🇫🇷 Анауэль Нгамиссенге (14-0, 9 KO) - Конго елінде туылған, Франция атынан өнер көрсететін 29 жастағы боксшы.
«Көптен күткен осы мүмкіндік үшін алғыс айтамын – бұл мүмкіндік үшін бір жылға жуық күрескеннен кейін, менің мансабымдағы ең маңызды сәт болмақ. Мен Жәнібекті және оның қол жеткізген барлық жетістіктерін құрметтеймін, бірақ мен Қазақстанға сауықкешін ойрандап, бүкіл әлемге өзімнің жоғарғы деңгейде екенімді көрсету үшін келемін. 5-ші сәуірде кездескенше!»,
- дейді Анауэль.
Нгамиссенге 2023-ші жылы тамыз айында Польшада өткен бокс кешінде болашағынан үміт күттіретін 🇺🇦🇵🇱 Федор Черкашинді (26-1, 16 KO) төрешілердің шешімімен жеңіп, кішігірім апсет жасаған.
Франциялық боксшы IBF рейтингінде 7-ші, ал BoxRec рейтингінде 11-ші орында.
Сонымен қатар, Анауэль де Жәнібек сияқты Рио-2016 Олимпиадасына қатысқан. Нгаммисенге 1/16 финалда алжирлік Ильяс Абадиге есе жіберсе, ал Жәнібек 1/8 финалда Абадиді жеңген.
⬇️ Анауэль Нгамиссенгенің мәлімдемесі жайлы ойларыңыз❓