AQYNDAR


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Blogs


Ақындар арнасына хош келдіңіз!
Сіз бізді, өзіңізге дос көріңіз
Жақсы өлең жазылатын арнамызда,
Жазылмайды негізі бос сөзіміз!
Админ: @AQYNDARBOT
Арнамызға шақыру сілтемесі 👇

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Blogs
Statistics
Posts filter


Құр білімнен не пайда,
Жүрегі таза болмаса.
Өзінен зор залымды,
Құрақ ұшып қолдаса.

Саналы жаннан не пайда,
Қоғамды пара қаптаса.
Жүрек жарды шын сөзің,
Құлағына жақпаса.

Тәуелсіздіктен не пайда,
Арайлап таңың атпаса,
Өзінен шыққан байлықтың,
Пайдасын халқы татпаса.

Дұшпанның ескі заңдарын,
Қызғыштай қорып сақтаса.
Шекараңнан не пайда,
Көрінген одан аттаса.

Айдаһар, аю қосылып,
Төріңді сенің таптаса!!!
Елім деген ерлерің,
Төсекте тыныш жатпаса.

Мен сорлыдан не пайда,
Айтқан сөзім ешкімнің
шымбайына батпаса!!!

@AQYNDAR
#қараөлең #насихат

Ғани-Ахмет


АЛЛАДАН СҰРА

Жақсы да тұрар бұл елде
Жаман да тұрар бұл елде.
Жарығы күннің түссе де
Түспесін күнің біреуге!

Түссін тек күнің әкеңе
Түзету жасар қатеңе.
Алатаудайын жүрегің,
Алақаныңмен мәпеле

Түссін тек күнің анаңа
Шуағын төккен санаңа
Сол жанның ұлы жолында
Өмірдің өзі садаға

Мейірім кеткен заманда
Жақсы да бар жаман да
Алладан сұра сұрасаң
Алақан жайма адамға!

@AQYNDAR
#әке #ана #тойғатілек


Жарамас ізгі өнерді жандандырмай
Болмайды тойлы ауылға шам жандырмай
Алладан жәрдем сұрап сөз бастадық
Намаздан жаңылмаған нар Жамбылдай

Ағайын ықыласыңызға иілеміз
Меккеге жеті ай жүріп барған құлдай
Иманды сөзім қалсын саналарда
Әулиеге әуеден тамған нұрдай
Салмақтап салиқалы ой тастайық
Сары майдан суырып алған қылдай

Елдің көңілін қандырып біз көрейік
Шөптің шөлін қандырған ақ жаңбырдай
Қазақ деген халықтан айналасың
Артына сөз қалдырған мал қалдырмай!

#той #асаба #қараөлең
@AQYNDAR


Мына бір видеоны міндетті түрде көріңіздер, таратыңыздар. Исламға қызмет мұсылманға бір міндет!


Ағайын, қабыл болсын құрбаныңыз!
Жүз болып қайтсын шалған бір малыңыз.
Бір түгіл мелион малға татымай ма,
Бұл күнге аман жетіп тұрғаныңыз?!

Арман Бердалин
#құрбанайт
@AQYNDAR


Өсек сөз айтылғанда құлағың керең болсын, өсиет сөз айтылғанда ойың терең болсын...

#қарасөз #нақыл #мақал
@AQYNDAR


Балаларымызды балдай тәтті қыла гөр
Істерімізді оңтайлы сәтті қыла гөр
Отағаларымызды тақты қыла гөр
Жортқан да жорғалы атты қыла гөр
Шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ орнасын,
Бір Алланың өзі жебеп қолдасын!

#бата
@AQYNDAR


Асқазан мидан ақылды, өйткені оның "айну" деген қызметі бар. Ал ми бәрін қабылдай береді.

Шыңғыс Айтматов
#нақылсөз
@AQYNDAR


#бата
@AQYNDAR


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Ешкімге ренжімеңіз...
#қараөлең
@AQYNDAR


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Атадан БАТА
#бата
@AQYNDAR


Білімдіден не пайда білгенін көпке айтпаса, үйреткеннен не пайда қайырымы қайтпаса.

@AQYNDAR
#нақыл #мақал
Ахмет Байтұрсынұлы


Әйелге ері жақын анасынан,
Қарындас сенемісің сен осыған?
Алладан соң жарының разылығын,
Шығармау керек әйел санасынан.
Екеуі қол ұстасса: күнәлары, Төгіледі саусағының арасынан.

#қызғатілек #тойғатілек
@AQYNDAR


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Наурыз мерекесі құтты болсын!

#бата
@AQYNDAR


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
ТІС жайлы өлең 😁
#әзілсөз #әзілөлең
@AQYNDAR


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
БІРІГІҢДЕРШІ АҒАЛАР

#қазақ
@AQYNDAR


​​СЕЗІМ ❤️

Арпалысып ақылмен, төзімменен,
Бір сәт те дем алмайды сезім деген.
Шыр етіп жерге түскен шілдехана,
Келеді дүниені кезуменен.

Жанымды тыншытпайды сезім деген,
Қалай жүр, япырау, төзіп денем?!
Қаншама күндер өтті дамылдамай,
Қаншама түндер өтті көз ілмеген,
Білмеймін, не іздейді сезім менен?!

Белгілі шегі де жоқ, жоқ тұрағы,
Белгісіз, қайда апарып соқтырары.
He, сезім, мені бір күн от қылады,
He, сезім, мені бір күн жоқ қылады!..

Қаншама көлденеңнен өтті қарғып,
Әлемге әмір беріп, етті жарлық.
Ғаламдық заңдылықты мойындамай,
Жүргені, барды жоқ қып.
Жоқты бар ғып.

...Адамның сезімінен сезіктенбе,
Сезімді сезіне біл, төзіп, көн де.
Ақыл менен парасат бұғынады,
Шынайы шын сезімге кезіккенде...

Мұқағали Мақатаев
#сезім #махаббат
@AQYNDAR


СӨЗ БЕРУ

#тойғатілек #асаба
@AQYNDAR


50 жас
#тойғатілек
@AQYNDAR


Біреулер сырттан мылтық кезенеді,
Есті адам өсек-даудан безер еді.
Артынан жақсы адамның сөз ереді,
Ал, жаман сөз артынан өзі ереді.

Бекжан Базарбек
#төрттаған
@AQYNDAR

20 last posts shown.

620

subscribers
Channel statistics