Video is unavailable for watching
Show in Telegram
ЦИФРЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МОНЕТА: ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ
🗣Қазақстан Ұлттық Банкі ұлттық валюта – теңге күніне орай 2025 жылдың I тоқсанында «Цифрлық инвестициялық монета» жобасын іске қосатыны туралы жаңалық жариялады.
Бұл жоба азаматтарға алтын инвестициялық монеталарды онлайн түрде сатып алу және сатудың ыңғайлы тәсілін ұсынады.
Жобаның негізгі артықшылықтары:
1. Инвестициялық монеталардың цифрлық нұсқасы:
Монеталар алтынның салмағы мен бағасына (LBMA стандартына сай) және Ұлттық Банктің АҚШ долларының теңгеге шаққандағы айырбас бағамына сәйкес есептеледі.
2. Әмбебап қолжетімділік:
Инвестициялық монеталарды әлемнің кез келген жерінен және кез келген уақытта Astana International Exchange (AIX) биржасының «TABYS» мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға немесе сатуға болады.
3. Кең мүмкіндіктер:
⏺ Монеталарды Ұлттық Банкке қайта сату;
⏺ Монеталарды сыйға беру;
⏺ Жинақталған монеталарды заттай алтын инвестициялық монеталарға айырбастау.
4. ÚKI инвестициялық монетасының эксклюзивті дизайны:
⏺ Салмағы: 31,1 грамм;
⏺ Номиналы: 100 теңге;
⏺ Алтын сынамасы: Au 999,9;
⏺ Дизайн: «Көшпенділердің ғибадат жануарлары – тотемдері» коллекциялық монеталар стилінде.
5. Қаптамасы:
Монеталар блистер түрінде ұсынылады.
@Tengelifekz