__AQYRETT🌸


Channel's geo and language: Kazakhstan, Kazakh
Category: Religion


🌙«Ескерт! Өйткені ескерту мүміндерге пайда береді».
(Зәрият сүресі,55-аят)

Related channels

Channel's geo and language
Kazakhstan, Kazakh
Category
Religion
Statistics
Posts filter


Алматы қаласы бойынша🖇️




Forward from: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
☪️🗓️ Ертең, 9 шілде – Құрбан айт мейрамының алғашқы күні. Осы күні оқылатын Құрбан айт намазының еліміз бойынша әзірленген кестесін назарларыңызға ұсынамыз. Айт құтты болсын, ағайын!

🔍 #qurban2022

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-07-08/40007-kmdb-elimiz-boiynsha-ait-namazynyn-kestesi


Forward from: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
☀️🗓️ Алла қаласа, ертең, 8 шілде – Арапа күні. Бұл күні орындалатын ең ізгі амал – ораза тұту. Әрбір мұсылман баласы шама келгенше осы күнді оразамен өткізгені абзал.

🔍 #muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-07-07/39994-arapa-kuninin-oraza-kestesi-2022


Тікелей эфир https://instagram.com/baiken_kyzdar_bolimi?igshid=YmMyMTA2M2Y= парақшасында өтіледі!




Forward from: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
🧕📖 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасында ІІ республикалық байқау өтеді.

🔍 #muftyatkz

🔘 https://www.muftyat.kz/kk/news/qmdb/2022-02-15/38680-kuran-krimdi-zhatka-oku-boiynsha-kyzdar-arasynda-ii-respublikalyk-baikau-otedi/




Forward from: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
​​🌙 Ережеп (Ражаб) – Алла Тағаланың соғысуға, қан төгуге тыйым салған (Зұлқағда, Зұлхижжа, Мұхаррам, Ражаб) айларының бірі. «Ражаб» сөзі ұлықтау, құрметтеу деген мағынаны білдіреді.

📚 Кейбір деректерде жер жүзін су басқанда Нұх пайғамбар кемеге Ережеп айының бірінші күні мінген, Мұхаммед пайғамбарға ﷺ ең алғашқы уахи Ережеп айында түскен, осы айда Исра және Миғраж оқиғасы болған деген мәліметтер айтылады.

🔷️ Тағы бір деректе «Ережеп – ол суы сүттен ақ, балдан тәтті және мұздан салқын бір жұмақ өзенінің аты және бұл мөлдір бұлақтан тек осы айда ораза ұстағандар ғана ішеді» делінген.

Ережеп – берекелі һәм ұлық ай. Бұл айда игі амалдарға мол сауап жазылады, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады. Алла Елшісі ﷺ: «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, Жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген.

Пайғамбарымыз ﷺ Ережеп айында ораза тұтқан. Алайда бұл айда ораза тұту немесе тұтпау – әркімнің өз еркі.

☪️ Ислам діні келместен бұрын Ережеп айында құрбан шалу рәсімі бар еді. Ислам келіп, оның үкімін жойды. Бір кісі Пайғамбарымызға ﷺ: «Біз жаһилиятта (надандық дәуірде) Ережеп айында (осы айдың құрметіне) құрбан шалатын едік. Енді бізге не бұйырасыз?» – деді. Пайғамбарымыз ﷺ: «Алланың жолында қайсы айда болса да құрбандықтарыңды шала беріңдер. Алла үшін жақсылық жасаңдар. Тамақтандырыңдар», – деді.
Шариғат бойынша жағдайы бар мұсылманға Құрбан айт күні құрбан шалу – уәжіп (міндет), ал басқа уақыттарда ол нәпіл ғибадат болып есептеледі.

📿 Алла Елшісі ﷺ Ережеп айында көп истиғфар айтуға (кешірім тілеуге) үндеген. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ Ережеп айы басталғанда: «Уа, Алла! Ережеп және Шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!» – деп дұға еткен.

Ғалымдардың бірі: «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбан айында суарылмаса, Рамазан айында одан қандай егін күтуге болады» деген екен. Сол себепті, бұл айды барынша пайдалы өткізіп, ғибадат жасап, дұға етіп, араздасқандар бір-бірімен жарасып, татуласу керек.

🤲 Алла Тағала баршамызға Ережеп айының игілігі мен берекесін нәсіп етсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай. Әмин!

✍ Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти

📲 @muftyat_kz
🔍 #ережеп2022




Forward from: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
☀️ Күндердің ең ұлысы, күндердің ең нұрлысы, күндердің ең ғажабы – қасиетті Жұма, қош келдің!

🤲 Алла Тағала осы күнгі барлық құлшылық-ғибадаттарымыз бен дұға-тілектерімізді қабыл етсін!

📲 @muftyat_kz
🔍 #күндердіңсұлтаны


Forward from: МАКТУБОТ - электронды діни bot-кітапхана
Көзімізді_к-дан_қалай_қорғаймыз.pdf
8.0Mb


Video is unavailable for watching
Show in Telegram
Бос әңгіме, тіпті пайдасыз бір сөздің өзі сіздің ағзаңыз бен иманыңызға үлкен зиян алып келеді. Мағруф әл-Кархи былай дейді: «Егер бір құл пайдасыз бос сөздер сөйлей бастаса, Алла Тағала сол құлынан Өзінің жәрдемін алыстатады».





15 last posts shown.