Айгерім Даулетбекқызы/НАСТАВНИК


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh


2023 - Цель: 100К

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Statistics
Posts filter


https://t.me/gigasatubil

Гигабайт сату каналы алдаусыз💯 қосыламыз




ТОЛҒАҚ

Мен әр көтергенде туудан қорықпайсың ба деп сұрайтындар көп болады☺️

Қорықсам 5-еу тумас едім, негізі менде қорқу деген сезімнен қабылдау сезімі басымдау.

Мен жүктілікті, токсикозды, толғақты т.б. әйелге тән табиғи процесстерді по умолчанию қабылдаймын. Мың жерден дірілдеп қорықсаң да ол басыңнан өтпей қоймайды.

Ешқашан қалай толғатам не ауырады ғой деп ойламаймын, жүктіліктен наслаждаться етуге тырысамын.

Ал толғату само по себе уақыт сәті келгенде айналып өтпейді. Сол кезде құдай күш - қуат беріп, оныда аман-есен атқарып шығамын бұйыртса💯

Егер толғақтан алдын ала шошитын болсаңыз, телесный психологқа баруға кеңес беремін.

✅Денеңізбен байланыс орнатып келісімге келуіңізге көмек береді.

Өзіме мынандай Установка қойып алғанмын 1 күн жаным қиналар туудан, есесіне өмірлік бақытқа кенелемін деген🤗

Вообще толғақтың болғаны да жақсы, өмірде мүлдем толғатпайтын әйелдер де бар. Олар жүре береді срогы келсе де, сосын системамен толғақ шақыртып босандырады.


Сол үшін как положно суың кетіп, минут санап толғатқан да ғажап сезім😌

Өйткені толғақтың арасы жақындаған сайын сәл шыдасаң босанатыныңды білесің.

Менде сосын қыздың толғағы ащы, ұлдыкы тәтті дегенде түсінік жоқ екеуінде туу оңай емес мен үшін.

Бірақ туып бола салып, ұмытып кететінім бар да ))

Всегда тууға мысленно дайындықпен барамын, барынша күш - қуатымды жинап, дұрыс дем алып, врачтарды тыңдап, сабыр сақтауға тырысамын.

Шыдамдылық танытпай шыңғыра берсең астың жыртылып, туып болған соң қиналасың. Соның бәрін алдын ала ойланамын.

Тағы омырауым қанап, жарылып кетпес үшін 6-7 ай 🤰 бастап жұмсартатын крем или май жағып жүремін. Сол кезде бала емгенде құрғақтықтан жарылмайды.

Обшым жүктілік пен босану жайлы айта берсең әңгіме көп, бекерден бекер инстада Жүкті келіншекті жүргізбегем өзімде😅

Арамызда 🤰 келіншектер бар ма?


Forward from: Динара Ғабитқызы
əпше қалайсыз инстаңызды жберіңізші сізді таппай қалдымғой




ҚАНДАЙ ЕНЕЛЕР КЕЛІНГЕ ӨШ БОЛАДЫ

Мамандығым педагог болған соң, зерттеп анализ жасап жүретінім бар.

Өз өмірім болса да, айналамдағы адамдарды да бақылаймын.


2 Енемен 14 жыл өмір сүріп ұққаным, мынандай типтегі ЕНЕЛЕР келінге күндес секілді қарайды екен:

- өзі келін болғанда көнбіс болған;

- өзі енесінен зәбір көрген;

- өзі жұмыс істеп ақша таппаған;

- өзі төркінге бара алмаған;

- күйеуінен таяқ жеген;

- қалағанын кие алмаған;

- бала туған соң күтінбеген;

- күйеуі сөзін сөйлемеген;

- қайынжұртымен дұрыс отношениеде болмаған;

- балаларын қыдыртпаған, қалауынша өсірмеген;

- өзі оқымаған и бала - шағасын оқытпаған;

Мяя список тоқтайтын түрі жоқ🤪

Типа осындай енешкалар келінін күндесі ретінде санап, кірсе - шықса аңдысып, қалауымен жүрсе көре алмай, машина айдаса вообще қылқынып, жұмыстан келсе қалада қыдырып келгендей көріп, новый киім алса маған да керек еді осындай деп жағаласып, күйеуімен ұрыспаса баламды оқытып қойғасың ба деп, магазинге барса не жегеніне көз тігіп, өзі енесінен көрген құқайын көрсеткісі келіп тілі қышып отыратын болады екен😌

Бұлар менің емес біреудің басынан өткен негізі😅

Осындай кезде ой өзіңді көреміз қандай ене болатыныңды дейтіндер табылады. Өйткені қоғамда әйелдің жауы әйел ғой))

Өзім примерно Гүлзира Айдарбекова мен Айнұр Тұрсынбаева секілді ене боламын деп жоспарлап отырмын сол 🤗

По моему қазақта ғана осындай ене мен келін жыры бар шығар ия бітпейтін😮‍💨


ҚЫЗ ТУМАЙЫН ДЕП ТІЛЕГЕМ

Үй жағымызда Шаштараз ашылған, жақын болған соң жиі барамын. Салондағы әпкені жақсы танып алдым, өзінің крутая әпкесі барын жиі айтатын.

Түрікке тұрмысқа шыққан, жағдайы күшті и өзі армандағанындай өмір сүріп жүрген сол ғана арамызда дейтін.

Салонға бармағалы біраз болып, өткенде кешке кірдім, айтып жүрген әпкесі келіп отыр екен как раз.

Сөзден сөз шығып, жаңағы әпкеміз: “ Осы елдер қуады, тусай-тусай дей береді, как будто туу оңай секілді. Екі ұлым бар жетеді, бір жерімді ауыртпаймын. Онсызда құдайдан 2 ұл бер деп сұрағам, қыз керек емес дейтінмін”, - деді.

- Неге қыз туғыңыз келмейді әпке деп сұрадым мен

- Сенесің бе өзіміз 4 қыз өстік улап - шулап, сосын ауылымызда бірде бір келіншектің “Мен бақыттымын” деп жадырап жүргенін көрмеппін, сол үшін қыз туғым келмейді.

- Ол ертең қандай жерге, кімге күйеуге шығады. Күйеуінен таяқ жеп жүргенін көргім келмейді.

- Өзім 30-ға келгенде тура ойымдағы жігітті жолықтырдым, енемен тұрмайтын и ақшаны көп табатын. Маған приказ бергенді ұнатпаймын, енеммен 1 ай бірге тұрам деп нерв болдым итак. Ұлдарым үйленсе әйелдеріне тек қыз туыңдар деп соларға аялап қарап отырамын деді.

Тыңдап отырған мен ақыры өзіңіз өміріңізді по плану сүріп жүр екенсіз, ендеше қыз тусаңыз оларды да солай тәрбиелейтін едіңіз зато дедім.

Ж - о - о қ, өз тағдырыма шамам жетті, қыздарыма жетеді деп айта алмаймын деп сөзін аяқтады әпкеміз.

Менде көп кідірмей, үйіме қайттым.

Мен анасының қыздарының тағдырының жақсы болуына Ы Қ П А Л Ы болатынына сенемін📌

Себебі, өз мамам ылғи айтатын:

- Шымкентке күйеуге шығыңдар, сонда төркіннен алыстап кетпейсіңдер

- Күйеубалдарым ішпейтін - шекпейтін болсын

- Шлии бай жерге бармай, өзімізбен терезесі тең жерге барыңдар


✅Қарап тұрсам осы 3- еуі де орындалған.

Ата - ананың дұғасы қабыл болады деп жатады, меніңше ана ретінде балаларыңа жақсы тағдыр тілеу керек.

Ал қыз тусам, ол біреудің құлы болып жүреді деген түсінікпен келіспеймін.

Қыз - өріс❤️
Қыз - береке😇
Қыз - мейірімділік🌹

Өзім 3 қайынсіңлім секілді 3 қызым болса деп армандағанмын. Шүкір үш қызым бар.

Үш қызыма:

- Сендермен үйімізге сән кірген, береке-байлық келді. Біздің үйдің гүлісіңдер🌼

- 18 жасқа келе салып, права алып машина айдайсыңдар

- Америкада оқисыңдар

- Бизнес Леди боласыңдар

- Ынтымағы жарасқан, берекелі, бай отьасының келіндері боласыңдар

- Күйеубалдарымда шетелде жүретін, көзі ашық көкіректері ояу современный болады

- Бойларыңда 1 мін жоқ Вип Казашка боласыңдар

деп ойыма қандай күшті сөз келеді айта беремін, аузымды аяймын ба☺️


Әлемде ең алғаш сөз пайда болғандықтан, любой айтылған сөздің жақсы болсын, жаман болсын Орындалу ықтималдығы 💯 пайыз екен.

Менде үшеу, сіздің неше қызыңыз бар⤵️


Жазбаларымды оқып жүрсіз бе?
Poll
  •   Ия
  •   Жоқ
35 votes


КҮМІС АЛҚА

🥇🏆🥈

Олимпиададан Медаль алмасақта туудан алайық та хотя бы😌

Алтыншыма 🤰 болу мен үшін норма, туып үйреніп қалған соң ба😆

Алғаш тұрмысқа шыққанда күйеуімнен неше балалы болғың келеді деп сұрасам, екеу деп қояды.

1 қыз, 1 ұл жетеді екен оған, сөйтсе мен таң қалып ойбай қызға да ұлға да серік керек қой тым болмаса 4-еу қылайықта деппін ғой😜

Сөйтіп жүріп, скоро 6 балалы боламыз құдай бұйыртса🙏

Менің өз әжемде, нағашы әжемде 8-ден туған солардан жұққан ау маған))

Мен үшін бала санының көп болуы ешқандай қиындық тудырмайды, керісінше
М- мотивация🤩

Өмірде 5 бала түгілі 2 баламен күн көре алмай жүргендер жетерлік, ал әр баланың несібесі бар дегенмен толық келісемін.

Айтпақшы бүгін Гинекологқа приемға бардым, маған айтады не деген Послушный жүктісіз бәрін тындырып келіпсіз деп.

Өткенде өзіме анализдер күйеуіме де Анализ бен Флюраға направление берген, бүгін дайындап барғам.

Не только 🤰 кезде былайынша да денсаулығыма ұқыптымын.

Хронический ауруларым жоқ.

Әсіресе 🤰болғанда өзіме 2 есе күтім жасаймын, себебі Дені сау анадан, дені сау бала туылатынын жақсы білемін!

Айтқым келетіні, бұл өмірде Жетістікке жетуге, Бай болуға, Карьера қуалауға баланың дым қатысы жоқ.

Алдыңа мақсат қойда, әрекет ет.

Балаларың қайта сені қолдап, ақылын айтып Мотиваторың болып жүреді💯

Менің жиі айтатын сөзім бар:

✅ Көп балалы болудан қорықпа, баласыз қалудан қорық деген.

Алла бұйыртса 2 жақтан (Жұмыс+ИП)
3 млн Декретный аламын деген жоспар бар.

Бұл өзі анау - мынау емес Миллионер бала болмақшы😉

Ал сіздің неше балаңыз бар⬇️


ҚЫЗҒА ШЫДА, ҮНДЕМЕ ДЕГЕНДІ ҚОЮ КЕРЕК!

Қазір инстадан 1 ананың қызынан айрылғаны жайлы видеосын көріп осыны жазуды жөн санадым.

Тұрмысқа шыққан соң (баласы бар) бойынан еш ауру таппай, депрессиядан іштен тынып о дүниелік болыпты.

Депрессиямен ойнауға болмайды, жас қыз түгілі сап-сау 60-тағы әкемнің рак клеткалары оянып, онкологияға ұшырады қатты стресстен.

Гүлзат деген сыныптас қызымды да күйеуі ұрып өлтіріп, ақырында өзі асылып қалды деп шығарды. Сонда мамасы айтыпты, қанша рет ажырасам деп келгенде әкең білмесін, балаларың бар ұят деп қайтарып едім депті. Соңында 3 баласы қалды шешесіз, күйеуі ақшамен жеңіл жаза алып еді, қыздың әкесі инстаға салып қудалады біраз.

Бізді де солай үндеме деп өсірді, үйде 2 қызбыз. Мен и сіңлім. Мен о бастан мінезді болдым, келін болып түскенде үндемей жүрсем де ішіме сақтамай, бақырып жылап алатынмын. Сосын шыдай алмай сөз қайтаратынмын, ал мамам естісе ұрысатын үндеме мінезіңді көрсетпе деп, ал мен мамама бәрін айтпаймын ғой, бірақ қанша ұрыс болса да төркініме кетіп қалмағам, 1 рет қана папамды шақыртып Күйеуім қорқып кетіп, папам жарты жолдан қайтқан😅

Негізі ұрыс 1 жақтан болмайды ғой ешқашан, бізде әйелден көре береді бәрін ия 🙂 дәл қазір маған анау - мынаудың тісі батпайды уже 5 балалы болып, дух жинап кессең кесіп ал деп отыра берем сыңсыламай бұрыңғыдай😂

Мен білімді и мінезді болып жеңдім, егер мінез де сауатта жоқ болса ол әйел басылып қалуы әбден мүмкін.

Қызды жас кезінен мінезі болса баса бермеу керек, зато өз-өзін қорғап шығады бетпақтанып болсын😆

Заты жуас қыз болса әке - шеше бауырлары сөзін сөйлегені дұрыс, сонда қайынжұрт аяқ тартады сәл - пәл басынып алмай.

Өзімді айттым, сіңлімді айтайын. Қазір олда 2 балалы болып дух бітті, алдын үндемей жүре беретінін, сосын 2 жыл бала көтере алмағанына өзін кінәлі сезінгенін білген күйеуі де Қатынды бастан деп мінезін көрсеткен екен біршама. Олар Астанада тұрды, біз хабарсызбыз үйінде не болып жатқанынан, әке - шешем болса да бәрі жақсы деп ойлайды. Тем более үндеме деп тәрбиелеген қыздарының ләм-мим демей томпиып жүргеніне 💯 уверенно!

Не керек Шымкентке көшіп келді, Рахат мкр-да тұрды, сонда да күнде бармаймыз үйіне , бір күні 2 баламды Рахаттағы Стамотологияға апарып, қайтарында үйіне соқтым сіңлімнің. Күйеу баламның озбырлығын байқадым, но үндемедім әдеттегідей тыныш кетейін деп үйге келдік. Сіңлім звондайды күйеуіммен ұрысып қалдық, бір жерге кетті қазір келсем Өлтірем деп айтты дейді жылап. Папамдарға айт демейді да ғой өзі көнбістеніп. Сіңліммен сөйлесіп болған соң мамама звондадым, как раз папам екеуі шай ішіп отыр екен. Менде жылап айтып бердім жаңа үйіне барғандағы қылығын, одан тағы концерті бар екен кешке қоятын деп.

Папамдар сол мезетте Шардарадан шығып, 3 сағатта Шымкентке келіп
сіңлімді Шымдағы үйімізге әкетіп қалды, артынан келді қайынжұрты кешірім сұрап қайта әкетті.

Зато күйеу баламыздың дікеңдеген мінезі басылды. Сіңліме де өзінің қорғаушылары бар екенін білген соң сенімділік пайда болды деп ойлаймын.

Әрине әр семьяда ұрыс болады, бірақ ол 24/7 365 күн бойы қырылысып өмір сүру деген сөз емес.

Айтпақшы менің ұрысып қалғанда қолданатын коронный сөзім бар еді:

Күйеуім үйіңе кет десе, мен жетім қызбедім кет десе сүмірейіп кете беретін, ел - жұртымды шақырып бәрінің ақ - қарасын ажыратып барып кетем дейтінмін😅

Ел - жұрт дегенді естігеннен ақ күйеуім қойшы болды ұрыспайықшы деп шығатын өзі☺️

Қорыта келгенде, қыз өсіріп отырмыз ғой мінезді болса баса бермей, білімді, сауатты, өз ойын тайсалмай айта алатын етіп өсірейік.

Сосын ойбай үйіңдегі проблемаңды айтпа, қой секілді жуас бол деп қайынжұртқа жығып бермейік.

Қыз байғұс жерден шыққан жоқ қой, 9 ай көтеріп өлейін деп тудық емес пе…

Қаншалықты келісесіз не келіспейсіз ойыңыз маңызды⤵️


БӨЛЕК ТҰРУДЫ АРМАНДАУШЫ ЕДІМ

Баяғыда екі ата-енем бар, екі қайным кішкентай, үзілмейтін қонақ, аяққа оратылатын балаларым титтей кезінде “ТУУ ОСЫ КҮННІҢ БІТЕТІН КҮНІ БАРМЕКЕН” деуші едім.

Қашан адам ұқсап өзіме қарасты бала-шағаммен ғана тыныш отырады екенмін деп.

Представляете сол күнге жеттім ☺️


Қазір үйде мен и 5 балам ( 2-еуі садикте) қаламыз болды.

Үлкен ата - енем о дүниелік болды, қонақтар саябырсыды, өйткені олар маған емес сол кісілерге келетін.

Екі қайным студент и жұмыста, жатар орынға бірақ келеді.

Күйеуім 6 күн жұмыста, 7-ші күн демалып ито үйдегі қора - қопсыға қарайды.

Өз атам мен енем қонақ, құдалық , өлім - жітімге барудан босамайды.


Сомен рахаттың рахаты болды😅

Қаласам ұйықтаймын, өсіп қалған 3 баламды жұмсап кітабымды оқып жатамын.

Істейтінім 1 тамақ, еще өзің ертерек күйеуге тиіп, жасың 35-ке келгенде балаңның алды 14-ке келсе күшті екен. Рахатыңа жұмсап отырады екенсің, әйтпесе басқаны жұмсасаң қымсынып тұрасың ғой(қайынсіңлі, қайны т.б.) ал өз балаңды қалай-қайда жіберуді, қалай ұрысып бақырып - шақыруды өзің ШЕШЕСІҢ қысқасы😄


Если сізде дәл қазір балаларыңыз жас болып, қонақтан босамай жүрсеңіз олда бір күні бітеді екен.

Бұл өмірде түсінгенім мәңгілік ештеңе жоқ, қашан құтылам деп шаршап жүргеніңде қалай сол хлопотыдан құтылып өзіңмен өзің болып қалғаныңды білмей қалады екенсің))


Арамызда кім қазір жас балаларымен шаршап😤кім баласы өсіп Королева 😜болып отыр бірге комменттен оқиық⤵️


БАЛАНЫҢ СӨЗІН СӨЙЛЕМЕ

Неге екенін қазақтарда баланы керек етеміз, бірақ оның болашақта ересек адам болатынын, оның да қажеттілігі мен мінезі болатынын еш ескере бермейміз.

Мен ес білгелі осы сөзді естіп келемін, баланың сөзін сөйлеме, айтқанын істей берме, біреу балаңды жерге тығып жатса да үндеме!!!

🆘 ЕНДІ ҚАРАҢЫЗ

Менде тұңғыш ұлым мен 2-3-ші баламды тура солай жұрттың сөзімен өсірдім.

Оларға ұрыса беретінмін, сөздерін сөйлемейтінмін.

Үйге келген қонақтың баласы тиіссе де жеңіле сал, ойыншығыңды бере сал дейтінмін.

Базарға ертіп барып қалауларын орындап сұрағанын әпермейтінмін, ақша жетпейді деп жасына жетер жетпес үйге тастап жұмысқа шығып кететінмін.

Шақырып алып, сырласып сөйлеспейтінмін.

Міне елдің сөзіне еріп мен қандай Мама болдым. Но содан жақсы келін, жақсы қыз, жақсы адам атандым ба жоқ, керісінше балаға жаны ашымайтын тасжүрек екенсің дегендер болды))

Вообще сырт көз сыншы ғой, сенің қандай адам екеніңді бір қарап біледі. Егер балаларыңа жақын, мейірімді ана болсаң оны сезеді. Если ұрысқақ мама болсаң оны да біледі.

Ең қиыны бұл жерде БАЛА СТРАДАТЬ етеді.


Не керек балаға деген қарым-қатынасымды өзгертуге шешім қабылдадым ( өзгеруіме әртүрлі факторлар әсер етті, келесіде жазармын)

✅Бұдан былай балаларыммен ақылдасып отыратын болдым.

✅Үйдегі үлкендер ұрысса қорғайтын болдым.

✅Көшеде біреумен төбелессе ақ - қарасын ажыратып, сөзін сөйлейтін болдым.

✅Үйге қонақ келсе солардың балаларына өбектемей, қайта өз баламның мерейін үстем ететін болдым.

✅Әр кішкентай баланың басқа - басқа өз үйінде айтқаны болуы тиіс, қонақтың баласының капризы өзіне дейтін болдым.

✅Әр бала жеке тұлға өмір бақи бірге жүрмейді, сондықтан жеке қажеттіліктерін орындау керек екенін түсіндім.

✅Балаларымды кезек - кезек магазинге апарып, қалағандарын әперетін болдым.

✅Үлкен ұлымды үйдің тұңғышы деп сыйлайтын болдым, бұрын кіші қайнымның ықпалы басымдау болатын. Ол тұрғанда ұлыма керегін әпере алмайтынмын. Исключение жасап, енеме ол сіздің кіші ұлыңыз, ал бұл менің тұңғышым деп 70000тг велосипед, 180 000 тг Айфон әпердім.

✅2-ші қызымды кері итере берген соң енеме жақын болып кеткен еді, біртіндеп өзіме жақындаттым.

✅Енем қызыма ұрысса қойшы деп араласпайтынмын, қазір ұрыстырмаймын.

✅Күйеуіме қыздарыма қаратып Әй дегізбеймін, ұлдарды қалай тәрбиелейсің өзің біл деймін.

✅Әр баланың шекарасы бар екенін ескеріп, жер - жебіріне жетіп жерге тығып ұрыспаймын. Жұмсағанда бармаса бұрыңғыдай ұрып барғызбаймын. Барғың келгенде бар, істегің келгенде істейсің деймін.

✅Әсіресе қыздарымды аялап ұстаймын, әдемі болып жүргізуге тырысамын.

Осының бәрін 21 жасымда жасауыма болар еді тұңғышым туылғаннан, бірақ баладан үй тірлігін, елдің сөзін артық көріп лағып жүре беріппін.

Хорошо что миыма + сигнал барып, 2017 жылдан бастап балаларымның тәрбиесіне біртіндеп кірістім.

Бала өмір бақи бала болып қалмайды, өседі, өзгереді, тұлға болады

Жеке Тұлға болу үшін 15 -18 жасқа дейін отбасында тұлғалық қасиеттерді бойына сіңіріп өсуі қажет, одан кейін кеш болуы мүмкін.

Қысқасы баланы тәрбиелейтін жаста қолға алып мықтып тәрбиелеуге тиіс
екенбіз 💯

Ал сіз балаңызды қалай тәрбиелейсіз?


2️⃣0️⃣2️⃣3️⃣ жылғы ТРЕНДТЕГІ КУРСТАР тек бізде🤩

2️⃣5️⃣0️⃣0️⃣0️⃣тг тұратын HIT курстарды тек бүгін 3️⃣9️⃣5️⃣0️⃣тг алыңыз🥳

🔥Курсты қалаған бағада сатуға
болады👌🏻


Курс тізімі:

🔹Арест шешу
🔶График қою
🔹Декрет 2023 жаңартылған
🔶Ютубта табыс табу
🔹Обналичка жасау
🔶Видеошақырту



💢Пиндуодуо/Карго код ТЕГІН💯
🛑 ПДД тест
♨️Трендиол курсы
🛑 Клубника в шоколаде
💢 Жол ережесі
🛑Wildberries курсы
⭕️Мобилография курсы
💯Клубника в шоколаде МК
💢Резинарт курсы
♨️Ағаштан жасалатын бизнес
🛑Kaspi магазин курсы
💢Егов сабақтары
⭕️Сторизды әрлеуге арналған материалдар
💢Визуал
♨️Электронды онлайн кітаптар
⭕️Баннер жасау
🛑Фотозона курсы
♨️Сумка на пояс МК
💢Бет күтімі жайлы канал
⭕️Құрақ көрпе МК
💢Сторизмейкер сабағы
♨️Сторизге арналған идеялар
💢1688 COM
♨️Метрика курсы
⭕️Балалар массажы
💢Сторисқа арналған ойындар
♨️Макияж канал
⭕️Тәрбиешіге көрнекіліктер
🛑Тоқыма курсы
💢 Блиновская Марафон Желание
♨️ИП ашу/жабу
⭕️Хит копилка жасау
💯Мыловарка
💢Той бастар/Бонбоньерка
♨️Сыр жасау МК
⭕️Тюрбан тігу
🛑Леденцы курсы
💯Чупа чупс курсы
💢Фотокубик
♨️Декор жастықша
🛑Тігін МК
💯Светильник гүл
💢Арықтау курсы
♨️Түпсанамен жұмыс
+ 5️⃣0️⃣курс қамтылған😇

87761702545 ватсапқа жазып, төлем жасалған соң Телеграм каналға сізді қосамын🤗

Заман талабымен бірге дамыңыз🌟


ДОСТИГАТОР

Түнгі 3:00 менде ұйқы жоқ, себебі әкем өмірден кеткелі менде достигаторство оянып кетті

Потому что әкешім 60 жаста ғана еді 😭

Әкем 7 сәуір күні дүние салды, бірақ мен спокойно жүрдім бүгінге дейін себебі постоянно командировкада жұмыс істеп жүрген соң үйреніп қалғанбыз.

Как будто басқа қалада секілді, как будто түсім сияқты бәрі

Бүгіннен бастап көңілім қатты түсіп жатыр, әкемнің шынында қайта келмейтінін, мұның барлығы түсім емес өңім екенін, миллион рет атын айтып шақырып, мың смс жазсамда жауап бермейтінін енді ұғып көзімнен жас тоқтамай отыр😥

Неужели бәрі осылай тез болды, бейнетінің зейнетін көрмей, өзі үшін 1 күн өмір сүрмей кете барды папам

Енді мендегі жоспар әкем жайлы кітап жазу, Даулетбекқызы брендін қалыптастыру, әкем жетпеген жетістікке жету Алланың қалауымен

Біз ес білгелі папам қызметте істеді, бірақ ақшаға құнықпады.

Әкем жайлы айтатыным өте көп, хотя бы өз ұрпақтарымыз оқитын кітап жазамын бұйыртса🙏

Иманыңыз саламат, жаныңыз жаннатта болсын ӘКЕШІМ❤️

Сіздің қандай жақсы адам екеніңіз Оразада жұма күні өмірден озғаныңыздан ақ білінеді


2000 тг кім ұтты

Ешкім десем дым ренжімеңіздер ия, шынында өз сіңлімнен басқасы тура жазбады🤭

Сіңліме де өзім айтқанмын ғой))

Мен ақшаны бергісі келмей қалатын жадница емеспін, тек қана турасын таппағанға мә деп бере алмайтыным бар😬

Келесі постта оңай сұрақ болады, сонда ойнатармын үстіне қосып🌹

Bye 🖐




ЗАПРОСЫҢ ҚАНДАЙ?

Кеше өз ИП курсымызды оқып, дәл қазіргі таңда 300-500 000тг табыс тауып отырған шәкірттерге просто так запростарыңыз қандай деп сұрақ қойдым?

Себебі алдын мен бухгалтерия саласында 5 экспертті Менторлыққа аламын дегенімде қызығушылық танытқан еді.

Не только Ментор сөзін запрос дегенді ұқпады қыздар🤗

Неге деп ойлайсыз?

Себебі бұл уақытқа дейін ешкім ол кісілерден Запросың қандай деп сұрамаған))

Лично менде запрос дегенді 1,5 млнға алған Менторлық білімнен соң толық түсіндім.

Қазіргі запросым:

Бухгалтерия саласында N1 МЕНТОР болу😇

Сонымен запрос деген не⤵️

- Эксперт ретінде қандай биікке шыққың келеді?

- Айына қанша млн табыс тапқың келеді?

- Онлайн курс құрастырсаң, оның ең үлкен чегі қанша болуын қалар едің?

деген сұранысты орысша ЗАПРОС дейді.

Сұрақ емес Сұраныс!

Сұрақ болса оның жауабын табу жеткілікті, ал Сұраныстың нақты шешімі болады.

Алладан қашан 5 млн табамын деп сұрап отырмайсың, уже 5 млн табудың нақты шешімін іздей бастайсың📌

5 МЛН табу қиын ба?

Егер саған дейін ол ақшаны сенің салаңдағы 1 адам тапса, значит сенде без проблем таба аласың💯

Ал Бухгалтерия саласында 5 миллионды мен давно тауып қойғанмын🎉

Сондықтан спокойно менторствоға өтіп жатырмын…


Менторлық деген не?

Менің бухгалтерия саласындағы 3 жылдық опытыммен Тайланд форумнан 1,5 млнға алған білімімді 8 аптада меңгеріп шығуға мүмкіндік беретін сопровождение!

Декретке қалай сопровождение жасасам, енді бухгалтерия саласындағы шәкірттеріме үлкен чекке шығуына жол көрсетемін.


Менторлық жеке және топпен жүргізіледі.

Ендеше менің 8 апталық тек қана бухгалтер эксперттерге позиционирование арқылы 5 миллион табуды үйрететін менторлығымның бағасы қанша болады деп ойлайсыз, дұрыс тапқан адамға 2000 теңге саламын💳

Белсенділік күтемін🔽


Каналдан қайсысын оқығыңыз келеді?
Poll
  •   Бытовой Әңгімелер
  •   Онлайн Табыс табу
  •   Жеке Бренд қалыптастыру
  •   Менторство
  •   Бәрін
46 votes


МЕНІҢ ОРЫСШАМ 2

Опроста көпшілік 2-ші вариантты таңдапты расында солай жасадым.

Ол кезде отвлекаться ететін көп балам жоқ 1-еу ғана, инста жоқ үңіліп отыратын☺️

Фокусымды жұмысыма қоятынмын, әсіресе сабақ өтуге

Орысшадан қиналып кеткен соң қой бұлай болмайды бір амалын табайын деп бүкіл орысша көп қолданылатын етістіктерді компьютеріме жазып дауыстап қайталайтынмын:

“Хватит шуметь, обнаглели слишком, выполняйте задание, не заставляйте мне повышать голос” деген керекті сөздерді жаттайтынмын. Сосын сол күні қандай сабақ өтуім керек алдын ала дауыстап оқып, дайындалып кіретін болдым.

Автобуста, сабаққа кіруге 5-10 минут қалса да оқып отыратынмын!

Әжептеуір ілгерілеу болды, бір күні орыс тілі курсына барайық деп бірге жұмыс жасайтын құрбыма ұсыныс айттым, келісті. Айына 6000тг төлеп орыс тілі курсына барып жүрдік.

Мяя сол кезде өзімнің орысшамның 1% болса да норма екеніне көзім жеткен, себебі Жаға дегенді (көлдің, судың жағасы) - Воротник деп аударып келгендерде болды😆

Совсем уровень төмендермен оқыдым.

Курс аяқталарда емтихан тапсырдық, сонда маған репетитор айтты:
“ Айгерім сенің орысшаң жақсы, саған тек сөйлесуге практика керек. Мұндай курстарға қатыспа сен более сложный темаларды қозғайтын: творчество, искусство, наука жайлы терең әңгімелестін курс табуың керек” - деді

Ондай курс Шымкентте бар болса да көп емес, іздеп көр деді. Менің ол кезде 2-шіме аяғым ауыр болатын.

Орысшам енді түзелгенде, декретке шығып кетіп тағы қазақшама толық оралдым.

Сол кезде менің орыстардың арасына топ етіп түссем ғой амал жоқ орысша сөйлеп кететін едім деген арманым да болған🫢

Получается бар назарым Орысша сауатты сөйлеп үйренуде болыпты қазір ойлап қарасам.

2012 ж январьда 2-шімді босандым.

Менің бір әдетім бар еді сол кезде бала туам да 5-6 айдан соң жұмыс іздеймін, как будто үйде отырсам аш қалатындай жұмыс, жұмыс деп анталап кететінмін.

Үйде қарайтын адам болған соң ба әйтеуір кету керек болатын жұмысқа шығып

2012 ж сентябрьде Магистратураға түстім, оқуым платный еді. Соны төлеуге көмек болсын деп жұмысқа шықпақ болдым.

Колледжім жабылып қалған, универге инженер болып кіретін болдым. Айлығым 27000тг 🫣

Таңғы 9:00- 18:00 дейін еще


Сізге өтірік маған шын жаңағы жаңадан жұмысқа тұрған центрде 10 адам жұмыс істесе 7 - еуі орыс болды, ито 3 қазақтың 2-еуі орысша сөйлейтін.

Мен 9 орыстың ортасына топ ете қалдым😬

Ал саған қаласаң да қаламасаң үйрен 😉

Назира, Света, Катя деген
қыздармен не болса соны орысша сөйлесе беретінмін бар білгеніммен.

“Света поговори со мной”деп қоямын тағы міндет қып😝

Спокойная қыз еді күліп қоя салады.

Сол центрде 7 айдай істедім, тағы 3-шіме 🤰декретке кеттім.

7 ай маған өмірлік практикум болды
🤗

Түнде оятса орысша сөйлейтін дәрежеге жеттім, декретте отырғанда ұмытасың бірақ мықты фундаментің болса бәрібір судыратып сөйлеп кете береді екенсің.

Менің қазіргі ағылшыншам бір кездегі орысшам секілді әлсіздеу

Енді Алладан ағылшындардың ортасына отырғызып қойшы деп тілеп жүрмін😜

Ынта болса адамда, қиын іс жоқ ғаламда!

Келісесіз бе⤵️

б е л с е н д і л і к к ү т е м


Қай вариантты таңдадым
Poll
  •   1️⃣
  •   2️⃣
30 votes

20 last posts shown.

466

subscribers
Channel statistics