𝚂𝚢𝚛𝚕𝚊𝚜𝚢𝚖 📌


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Books


Нәлібек Ердәулеттің авторлық жеке өлеңдер арнасы

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Books
Statistics
Posts filter


Мына менен қанағат кеткен мүлде,
Ақыл-оймен көз салмай өткен күнге.
Жүрегімнің бір бөлшегі өлген сынды,
Мына менің өмірімнен кеткеніңде.

Қарай алмай ұялып жанарыңа,
Өз болмысым, өзімді ора мұңға.
Сен маған ренжімегің, сүйген адам,
Хат хабарсыз мен ғайып болғаныма.

Білесің бе?
Мен өзімді таппай жүрмін,
Бұл өмірге неге келдім және кіммін?
Кей кезде қатқар мінез, оқтай түнмін,
Кей кезде ашық ойлы, нәзік гүлмін.

Мүмкін бір ақынмын мен ашылмаған,
Өсе келе шыңдаламын асулардан.
Сен маған ренжімегің, ренжімегің,
Сезіміңе серкеу келген, ғашық адам.

Уақытша өзің жақтан жоғаламын,
Арманыма жеткенше сорлы адаммын.
Ақша, білім жан-жақты даму керек,
Сөз беремін қайтадан ораламын.


Саған мына,
Қайтадан ғашық болып, сүйіп қалсам,
Сен десе болды өлердей күйіп жансам.
Сенен қалған тәп-тәтті естеліктің,
Тым болмаса бір бөлшегін қиып алсам.

Саған мына,
Қайтадан бағым деп айталсам ғой,
Сенің тәтті күлкіңді қайтарсам ғой.
Сені мен көргенімде желілерден,
Тарам-тарам шумақ боп, жайқалсам ғой.

Сені мына,
Қара торы өз үйімнен көрсем деймін,
Сенімен жақсы жаққа жол сермеймін.
Саған жазған өлеңдерді мәз боп оқып,
Бір жастықта қартайып, өлсем деймін.

Шіркін менің, сол мақсатым орындалса,
Көңіл ғажап болады, өмір қанша.
Мен сен жайлы жаратқанға айта берем,
Жаным менің бұл өмірден жоғалғанша.


Білесің бе не екенің сезімнің,
Сол жанды ойлап таң атқанда көз ілдің.
Ол басқамен бақытты боп жүргенде,
Сен оны ойлап іштей күйіп езілдін.

Білесің бе, не екенің сезімнің,
Жан досына айналасың төзімнің
Бастан өтсе түсінерсің төркінін,
Мағынасын түбі мына сөзімнің.

Махаббатың білесің бе, алауын,
Бола бермес әр кезде өз қалауын,
Жарыс болса жаралаудан жүректі,
Болар едім көтерген жеңіліс жалауын.

© Дәулетқызы Перизат


Сенесің бе?
Саған деген сезімдерді өлді десем,
Кете бер, керегің жоқ болды десем.
Арамызда тұрған бір үміт жібін,
Өзім үзіп, оны да өзім кесем.

Сенесің бе?
Мен сені енді мүлде ойламаймын,
Керек емес сенің әрбір уайым қайғың.
Сенен қалған жүректегі жараларды,
Өзім емдеп, өзім-ақ пайымдаймын.

Сенесің бе?
Жүрек, миым, ойларым өзің жақта,
Ала алмаймын ол сезімді енді ақтап.
Өзіңе сыйға тартқан жүрегіммен,
Қайта келме, есікті қатты жапта.

723 0 14 7 17

Нұрлы сезім

Сірә мен ғой жаныңды жаралатқан,
Мен өзіңді іздеймін дара бақтан.
Білесің бе сен менен кеткен күні,
Жүрегім мына мені қарғап атқан.

Білмеймін мен өзіңді іздей берем,
Қурап жатыр өзіңсің күздей денем.
Қанша сезім жатсада талқандалып,
Өзіңнең үмітімді үзбей келем.

Бар жақсыға лайықсың соны сезін,
Нағыз сенің бақытты болар кезің.
Мен сол үшін бір өзіңді жібергенмін,
Ей мендік ғашығым-ай, нұрлы сезім.

Арыл алмай бір күйкі-кірбіңнен,
Мазасыз өтті түн мүлдем.
Сен кеткелі қалқам-ау,
Өзімді таппай жүрмін мен.


Соңғы хат

Сен, жігіттердің сұлуысың,
Жер бетінде жүру үшін.
Қай ғаламнан келдің екен
Мені ғашық қылу үшін.

Ғашық етіп, еліктіріп өзіңе,
Дәтім бармас қарауға тіке көзіңе.
Сырттай ғана ұнатып жүрдім мен
Сағыныштың ауырлығын сезіне.

Бір ғана сәт, бір ғана сәт өзгертті,
Қоштасатын екеумізге кез кепті.
Қашықтықтың өз дегені боларына
Бүгін мына, кеште болса көз жетті.

Мен сені Раббымның сыйы дермін,
Менде мінез баршылық өзің көрдің.
Сені маған жіберді өзгертуге
Ғашық болған өзім ғой, кінә менде.

Сынақ болып келдің ғой тағдырымнан,
Аз да болса арылдырған жан мұңымнан.
Жақсартуға мінезімді себеп болып
Әсер еткен мына маған шақырымнан.

Жұбың бар-ды, білемін көптен мұны,
Жазылдыма сендегі жүрек мұңы?!
Қызғандырдым деп ойласаң, қателестің
Сені ұмытқам қызың барын білген түні.

Сағынбаймын, мен енді сағынбаспын,
Сағыныштың отына малынбаспын.
Барына қуанып жүрсең болды
Өзіңде мына мендей қарындастың...

Енді маған ғашық болу мүлде жат,
Жүрегіме сезімдерді жиып ап.
Жазбасамда іштегі мұң-сырымды,
Осы болсын өзіңе жазған соңғы хат.


©Ayaulym


Карантиндегі көктем

Тауымыз да меңіреу,даламыз да,
Үнсіз қалған көшеміз,қаламыз да.
Үміт әлсіз,
Үрей көп жүректер де,
Сұрақтардан сабылған санамызда.

Өмір-өлім тартысқан көкпарында,
Сабыр жаным,
Әз-жүрек көп қағынба.
Тажалға ара болғанмен,
Тұншықтырды,
Ажалға ара болмайтын төрт қабырға.

Қуыс-қуыс миларды ойрандаған,
Шықсақ жарар едік біз ойдан аман.
Тілек қалды қаншама айтылмаған,
Тойлар қалды қаншама тойланбаған.

Көңілдерге күдік көп тұсақ салма,
Толып кетті сағыныш құшақтарға.
Жүрмей қалған вокзалда жүрдек поезд,
Ұшпай қалған орнында ұшақтар да.

Сірә сүйеу бола алмай сүйгеніңде,
Күйзелдің бе,
Күйдің бе,
Күйредің бе?
Кете алмай жүр қаншасы үйлерінен,
Жете алмай жүр қаншасы үйлеріне.

Тірлік қайда кешегі таңды ұлықтар,
Алмақ па Әлем күнәдан арылып бар?!
Ескі күннің елестеп елестері…
Еміс-еміс естілер жаңғырықтар.

Кірлетіп ап сұраймыз көктен нені,
Жуып өтсін көк нөсер көк пен белді.
Жер Ананы бізсізде гүлдендіріп,
Жер бетіне бізсізде Көктем келді.

Авторы: Ізбасар Аяжан


Жақыным менің жатсың ба қабір астында,
Жазушы ем арнап сағыныш атты хат жылда.
Сыймады ішке көзімнен жас боп атылды,
Оқымай кеттің соңғы рет жазған хатымды.

Жақсы бәрі, жылы ма жатқан өз үйің?
Сабыр қып, жылап, сәл шыдап менде төзейін.
Қорқыныш бары ақиқат шыда жарығым,
Белгісіз маған болады қандай өз үйім.

Беймәлім болар қабірде менің жағдайым,
Мұнхармен,нахир сұрақтың қояр қандайын.
Мейлі ғой өтер күйбелең өмір зуылдап,
Қиямет, қабір көңілге аздап салды уайым.

Болсамда жауыз зұлымдық істер оңбаған,
Кешіріп Алла қашан да мені қолдаған.
Қаза боп намаз, әлсіреп иман жүргенде,
Дұғамды естіп көрсетер тура жол маған.

Білмеймін, Алла алдында мен қандаймын,
Жіберген әмір парызын оқып талдаймын.
қиындық келсе жауабын таппай тұрғанда,
Намазды оқып Аллаға дұға жолдаймын.

автор: Даулетқызы Перизат


Ғашықтық ол онымен күнде сөйлесіп, хәлін білу емес. Ғашықтық ол суретіне қарап-ақ бақытты болу✨


Бірақта не бүгін, биыл емес

Мен оның жете алмадым бағасына,
Бар жақсыға лайық болды, ол расында.
Әттең мен, жалғыз оны тастап кеттім,
Көміп кетіп жалғыздықтың моласына.

Әлде мұны тез ұмытып кетер мекен,
Мүмкін біраз жабығып өтер мекен.
Мұңаймай күліп жүрсе екен деймін,
Өз діттеген жеріне жетер мекен.

Иә түсінем бұрынғыдай болу қиын,
Бара бара қалмай жатыр мүлдем сыйым.
Қанша мына бастартқанмен бір өзіңнен,
Неге сені ойлай береді мына миым.

Сен менің ең үлкен мақсатымсың,
Таудай биік, шыңымдай асқарымсың.
Болашағым сенімен негізделген,
Сені қатты қалайды жас жаным шын.

Мүмкін бес жыл, алты жыл одан да көп,
Сені іздеп өзім-ақ тауып алам.
Оған дейін мақсат бар, жоспарлар көп,
Бұйырса содан кейін саған барам.

Бірақта не бүгін, биыл емес,
Уақыты келгенде өзім табам.


Ағылшын тілін үйренгісі келетіндер шет елге грантқа түскен түлектердің өмірлері қызық болса тіркеліп кетіңіздер:

https://youtube.com/@abdussametov_?si=GYVeLRxYSJ_F-Tp3


https://www.instagram.com/e.erkinbekovich?igsh=MTlvb3B3c2RuaXhpcA

🌐 Менің инстаграм желісіндегі жеке аккаунтым, тіркеліп қойыңыздар🫶🏼


Мен мұңаям жанарыңнан жас тамса,
Қайтем енді жүрек саған мас болса.
Сезім жоқ деп кету үшін айттым мен,
Мұңаймас ем, егер сол сөз рас болса.

Бауыр басу, жақсы көру ұштасып,
Біздер шіркін ел қызыққан қос ғашық.
Жастықпенен, қырсықтықпен әй біздер,
Кеттікпекен бекер мына қоштасып.

Бекер мына болды ма екен сүйгенім,
Қанша күндер, ай,жылдарым күйгенім.
Білесің бе сені алғаш көргенде,
Жаратқаннан келген маған сый дедім.

Бірақ саған сыйым менің қалмады,
Сен қызықсың, қызық емес қалғаны.
Сен жай ғана мені ұната салдың ба?
Сүйген кезде, әй жүректің арманы.


Адам болар сырласатын, мұңдасып,
Жақсы көріп, ғашық болып, тыңдасып.
Қос ғашықтар үйленеді, үй болып,
Қосыл алмай кететін ол шын ғашық.

Сен үшін ол шыңға шығып,күн сүйген,
Күлкі сыйлап қуантатын шын сыймен.
Бірін-бірі сүйсе егер қосылар,
Қадірсіз жан білесің бе шын сүйген?!


Соңғы хат

Бүгін міне тағы да ұйқысыз түн,
Тұңық ойға бататын жалғыздық түн.
Келіп кетер ойларым сан алуан,
Мазасыздап өтуде тағы бір түн.

Жазамын тағы да мен махаббатты,
Махаббаттың мен үшін дерті қатты.
Тағдырыма жолыққан сенсің-ау деп,
Сынағымның нешіншісі болып жатты?

Шаршадым шыны керек махаббаттан,
Айға жетпей өткінші болып жатқан.
Тағдырыма жазылды неше бір қыз,
Өмірімнің заясы өтіп жатқан.

Жүрек енді сүйеме түсініксіз,
Сезім бар ма ренішсіз, күрсініссіз.
Жолықтыршы Құдайым бұдан кейін
Махаббатын нүктесі болатын қыз.

Сынақтарға сынбаймын ойым бүтін,
Жүрегімді аяймын сезімге шын.
Ғашық болғым келмейді еш бір жанға,
Жүрегімнен махаббатты жұлып бүгін.

Жүрегімді өзгеге мен бермеймін,
Ендігәрі сезімгеде мен сенбеймін.
Сенімсіздік қаптады жүрегімді,
Махаббаттың барына да мен сенбеймін

Сынақты беріп пе екен махаббаттан,
Іздеуден талсыншы деп қанат қаққан.
Айдын сұлу айдынында мен жүзейін,
Махаббатсыз аққудай жүзіп жатқан.

Бұдан әрі төзгім келмейді жалғандарға,
Уақытымның заясы болғандарға.
Сезімімді кірлетіп бітірді-ау,
Бет пердесі қалың болған адамдарда.

3.02.24 жылы


Қайыр бардай білмеймін жалғыздықта,
Бірақ оны жарығым жалғыз ұқпа.
Талап, ой, мақсатыңмен бірге болсаң,
Бөленуге болады ән қызыққа.

Достарыңмен өткізер күндерің кем,
Алыстайды жолдасыңда бірге жүрген.
Тұңғиыққа балдыр мұң батырады,
Бір мән болмаса егерде күндеріңнен.

Жалғыз ғана жабығу ұят қандай,
Өлген артық өлексе сияқтанбай.
Егерде шығар бір шыңың болса,
Еңбек керек, шабу үшін тұяқ талмай.

Мүмкін елеусіз адаммын талайға мен,
Ол бар кезде күн болып арайлап ем.
Кешсем де азап сол жанға жету үшін,
Іздеп тауып алсам деймін қалай да мен.

Білмеймін жалыққан ба, шаршаған ба?
Мұң сыйлап кеттім екен қанша адамға.
Қанша қиын болсада білесің бе?!
Жалғыздық керек екен шаршағанда.


Ешкім бұлай сүймейді сүйіктісін,
Әлде менен аласа, биікпісің?
Саған деген сарсан болған ойларменен,
Баса алмайды-ау содан қалған күйікті ішім.

Болмыс шіркін ғашықтықты ескере ме?
Не сүюден, не сенуден сескене ме?
Сол бір сенің оқтай өткір сөздеріңнен,
Ешбір сезім қалмағандай, ештеңе де.

Жарайды мінезіңе көндігермін,
Иә, сенің ше шыдаймын, енді ермін.
Сыйлағаннан махаббат тумайды екен,
Саған деген сезімдерді өлді дермін.

Мүмкін саған бұл өлеңнен мұң қалады,
Мекен етсек деймін менде бір қаланы.
Қашықтықта махаббат болмайды екен,
Сыйлай, сыйлай бұл сезімде былғанады.


Ертеңгі күн жаңа жыл деп саналған,
Келер жылға қалып қойды сан арман.
Біреулер бар қиялмаған өткенін,
Жастар аққан "ұмыттым" деп жанардан.

Сүйген адам ұмыта ма өткенін,
Қиялмайды ау ғашықтықтың көктемін.
Ал біреулер жаңа өмір бастады,
Ұмыта сап өмір жолын, өткелін.

Сәбилер жүр сыйлық күтіп, қиялдан,
Аяз Ата, Ақшақардан сый алған.
Жаңа жылда ғашығына қосылып,
Біреу шексіз оны қатты сүйе алған.

Ал біреулер денсаулықпен сыналған,
Ал бір адам өз шыңына шыға алған.
Сынақсыз-ақ келесі бір біреулер,
Жалғыздықтан жабығып бір жылаған.

Жаңа жыл ол әр адамға әртүрлі,
Тағдырлар бар сол секілді сан түрлі.
Біреулер бар шүкірсіздік танытқан,
Ал кей адамның мерекедей әр күні.


Мақпал түннің ішінен, бір арайлап,
Мен отырмын жалғыздықта, сені ойлап.
Үміт шіркін көңілім де жібермей,
Жаза ма деп желілерді қарайлап.

Келет менің үзгім-ақ үмітімді,
Сенен шіркін үйренсем ғой ұмытуды.
Кеткеніңе болсадағы бір-ақ күн,
Мың ғасырлық сағыныштың күні туды,

Бір сезімдер айналып сағынышқа,
Ей, ғашықтық Тараз жаққа алып ұшпа.
Аяқ асты кеткен соң екі жаққа,
Бір үлкен болады екен сағынышта.


Тәуелсіздік ызғары (1986 жылы болған желтоқсан оқиғасы жайлы)

Жыр бастайын ендеше қайырлы түн,
Тәуелсіздік емес пе мына бүгін.
Мен осы тарих жайлы айтайыншы,
Қанша ауыр болса да бүгінгі күн.

Отыз сегіз жыл өтті, лезде міне,
Желтоқсанның ызғарын сезбедің бе?
Жаңа жылды сен ойлап, күтіп жүрсің,
Сонда сен той-тойлауды көздедің бе?

Сен бірақ түсінбейсің жас баласың,
Өз тіліңе,өз еліңе мастанасын.
Кешегі сойқан болған Желтоқсанда,
Жас жеткіншек бастады ғой бастамасын.

Мен саған бол демеймін патриот шын,
Тым болмаса тарихты ашшы бүгін.
Орысша сөйлеп мәңгүрт болып жүргеніңнен
Несі жаман, болсаң егер патриотшыл.

Он алты жасында құрбан болған,
Ләззәттай қайсар мына кетті қолдан.
Рысқұлбеков,Әбдіқұлов жастай кетті,
Боламын деп қыздарға мына қорған.

Көтерілген жастарға жала жапты,
Бүлікші деп жақты мына қара дақты.
"Халық жауы,нашақор, ұрысың деп
Айыппенен жастарды қаралапты.

Қаралаған, ешкімге қарамаған,
Қазақты адамзат деп санамаған.
Сен ойлашы қалай мына "сатқын" дейді,
Өздері бір секілді адал адам.

Қаншалықты болсада аянышты,
Қазағым шыдамды, болды күшті.
Ұрпағым, жастарым,қазағым деп,
Талай бастан өткізді қорқынышты.

Қазіргі жастарымыз тайраңдап жүр,
Тарихты оқымайды үңіліп бір.
Ей, қазағым халқым менің жұртым мына,
Тарихты оқымасаң оқиды кім!?

Қанша адам қаза тапты шексіз оқпен,
Арпаласты көтеріліс,Ресей, отпен.
Қазіргі жастарымыз бақытты ғой,
Қазақтың сол бір кезін көрмей өткен.

Көзбен көрмей түсінбес ешбір бала,
Қайтеміз сондай ғой енді сана.
Жастардың жүрегіне жетсе екен,
Мүмкін шалқып жүрерміз сонда ғана.

Енді бізге салмасын басқа құдай,
Оңай болмас, болса егер мұндай жағдай.
Көрмеймін мен намысты адамдарды,
Батыр, қайсар желтоқсан жастарындай.

Менің мына өлеңіме ойлан қазақ,
Тәуелсіздік мұңды мына емес ғажап.
Осыны мен жастарға айтқым келеді,
Қайырлы түн ұйықтайын, оян қазақ.

Тәуелсіздік күні құтты болсын🫂🇰🇿

8.9k 1 16 17 18
20 last posts shown.