Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Атырауда 22-қараша күні сібір жарасы ауруын жұқтырды деген күдікпен #2облыстық ауруханаға науқас жеткізілді. Алынғанған ПДР сынамасы оң нәтиже беріп, науқасқа сібір жарасы диагнозы қойылды. Сынама науқастың қолындағы жарақаттан алынған.
Бұдан бөлек науқаспен, ауру малмен байланыста болған 16 адам медициналық ұйымдардың қатаң бақылауында. Жағдайлары тұрақты.
Айта кетейік, сібір жарасы ауру малдан адамға қол мен аяқтың ашық жері арқылы жұғады. Ал бұл аурудың белгілері 14 күн ішінде, орташа есеппен 5-6күнде анықталады.
Хұсни ХАМЗА
“Сібір жарасының бірнеше формасы бар. Ауру жұқтырған науқасқа сібір жарасының терілік формасы деген диагноз қойылды. Бұл жеңіл өтетін форма түрі. Қазіргі уақытта науқастың дене қызуы қалыпты, денсаулық жағдайы қанағаттанарлық. Медициналық хаттамаға сәйкес антиобиотик терапиямен емделуде” дейді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық қызмет көрсету басшысының орынбасары Алмагүл Абилова.