КЕЗЕКТІ ТАРИХИ КІТАБЫМЫЗДЫҢ ТҰСАУЫ КЕСІЛДІ
⚜️ Атамыз Әбдірахман Маханбетұлының 90 жылдық мерейтойында «Қадырқұл ишан Оразмағанбетұлы. Бәрі де бір Алланың ісі…» кітабының тұсауы кесілді. Мерейтойда сөз алып кітапты жұртшылыққа таныстырып, ишан өмірі жайлы зерттеу нәтижелерімен бөлістім. Кітап тұсауын ишанның немерелері Әбдірахман Маханбетұлы мен Бекмат Маханбетұлы кесті.
✅ Кітап 5 бөлімнен тұрады. Кітапқа Қадырқұл ишанның өмірі жайлы зерттеулер, тың деректер, абыз-ақсақалдардың әңгімелері мен ыстық естеліктері жазылған.
🙌🏻 Осыдан 2 жыл бұрын атамның ақ батасын алып, аманатын арқалап бабамыз жайлы кітап жазуға жолға шыққан едім. Сол сапарымның бір бөлігі сәтті тәмәмдалып отыр. Өсіп келе жатқан жас ұрпақ өзінің кімнен тарағанын, ата-балалары мен әулеті қандай болғанын біліп өсуі керек. Сонда ғана бала тектілікті сезініп, ту көтереді.