыратын ағалар болатын еді.

Қазір сол аға мен болыппын.

#хаха


Forward from: боқ сары
Зеленский еркек.


Құдайым ау, шіркеу қызметшісін шақырыңдар.
Мына құлдың жыныс мүшесінің терісі қайда?!

Сүндеті несі, қарғыс атқыр?!

#хаха


Меніңше бұл жай ғана сәйкестік. Құрып кеткір капитализм.

Мен бар болғаны феодал болғым келген. Бір құндыздың терсіне екі қап күріш бергім келеді.

Сайтан алғыр қайдағы теңге?!


"Молда" фильмі бірінші аптасында 400 млн жинапты.

Хм, интересно...


Екі күн бұрын бір сектанттың зумына кірдім.

- Иса немен келді?
- Есекпен
- Дұрыс айтасыз

#хаха


Тасқын есіме түсті. Орысша сөйлейтін Тасқын. Бала күнгі көршім. Шешесі екеуі ғана тұратын.

Қыстың күні терезе қағып тұрар еді. Әр күні "мама тұз бітіп қапты бере тұрсын" деді, "магазинге барғанда әкеліп береміз нан болса берсін" деді, "мама ұн болса берсінші" деді.

Өзіміз баламыз. Бала көңіл ең қатігез болса керек. "Осылар ақ сұранып жүреді екен, бермей қойыңдаршы" дейтін едім. Апам "Үйтпе балам, жырғағаннан сұрап тұр дейсің бе, жоқ боп жатыр ғой байғұстарда" дейтін.

Сөйтсек шынымен жоқ екен ғой. Сорлы шеше жастайынан жесір екен. Күйеуі 18 жылға сотталыпты. Жоқшылықтың қамытын шешпегелі де сонша жыл болса керек. Біреудің үйін жуып береді, орыс кемпірлердің суын тасиды, отынын жарып береді. Тасқын әлі қолғанат болар жасқа жетпеген кезі еді.

Тістеніп жүріп, өлместің күнін көріп тіршілік қылып жүрді. Екі үш жылда әкесі түрмеден келді.

Әйел сорлы "осы күнге де жеттім ау деп белін босатты ма, әлде басқа ма күйеуі келгесін араққа түсіп кетті. Күнде мас жүретін. Сөйтіп жүріп бір жылдан кейін құдыққа түсіп өлді. Түрмеден ауыру боп шыққан екен, әкесі де өлді.

Ол кезде Тасқын оқушы еді. Қанша жылдар өтті.

Балалығы ұрланған көршім қайда не істеп жүр екен?...

20 last posts shown.