22 және 23 шілде Оралда қоныстой тойлайтын күн болды. Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жаңа пәтерлердің кілті табысталды.
Қоныстой иелеріне арналған пәтерлерді Нұрлан Смағұлов қоры сатып алды – меценат Орал қаласына көмектесу үшін 5,6 млрд теңге бөлді. Бұл қаражатқа қаладағы жаңа салынған үйлерден 264 пәтер сатып алынды. Сатып алынған шаршы метрлердің бір бөлігі әлі ішкі әрлеу сатысында, алайда олар дайын болған кезде алапат судан зардап шеккен отбасыларға қаланың жаңа салынған үйлерінде орналасқан пәтерлердің кілттері табысталады. Салтанатты рәсімге Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты.
Нұрлан Смағұлов қоры жүзеге асырған алғашқы қоныстойлар 6 және 26 маусымда өтіп, Орал қаласының тұрғындарына 21 пәтер кілті табысталды, ал 22 және 23 шілдеде 120 отбасы кілттерін алды.
Нұрлан Смағұлов қорының директоры Айдын Сұлтанов: «Біз көмектесуге бірден шешім қабылдап, қаражатты қайда бағыттаған дұрыс деп ойландық... Мұндай жағдайдағы басты міндет – адамдарға ертеңге күнге деген сенімділік, қауіпсіздік сезімін қайтару маңызды. Біз барлық 264 пәтердің дайын болуын күтпей, дайын болысымен кілттерді табыстап жатырмыз. Қазір кестемен келе жатырмыз, құрылыс салушылар қалған 123 пәтерді уақытында дайындап беруге уәде беріп отыр, оларды екі кезеңмен шілде айынының соңында және тамыз айының алғашқы он күнінде табыстауды жоспарлап отырмыз».
Нұрлан Смағұлов компаниялары отандастарының қайғысына алғашқылардың бірі болып көмек қолын созды. «Астана Моторс» зардап шеккендерге көмек қорына 500 млн теңге аударды, «Астана Моторс» құрамына кіретін Chery бренді Қытайдағы Chery International компаниясымен бірге Солтүстік Қазақстан облысына баламасы 50 млн теңгені құрайтын гуманитарлық көмек жіберді. MEGA СОО желісінің, «Астана Моторс» және Mycar қызметкерлері өздері бастама көтеріп, 10,4 млн теңгеден астам қаражат жинап, оны Ақмола облысының Атбасар аударының тұрғындарына гуманитарлық көмек түрінде жіберді. Компаниялар тобы және қызметкерлер атынан көрсетілген көмектің жалпы көлемі 6,1 млрд теңгені құрады.