Tengri.kz


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Tengrinews.kz сайтының қазақ тіліндегі телеграм-арнасы.
Өзекті ақпарат - өз уақытында.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Алматыда 1 ақпаннан бастап суық су тарифі өседі:

- сумен жабдықтаудың орташа тарифі - 135,24 теңге/м3;

- су айдауға - 83,54 теңге /м3 болады.

Халық үшінсумен жабдықтаудың базалық тарифі 91,96 теңге/м3, су айдауға – 83,54 теңге/м3 дейін өседі.

Бұл ретте басқа тұтынушылар мен бюджеттік ұйымдар үшін де баға өзгереді. Орташа чек:

- тұрғын үй ауданы 32 м2 бір бөлмелі пәтерге – 156 теңгеге және кәріз үшін – 139 теңгеге (295 теңге);

- ауданы 48 м2 екі бөлмелі пәтерге – 234 теңгеге және кәріз үшін – 208 теңгеге (450 теңге);

- ауданы 88 м2 үш бөлмелі пәтерге – 312 теңгеге және кәріз үшін – 278 теңгеге (600 теңге) өседі.

t.me/tengri_kz


Алматыда мәйітхана күзетшісі қайтыс болған адамдардың денелерін қорлады деп айыпталған іс бойынша сот шешімі шықты.

Сот некрофилия ісі бойынша үкім шығарды.

Ер адам бірнеше рет қайтыс болған адамдардың денелеріне қол жүгіртіп, интим жерлерін ұстағаны үшін айыпталған. Сонымен қатар ол бұл әрекеттерді видеоға түсіргені анықталды.

Сот талқылауы барысында ер адамның ақыл-есі дұрыс емес екені белгілі болды. Осыған байланысты ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

t.me/tengri_kz


Полиция үй-үйді аралап жүргені рас па?

WhatsApp-та полицейлер үйлерді аралап, биометриялық мәліметтер жинайды деген ақпарат тарады.

Ішкі істер министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарып, жалған ақпарат таратқандар жауапкершілікке тартылатынын ескертті және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

t.me/tengri_kz


Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,25% деңгейінде қалдырды.

Шешім жаңартылған болжамдар мен инфляция балансын ескере отырып қабылданған.

Анықтама: Базалық мөлшерлеме — Ұлттық банктің коммерциялық банктерге беретін несиелері мен қабылдайтын депозиттері бойынша пайыздық мөлшерлеме. Ол несиелердің пайыздық мөлшерлемелерін анықтап, инфляция деңгейіне әсер етеді. Базалық мөлшерлеме – экономика мен банк секторының негізгі бағыттарын айқындайтын құрал, оны Ұлттық банк реттейді.

t.me/tengri_kz


Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы Жетісу облысында қаза тапқан сарбаздың өліміне қатысты пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, 14 қаңтарда Сарыөзек гарнизонында далалық оқу-жаттығу кезінде әскери қызметші қаруды қолдану ережелерін бұзу салдарынан жарақат алып, қаза тапқан.

"Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы жетекшілік ететін арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр", – делінген таратылған хабарламада.


Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы сарбаздың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, қажетті көмектің барлығы көрсетілетінін жеткізді.

t.me/tengri_kz


Жетісу облысында 18 жастағы мерзімді әскери қызметкер қаза тапты.

Мәліметке сәйкес, 12740 әскери бөлімінің мерзімді әскери қызметшісі, 2006 жылы туған Дастан Құрманбек АК-74 автоматымен өзінің жүрегіне оқ атқан. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Алайда жігіттің туғандары өзін атып өлтірді деген нұсқаға сенбей отыр.

Қорғаныс министрлігі әзірге бұл жағдайға түсініктеме берген жоқ. Біз ведомствоға ресми сұрау жолдадық.

t.me/tengri_kz


Түрксіб ауданында тұратын алматылықтар түннен бері газ жоқ екенін айтып жатыр. Олардың сөзінше, көп үй жылусыз қалған.

QazaqGaz Aimaq АҚ 16 қаңтарда кәріз құбырларын төсеу үшін жүргізілген жұмыстар кезінде орташа қысымды жерасты газ құбырының учаскесі зақымдалғанын хабарлады.

Осыған байланысты қазір QazaqGaz Aimaq АҚ Алматы өндірістік филиалы газ құбырының зақымдалған учаскесінің авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жедел орындауға кірісті.

t.me/tengri_kz


Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті.

Әкімдік мәлімдеуінше, сенімгерлік басқару шартының мерзімі аяқталып, “Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы” АҚ акцияларының 100 пайызы қаланың коммуналдық меншігіне берілді.

Қазір әкімдік пен Terminals Astana Airport Management ЖШС арасында жаңа сенімгерлік басқару шартын жасауға дайындық жүріп жатыр.

t.me/tengri_kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Өскеменде бетперде таққан ер адам дүкенді тонаған.

Күдікті медицина маскасымен бетін жауып, ғимаратқа кіріп, тиын салынған контейнерлер мен ақша ұрлаған.

Ол ақшаның қайда сақталатынын алдын ала білген, себебі бұрын дүкенге су жеткізген. Дүкеннің ішін жақсы білсе де, ұры есіктен кіріп-шығарда екі рет сүрініп құлаған. Ұрланған сомасы шамамен 600 мың теңге.

Полиция ақшаның бір бөлігін өндірді. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге екі жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

t.me/tengri_kz


Instagram-ға қазақ әуендері қашан оралады?

Бұл сауалға Әділет вице-министрі жауап берді
.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, Авторлық құқықтарды ұжымдық басқару ұйымы қазіргі уақытта Meta компаниясымен 2025 жылға арналған келісімшартты қайта қарау жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр. Келісімге жақында қол жеткізуге үмітті.

Әділет министрлігі бұл азаматтық-құқықтық қатынастарға араласпайды, себебі ұйымдарды авторлар өздері таңдайды. Қазақ әуендерінің Instagram-ға қашан оралатыны келіссөздер нәтижесіне байланысты.

t.me/tengri_kz


29 жастағы қазақстандық Әділхан Қопабаев Apple компаниясында басшылық қызметке тағайындалды.

Apple-ге тағайындалғанға дейін Қопабаев халықаралық консалтинг және IT-компанияларда жұмыс істеді.

2023 жылдан бастап Қазақстанның Энергетика министрлігі жанындағы "Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы" АҚ-ны басқарды және "Қазақстанның отын-энергетикалық кешенінің ситуациялық-талдау орталығының" басқарма төрағасы болды.

t.me/tengri_kz


Әділет министрлігі көлікті қыздыру нормасын қайта қарайтын болды.

Бұл туралы Сенат кулуарында Әділет виц-министрі Ботагөз Жақселекова мәлім етті.

Жақселекованың сөзінше, аталған мәселе ведомствоаралық комиссияда қаралады, оның құрамында тек тиісті мемлекеттік органдар ғана емес, сондай-ақ депутаттар да болады.

t.me/tengri_kz


Маңғыстау облысында алып сәби дүниеге келді.

Салмағы 5,7 кг сәби өмірге келді. Ана мен баланың жағдайы тұрақты, дәрігерлер бақылауында.

Бұл отбасының екінші баласы, алғашқысы 2022 жылы дүниеге келген.

t.me/tengri_kz


Ақтауда апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшіктері Бразилиядан Қазақстанға жеткізілді.

Көлік министрлігінің мәліметінше, ИКАО-ның 13-қосымшасы стандарттарына сай жүргізілген тергеу нәтижелері бойынша алдын ала есеп жарияланады. Есепте анықталған деректер мен тергеу барысы туралы ақпарат берілмек.

Қазақстанға жеткізілген борттық жазғыштардан алынған мәліметтерді мамандар зерттеп жатыр.

t.me/tengri_kz


Ақтөбеде ата-анасымен бірге кепілге алынған 40 жастағы әйел есін жиды.

Дәрігерлер қайғылы оқиғадан аман қалған зардап шегушінің жағдайы туралы мәлімет берді. Ол – кепілге алынғандардың ішінде тірі қалған жалғыз адам.

Қазіргі уақытта әйел нейрохирургия бөлімінде, полицияның тәулік бойғы күзетінде жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, пациенттің ұялы телефоны жоқ, оған палатасына ешкімді кіргізбейді. Сондықтан ол жақындарының қайтыс болғанын әзірге білмейді.

Осы уақытта қайғылы оқиға болған үйде зардап шеккен әйелдің ата-анасының жерлеу рәсіміне дайындық жүріп жатыр. Бұрын үйдің есігі мен қақпасы мөрленген болатын, қазір барлығы ашық.
16 қаңтарда 67 жастағы әйел мен 74 жастағы ер адам жерленеді.

t.me/tengri_kz


Пшөнге арналған сәулет мүсіні қойылатын жер белгілі болды.

Атырау облысында былтырғы су тасқыны кезінде ерекше ерлігімен есте қалған Пшөн есімді итке арналған сәулет мүсіні Махамбет ауданына орнатылады.

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл шешім оның символдық маңыздылығын ескере отырып қабылданған.

t.me/tengri_kz


Мемлекет басшысы "Абу Дабидің орнықты даму апталығы" алаңында Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелонимен кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Джорджа Мелониді туған күнімен құттықтады.

Мемлекетаралық ынтымақтастықты жоғары деңгейде сақтау үшін Джорджа Мелониді Астанаға ресми сапармен келуге шақырды.

t.me/tengri_kz


Мемлекеттік қызметшілерді бірге жұмыс істейтін туыстары туралы хабарлауға міндеттейді.

Жеке мүдделер туралы декларацияны толтыру тәртібі үкіметтің актісімен анықталатын болады. Егер декларация уақытында ұсынылмаса немесе ол дұрыс толтырылмаса, мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады.

Егер декларацияда толық емес немесе жалған мәліметтер көрсетілсе, мемлекеттік қызметші декларацияны тапсырған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде қосымша декларация беру құқығына ие болады.

t.me/tengri_kz


Сыбайлас жемқорлық жасағандардың аты-жөні жария тізімге енгізіледі.

Бұл туралы Мәжіліс отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді.

Тізілімге тек ауыр немесе аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандардың мәліметтері енгізіледі.

Қосылатын мәліметтер: аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, қылмыс құрамы, айыптау үкімі, жаза түрі.

Мәліметтер тізілімнен тек ақтау үкімі шыққан жағдайда немесе соттылығы өтелгенде алынады.

t.me/tengri_kz


Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёл бүлік ұйымдастырды деген айыппен қамауға алынды.

15 қаңтарда тергеушілер оны ұстауға келіп, президенттің күзет қызметімен қақтығысқан. Қарсылық шамамен 2,5 сағатқа созылды.

Кейін Юн Сок Ёл тергеуге өзі келуді шешті, ал күзет бөлімшелері қамауға алуға кедергі жасамауға келісті.

t.me/tengri_kz

20 last posts shown.