«Қоғаммен байланыс»: халықпен кері байланыс орнатудың тиімді форматы «Қоғаммен байланыс» жобасын іске асыру аясында Жамбыл ауданында уәкілетті мемлекеттік органдар мен қоғам қайраткерлерінің қатысуымен халықпен тікелей байланыс орнатуға зор мүмкіндік беретін азаматтарды қабылдау бойынша ауқымды акция өтті.
Бірлескен қоғамдық қабылдау күрделі мәселелерді шешудің тиімді құралына айналды, нәтижесінде
200-ден астам азаматқа тиісті жауаптар мен құқықтық көмек алуға, сондай-ақ олардың
52 өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.
Мәселен, жергілікті атқарушы орган
170 мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуына қолайлы жағдай жасап, оларды жаңа ғимаратқа көшіретін болды.
Ағымдағы жылдың басынан прокуратура органдарына азаматтардан
2514 жолданым келіп түскен, оның
423-і өз шешімін тапса,
623-і бойынша тиісті түсіндірмелер берілген.
«Халықтың сұраныстарына жедел ден қою және кері байланыс орнату прокуратура жұмысының негізгі басымдықтары болып табылады» – деп облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров қоғаммен диалог пен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, облыс прокуроры шұғыл шешімді талап ететін бірқатар мәселелер бар екенін жеткізді.
Азаматтардың өтініштерін талдау нәтижесімен шағымдарды қарау процесінде бұзушылықтар бар екені анықталды, бұл тұрғындарды жоғары тұрған органдарға немесе прокуратураға жүгінуге мәжбүр етеді.
Мысалы, биылғы жылы прокуратура
2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азаматтарға инватакси қызметін ұйымдастыруда бұзушылықтарды анықтады.
Прокуратура шараларымен аталған заң бұзушылықтар жойылды.
2024 жылы Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органына
1 122 жолданым келіп түсті, оның
590-ы (52%) жер мәселелеріне қатысты, бұл осы саладағы мәселерді талқылауды және жоюды талап ететіндігін көрсетеді.
Көлқайнар ауылдық округінде жер учаскелерін берудің заңдылығын талдау барысында жерді заңсыз беру фактілері анықталды, бұл жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырған.
Осыған байланысты, жұмыстың тиімділігін арттыру және азаматтармен өзара іс-қимылды жақсарту үшін халықтың неғұрлым өзекті сұрақтарын алдын ала талдау арқылы кездесулерді жүйелі түрде ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.
«Қоғаммен байланыс» жобасы жақын арада облыстың өзге өңірлерінде жалғасатын болады.
#ЗаңменТәртіп #Заңүстемдігі Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/972329?lang=kk🌐
https://t.me/GenPrFacebook |
Instagram |
YouTube |
Сайт ГП