Qazaqparat


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


Егер қандай да бір мәселемен бөліскіңіз келсе немесе оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз осы жерге: https://t.me/qazaqparat_bot фото-видео және қосымша мәліметтерді жолдасаңыз болады.

Related channels  |  Similar channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🇰🇿🇰🇬 Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿🇰🇬 Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

🎖Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровқа I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті.

Салтанатты рәсім барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровтың екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға және нығайтуға зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

– Қырғызстан – біздің ежелден еншісі бір, тамырлас туысымыз. Ең жақын әрі сенімді стратегиялық серіктесіміз. Қос халықтың бауырластығы – өзара тиімді қарым-қатынастың алтын арқауы. Бұл іске Сіз зор үлес қосып келесіз. Мен оны жоғары бағалаймын, – деді Президент.


Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан Қырғыз елімен стратегиялық әріптестік пен одақтастыққа негізделген ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Біз болашаққа бірге қадам басамыз. Мәңгілік достығымыз бен мызғымас бауырластығымыз жалғаса береді.

– Сіз халықтарымыз арасындағы өзара тиімді байланыстарды нығайтуға зор еңбек сіңірдіңіз. Мен осыны ескере отырып, Сізді І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл – ерекше құрмет пен шынайы ризашылықтың белгісі. Осы марапат екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға ықпал етеріне сенімім мол. Қазақстан мен Қырғызстанның достығы мәңгі жалғаса берсін! – деді Мемлекет басшысы.


🇰🇬 Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевқа шын жүректен алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайту үшін бар күш-жігерін салуға дайын екенін мәлімдеді.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
💬 Қазақстанның үш өңірінде діни экстремистік ұйымның мүшелері ұсталды

17 сәуірде ҰҚК ІІМ-мен өзара әрекеттесе, прокуратура органдарының үйлестіруімен Алматы қаласында, Алматы және Жамбыл облыстарында Қазақстанның 4 азаматын ұстады.

Олар республика аумағында тыйым салынған діни экстремистік ұйымның әрекетіне қатысты және ұйымдастырды деп айыпталып отыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Мұз көшкіні: Алматыда Есентай өзені жағасына каскад салынады

Мұз көшкіні қайталанбас үшін Есентай өзенінде ұзындығы 2 шақырым жасанды сарқырама мен каскадтар құру жоспарланған болатын.

Бұл ағынның жылдамдығын төмендетуге және канал қабырғаларында мұздың тез жиналуының алдын алуға көмектеседі.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Ұлттық ұлан елдің батысы мен солтүстігіндегі су тасқынына қарсы қарқынды күресуде

Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жою жалғасуда, су тасқынына қарсы, сондай-ақ авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындар 30 эвакуациялық пункт бойынша бөлінген. Айта кетейік, бұл өңірдің құрамына 5 қала, 13 аудан және 190 ауылдық округ кіреді. Облыстың жалпы ауданы 100 мың шаршы шақырымнан аз, ал жарты миллионнан астам тұрғыны бар.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿🇰🇬 Жиында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, Қырғызстан Министрлер кабинеті төрағасының бірінші орынбасары Адылбек Касымалиев, Қазақстанның Көлік министрі Марат Қарабаев, Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының бірінші орынбасары – Шекара қызметінің директоры Уларбек Шаршеев, Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, Қырғызстанның Энергетика министрлігінің бірінші орынбасары Назгүл Усенова, Қырғызстанның Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеуші өнеркәсіп министрінің орынбасары Алмазбек Сокеев, Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Максутов сөз сөйледі.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇬 Қырғызстан Президенті сан алуан бағыт бойынша серіктестікті одан әрі нығайту маңызды екенін жеткізді

– Бүгінгі шара қырғыз-қазақ қатынастарын одан әрі нығайтуға ықпал етеді деп ойлаймын. Келіссөздердің дәстүрлі одақтастық және стратегиялық байланыс рухында өтіп жатқаны қуантады. Қырғызстан Қазақстанмен екіжақты байланыстарды тереңдетуге бағытталған сыртқы саясат жүргізіп отыр. Бір-бірімізді қолдап, келешекті ойлап, барлық мәселені бірлесіп шешкен дұрыс деп санаймын. Қырғызстанның атқарушы билік органдары екі ел арасындағы Жоғары мемлекетаралық кеңестің шешімдерін іске асыру үшін тиісті шараларды жүзеге асырып жатыр. Бүгінгі кездесулеріміз екі елдің өзара ынтықмақтастығына тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Садыр Жапаров.


▪️Президенттер бүгінгі талқылаулардың табысты болғанын, екіжақты ықпалдастықтың басымдықтары мен алдағы міндеттері айқындалғанын атап өтті.

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қатынастарды мүлде жаңа деңгейге көтеруге өзара ниетті екенін айтты.

▪️Сонымен қатар жиын барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, су-энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿🇰🇬 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты

▪️Екі ел басшыларының төрағалығымен Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің алтыншы отырысы өтті.

▪️Мемлекет басшысы қазақ-қырғыз қатынастары стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

– Біз одақтастық байланысты нығайтуды қолға алдық. Бүгін біз тарихи келісімге қол қоямыз. Осы маңызды құжат қазақ-қырғыз қатынастарының дамуына тың серпін беретініне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан біз бұл келісімге үлкен үміт артып отырмыз. Оған біздің мүмкіндігіміз де, ынта-жігеріміз де жеткілікті. Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысы ынтымақтастық аясын кеңейтуге жол ашады деп санаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


▪️Президент бүгінгі отырыс барысында екі ел ынтымақтастығының өзекті мәселелері талқыланатынын айтты.

– Уақыт сынағынан өткен ықпалдастығымыздың болашағы зор екеніне кәміл сенемін. Бұл бағытта бір кісідей күш жұмылдыруымыз қажет. Осы орайда Жоғары мемлекетаралық кеңестің жұмысы қазақ-қырғыз қарым-қатынастарын дамытуға ерекше серпін беретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.


ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿🇰🇬 Келіссөз барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарға да назар аударылды

– Өзара мәдениет күндерін өткізу игі дәстүрге айналды. Жастар арасындағы ықпалдастық күшейді. Білім беру саласында тәжірибе алмасып жатырмыз. Бүгін өзіңізбен бірге Астанада әйгілі Манасқа ескерткіш ашамыз. Осының бәрі қазақ-қырғыз қарым-қатынасы жоғары деңгейде екенін көрсетеді. Біз оны жаңа белеске көтеруге мүдделіміз, – деді Мемлекет басшысы.


✔️Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық пен тату көршілік қатынастарды нығайтуға Қырғызстан Президентінің қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

🇰🇬 Садыр Жапаров қырғыз делегациясына қонақжайлық танытқаны үшін Қазақстан тарапына ризашылығын білдірді.

– Қазақстан біздің ең жақын көршіміз. Сыртқы саясатымызда ерекше артықшылықтарға ие болған бауырлас мемлекет әрі негізгі сауда серіктестеріміздің бірі. Екі ел арасында ешқандай саяси, аймақтық қайшылық жоқ. Мемлекет басшысы лауазымына келгелі бері қырғыз-қазақ қарым-қатынасы болсын, халықаралық құрылымдарда болсын, маған қолдау көрсетіп келесіз. Біз бауырлас қазақ халқына су тасқыны салдарынан туындаған қиын кезде қолдан келген көмекті беруге дайынбыз. Екі елді ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан достық, бауырластық, тату көршілік байланыстар, сондай-ақ ортақ мәдени, рухани және діни құндылықтар біріктіреді. Өзара ынтымақтастығымыз бен стратегиялық серіктестігіміздің одан әрі нығая беретініне сенімдімін, – деді Садыр Жапаров.


✔️Келіссөз барысында тараптар саяси, көлік-транзиттік, энергетикалық салалардағы өзара ықпалдастықты нығайту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібін қарастырды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿🇰🇬 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров шағын құрамда келіссөз жүргізді

✔️Мемлекет басшысы Қырғызстан Президенті сапарының екі тарап үшін де мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.

✔️Мемлекет басшысы Қазақстанның бұрын-соңды болмаған су тасқынымен күресіп жатқанын атап өтіп, осындай қиын-қыстау кезде гуманитарлық көмек көрсеткені үшін Қырғызстан Президентіне және барша қырғыз халқына алғыс айтты.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-қырғыз қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Президенттің пікірінше, бұған белсенді саяси диалог, үкіметаралық және парламентаралық тығыз байланыстар ерекше серпін беріп отыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🗣Павлодар облысында полицей суға батып бара жатқан әйелді құтқарып қалды

Суға батқан әйелдің мас күйде болғаны анықталды. Оған жедел медициналық көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта жағдайы жақсы.

ℹ️ @qazaqparat_kz


⚡️Қазақстан мен Қырғызстан арасында шешімін таппаған ешқандай мәселе болмауы керек — Президент

Жоғары мемлекетаралық кеңес қазақ-қырғыз қарым-қатынастарына ерекше серпін береді. Бұл туралы Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровтың сапарына орай Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Бүгін біз көптен күткен маңызды басқосуға жиналдық. Екі ел арасындағы қарым-қатынастың қарқынды дамуы осы кеңесті өткізуге ықпал еткені сөзсіз. Отырыс барысында қазақ-қырғыз ынтымақтастығының ең өзекті мәселелері қаралады. Біз Қырғызстан президентімен шағын құрамда келіссөз өткіздік. Қарым-қатынасты кеңейтуге бейілді екенімізді тағы да растадық», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


ℹ️ @qazaqparat_kz


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
🇰🇿🇰🇬 Ақордада Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі

ℹ️ @qazaqparat_kz




Video is unavailable for watching
Show in Telegram
💬 «Алматы Су» бас директорының орынбасары мен Қызылорда облысында басқарма басшысы ұсталды

Ол жергілікті кәсіпкерден орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны және жасалған мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша ақшалай қаражат төлегені үшін 345 млн теңге көлеміндегі бұрын келісілген сомадан 75 млн теңге алған.

Сол сияқты, Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жергілікті әкімдіктің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жалпы қамқорлығы мен келісімшартты ұзартуға және жер қойнауын өндіру көлемін ұлғайту рұқсатына қол қойғаны үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдік бойынша ұстады.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🇰🇿🤝🇰🇬 Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Садыр Жапаровты қарсы алды

Көрші ел Президентінің сапарына орай салтанатты рәсімдер залында Құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшысы мен мәртебелі мейманға рапорт берді.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💬 Атырауда Жайық жағасынан құм толтырылған қапшықтарды ұрлағандар ұсталды

«Жайық өзенінің жағалауындағы бөгетті бекітуге дайындалған құм толтырылған қапшықтарды ұрлаған күдіктілер ұсталды. Күдіктілер – 4 ер, бір әйел. Ерлердің жасы 32, 37, 38 және 42-де, ал, әйелдің 34 жаста екені анықталды. Олар алдын ала ақылдасып, құм толтырылған қапшықтарды көлікке тиеп тасыған», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Қазір күдіктілерге қатысты жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🔴🟥📹 Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровты салтанатты түрде қарсы алу рәсімінің тікелей эфирі

🇰🇿🤝🇰🇬 Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен екі күндік ресми сапармен Қазақстанға келді.

Сапар аясында екі елдің президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізеді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

ℹ️ @qazaqparat_kz


💰Су тасқыны: Материалдық шығынның өтемақы көлемі 565,7 млн теңгеге жетті

«Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және республиканың басқа да бірқатар облыстарының тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер береді. Бүгінгі таңда 16 343 өтініш қабылданған», — деп жазды Үкіметтен.

ℹ️ @qazaqparat_kz


🗣Атыраудағы бөгет құрылысына өзге өңірлерден жеткізілген техникалар тартылған

Облыстық жедел штабтың мәліметіне сүйенсек, Атырауға еліміздің үш облысынан 195 техника жұмылдырылған. 

ℹ️ @qazaqparat_kz

20 last posts shown.