Тарих апай


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Quotes


Жаман нәрсе айтпаймын.
Иесі: https://t.me/TalshynBaq

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Quotes
Statistics
Posts filter


Ж. Абдрахманов күнделігінен.


Forward from: "боқ - time"
оқырманның пікірі бойынша, араға жарты жыл салып, жақсы арналардың бірі "боқ - time" телегке қайтып келді.

енді жабылмайды, себебі үйленді. (дэ)

"боқ-time" - өзінің бұрыңғы оқырмандарына іздеу салады, жаңа оқырманға есік ашық.

таратып жіберіңдер, телегтегі бұрыңғы "вайбты" қайтарайық.

#ескітаспабиі


Несін айтайын, Рейнхард Хессенің лекциясында отырмын.


Краш.
Қырғыз.
Жусуп Абдрахманов.
Қазақ риза бұл кісіге.

Сосын жазам не істегенін.


Ана Ресей империясына қарсы 372 көтеріліс болды дегенді оқыдыңдар ғой 8 сыныпта.

Талас Омарбеков марқұм 372 деп айтқанына өзі күмәнданып қалыпты ғой. Барлық деректі қайта тексерсе 25 көтерілістің ізін тапқан.

Енді 372 қайдан шықты десе, әр болыс, уездің жоғарыға берген сводкаларынан алынған сан.
Олар екі-үш адамның қарсылығын да көтеріліс деп жазып жіберуі мүмкін.

Санға жұмыс жасау осы.
Төмендегілердің берген ақпараттарының жалғандығы.

Оның несіне таң қаламыз?
Хотя, сендер таң қалмайсыңдар ғой.


Университет асханасында бір ағай “Осында кірсем қабіріме кіргендей болам. Біртүрлі атмосферасы ұнамайды” деп әңгімені бастады. “Атмосфераңызды біз күшті ғып береміз” дедім мен күліп.
Әрі қарай мақал-мәтел, біраз әңгіме айтты. Сосын философия, ислам пәлсапасы деген сабақтардан беретінін білдік.

Ең соңында бізге 25 жас берді.
Сомен ағай ұнамай қалды.


Forward from: Қарақ
Video is unavailable for watching
Show in Telegram


ЦОН дегенді жек көрем.


Жаңбырды шынымен жақсы көресіңдер ма?


Forward from: Қарақ
Бақытсыздық та тәкаппарлықтың бір түрі.


Forward from: Белгісіз галактика
Бір мектеп директоры жұмысқа қабылдаған әрбір мұғалімге осы хатты жіберетін...

"Құрметті ұстаз!

Мен концлагерді басымнан өткерген жанмын. Өзімнен басқа ешбір жан сезінбесінші деп тілейтін жайларды көзім көрді. Олар:

— инженер ғалымдардың адам өлтіретін газ камераларын жасағанын;

— білікті дәрігерлердің балаларды улағанын;

— тәжірибелі мейірбикелердің нәрестелерді өлтіргенін;

—жоғары оқу орнының түлектері балалар мен әйелдерді қалай атып, өртегенін...

Сондықтан мен білімділікке сенбеймін.

Мен сізден өтініп сұраймын: шәкірттеріңізге адам болып қалуға көмектесіңізші. Сіздің еңбегіңіз, берген біліміңіз құбыжық ғалымдарды, оқыған психопаттарды, білімді Эйхмандарды тудырмаса екен.

Оқу, жазу, арифметика балаларымыздың бойына АДАМГЕРШІЛІК нәрін еге алғанымызда ғана маңызды, сонда ғана керек."

619 0 12 1 19

Сөз — баста быжынап жатқан сансыз ойдың күңгірт көлеңкесі ғана. 

(Кім айтқанын ұмытып қалдым. Іздеуге құлшынысым да жоқ)




– Берекет Кәрібаев айтады екен, бірінші курстан бастап өз адамдарыңды тауып алыңдар деп. Сәл ақымақтау, жас кезде.
– І міне, мынау жүр ғой санасы сан жаққа бөлініп. Ақымақ емес. Жас емес.

Біздің шәй үстіндегі әңгімеден.


Келесі сайлау қашан болады? Кім, қай жылға бәс тігеді?
Poll
  •   2024
  •   2025
  •   2026
  •   2027
  •   2028
  •   2029
135 votes


JK Әлем чемпионатында!!!


– И болды, өзім аламын ғой зарплатам түссе.
– Алып берем деп тұрғанда үндемей алсаңшы. Алатыныңды ал да, Алматыңа тай.

(8 банка салаты бар, тосабы бар. Ет, конфет, печенье. Загран паспортыңды жасат деп 30000 теңге)
Қашпақ болсаң, зымыра.


Алматыдан 33 990 теңгеге алған теддиім Жаркентте 26 000 дейді.

12 500-ге аяқ киім, 8000 мыңға шалбар алдым.

Жаркенттен-ақ киіне берем.


Иее, магистратура деген күйеуге тиіпсің да.

Базардағы Нұргүл апа.


Forward from: begim.
Әссаламу әлейкум уа рахматуллахи уа баракатух!
жақында біз өз ұжымымызбен, мешіт-медіреселерге қасиетті "ҚҰРАН-КӘРІМ" кітабын тарату ниетіміз бар.
Алла Тағала қасиетті Құранда:
"Кім шаң-тозаңның салмағындай жақсылық істесе оны көреді , ал енді кім шаң-тозаңның салмағындай жамандық істесе оны да көреді".(7)деген.
Жәй ғана сауапты іске себепкер болудың өзі үлкен нығымет!
Ниет-Алла үшін.
Дұға: Аллаһым осы садақамды өзің үшін бердім, сен үшін сенің разылығың үшін.Ниетімді осы дұғамды қабыл етіп, тек қана өзің разы болған құлдарыңнан етуді сұраймын.
Себепкер болу үшін 👇🏻:
🛑+77087576403(Бегайым.А.)

20 last posts shown.

211

subscribers
Channel statistics