🎄«Арман ағашы»: AMANAT партиясы қайырымдылық акция аясында 20 мыңнан астам баланың арман-тілегін орындады
📌Жаңа жыл қарсаңында AMANAT партиясының «Жастар Рухы» Жастар қанаты жыл сайынғы «Арман ағашы» акциясын іске қосты. Бүгін акция аясында «БАЛАМ-АЙ» мүгедек балаларды қолдау қайырымдылық қорының бүлдіршіндеріне арнайы жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді. Шара барысында бүлдіршіндер тек сыйлықтар алып қана қоймай, өздерін ертегі әлеміне енгендей сезінді.
🗣Партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек акцияның тең мүмкіндік пен қолайлы орта жасаудағы маңызына ерекше тоқталып, оның ерекше қажеттілігі бар балаларға қуаныш сыйлайтынын атап өтті.
🟡Акцияның басты мақсаты – ерекше балаларға Жаңа жыл қарсаңында мерекелік көңіл күй сыйлап, олардың армандарын орындау. Іс-шара барысында бүлдіршіндер өздері көптен күткен сыйлықтарына қол жеткізіп, мерекелік қойылымды тамашалап, ерекше әсерге бөленді.
🗣 Өз кезегінде «Жастар Рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова бұл бастаманың жыл сайын жалғасын тауып келе жатқанын тілге тиек етті.
🌐Толығырақ: amanatpartiasy.kz

«Жаңа жыл – нағыз отбасылық мереке. Оны мейірім мен жылылықтың, береке мен бірліктің, жанашырлық пен қамқорлықтың бір символы деуге болады. Жарқын мейрам бүлдіршіндерді сыйқырға сендіріп, оларды айрықша бақытқа бөлейді. Бұл тұста, Партиямыз ерекше қажеттілігі бар бүлдіршіндерге қуаныш сыйлап, қамқорлық көрсетуді игі дәстүрге айналдырғанын білесіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз орта құрудың маңызын әркез айтып келеді. Осы орайда, ерекше қажеттілігі бар балалардың арманына қанат бітіру мақсатында «Арман ағашы» акциясын өткізіп жатырмыз. Бұл игі бастаманы «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының еліміздің түкпір-түкпірінде жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Қазіргі таңда бұл акция 20 мыңнан астам балаға қуаныш сыйлап, олардың арманына қанат бітірді. Мұндай игі істер ерекше қажеттілігі бар балалардың көңілін көтеруге, олардың қоғамда өз орнын табуға зор үлес қосатыны сөзсіз. Біздің түпкі мақсатымыз да – осы», – деді ол.